ӘОЖ 81´ 38;801.6;808
К.К. Күркебаев,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, ф.ғ.к.,
Алматы қ., Қазақстан
e-mail: kenje69@mail.ru
Қазтуған жыраудың «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауындағы
тірек сөздердің функционалдық қолданысы
Бұл мақалада XV - ХҮІІІ ғасырдағы жыраулар поэзиясына шолу жасала отырып, атақты Қазтуған жыраудың «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауындағы сөздердің функциональдық жұмсалымы талқыланады.
Мақалада жыраулар поэзиясының тілдік ерекшелігі философиялық терең ой мен дидактикалық мазмұнға, сан алуан экспрессия мен эмоцияға, өсиет-нақыл сөздер мен афоризмдерге, соны тіркестер мен синтаксистік параллелизмдерге, дыбыс үндесулері мен ішкі ұйқастарға, ырғақтық топ пен лингвопоэтикалық интонацияға толы екендігі көрсетіледі.
Қазтуған жырау толғауындағы алаң жұрт тіркесінің функциональдық қолданысы мен контекстік мағынасының тұжырымы сло жайлы, көгорай, шалғынды жер мәнінде екені семантикалық тұрғыдан дәйктеледі. Толғау мәтініндегі жұрт тірек сөзінің семантикасы, этимологиясы мен тіркесімділік табиғаты кешенді лингвистикалық ғылыми талдауға түседі.
Толғау мәтініндегі жуған жұрт, туған жұрт, кескен жұрт, қонған жұрт, түскен жұрт сөз тіркестеріндегі етістіктің есімше - ған тұлғасы затқа құбылысқа тән сапалық белгіні қимыл, процесс мағынасын білдірумен қатар анықтауыштық қатынастағы іс-әрекеттің өткен шақ мағынасын да білдіріп тұрғаны да нақты мысалдар негізінде талдауға түседі.
Қазтуған жырау толғауындағы жабағы, жабы, атан, тайлақ, ақала орда, ботташық, қылшан, кежі, салуалы, кір-қоң, сияқты көнерген сөздердің семантикасы сөздіктердің түсіндірмесі арқылы айқындалады.
Түйін сөздер: жыраулар поэзиясы, семантика, тірек сөз, сөздердің функциональдығы, афоризмдер, контекстік мағына мен тіркесімділік, көнерген сөздер, синтаксистік параллелизмдер.
K.K. Kurkebayev
Достарыңызбен бөлісу: |