Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет118/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   217
философия хасанов

Людвиг Фейербах (1804-1872 жж.), – неміс классикалық 
философиясының 
соңғы 
ӛкілі, 
материалист, 
философиядағы 
антропологиялық ұстанымның негізін салушы.
Ол жаңаеуропалық философиядағы идеалистік ойға ӛзінің сыни 
бағасын береді. Оның ойынша, бұл философия тек діннің теориялық негізін 
ғана анықтап берді. Фейербах философияны адаммен байланыстырудың 
қажеттілігін кӛтерді: философияның міндеті «Құдайға адами қасиет беру 
емес», адамның субъект екенін мойындау. Гегельдің абсолюттік туралы 
ойларын адам және оның мәні мәселелерімен алмастыру керек. Адам және 
оның мәні гегельдік философияның «жасырын әрі «тылсым» тұсы». 
Философия ӛмірдің дерексіз бастаулары, ойлау мәселелерімен айналыспауы 
керек, адам және адам арқылы әлемді тану мәселелерімен айналысуы қажет. 
Ол туралы «Болашақ философиясының негіздері» атты еңбегінде былай 
дейді: «Жаңа философия адамды қалыптастырады, сол арқылы табиғатты да 
қалыптастарады, себебі табиғат оның базисі болғандықтан да, философияның 
жалғыз, әмбебап әрі ең жоғары зерттеу пәні болып саналады».
Гегельдің идеализмін сынай отырып, Л.Фейербах «шындық туралы 
ойларды» емес, «шындықты тануға» бағытталатын жаңа философияны 
ұсынады. Ол былай дейді: «Философия шындық және оның шынайылығы 
мен тұтастығы жӛніндегі ғылым, бірақ шынайылықтың шынайы үлгісі ол 
табиғат (табиғат әмбебаптық мағынада қолданылады)». Табиғаттың шынайы 
үлгісі, ең жоғары туындысы – ол адам. Адам философияның тікелей зерттеу 
пәні болып саналады. «Жаңа философияның басты құпиясы – 
антропология» деп Фейербах осыдан кейін айтқан.
Фейербахтың атеистік кӛзқарасы Құдайды жай теріске шығарумен 
шектелмейді. Ол дінді тіпті де қарапайымдандыруға тырыспайды, ол «ескі 
дінді» ауыстыруға шақырады.
Фейербахтың атеистік кӛзқарастары Құдайды жоққа шығарумен 
шектелмейді. Ол дінді қарапайымдандыруға да тырыспайды. Ол тылсым 
күшке сенуге негізделген «ескі дінді» жаңа «махаббатқа негізделген дінге» 


ауыстыруға шақырады. Махаббат адамның әрі жеке, әрі қоғамдық ӛмірінің 
мәні мен мақсатын құрайды дейді. «Христиандықтың мәні» атты еңбегінде 
ол Жаңа дін Құдайға деген махаббатты емес, адамның «адамға» деген 
махаббатын уағыздауы керек деп жазды. Оның ойынша, махаббат ақыл мен 
табиғатқа тән әмбебап заң болуы тиіс. Ол: «адамға махаббат тән, себебі ол 
сүюге жаратылған ақылды тіршілік иесі, махаббат – адам ӛмірінің мақсаты. 
Ұрпақ жалғастығы мен ақылдың заңын да осы құрайды. Махаббат еркін, 
шынайы болуы тиіс, тек еркін, шынайы махаббат қана нағыз махаббат бола 
алады» дейді. Фейербах үшін адам «Құдайдың құлақ кесті құлы» емес, 
ұрпақты жалғастырушы тіршілік иесі, оның табиғатына «биологиялық» тән.
Адамға тән ерекше қасиеттерге мыналар жатады – ішкі еркіндік, ойдың 
қуаттылығы, сезім қабілеті, әмбебаптық. Осы қасиеттер оны рухтандырады, 
моральды тіршілік иесіне айналдырады, адами болмысын философиялық 
мәнмен, сүйіспеншілікпен даралайды. Құдайды адам келбетінде тану оның 
ақылды, ӛнегелі екендігін ғана кӛрсетпейді, оған тән сезім мен тәннің де 
болатынын кӛрсетеді. Бұдан шығатын түйін – адамның Құдайды нақты 
кейіпте кӛруі оның ӛзі туралы ойларының, аяушылық сезімдерінің 
жиынтығын кӛрсетеді. Фейербахша айтсақ, Құдай – бұл «адамның» 
жалпыланған жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет