Б. Б. Ахметова Редакционная коллегия



Pdf көрінісі
бет40/63
Дата24.07.2024
өлшемі1.62 Mb.
#503037
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63
materialy-konferenczii-universitetti-basқaru-ayasyndaғy-akademiyalyқ-adaldyқ-sayasaty (2)

ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-
сыныбына арналған оқулық. 2- басылымы,өңделген.Жалпы редакциясын басқарған 
тарих ғылымының докторы, профессор Б.Ғ.Аяған.Алматы: Атамұра, 2009. 
2. « Қазақстан »: Ұлттық энцклопедиясы,Бас редактор Ә.Нысанбаев,Алматы « 
Қазақ энциклопедиясы » Бас редакциясы,1998. 
3. « Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі агенттігінің жаңа идиологиясы туралы », 
Астана, 2014 
ӘОЖ 343.4 
 
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ 
 
Кенжебек Д., студент 
Ғылыми жетекшісі: Сагиндикова А.К. 
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг 
университеті, Ақтау қ. 
 
Аңдатпа.
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең 
өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге 
өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге 
тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел 
дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. 
Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі 
басымдылықтарының бірі осы жемқорлықпен күресу болып табылады. 
Түйінді сөздер: жемқорлық, пара, 
коррупция
, мемлекет, экономика, колл-
орталық, консультант, институт, штаб. 
 
Қазақстан 
Республикасының 
мемлекеттік 
саясатының 
негізгі 
басымдылықтарының бірі – жемқорлықпен күресу болып табылады. «Сыбайлас 


120 
жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу дегеніміз – бұл мемлекетте тұрақтылықты 
қамтамасыз етудің қажетті шарты. Кез келген мемлекеттік құрылыстағы басты нәрсе – 
бұл заңдар өзге де күн тәртібінің жәрдемімен істі лауазым иелері баю жолына түсіп 
кетпейтіндей етіп ұйымдастыру. Жалпы жұртқа ортақ пайда келуін ойластыратын 
мемлекеттік құрылыстар ғана әділ, дұрыс болмақ» деген екен ежелгі ойшыл ғалым 
Аристотель [2]. 
Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің 
бірі болып отыр. Үлкен ілеуметтік қасірет болып таблатын ол саяси даму тұрғысынан 
бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны 
айқын. Мақсатқа жету жолында біз қазақ елі жұмылып алдымыздағы кедергілермен 
күресуіміз керек. Қоғамның бүгінгі өзекті мәселесінің және кедергілерінің бірі 
сыбайлас жемқорлық. 
Жемқорлық, коррупция (
лат.
 corruptio - сатып алу) - 
мемлекеттік басқару 
құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет 
мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында 
жасаған қоғамғақауіпті қылмыстық іс-әрекеттері [1]. 
Жемқорлықтың 
жалпылама 
белгілері: лауазымды 
адамның 
өзінің 
немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына 
жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлік 
құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алу, туыстық, жерлестік, т.б. 
жақындықтарына байланысты қызметке ретсіз қабылдау және көтермелеу, сондай-ақ
мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді талан-таражға салу.
Мемлекетте жемқорлықтың бел алуы көлеңкелі экономиканың пайда болып, 
экономикалық өсу қарқынының тежелуіне және әлеуметтік, саяси шиеленістердің қүрт 
асқынуына 
ұрындырады. 
Сонымен 
қатар 
жоғары 
лауазымды 
мемлекеттік қызметкерлер жаппай жемқорлыққа салынған жағдайда құқық қорғау 
органдары оларды жасаған қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тарта 
алмайтын жағдай қалыптасады.
Жемқорлық жасалу түрлеріне қарап екіге бөлінеді: жекелеген лауазымды 
қызметкерлер жасаған қылмыстық іс-әрекет және бірнеше лауазымды қызметкерлер 
бірігіп жасаған қылмыстық іс-әрекет.
Әрине сыбайлас жемқорлық бірден жойылып кететін мәселе емес. Оның тамыры 
тереңге жайылып, айналасындағы салауатты, таза ортаны шарпып үлкен мәселеге 
айналды. Тамырының терең болғаны соншалық бұл келеңсіз жағдайды қоғамнан 
аластату бірнеше жылды қамтиды. 
Шыңдап келетін болсақ бұл мәселені тоқтатуды әр тұлға өзінен бастау керек. 
Қазіргі уақытта кішкене баладан еңкейген қарияға дейін пара береміз. Оның себебі 
неде? Неліктен ол кісі баласын балабақшаға кезексіз орналастыру үшін ақша береді? 
Неліктен адам ауырсада қазіргі уақытта дәрігер ақша бермесе қарамайды? Деген 
көптеген тағы да басқа сауалдар бар қоғамда. Барлық жағдайға өзіміз кінәліміз 
сыбайлас жемқорлық арқылы өзіміздің жеке мәселелерімізді шешеміз. Әділеттілік жоқ 
жерде пара белең алады. Лауазымға ие болу үшін үлкен столда отырған кісіге сыйақы 
деп берген ақымыз пара болып есептеледі. Бұл жағдайлар қоғамда дағдыланып кетті, 
бүгінгі күннің ащы шындығы. Беруге дайын адам болса, ол ақшаны алатын адамда 
табылады. Сондықтан бұл жағдайды тоқтату қоғамдағы әр адамның жеке өзінен 
басталады. Бойында әділеттілік, адамгершілік қасиеті бар тұлға бұған тоқтау жасау 
керек. 
Бұл орайда министрдің төрағалығымен министрлікте сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы штаб құрылды. Министрліктің әр бөлімшесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
консультант институты енгізіледі. Консультанттың негізгі міндеті – бөлімше 


121 
жұмысындағы сыбайлас жемқорлық қатерін талдау. Сондай-ақ азаматтардан 
министрлікке келетін өтініштер мен шағымдарды сыбайлас жемқорлық қатерін 
анықтау үшін талдау күшейтіледі. Колл-орталық функционалымен сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі жөніндегі көпфункциялы жобалау офисі 
ұйымдастырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарымен бірлесіп
сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзімсіздікті күшейтуге арналған шаралар тұрақты түрде 
өткізіледі [2]. 
Сыбайлас жемқорлық қоғамға қалай әсер етеді? Көлеңкелі экономиканы 
дамытады,қылмыс пен терроризмнің өсуіне ықпал етеді,мемлекетті бұзады. 
Алдын алу мақсаты емес, бұл мәселеден құтылуды мақсат ету керекпіз. 
Мемлекеттің барлық заңдарын сақтап, сыбайлас жемқорлық арқылы мәселелерді 
шешуден бас тартып, сыбайлас жемқорлық орын алған жайттарды хабарлай келе, пара 
беруге және қабылдаудан бас тарта отырып осы үлкен мәселеден құтылайық



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет