Б. Б. Ахметова Редакционная коллегия



Pdf көрінісі
бет35/63
Дата24.07.2024
өлшемі1.62 Mb.
#503037
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63
materialy-konferenczii-universitetti-basқaru-ayasyndaғy-akademiyalyқ-adaldyқ-sayasaty (2)

 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы: Қазақстан Республикасының 
2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы. http://adilet.zan.kz 
2.Қазақстан Республикасының 2015-2015 жылдарға арналған сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы стратегиясы / Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 
26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген. 
3.Сыбайлас жемқорлыққа қасы құқықтық саясат: оқұ құралы/ Е.Алауханов.-
Алматы: Заң әдебиеті, 2009ж. 285б. 
 
ӘОЖ 343.97 
 
ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚ ЖҮЙЕЛІК ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ҚҰБЫЛЫС РЕТІНДЕ 
 
Ізтұрғанова Г.Қ. 
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг 
университеті, Ақтау қ. 
Аңдатпа. Мақалада қылмыстылық ұғымына түсінік беріліп, оның жүйелік 
құрылымдық 
құбылыс 
ретіндегі 
сипаттамасы 
қарастырылған. 
Сондай-ақ 
қылмыстылықтың жүйелiк сипатының негiздемесiне талдау жасалған. 
Түйінді сөздер: Қылмыстылық, қылмыстық іс - әрекет, қоғам, жүйе,қауіптілік. 


108 
«Қылмыстылық» ұғымы, көбінесе қылмыстың көптігі туралы, олардың 
статистикалық жиынтығы туралы сөз болған жағдайда қолданылады. Қылмыстылық - 
бұл салыстырмалы жаппай, тарихи өзгермелі әлеуметтік, қылмыстық-құқықтық 
сипатқа ие, белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт аралығында жасалған 
қылмыстардың жиынтығынан тұратын таптық қоғамның құбылысы. Осындай 
анықтаманы алпысыншы жылдары Н.Ф.Кузнецова берген болатын. Бұл – 
қылмыстылық анықтамасын ең қарапайым да түсінікті ыңғайда беру. Шындығында, 
қылмыстылық көптеген қылмыстар арқылы ғана неғұрлым айқын көрініс табады. 
Қылмыстылықтың қылмыстың жекелеген түрлерімен салыстырғандығы ерекшелігі 
оның жаппайлығында. Жаппай болған жағдайда қандай да бір құбылыстың саны 
статистикалық талдауға келеді, нәтижесінде белгілі бір статистикалық заңдылық 
анықталады. [1]
Сондықтан да, қылмыстылық жайында тек қылмыстардың көптігі деп сөз болса, 
назар ол жайындағы мәліметтердің статистикалық талдамасына аударылады, 
қылмыстылықтың жайы, құрылымы, динамикасы зерттеледі. Қылмыстардың көптігінен 
қылмыстық іс – қимылдың тұрақтылығында (рецидив), ұйымдасқандықты да, қылмыс 
көптігінен қоғамға келетін қауіпті де байқауға болады. Сонымен, біріншіден, 
қылмыстылық бізге тек қылмыстық іс – әрекет түрінде ғана келмейді. Ол қылмыс 
жасалған адамдардан да көрініс табады. Екіншіден, әңгіме жай бірімен, бірі байланыста 
жоқ қылмыстардың көптігі жайында ғана емес, сонымен қатар олардың күрделі жүйе 
екендігі жайында да. Қандай да бiр объектiнiң жүйелiк-құрылымдық сипаты туралы 
мәселе сол объектiнiң өзi бөлiгi болып табылатын неғұрлым жалпы бүтiннiң өзгеруiмен 
өзара байланыста қалай өзгеретiндiгiн және бүтiннiң бiр бөлiгiнiң басқа бөлiктiң 
өзгеруiмен қалай байланысты екендiгiн анықтау қажет болған жағдайда туындайды. 
Бұл мiндет күрделi құбылыс ретiнде қылмыстың қоғаммен органикалық бiрлiгiн 
зерттейтiн, оның әр түрлi нысандарының өзара байланысын зерттейтiн криминологтер 
алдында да қалайда туындайды. 
Қылмыстылық дегенiмiз өзара байланысты элементтердiң бөлгiлi бiр жүйесi, 
онда едәуiр дербестiк, оның жекелеген элемeнттepiнe тән емес сапалы сипаттама бар. 
Сондықтан да қылмыстылықтың өз тарихы, даму логикасы бар. Қылмыстылық бүтiндiк 
сипаты және басқа құбылыстардан бөліктігі мүлде айқын емес жүйелер типiне жатады.
Қылмыстылықтың жүйелiк сипатының негiздемесi мыналарға сүйенген: 
а) қылмыстылықты әдеуiр жалпы жүйенiң - бүтiндей қоғамның элементi ретiнде, 
сол қоғамның ерекше шағын жүйесi деп тану; 
ә) қылмыстықтың белгiлi бiр бүтiндiгiн негiздеу; 
б) қылмыстылықтың бiрiмен-бiрi өзара байланыстағы, барлық қылмыстылыққа 
бүтiндей жаңа сапалы сипаттама беретiн, оның жекелеген элементтерiнен өзгеше нақты 
элементтерiн бөлiп алу. 
Жүйеге қойылатын талаптардың бiрi - «осы жүйенi қамтитындай кемiнде бiр 
үлкен жүйенiң болуы». [2] 
Қылмыстылыққа қатысты алсақ үлкен жүйе деп қоғамды санауға болады. 
Қылмыстылық - қоғамда болатын және онымен тығыз байланыстағы құбылыс. Оның 
түрлерi мен элементтерi тым болмаса қылмыстың тұтас, ортақ детерминанты ретiндегi 
қoғaм арқылы өзара байланысты. 
Нақты зерттеулер ұрлық, зорлау, адам өлтiру, сапасыз өнім шығару, есептi 
бұрмалау сияқты әр түрлi қылмыстардың аймақтық, әлеуметтiк ортамен 
детерминациясының ортақ бағытын көрсетiп отыр. Бiр үлкен қалада ipi өнеркесiптiк 
кәсiпорын негiзгi «жұмыс берушi» деп саналған. 70 жылдардың аяғында қысқа 
мерзiмде өндiрiс көлемiн үштен бiрге ұлғайту жөнiнде тапсырма келтірiлген. Ал, 
әлеуметтiк проблемаларды шешуге қажеттi қаражат кәсiпорынға бөлiнбеген. 


109 
Көрсетiлген өндiрiстiк тапсырманы орындау үшiн басқа аймақтардан 
қызметкерлер алып келу керек едi. Бiрақ бiлiктi мамандарды шақыру ешқандай 
мүмкiндiк болмады: оларға беретiн пәтер жоқ қажеттi тұрмыстық тауарлармен 
қамтамасыз ету бұл жерде жолға қойылмаған, сауықтыру орындары жоқ, бар болғаны 
жатақханадан орын беру ғана едi. Сол себептi кесiпорын кесiби- техникалық және басқа 
оқу орындарының түлектерiн шақыра бастады; үйiнен қашқан, жұмыста берекесiз, 
маскүнем, жалқау адамдар, қысқасы одан, бұдан қашқандар келе бастады. Олар 
жұмысты алып кете алмады, жоғары айлық та талап етпедi. Нәтижесiнде қосып жазуға 
тура келдi, ал шығарылған өнім сапасыз болды. Қосып жазу нәтижесiнде артық болып 
шыққан материалдық құралдар ұрланды, талан-таражға түстi. Сонымен қатар 
жатақханаларда маскүнемдiк, төбелес, бейбастақтық кек етек алды. Бұрын 
сотталғандар, «көптi көргендер» билiк тiзгiнiн қолдарына алды. Олар жастарды өзiнше 
«тәрбиелей» бастады. Ал айтқанына көнбей, айдауына жүрмегендерге зорлық -
зомбылық жасалды. Қалада ұрлық әйел зорлау және басқа қылмыстар кебейдi. 
Кәмелетке толмағандар мен ересек адамдардың қылмыстылығын, пайдақорлық 
және зорлық-зомбылық қылмысты зерттеушiлер қылмыстылықтың бұл түрлерiн 
тудыратын әлеуметтiк-экономикалық әлеуметтiк-психологиялық факторлардың ұқсас 
екендiгiн байқады. Бұл аталған факторлар қылмыстық ic-қимылдың бiр-бiрiмен әр 
түрлi байланыстарындағы өзiнiң нысандарын, ықпал ету тетіктерінің бөлек екендiгiн 
анықтайды. 
Қылмыстылықты ол үшiн неғұрлым жалпы жүйенiң (бipақ бүтiндей қоғамнан 
кiшiлеу) бөлiгi peтінде келеңсіз, әлеуметтiк ауытқулар peтіндe қарау керек. Бұл 
ауытқулар әр қилы: көлеңкелi немесе қосарланған экономика, маскүнемдiк, 
нашақорлық, жезөкшелiк, өзiне-өзi қол жұмсау және т.б. Қылмыстылық келеңсiз 
әлеуметтiк ауытқулардан айырмашылығы оның қоғaм үшiн аса қауiптiлiгiнде. [3] 
Қылмыстылық белгілі бір орташа типтері мен жеке адам типтерінің өзара 
әрекеттесуінің нәтижесі ретінде қаралатындықтан, қылмыстылықтың екі ірі құрылымы 
бөлініп алынады: 
1. «тұрақты», оның туындауында адамның жеке басының сипаттамасы жетекші 
рөл атқарады: адам кедергілерді жеңеді, қылмыс жасауға қолайлы жағдай тудырады, 
оларды ұтымды пайдаланады: 
2. ситуациялық, оның генезисін жеке бастың сипаттамаларына қарағанда 
ортаның күштірек ықпалы, қылмыстық іс – қимылдың күрделі жағдайы анықтайды. 
Қылмыстылықтың осы түрлерінің әрқайсысында да екі құрылым бөлініп 
алынады:
1. «тұрақты» қылмыстылықта – «алдын ала қасақана» және «өзекті мақсатты». 
2. «ситуациялық» қылмыстылықта әлеуметтік жағдайларды ойластырып 
пайдалану, қылмыстық әрекетті жоспарлау, қажет болса, қылмыстық – құқықтық 
тыйымды бұзу үшін қолайлы жағдай жасау, болған өзгерістерді, оның ішінде 
әлеуметтік бақылаудағы, қылмыспен күрестегі өзгерістерді ұдайы ескеру байқалады. 
«Өзекті - мақсатты» қылмыстылық өзекті мақсатының күшті ықпалынан 
туындайды, мұнда мұқтаждағы, мүдделер теріс бағдар алған немесе оларды 
қамтамасыз ету амалдары туралы ұғымы заңға сәйкес келмейтін адамдардың белгілі бір 
әлеуметтік типі сол мұқтаждықтар мен мүдделерді қанағаттандыру мүмкін болатындай 
ахуалға тап болады. 
Жалпы, ситуациялық қылмыстық көрініс табуы негізінде сол ситуацияның өзі 
жатады, сол жағдайда адам белгілі бір іс – қимыл вариантын, қылмыстық вариантын 
таңдайды. 


110 
«Виктимдік – ситуациялық» қылмыстылықта жағдайын рөлі анықтаушы 
болып табылады, дегенмен қылмыскерлердің кейбір жеке басы сипаттамаларының 
өзгеруі де бой көтеріп қалады, нәтижесәнде олар проблемалық жағдайға тап болады.
«Кездейсоқ – ситуациялық» қылмыстылықта табан асты туындаған ситуация 
анықтаушы болып табылады, адам өзінің бұрынғы кейпі мен оған дайын 
болмағандықтан, дауды шешудің заңды вариантын тез таба алмайды. Мысалы, рөлде 
келе жатқан жүргізуші басқа біреулердің кінәсінен табан асты қиын қиын жағдайға тап 
болады, бірден дұрыс шешім қабылдай алмағандықтан адам қағып кетеді, ол қаза 
болады. Бұл элементтерді, былайша алғанда, қасақана деп те, «абайсызда» жасалған 
қылмыс деп санауға болады. [4] 
Қылмыстылықтың жүйелік - құрылымдық санатын негіздеу үшін жекелеген 
элементтерді бөліп алумен қатар, олардың араларындағы объективтік байланыстарды 
да ашу керек. «Объективті байланыс» дегеніміз заттар мен олардың қасиеттері 
арасындағы қатынас, олардың біреуінің өзгеруі екіншісінің өзгеруіне алып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет