Б. Б. Ахметова Редакционная коллегия


ӘДЕБИЕТТЕР 1.  ҚР Конституциясы. Астана 30.08.1995ж.  2.  Абдрасилов Б.С. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері



Pdf көрінісі
бет31/63
Дата24.07.2024
өлшемі1.62 Mb.
#503037
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   63
materialy-konferenczii-universitetti-basқaru-ayasyndaғy-akademiyalyқ-adaldyқ-sayasaty (2)

ӘДЕБИЕТТЕР
1. 
ҚР Конституциясы. Астана 30.08.1995ж. 
2. 
Абдрасилов Б.С. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері: оқу 
құралы 
/Астана: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік 
басқару академиясы, 2016. – 176 б.
3. Назмутдинов Р.А., Каирова Б.К. Студент жастардың коррупцияға қарсы 
позициясын 
қалыптастырудың 
психологиялық-педагогикалық 
аспектісі: 
оқу-
әдістемелік құралы / Қостанай: КМПИ, 2016. – 133 с. 
 
 


92 
ӘОЖ 323/324(075) 
 
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ: СЫБАЙЛАС 
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ 
 
Утешова А., студент 
Ғылыми жетекшісі: Ізтұрғанова Г.Қ. 
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг 
университеті, Ақтау қ. 
 
Аңдатпа. Мақалада сыбайлас жемқорлық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл ұғымдарына жалпы түрде түсінік берілді. Сонымен қатар, сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы күресті іске асырудың бірден бір тетігі ретінде қоғамдық 
бақылауды қарастырып, оның негізгі институттарын, қоғамдық бақылау жүйесін 
жетілдірудің негізгі мақсаттары сондай-ақ оның тиімді тұстары жайында 
қарастырылады. 
Түйінді сөздер: Сыбайлас жемқорлық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен білім, қоғамдық бақылау, қоғамдық 
бақылау тетігі, стратегия. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының 
заңында сыбайлас жемқорлық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл ұғымдарына 
түсінік беріледі. Яғни сыбайлас жемқорлық дегеніміз – жауапты мемлекеттік 
лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік 
берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген 
адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық 
(қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе 
делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер 
мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты 
игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу 
болып табылады. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, 
оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, 
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен 
жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық 
бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың 
салдарларын жою жөніндегі қызметі болып табылады. [1] 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – адамгершілік пен азғындық (орынды 
және орынсыз, мейірімділік пен зұлымдық, пайдалы және пайдасыз), құқықтық және 
құқықтық емес, ақылды және ақымақтық, тамаша және бейберекет призмасы арқылы 
адами қатынастар әлеміне көзқарас.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет адамның жоғары моральдық, құқықтық, 
саяси және басқа мәдениеттер негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу 
қабілетін білдіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қазіргі уақытта шынайы 
қажетті құбылыс мәртебесін иеленеді, оны әлеуметтендіру процесінде қоғамның 
барлық әрекетке қабілетті мүшелері игеруі тиіс.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 
Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» ұғымы «сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа 


93 
төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз 
құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі» деп түсініледі. Сондай-ақ ол білім беру, 
ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге 
асырылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, 
мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді 
азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен 
оқытудың үздіксіз процесі».
«Ақпараттық 
және 
ұйымдастырушылық 
қызмет 
бұқаралық 
ақпарат 
құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызды іс-шараларды, 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты 
және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды 
ұйымдастыру арқылы іске асырылады». 
Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мынаны 
көздейді:
– сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның мазмұны, мақсаттары, субъектілері, 
нысандары мен түрлері, іске асыру салалары, қоғам өмірінің барлық саласында көріну 
ерекшеліктері туралы түсінік; 
– моральдық-адамгершілік, этикалық мәдениетті тәрбиелеу;
– құқықтық сауаттылық негіздерін қалыптастыру; 
– қоғам мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық уәжін 
ынталандыру;
– мүдделер қақтығысының барлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру. 
Осыған байланысты мыналар қажет:
– сыбайлас жемқорлыққа саналы қатынасты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
құқық бұзушылықтарға моральдық «иммунитетті» қалыптастыру және осының 
негізінде сыбайлас жемқорлықты еңсеру бойынша құзыреттерді дамыту;
– Қазақстан азаматтарының мінез-құлқы моделін қалыптастыру, бұл ретте 
«сыбайлас жемқорлық» сөзінің өзін қабылдамау, адамгершілік тойтарыс, төзбеушілікті 
туындатуы тиіс;
– құқықтық құндылықтарды жоққа шығару, заң мен тәртіпті құрметтемеуді 
білдіретін құқықтық нигилизмді жою (латынша nihil – ештеңе);
– құқықтық жаппай оқу арқылы құқықтық білім мен тәрбиені қамтамасыз ету. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті іске асыру тетіктері ретінде қоғамдық 
бақылауды, мемлекеттік жоспарлауды, тәртіптің психологиялық тетіктерін атап өтуге 
болады. Осының ішінде ең маңыздысы бұл қоғамдық бақылау болып табылады. Яғни 
осы қоғамдық бақылауды жетілдіру мен жүзеге асыру нәтижесінде сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы күресті іске асыру процессі біршама жеңілденетіні мәлім. 
Қазіргі заманғы Қазақстанда мемлекеттік органдар қызметін қоғамдық бақылау 
тетігін дамыту мәселесі аса өзекті болып табылады. Қазіргі уақытта қоғамдық бақылау 
жүйесін қалыптастыру жүргізілуде, қоғамдық бақылау тетіктерін бекітетін нормативтік 
құқықтық базаны қалыптастыруға талпыныстар жасалуда.
Республикалық, өңірлік және жергілікті деңгейлерде қазақстандық қоғам мен 
мемлекет арасында тең құқықты серіктестік тетіктерін әзірлеу қажет. Мемлекеттік 
органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы азаматтық қоғам 
институттарымен өзара іс-қимыл жасасуының негізгі нысандары мыналар болып 
табылады:
– мемлекеттік құрылымдар қызметін мемлекеттік бақылау;
– қазақстандық заңнаманы сақтаудың қоғамдық сараптамасы;
– азаматтардың жергілікті мәндегі мәселелерді шешуге қатысуы;


94 
– мамандандырылған кеңесші, консультативтік, үйлестіруші және сараптамалық 
органдарды құру. Қоғамдық бақылау жүйесін жалпы қамту, жалпыға жариялау, 
жариялылық, міндеттілік, нысандардың көп түрлілігі және қоғамдық мүдделерді 
қорғауға ат салысатын белгілі бір топ өкілдерінің қоғамдық бақылау органдарын заңды 
деп тануы қағидаттарында құру ұсынылады.
Сыбайлас жемқорлықты қоғамдық бақылаудың негізгі институттары мыналар 
болып табылады:
– қоғамның әртүрлі көзқарастарға ие әртүрлі әлеуметтік-мәдени және кәсіби 
топтарының мүдделерін танытатын саяси партиялар; мемлекеттік биліктің заңнамалық 
(өкілеттік) сайлауларында осы немесе өзге партия сайлауларының сайланушылары 
атқарушы биліктің саяси бағыттылығын негіздемелі бақылайды, сондай-ақ олардың 
сенімін ақтамаған партияларға сенім білдіруден бас тартады;
- ол арқылы еңбек ұжымдары өз мүдделерін таныта алатын кәсіби одақтар;
– мемлекеттік органдарда қоғамның мүдделерін қорғау және таныту үшін 
құрылатын қоғамдық ұйымдар мен коммерциялық емес сипаттағы бірлестіктер;
– мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарының қызметін 
қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қоғамдық кеңестер;
– сайлауды өткізу барысын бақылауды және қолданыстағы сайлау заңнамасын 
сақтауды жүзеге асыруға қатысатын бақылаушылар.
Сыбайлас жемқорлықты тиімді болдырмауды қамтамасыз ету үшін азаматтық 
қоғам институттарын (үкіметтік емес ұйымдарды – ҮЕҰ) дамыту және сол арқылы 
олардың мемлекеттік органдарға әсер етуін күшейту қажет. Қоғамдық ұйымдар 
мемлекеттік органдардың қызметін анағұрлым ашық, айқын ететін заңдарға өзгеріс 
енгізе алар еді, мемлекеттік басқарудың көптеген процестерінде қоғамдық, оның ішінде 
заң шығару процесіне, бюджеттік және сайлау процестеріне қатысуды болжай алар еді. 
Қоғамдық бақылау жүйесінің жұмыс істеуі мынадай міндетті шарттар болғанда 
мүмкін болады:
– қоғамдық бірлестіктің еріктілігі;
– ақпаратқа қол жетімділік;
– тәуелсіз БАҚ;
– мемлекеттік органдардың демократиялылығы мен ашықтығы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда үш қағидатты іске асыру маңызды 
болып табылады: бақылау, есепке алу және ашықтық. Ашықтық пен жариялылық 
заңнамалық деңгейде қоғамдық бақылаудың көмегімен мүмкін болады. Ол құқықтық 
базаға, жағдайға нәтижелі әсер ету үшін құқықтық базаға ие болады.
Қоғамдық бақылау сыбайлас жемқорлық қатынастардың туындауына ықпал 
ететін жағдайларды жою мен мүмкіндіктерді болдырмау, сыбайлас жемқорлық 
фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл ету құралы ретінде азаматтар мен олардың автономды бірлестіктері жүзеге 
асыратын әрекеттердің ілеспелігін қамтиды.
Қоғамдық бақылау жүйесі әрекеттерінің нәтижелері: сыбайлас жемқорлықты 
төмендету, азаматтардың мемлекеттік органдарға сенімін арттыру, мемлекеттік 
органдардың ашықтығы мен есептілігін арттыру, қоғамдық және мемлекеттік 
құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық проблемаларды бірлесіп шешуі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылаудың 
тиімдігі: – азаматтық қоғам институттары өкілдерінің кәсіби даярлығы мен адалдығы 
деңгейіне;
– мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарының қызметі туралы 
ақпараттың қол жетімділігін шын мәнісінде қамтамасыз етуге. Яғни, мемлекеттік 
органдар ұсынатын ақпарат қаншалықты толық және дұрыс болып табылады; 


95 
– мемлекеттік органдардың азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сыбайлас 
жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарламасын қамтитын өтініштерін қарау 
бойынша қызметінің тиімділігіне тәуелді болады. [2] 
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық 
бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында мыналарды орындау қажет:
1) «Қоғамдық бақылау туралы» Заңды, оны іске асыруды қамтамасыз ететін заң 
жобалары топтамасымен бірге қабылдау;
2) сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпарат берген азаматтарды тиісті 
қорғауды және соларға сыйақы беруді қамтамасыз ету;
3) қоғамдық пікірді есепке ала отырып, мониторинг жүйесін қалыптастыру және 
сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау;
4) әкімшілік тосқауылдарды жою мақсатында мемлекеттік қызметтерді (оның 
ішінде электрондық құжат айналымын енгізу жолымен) ұсыну тетігін жетілдіру;
5) азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерінде жазылған мәселелерді шешу 
үшін; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жоспарлар мен қысқа 
мерзімдік нысаналы бағдарламаларды іске асыру үшін бақылауды күшейту,
6) мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлық себептерін жою бойынша 
шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілігін арттыру; қоғамдық-мемлекеттік 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдардың қызметі туралы азаматтарды, оның ішінде 
интернет-сайттарда орналастыру арқылы кеңінен ақпараттандыру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған 
стратегия Ел Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050» 
Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясында алға 
қойған мақсаттар мен міндеттерді іс жүзінде іске асыруға бағытталған. «Қазақстан – 
2050» Стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу сыбайлас жемқорлықпен шүбәсіз 
күресу кезінде ғана мүмкін болады.
Стратегияда:
– мемлекеттің Қазақстанның Азаматтық Альянсымен және басқа да қоғамдық 
бірлестіктерімен ынтымақтастығы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа «атымен 
төзбеушілік» атмосферасын қалыптастыру бойынша азаматтық бастамаларға және оған 
қарсы іс-қимыл бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуге жәрдемдесу;
– Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және басқа да өзін-өзі басқаратын 
ұйымдармен бірлесіп корпоративтік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 
бойынша шараларды қабылдау қажеттілігі ескерілген. [3] 
Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық 
бақылау жүйесін қалыптастыру факторлардың үлкен саны әсер ететін және жан-жақты 
зерттеуді талап ететін күделі процесс болып табылады.
Қазіргі уақытта дербес институт ретінде қоғамдық бақылауды заңнамалық 
бекітумен, оның ұғымын, міндеттері мен қағидаттарын айқындаумен қатар нақты 
мемлекеттік органдардағы қоғамдық бақылау мүмкіндіктерін кеңейту маңызды. Себебі 
мемлекеттік органдар қызметінің барынша мүмкін ашықтығы кезінде және азаматтар 
мен олардың бірлестіктерінің тиісті өтініштерін қарауға ерекше назар болған кезде ғана 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылау тиімді болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет