Б. Сарсеков Е. Канағатов 20 ж. 20 ж



Дата15.06.2016
өлшемі351.92 Kb.
#136614
«КЕЛІСІЛДІ» «БЕКІТЕМІН»

Қазақстан Республикасы ҚР Мәдениет және спорт

Регби федерациясының министрлігінің Спорт

президенті және дене шынықтыру істері

комитетінің председателі

________________ Б.Сарсеков ______________ Е.Канағатов «____»___________________20__ж. «____»_____________20 ___ж.


2016 жылға Жоғарғы лиганың әйелдер, ерлер және балалар-жасөспірімдер командалары арасындағы 15х15, 10х10 , 7х7 регби бойынша Қазақстан Республикасының XV ашық чемпионатының ЕРЕЖЕЛЕРІ





  1. жАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР




    1. Регби бойынша чемпионат келесі мақсаттарда өткізіледі:

  • Елімізде жастар арасында регби және салауатты өмір салтын танымал ету;

  • Командалар мен спортсмендердің спорттық шеберлігі деңгейін көтеру;

  • ҚР-ның жасөспірімдердің, жастардың, ұлттық құрама командалары үшін жоғары білікті спортсмендерді дайындау;

  • ҚР құрама командасының Азия және Әлем чемпионатына, Азия және Олимпиада ойындарына қатысу үшін мықты ойыншыларды іріктеу;

Қазақстан Республикасының Чемпионатын ұйымдастыру және өткізу спортсмендер мен жаттықтырушыларды жарыстарға, іс-сапарларға жіберу үшін негіз болып табылатын Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитетінің күнтізбелік жоспарына сәйкес, регби бойынша чемпионаттар мен халықаралық жарыстарды өткізуді ұйымдастыратын Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитеті мен Қазақстан Республикасы Регби федерациясының өзара әрекеттестігі негізінде жүргізіледі.

    1. Жағдайлар туындағанда, осы Ереже негізінде шешу мүмкін болмағанда, Қазақстан Республикасы Регби Федерациясының Атқару комитеті осы бойынша тиісті шешім қабылдауға құқылы.

    2. ҚР-ның Чемпионаты Халықаралық Регби федерациясының (World Rugby) ресми ережелеріне, осы Ережелер мен оның қосымшасына, Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитетінің күнтізбелік жоспарына сәйкес өткізіледі.

    3. Регламентке қосымша оның құрамды бөлігі болып табылады. Чемпионаттың барлық қатысушылары Ережелердің баптарын, осы Ережелердің талаптарын, білуге және оларды сақтауға міндетті.

    4. Регби бойынша ҚР-ның Чемпионатын ортақ басқару Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитеті мен Қазақстан Республикасы Регби федерациясы жүзеге асырады. Жарыстарды ұйымдастыруға және өткізуге Қазақстан Республикасы Регби федерациясының жарыстарды ұйымдастыру және өткізу комиссиясы тікелей басшылық етеді. Жарыстарды тікелей ұйымдастыру (өткізу орнын дайындау, қабылдау, орналастыру, тамақ беру, медициналық қызмет көрсету және т.б.) Чемпионат турнирлерін өткізу орны бойынша облыстық ДШжәнеСБ және Клубтарға (алаң иелеріне) жүктеледі.




  1. ЖАРЫСТАРҒА ҚАТЫСУҒА РҰҚСАТ БЕРУ




    1. ҚР Чемпионатының қатысушылары Қазақстан Республикасы Регби федерациясымен жыл сайынғы шарт жасасқан, жарналарды уақтылы төлеген және осы Ережелер мен Қазақстан Республикасы Регби федерациясының Атқарушы комитеті шешімінің талаптарына сәйкес басқа да төлемдерді жүргізетін қалалардың, облыстардың, спорттық клубтардың, БЖСМ командалары бола алады.Чемпионат қатысушыларының құрамы Қазақстан Республикасы Регби федерациясы бекітеді.

Чемпионат осы Регламет пен ережелердің талаптарына сәйкес тек спорттық ғимараттарда ғана өткізіледі.

    1. Жарыстарға командалардың қатысуна рұқсат етуді осы Ережелердің талаптарын орындаған және келесі құжаттарды тапсырған кезде, Қазақстан Республикасы Регби федерациясының мандатты комиссиясы жүзеге асырады:

  • Чемпиоанатқа ұатысу туралы командалардан жарыстың басталуына 30 күн бұрын растаманы.

  • Екі данада белгіленген нысандакоманданың өтінім парағын

  • Регби-7 бойынша ҚР Чемпионатының әр турында команда алтыдан аспайтынлегионерлерді мәлімдеуге құқылы, ойын уақытында алаңда бір уақытта 3 легионер бола алады. Регби- 15 бойынша ҚР Чемпионатында әр турда он бір легионерден аспау керек, ойын уақытында алаңда бір уақытта 7 легионер бола алады.

- Әр клуб немесе спорттық ұйым Қазақстан Республикасы Регби федерациясының мандатты комиссиясына келесі құжаттарды:

1) Өзі мәлімделген клубпен немесе басқа спорттық ұйыммен контракті;

2) Өзінің Ұлттық Федерациясынан рұқсат (мөрі бар бланкте, тұпнұсқа);

3) Қазақстан Республикасы Регби федерациясымен келісім әкелуі тиіс.



  • Маусым басталғанға дейін команданың ойын формасымен түсті

сурет.

  • Бекітілген тәртіпте куәландырылған ойыншының жеке картасы.

  • Командада әр тусті 2 ойын формасы болуы қажет.

  • Мандатты комиссияны өткен соң, команда келесі құжаттарды алады:

  1. Чемпионатқа қатысуға бекітілген өтінім парағы;

  2. қосымшамен Чемпионат Ережелері;

Келесі жағдайларда бүкіл Чемпионатқа қатысушылардың өтініміне дейін рұқсатетіледі:

  1. Егер ойыншы басқа команда үшін ағымдағы Чемпионаттың ойындарына қатыспаса;

  2. Барлығы өтінімге дейін 72 (жетпіс екі) сағаттан кешікпей, осы ойыншының қатысуымен Чемпионаттың кезекті ойынының басталуына дейін жарысты ұйымдастыру және өткізу комиссиясына келіп көрінуі керек.

  3. ҚР Чемпионатына (жоғарғы лига) қатысуға алдын ала өтінім 2014 жылғы 1 наурызға дейін төрешілер коллегиясына беріледі.

    1. Халықаралық турнирлерге шығатын клубтық команда өзінің делегация құрамына осы турнирлерде табысты ойын үшін 8 адамнан аспайтын ҚР-ның Чемпионатына қатысатын басқа клубтардың ойыншыларын қосуға құқылы.

    2. 15х15 регби бойынша ҚРКЧ-да ойнайтын командаларға 15х15 регби бойынша ҚРКЧ-ға қатыспайтын 15 регби бойынша чемпионат ойындары кезіне ғана клубтардың өзара келісімі бойынша басқа клубтардан ойыншылардцы мәлімдеуге (жалдау құқығында) рұқсат етіледі.

    3. Жарыстарға қатысуға берілген өтінімге сәйкес команда ойыншыларының регби-7 бойынша ҚРКЧ-ға тек бір команда үшін шығуға құқығы бар.




  1. ӨТІНІМ БЕРУДІҢ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ

Қатысушы командалардың өкілдері Қазақстан Республикасының Регби федерациясына ұйым басшымен бекітілген 2015 жылы Қазақстанның Чемпионатына қатысуға алдын ала өтінімді 2015 жылдың 10 қаңтарына дейін 8-727 394-32-02 факсі бойынша немесе E-mail: kaz-rugby@mail.ru жіберу қажет.

Дәрігерлік ұйыммен және өкілдік ететін ұйыммен куәландырылған тікелей өтінім жарысты өткізу орнынва келу кезінде Қазақстан Республикасының Регби федерациясының Бас төрегелік коллегиясына беріледі. Өтінім 2 данада келесі нысан бойынша: аты-жқні толығымен, білімі, жеке куәлігінің нөмірі (көшірме), үй мекенжайы, бойы, салмағы, туғанжылы, жасөспірімдер мен юниарлар командаларын шін жалпы білім беретін мектептен немесе оұу ранынан анықтама, туу туралы куәлік (көшірме) беріледі. Чемпионатқа мәлімденген ойыншы ойын маусымы кезінде бір командада ғана ойнай алады. ҚР-ның Чемпионатына қатыспаған күнтізбелік маусым аралығында спортсмендерді алдын ала мәлімдеуге рұқсат етіледі.


  1. Чемпионатты өткізу жүйесі.




    1. ҚРКЧ кезінде делегацияның (бір жарым құрам) , сондай-ақ, оқу-жаттықтыру құрамның сандық құрамы:

15х15 регби: жиырма төрт ойыншы + 2 жаттықтырушы, дәрігер, массажист, арбитр;

10х10 регби: он жеті ойыншы + 2 жаттықтырушы, дәрігер, массажист, арбитр;

7х7 регби: он бес ойыншы + 2 жаттықтырушы, дәрігер, массажист, арбитр;

    1. Чемпионаттың кезекті турын өткізу орны келесі талаптардан шыға келе тағайындалады:

  • Осы Регламет ережелерінің талаптарына жарысқа қатысушылардың тұру орындары мен спорттық ғимараттарының сай келуі;

  • Қабылдаған жақ өткізетін жарыстарды ұйымдастыру сапасы;

  • Регбиді танымал ету (афиша, БАҚ, радио, телеарна, көрермендердің келуі)

Егер команда берілген турды өткізуден бас тартса, жоғарыда аталған талаптардан жарыстарды ұйымдастыру және өткізу комиссиясының тағайындауы бойынша өткізіледі.

    1. Барлық ойындарда жеңген команда 3 (үш) ұпай жинайды, ал жеңілген жақ 1 (бір) ұпай, нәтижелері тең болған кезде – командалар 2 (екі) ұпай жинайды.

Егер команда ойынға келмеген жағдайда, оған 0:30 есебімен жеңіліс есептеледі және турнирлік ұпайлар түспейді.

    1. Егер команда Чемпионаттан алынып тасталса, онда осы команданың барлық нәтижелері жойылады, ал жарна қайтарылмайды.

    2. ҚРКЧ турының аяқталуы бойынша командаларға орындар тағайындау үшін рейтингтік ұпайлар беріледі.




Турда команда алған орын

Рейтингтік ұпайлар

1

2

3



4

21

19

17



16

5

6

7



8

14

13

12



11

9

10

11



12

9

8

7



6

13

14

15



16

4

3

2



1

Қорытынды жасағанда екі және одан да көп командалардың ұпай саны бірдей болған жағдайда, кемімелі тәртіпте басымдықтар алады:

● осы командалар арасындағы жекелеген кездесулерде жинаған турнир ұпайларынының ең көп саны бар команда;

● жекелеген кездесулерде ұпайлар саны бірдей болғанда – ойын ұпайларының күшті айырмашылығы бар команда;

● жекелеген кездесулерде ұпайлар теңескен жағдайда, өзара ойындарда мүмкіндіктердің күшті айырмашылығы бар команда;

● өзара ойындарда мүмкіндіктердің айырмашылықтары теңескен кезде, өзара ойындарда ең көп ойын ұпайларын жинаған команда;

● өзара ойындарда жинаған ойын ұпайлары теңескен кезде, өзара ойындарда мүмкіндіктер саны көп команда;

● жарыстың барлық матчтарында мүмкіндіктердің ортақ саны теңескен кезде, жарыста сары карточкалардың ең аз санын жинаған команда;

● сары карточкалар теңескен кезде, жеңімпазды жеребий арқылы анықтау.

● Қорытынды ойындарда 1-2 орындар үшінәр турда негізгі уақытта нәтижелер тең түскен кезде, қосымша уақыт беріледі 5 миниттан 2 кезең (негізгі және қосымша уақыт арасы – 2 минуттан. Қосымша уақытта бірінші ұпай жинаған команда жеңімпаз болып жарияланады, ал ойын бітеді.

● Егер командалар қосымша уақытта жеңімпаздарды анықтамаса, матч 5 минут сайын таймдармен, арасы 2 миуттық үзіліспен бірінші жинаған ұпайға дейін жалғасады.


  1. МАРАПАТТАУ.

Бірінші орын алған командаға «Қазақстан Чемпионы» атағы беріледі. Команда кейін берілетін кубокпен және 1 дәрежелі дипломмен марапатталады. Ойыншылар мен жаттықтырушылар Республикасының Мәдениет министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитеті мен Қазақстан Республикасы Регби федерациясы өзара әрекетігінің алтын медалдарымен және 1 дәрежелі дипломдармен марапатталады.

2 және 3 орын алған командалар сәйкесінше 2 және 3 дәрежелі дипломдармен марапатталады. Ойыншылар мен жаттықтырушылар Республикасының Мәдениет министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитеті мен Қазақстан Республикасы Регби федерациясы өзара әрекетігінің сәйкесінше күміс және қола медалдарымен және 2 мен 3 дәрежелі дипломдармен марапатталады.


  1. ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР




    1. ҚРКЧ матчы пайдалану және қауіпсіздіктің барлық талаптарына, сондай-ақ регби ойындарының Ережелеріне сәйкес келетін спортғимараттарында өткізіледі.

    2. Регби командалары/клубтары матчтар өтетін спорт ғимаратының дирекциясымен (жарыстардың ұйымдастырушылары) бірлесіп, келесімен қамтамасыз ету керек:

• Регби ойындарының ережелеріне сәйкес белгілері бар алаңмен;

• матчты өткізуге қажетті тиісті қалыпта бекем сақталған осы құрылғының жеке элементтерімен ойыншының тікелей байланысын мүмкін емес ететін, регби және футбол қақпаларының тіреуіштері (егер футбол қақпалары алып тасталмаса) барлық жағынан жабық болуы тиіс (поролонмен немесе ұқсас материалмен) жерден 1,8 метрден кем есем биіктікте

• алаңда ойыншылар жарақат алулары мүмкін басқа заттар болмауы керек;

• осы матчқа қызмет ететін төрешілер бригадалары мен матч инспекторын орналастыру және матчтың ресмихаттамасын ресімдеуге арналған бөлмемен;

• стадионда қатысушылар үшін (тур жүйесі кезінде ) орындар дайындау;

• жарыстың бекітілген сметалары шеңберінде медициналық персонал кезегін (дәрігерлер, медбикелер), қажетті құрылғылары мен медикаменттері бар медициналық пункт, «Жедел жәрдем» автокөлігі матчты өткізудің барлық уақытында.



    1. Жарысты өткізуге уәкілетті ұйым матчты дайындау кезінде міндетті:

• командалар делегациясының құрамында келетін барлық ресми тұлғалардың – «қонақтар», төрешілер, инспекторлар, ҚРРФ өкілдері;

• доптарды аперу үшін бірдей формада балалар командаларынан спортсмендердің тобын қамтамасыз ету;



• регби командасының/клубының басшылығы спорт ғимаратының дирекциясымен бірлесіп, бөгде тұлғалар төрешілердің бөлмесіне кіруге тыйым салуға және төрешілер бригадасын төрешілер бөлмесінен алаңға шығуға дейін және қайтарда қауіпсіздік қызметімен қамтамасыз етуге міндетті;

6.4. Директорат пен командалар/ клубтар арасында ресми хат алысу электрондық пошта (e-mail: kaz-rugby@mail.ru) арқылы жүргізілетін болады Регби командалары/клубтарының жауапты қызметкерлері өздерінің электрондық пошталарын үемі тексеріп тұруға және өз басшылығына келіп түскен материалдарды жедел беруге міндетті.

6.5. Регби бойынша ҚРКЧ-та бекітілген тәртіпте ҚРРФ Жарғысын, жарыстың Ережелерін, сақтайтын және команда/клубтың өтініміне енгізілген ойыншылар қатысуға құқылы.

6.6. Ойыншылар «Регби ойындарының ережелерін» және осы Ереже талаптарын білуі және орындауы тиіс.

6.7. ҚР-ның Регби бойынша чемпионатта еркектер және әйелдер командалары арасында 17-ден жас ойыншылар жарысқа бір күн қалғанда, турдың бас төрешісіне жарысқа дене шынықтыру-медициналық арнайы медициналық мекеме мен команда/клуб басшылығы бекіткен анықтаманы әкеледі.

6.8. Әр командада «Регби ойындарының ережелері» талаптарына сай келетін ойын формасының 2 комплекті болуы керек. Ойыншының майкаларындағы нөмірлер 1-ден 99-ға дейін болуы мүмкін.

6.9. Матч аяқталуының финалды ысқырығынан кейін ойыншылар және команданы алып жүретін барлық тұлғалар, жаттықтырушыларды қоса алғанда қарсылас командаға ойын үшін рахмет айтып, алаңды босатуы тиіс және төрешілер, инспектор және көрермендермен салғыласуға түспеуі тиіс. 6.9 тармағының ережесін сақтамағаны үшін командаға/клубқа 75 000 (жетпіс бес мың) теңге мөлшерінде айыппұл салынады.

6.10. Регби бойынша Қазақстаннның құрама командаларының мүшелері және кандидаттары болып табылатын ойыншылар оқу-жаттығу жиындарына (ОЖЖ) және ҚРРФ ресми шақырулары бойынша халықаралық жарыстарға дәлелсіз себептермен келмесе, ҚРРФ өткізетін жарыстардан босатылады, ал клубқа/командаға ойыншының келмегені үшін 150 000 (жүз елу мың) теңге көлемінде айыппұл салынады. Кейінгі жазалау туралы шешімді ҚРРФ-дың Бақылау-тәртіп комитеті (БТК) шығарады. Денсаулығы бойынша босатуды тек ҚР-ның Ұлттық құрама командасының дәрігері ғана бере алады.

6.11. Регби командаларының/клубтарының басшылары, төрешілері, регбишілер және Регби бойынша ҚР-ның Чемпионатына қатысатын басқа да ресми тұлғалар тәртіпті, ұйымшылдықты, қарсыластарға және көрермендерге құрмет көрсету арқылы осы Ереженің барлық талаптарын орындауға міндетті.

6.12. Матч кезінде команда өтінімі/сертификатына енгізілгендер санынан тек 7 адам ғана орындықта отыра алады, соның ішінде команда дәрігеріжәне/немесе массажисті. Қалған ойыншылар мен команда персоналы стадионның трибуналарында немесе турдың бас төрешісі айтқан жерде орналасады.

6.13. Ойын формасында су шығаруға тыйым салынады.

VII. СанкциЯЛАР, НАРАЗЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ТӘРТІПТІК ЖАЗАЛАР
Жарыстарды ұйымдастыру және өткізу комиссиясы Чемпионатты өткізу кезінде осы Регламент пен ережелерді сақтауды бақылайды және осы Ережеге сәйкес төрешілер аппаратының мүшелері мен ресми тұлғаларына, клубтар мен ойыншыларға тәртіптік санкциялық жазалар қолданылады. Территориалды ДШжәнеСБ Чемпионат ойындары өтетін спорттық ғимараттарда қауіпсіздік шараларын сақтау және көрермендердің тәртібіне толық жауапкершілік артады.
Наразылықтар

Матчты өткізу бөлігінде осы Регламентті бұзу ережелері немесе Ойын ереелерін сақтамауға байланысты фактілерге (әрекеттік немесе әрекетсіздік) наразылық берілуі мүмкін. Наразылықты СТК қарайды. Наразылықты беру және қарастыру тәртіптік регламентпен реттеледі. Наразылықтың көшірмесі ҚРРФ-ға жолданады. Наразылықты тек қана клуб немесе спорт ұйымы (спорттық мектеп) бере алады. Клубтың немесе спорт ұйымының (спорттық мектеп) наразылықтары уақтылы бермегенде, сондай-ақ 55 000 (елу бес мың)теңге мөлшерінде ҚРФ –тың есепті есебіне клуб немесе спорт ұйымы (спорттық мектеп) аударғаны туралы хабарламаны алып келмеген жағдайда қабылданбайды. Наразылықты негізді деп есептеген жағдайда, жарна Клубқа немесе спорт ұйымына (спорттық мектеп) толық көлемде қайтарылады, наразылықты негізсіз деп таныған жағдайда, Клубқа немесе спорт ұйымына жарна қайтарылмайды.

Нразылықтар:

- төрешілердің өкімінене;

- ойындар кестесіне;

- регби ережелеріне сәйкес төрешінің түсіндірмесі бар шешімге қабылданбайды.

Сондай-ақ наразылықтар қабылданбайды, егер оларға уақтылы қол қойылмаса немесе хаттамада болмаса, сондай-ақ алдын ала төлем жасамай және бейнежазбасыз берілген наразылықтар қабылданбайды.

Наразылықтар төреші-инспекторға жазбаша түрде және матч аяқталғаннан кейін бір (1) сағат аралығында беріледі, бірақ егер комиссияның ресми өкілі ойын аяқталған соң бірден наразылық беру туралы өтініш жасаған кезде ғана беріледі. Осы өтінішпен төреші-инспектор матч хаттамасында наразылық беру фактісі және оның типі туралы жазба жүргізеді. Наразылыққа ойынның бейнежазбасы және жарна қоса беріледі, ол туралы матч хаттамасында жазба жүргізіледі. Бейнежазба үзіліссіз (бүкіл матч кезіне) анық және даулы ойын сәттерінің барлық зонасын өамту керек, егер наразылық қанағаттандырылса, онда жарна командаға қайтарылады. Наразылықты турдың тәртіптік комиссиясы қарастыруы тиіс, оған:

- төреші-инспектор;

- ҚР РФ Атқарушы комитетінің өкілі;

- жаттықтырушы құрамынан өкіл (Чемпионатқа қатысушы команданың жаттықтырушыларының шешімі бойынша );

- турнирдің жетекші төрешісі кіреді.

Жаттықтырушы құрамының өкілі мен жетекші төреші наразылық берілген матчтың қатысушысы болмауы тиіс. Тәртіптік комиссия отырысында төреші-инспектордың немесе оның кез-келген мүшелерінің талабы бойынша осы мәселені талқылауға көмектесе алатын жарыстың қатысушылары шақырылуы мүмкін. Шешім ең көп дауыс арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төреші-инспектор дауыс берге шешімге артықшылық беріледі. Тәртіптік комиссия қаулысының көшірмесі жазбаша түрде келесі күннің ойынына дейін 1 сағат бұрын наразылық берген команданың ресми өкіліне берілуі тиіс.

Тәртіптік комссияның шешіміне ҚР РФ Атқарушы комитетінің қазылар алқасына жазбаша түрде аппецялия беруге болады, қазылар алқасының құрамына:

- бірінші вице-президенті

- жарыстарды өткізу бойынша комиссияның председателі

- жаттықтырушылар кеғесінің председателі

- төрешілік коллегиясының председателі

Апелляция тәртіптік комиссияның шешімі шыққан күні берілуі керек. Аппеляциямен бірге жарна берілуі керек, ол туралы ойын хаттамасында жазба жасалады. Апелляция қабылданбағанда, жарна қайтарылмайды. Қазылар алқасының шешімі келесі турдың басталуына үш (3) күннен кешіктірілмей, бір ай ішінде қабылдануы тиіс. Шешім еі көп дауыс арқылы қабылданады және ол соңғы болып табылады.

Шағымдар мен өтініштер

Шағымдар мен өтініштерді жарыстың кез-келген қатысушысы ойын аяқталған соң, 3 сағат ішінде турдың төреші-инспекторының атына бере алады.

Шағымдар:

- әділетсіз төрелік етуге;

- біліксіз төрелік етуге;

- сөз жүзінде және физикалық жәбірлеуге;

- ұйымдастырушылық мәселелердің жаман шешіміне және т.б. берілуі мүмкін.

Матчты өткізу кезінде ойын моменттерімен байланысты барлық шағымдар мен өтініштер бейнежазбалармен ғана болуы тиіс. Шағым түріне қарай ол тікелей турдың төреші-инспекторы немесе турдың тәртіптік комиссиясының отырысында қарастырылуы мүмкін.

Осы шағым шешімінің көшірмесі жазбаша түрде және оны беру кезінен бір тәуліктен кем емес уақытта шағым берген адамға берілуі тиіс. Егер шағым түсірген тлға бұл шешіммен қанағаттанбаса, онда ол материалдарды жарыстарды өткізу комиссиянына карстыру үшін береді.

Тәртіптік жазалар

Ойыншыны немесе команданың ресми тұлғасын жазалау кезінде, бұл ойыннан шығаруды көздейді, ҚР РФ есебіне ақшалай қаражат аударуға міндетті, оның мөлшерін ҚР РФ айқындайды. Ақшалай қаражаттарды аударуға жауапкершілік команданың ресми не артылады. Осы тқлғалар Чемпионаттың ресми ойындарына қатысуға ҚР РФ есебіне ақшалай қаражат аудармайынша құқығы жоқ.

Клуб осы Ереженің талаптарын орындамаған жағдайда, ҚР РФ Атқарушы комитеті ақшалай қаражаттың сомасын он еселік мөлшеріне дейін қлғайтуға құқығы бар. Ойыншылардың тәртіптік жазасы осы кезеңде кай командаға шығатыны тәуелсіз, ойын жылы аралығында жинақталады. Команданың дисквалифицирленген ресми тұлғалары жазаны өтегмегенге дейін, қосалқы ойыншылардың орындарында отыра алмайды және өз командасын басқара алмайды. Ақшалай қаражаттарды төлегеннен басқа, бірінші дисквалификация алған команданың ресми тұлғалары кезекті ойынды өткізеді, екінші дисквалификация алғанда – ұш кезекті ойынды, үшіншісін алғанда – ҚР РФ Атқарушы комитетінің шешімі бойынша бес ойыннан он ойынға дейін.

Егер команданың ресми тұлғалары дисквалификациядан кейін спортттық емес мінез-құлық көрсетсе, мысалы дисквалифицирленген команданың жаттықтырушысы өз командасын ойын кезінде (командалық тайм-аутты қосқанда) басқаруды тоқтатпаса, онда алаңдағы төреші мен төреші инспектор оларды жарыстың өту жерінен шығаруға шаралар қадылдауға міндетті. Қарсы жағдайда, төреші – инспектор дисквалифицирленген жаттықтырушы басқарған команданы жеңілді деп есептеп, ойынды тоқтатуға міндетті.

Айырмашылығы 30 ұпайдан астам жеңілген команда құрамында ойнауға құқығы жоқ ойыншы ойынға қатысқан жағдайда, оған осы нәтижемен жеңіліс есептеледі, басқа жағдайларда бұл командаға 0:30 есебімен жеңіліс есептеледі, ал қарсылас командаға 0:30 есебімен жеңіс есептеледі. Бұдан басқа ойыншы бір ойынға дисквалификацияға жатады, ал Ережені бұзғаны үшін аталған ойыншы команданың ресми өкілі 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге міндетті.

Егер матчқа қатысу құқығы жоқ ресми тұлға қатысқан жағдайда, ол бір ойынға дисквалифицирленсе, ал Ережені бұзғаны үшін команданың осы өкілі мен төреші – инспектор . Командалардың спорттық емес мінез-құлықтарын болдырмау үшін тәртіптік комиссия команданы дисквалифицирлеуге дейін қосымша шараларды қабылдауға құқылы. Аталған шешім ҚР РФ Атқарушы комитетінің қазылар алқасы қарастырғаннан соң, күшке енеді.

Матчтың жалғасынан бас тартқан және ойын аяқталға дейін алаңнан кетіп қалған команда Чемпионатқа кейінгі қатысудан босатылады. Команда тиесілі клуб немесе спорттық ұйым (спорт мектебі) Ережені бұзғаны үшін, 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге міндетті.

Егер команда Чемпионаттың кез келген турына дәлелсіз себептермен (ақшалай қаражаттың болмауы дәлелді себептерге жатпайды) келмесе, онда осы бұзушылық үшін команда тиесілі клуб немесе спорттық ұйым (спорт мектебі) Чемпионатқа кейінгі қатысудан босатылады, осы команданың қатысуын ҚР РФ Атқарушы комитетінің отырысында қарастырылады.

Егер команда турдың аяқталуынан бұрын кетіп қалса, оған осы турдың барлық ойналмаған матчтарында 0:30 есебімен жеңіліс есептеді.

Ойыншылардың, команданың ресми тұлғаларының, төрешілердің және т.б. матчтың алдында немесе аяқталған соң, дөрекілік көрсеткен жағдайда, оқиғада жазалы адамдар тәртіптік жазаға тартылады, ал команда тиесілі клуб немесе спорттық ұйым (спорт мектебі) Ережені бұзғаны үшін, 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге міндетті.

Алаңдағы төрешілерге, төреші-инспекторға, ҚР РФ Атқарушы комитетінің өкіліне және жарысқа қатысушылар жағынан төреші-хатшыларына қатысты зорлық көрсету актілері тәртіптік жазаға тартылады, ал команда тиесілі клуб немесе спорттық ұйым (спорт мектебі) Ережені бұзғаны үшін, 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге міндетті.

Құрама командалардың іс-шараларына шақырылған спортсмендер клубтары келмесе немесе кешігіп келсе, бұзушылық үшін 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде айыппұл төлейді, сонымен қоса:

- ескерту;

- дисквалификация алады;

- 3 ойыннан 10 ойынға дейін ҚР Чемпионатынан босатылады;

- құрама команда құрамынан шығарылады.





  1. РЕГБИ

КОМАНДАЛАРЫ/КЛУБТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТҰЛҒАЛАРЫНЫҢ, РЕГБИСТЕРДІҢ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР МЕН БАСҚА ДА РЕСМИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
7.1. Регби командаларының/клубтарының басшылары осы Ереженің талаптарын орындамағанына, регби матчтарын өткізумен байланысты қажетті ұйымдастырушылық іс-шаралармен қамтамасыз етпегеніне, сондай-ақ регбистердің мен өз командаларының ресми тұлғаларының матчқа дейін, матч кезінде және матчтан кейін тәртібіне жауапкершілік артады.

7.2. Регби командалары/клубтарының қызметтік тұлғалары мен өкілдері (басшылар, регбистер, жаттықтырушылар, қызметкөрсететін персонал) матчты өткізетін төрешілік бригаданың іс-әрекетіне килігуге құқығы жоқ. Турдың бас төрешісінің рұқсатынсыз, төрешілер бөлмесіне кіру әрекеті немесе кіргені, төрешілерге тіл тигізу, бұзақы әрекеттері, сондай-ақ төрешілер бөлмесінде, матчты өткізу кезінде орын алған немесе оған жақын жерде болған физикалық күш көрсету қауіптері үшін регби командасы/клубы ҚР РФ есептік шотына 150 000 (елу мың) теңге мөлшерінде айыппұл санкцияларын төлеуді жүзеге асыруы тиіс. Кейінгі жаза туралы мәселе КДК қарастырылады.

7.3. Регби ойындары Ережелерінің және осы Регламент талаптарын орындамаған кезде, төрешілер, регбистер, және ресми тұлғалар бұзушылық

7.4. Регбистерге және регби командаларының/клубтарының өкілдеріне Ережеге сәйкес салынған тіртіптік жазалар осы регбист немесе регби командасы/клубының өкілі осы командада қалса да немесе басқа командаға ауысуына қарамастан, келесі реби маусымына қарастырылады. Санкциялар ҚРРФ өткізетін барлық жарыстарға таралады.

7.5. Матчқа бекітілген тәртіпте мәлімделмеген, ресімделмеген қатысу немесе дисквалифицирленген регбист үшін осы командаға/клубқа 0:30 есебімен жеңіліс есептеледі.


  1. Төрешілік ету

Чемпионат ойындарына төрешілік ету World Rugby ережелеріне, осы Регламенттің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады, оқыту процесін басшылық ету және алаңға төрешілерді дайындау төрешілік коллегиясына артылады. Төреші-инспекторларды дайындауға және олардың тікелей жұмысына басшылық ету жарыстарды ұйымдастыру және өткізу комиссиясына жүктеледі.



Чемпионат ойындарына тағайындау

Алаңда төрешілерді турдың бас төрешісі тағайындайды. Төреші –инспекторларды- жарыстарды ұйымдастыру және өткізу комиссиясы.

Чемпионаттың әр ойынына төреші, 2 шептердегі төреші, төреші-хатшылардың бригадасы және екі инспектор – барлығы 7 адам қызмет көрсетеді.

Командалар ме нресми тұлғалардың Чемпионат мачтарына тағайындалған алаңдағы төрешілер мен төреші-инспекторларды ауыстыру

туралы өтініш қабылданбайды және қаралмайды.

Төреші формасы

Төрешілер формасы ережелердің талаптарына сәйкес болуы керек және төреші жидесі, шолақ шалбары, гетрлар мен регбиге арналған аяқ киімнен тұруы тиіс. Қазақстан Республикасының Регби федерациясының логотипі төреші жидесінің сол жағында орналасуы тиіс.



Алаңдағы төрешілер мен төреші-инспекторлардың жауапкершілігі Несут ответственность за:

  • Спорттық ғимараттың, алаңның жағдайы туралы шешімге;

  • Көрермендердің араласуына немесе көрермендер зонасында туындаған кезкелген мәселеге байланысты матчты тоқтату туралы шешімге;

  • Жарақаттанған ойыншыны ауыстаруға;

  • Осы Регламенттің ережелерінің талаптарына сәйкес қабылданатын шешімдерге жауапкершілік артады.


Қызмет көрсетуден босату

Тағайындалған және кез-келген себептермен жарыстарға келе алмаған алаңдағы төрешілер мен төреші –инспекторлар жарыстарды ұйымдастыру мен өткізу комиссияны дереу түрде хабарлауы міндетті. Келмеген жағдайда немесе кешігіп келген жағдайда, төреші-инспектор жарыстарды ұйымдастыру мен өткізу комиссиясымен келіскен соң ғана ойынға қызмет көрсетуге тарта алады.

Егер турдың төреші-инспектор келмеген немесе кешіккен жағдайда, жарыстарды ұйымдастыру мен өткізу комиссиясы оны басқа турдың төреші-инспекторымен ауыстырады, егер мұндай мүмкіндік болмаса, онда төреші-инспектордың міндеттерін комиссияның келісімі бойынша алаңдағы бір төреші атқара алады.

Алаңдағы төрешілердің міндеттері


  • Чемпионат ойындарына төрелік етуге тағайындалған алаңдағы төрешілер ойынды регби ережелеріне және осы Регламентке сәйкес жүргізуі тиіс;

  • Жарыстардың өту орнына келген соң, төрешілер төреші-инспекторға шұғыл түрде өзін таныстыру керек;

  • Егер төрешілер қандай да бір себептермен жолда кешігіп жатса, олар бұл туралы жарыстарды ұйымдастыру мен өткізу комиссияна немесе төреші-инспектор мен территориалды ДШжәнеСБ өкіліне хабарлауға міндетті.

  • Жарыс орнына өздері қызмет көрсететін ойынның басталуына дейін бір (1) сағат бұрын келуі тиіс және оны кесте бойынша уақытында бастауы тиіс.

  • Матч кезінде команданың барлық ресми тұлғалары қосалқы орындарда отыруын қада,алау. Команданың ресми өкілі ғана қосылқы орыннан ойыншыларды ауыстыруға және ұйымдастырушылық мәселелерді шешу үшін тұра алады. Бірақ қосалқы ойыншылар аймағының шегінен шығуға құқығы жоқ.

Төреші-инспекторлардың міндеттері

Төреші –инспектор регби ойындарының ережелеріне және осы Регламетке сәйкес ойындарды өткізулің гаранты болып табылады. Ол өзінің міндеттері шеңберінде әрекет етді және бүкіл төрешілік аппарттың жұмысының сапасына жауапкерлік артады. Бұдан басұа, оның:



  • Регби ойындарының ережелері және осы Регламеті бойынша қажетті білімі болуы керек;

  • Ойын барысында төреші-инспектор төреші-хрогометрист жанында отыруға;

  • Жарыс өткізілетін қалаға келген соң, ДШжәнеСБ өкілінен командалардың, қонақ командаларының және төрешілердің алаңға келгені және орналасқаны туралы, жаттығуларды өткізу және матчтың қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы ақпаратты алуы қажет. Егер шағымдарға орын болса, төреші-инспектор территориалды ДШжәнеСБ өкілімен бірлесіп, бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауы және есепте тиісті жазба жасауға;

  • Ойынның басталуына дейін бір (1) сағаттан кешіктірмей, командалардың құжаттарын (өтінім парақтары, техникалық өтінімдер, АДД бойынша нормативтерді тапсыру хаттамалары, бойы ұзындарға анықтама, 16 жастан кіші ойыншыларға медициналық анықтама) тексеруге

  • Ойыншылар немесе команданың ресми тұлғаларын кіргізу міселелеріне байланысты қандай да бір қиындықтар туындаған жағдайда, төреші-инспектор жарыстарды ұйымдастыру мен өткізу комиссиямен хабарласуға міндетті.

Ойын басталғанға дейін төреші-инспекторладың міндеттері:

  • Жарнама және жарнама өнімін пайдалануды бақылау;

  • Техникалық құрылғының жұмыс қабілеттілін және ойын алаңдарының ережелер мен осы Регламентке сәйкестілігін тексеру;

  • Дәрігер мен БАҚ өкіліне бос орындардың болуын тексеру;

  • Қажетті инвентардің болуын, команданың, төрешілер мен көрермендердің қауіпсіздігін тексеру;

  • Матч трансляциясы керек болса, телевидение өкіліне көмек көрсету;

  • Ойыншылардың осы турнирдің ойындарына рұқсатын тексеру;

  • Бас хатшымен бірге ойыншылардан нормативтер қабылдау, және бойы ұзын ойыншылардың бойын өлшеу, қажеттілік туындаса;

  • Матч хаттамасының дұрыс толтырылуын тексеру, онда ойнауға құқығы жоқ ойыншылар болмауы керек;

Ойын кезінде төреші-инспектордың міндеттері:

  • Төреші-хронометристің жанында отыру;

  • Матч қатысушыларын мен көрермендердің ережелер мен осы Регламенттің талаптарын сақтауды бақылау;

  • Төреші-хатшылардың жұмысын координациялау;

  • Барлық төреші-хатшылардың ойын алдында, ойын кезінде және ойын аяқталған соң еңбек тәртібін сақтауын бақылау;

  • Егер алаңда көмек көрсетуді сұраса немесе қажетті ақпаратты беру керек болса, төреші –инспектор мәселені шешу үшін барлық мүмкіндікті жасау керек. Бірақ , бұл жағдайда, соңғы шешімді төрешілер қабылдайды.

Ойын аяқталған соң, төреші-инспекторлардың міндеттері:

  • Матя хаттамасын соңғы толтыруды, барлық қолдардың болуын және қате болмаған жағдайда, хаттамаға қол қойдыруды бақылау;

  • Егер хаттамада қателер болса, тқрешіге тиісті түзетулерді енгізуді сұрау және содан кейін ғана ойын хаттамасынна қол қойдыру;

  • Егер команданың ресми тұлғаларынан наразылық немесе шағым болса, матчтың хаттамасында жазба жүргізу керек және турдың тәртіптік комиссиясы мен жарыстарды өткізу комиссиясына құжаттарды дайындау;

  • Ойын өткізу барысында, көрермендердің немесе жарысқа қатысушылардың агрессиялық әрекеті жағдайында, жарысты өткізу бойынша комиссияға баяндама хат беруі қажет;

  • Ойын аяқталғаннан кейін бірден ойын нәтижелері мен барлық бұзушылықтар туралы туралы телефон арқылы жарыстарды өткізу бойынша комиссияға хабарлау қажет;

  • Команданың ресми тұлғаларына хаттама көшірмесінің көшірмесін беру қажет;

  • Төреші-инспектордың рапортын толтыру, ойынға дайындыұ және ойын кезінде шыққан барлық кемшіліктерді көрсету керек;

  • Алаңдағы рефери жұмысының сапасын 10 балл сомасынан шыға келе бағалау;

  • Баспасөз конференциясын өткізуді және төреші-инспектордың рапортына енгізудің барлық ескертулерін қадағалау;

Төреші-хатшыларының бригадасы

Төреші-хатшыларды тағайындауға және олардың жұмысының сапасына турды өткізу орны бойынша жауапкершілікке территориалды ДШжәнеСБ тартылады. Төреші-хатшылардың бригадасын тағайындау жергілікті төрешілер коллегиясының мүшелерінен жүзеге асырылады. Төреші- хатшылар жылсайынғы төрелік семинарларға қатысқан жағдайда ғана, Чемпионат ойындарына төрелік етуге тағайындала алады. Чемпионат ойындарында төрешілер-хатшылар бригадасы үш (3) адамнан тұрады:



  • Төреші-хатшы

  • төреші-хронометрист

  • төреші-ақпарат беруші

Чемпионат турларында төрешілер-хатшылар бригадасын басқару және жарыстар есебін дайындау үшін турдың бас хатшысы тағайындалады, егер сапасыз жұмыс жасаған болса, төреші-инспектор оны өзінің рапортында көрсетеді.

Төрешілер-хатшылар бригадасының өкімінде облыстық ДШжәнеСБ :



  • Ауыз сумен

  • Шешіну үшін арнайы шешінетін жермен

  • Матч хаттамаларын көшіру үшін принтер и ксерокспен қамтамасыз етуң тиіс.

Турлар матчтарына төрешілер мен инспекторларды тағайындайды бас

төреші жүргізеді.

Турдағы матчтарға қызмет көрсету үшін тағайындалған алаңдағы төрешілер мен бас төреші осы жарыстарда ҚРРФ ресми өкілдері болып табылады. Олардың талаптары жарыстың барлық қатысушылары орындау үшін міндетті болып табылады.


  1. ҚАРЖЫЛЫҚ ШЫҒЫНДАР

Осы Ереже Чемпионат турларына командаларды іс-сапарға жіберуге, төрешілер коллегиясының, Чемпионат турларын өткізген кезде қызмет көрсетуші персоналдың еңбегін және Чемпионатты өткізуге байланысты кеткен шығындарды төлеудің негізі болып табылады.

Чемпионат турларына командаларды іс-сапарға жіберуге кеткен шығындар әс-сапарға жіберуді ұйымдастыруды білдіреді (жолақы, тамақ, тұру и т. б.).

Ұйымдастырушылық шығындарды Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитеті мен Қазақстан Республикасы Регби федерациясы және турдың өткізілу орны бойынша дене шынықтыру және спорт органдарының территориалды атқарушы органдары өз мойындарына алады.


Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитетінің жанындағы «ҰШК және СРД» РМКК келесі шығындарды өздеріне алады:

  • Жарыстар жеңімпаздарын жэәне жүлдегерлерді марапаттау

(кубоктар, медалдар, дипломдар);

  • Спорттық кешендерден ұсынылған қызметтерді автокөлікпен тасымалдау қызметтері;

  • Шақырылған төрешілердің еңбекақысы, тамағы, іс-сапар шығындары (қонақүйде тұру, тәуліктік шығындар, жолақы );

  • Команда бастықтарының және мемлекеттік жаттықтырушылардың іс-сапар шығындары;

Қабылдайтын жақ:

  • Спорттық ғимараттарды жалға алу және коандалар мен төрешілер үшін көлік шығындарын төлеу;

  • Медициналық қызметкерлер мен қызмет көрсететін персоналдың еңбегіне шығындар;


ҚРРФ:

  • Жарнама қызметі, кеңсе шығындары, программаларды, афишаларды, щиттерді, плакаттарды, БАҚ дайындау;

  • Турда ең мықты ойыншыларды және Чемпионаттың жүлделі командарын марапаттау;

  • Атқарушы комитеттің өкілін іс-сапарға жіберу;


Осы Ереже ҚРЧ турларына командаларды шақыру үшін негіз болып табылады.

2015 жылға Жоғарғы лиганың әйелдер, ерлер және балалар-жасөспірімдер командалары арасындағы 15х15, 10х10 , 7х7 регби бойынша Қазақстан Республикасының IX ашық чемпионатының ЕРЕЖЕЛЕРІ №1 ҚОСЫМША



I. Жарыстардың өткізу мерзімдері
Жоғарғы лиганың әйелдер, ерлер командалары арасындағы регби бойынша Қазақстан Республикасының Ашық Чемпионаты.
ӘЙЕЛДЕР

Жоғарғы лига, 15х15; 7х7 регби

Қатысатын командалар: Алматы, Астана, облыстық орталықтар және ТМД елдерінің.


ҚР Ашық Чемпионаты, 7х7 регби
Ойындар кестесі:

I тур 10-17 сәуір аралығы регби 7х7 Тараз қ.

  • келу күні: 10.04.2016ж.

  • ойын күнідері: 11-16.04.2016ж.

  • қайту күні: 17.04.2016ж.

II тур 15-19 маусым аралығы регби 7х7 Талдықорған қ.

  • келу күні: 15.06.2016ж.

  • ойын күндері: 16-18.06.2016ж.

  • қайту күні: 19.06.2016ж.

III тур 13-17 шілде аралығы регби 7х7 Алматы қ.

  • келу күні: 13.07.2016ж.

  • ойын күндері: 14-16.07.2016ж.

  • қайту күні: 17.07.2016ж.

IV тур 02-06 тамыз аралығы регби 7х7 Тараз қ.

  • келу күні: 02.08.2016ж.

  • ойын күндері: 03-08.08.2016ж.

  • қайту күні: 06.08.2016ж.

V тур 23-27 тамыз аралығы регби 7х7 Алматы қ.

  • келу күні: 23.08.2016ж.

  • ойын күндері: 24-26.08.2016ж.

  • қайту күні: 27.08.2016ж.



VI тур 29қыркүйек-03 қазан аралығы регби 7х7 Талдықорған қ.

  • келу күні: 29.09.2015ж.

  • ойын күндері: 30.09-02.10.2016ж.

  • қайту күні: 03.09.2016ж.

VII тур 25-31 қазан аралығы регби 7х7 Алматы қ.

  • келу күні: 25.10.2016ж.

  • ойын күндері: 26-30.10.2016ж.

  • қайту күні: 31.10.2016ж.



ҚР Ашық Чемпионаты

Регби 15х15

I тур 10-16 мамыр аралығы регби 15х15 Талдықорған қ.

  • келу күні: 10.05.2016ж.

  • ойын күндері: 11-15.05.2016ж.

  • қайту күні: 16.05.2016ж.


II тур 03-10 қараша аралығы регби 15х15 Алматы қ.

  • келу күні: 03.11.2016ж.

  • ойын күндері: 04-09.11.2016ж.

  • қайту күні: 10.11.2016ж.



ҚР Ашық Жастар Чемпионаты

1998-1999ж.т., регби 15х15

2000-2001ж.т., регби 15х15

20-28 маусым аралығы Алматы қ.

  • келу күні: 20.06.2016ж.

  • ойын күндері: 21-27.06.2016ж.

  • қайту күні: 28.06.2016ж.



ҚР ЖОО Универсиадасы

Мамыр регби 10х10 Талдықорған қ.

(Ойындар кестесін Республикалық ғылыми-практикалық орталығы бекітеді)




ҚР Ашық Жастар Чемпионаты

1997-1998ж.т. регби 7х7

I тур 20-23 сәуір аралығы Тараз қ.

  • келу күні: 20.04.2016ж.

  • ойын күндері: 21-22.04.2016ж.

  • қайту күні: 23.04.2016ж.



II тур 10-13 қазан аралығы Алматы қ.

  • келу күні: 10.10.2016ж.

  • ойын күндері: 11-12.10.2016ж.

  • қайту күні: 13.10.2016ж.



«Золотой овал» ҚР Ашық Жастар Чемпионаты

1999ж.т. регби 7х7

2000ж.т. регби 7х7

2001ж.т. регби 7х7

2002ж.т. және жас регби 7х7

I тур 05-09 маусым аралығы Алматы қ.

  • келу күні: 05.06.2016ж.

  • ойын күндері: 06-08.06.2016ж.

  • қайту күні: 09.06.2016ж.

II тур 09-13 қыркүйек аралығы Алматы қ.

  • келу күні: 09.09.2016ж.

  • ойын күндері: 10-12.09.2016ж.

  • қайту күні: 13.09.2016ж.



«Спартак Кубогі» Республикалық Жастар турнирі

1998-1999ж.т.

20- 25 тамыз аралығы регби 15х15 Алматы қ.

  • келу күні: 20.08.2016ж.

  • ойын күндері: 21-24.08.2016ж.

  • қайту күні: 25.08.2016ж.


«ҚР Тәуелсіздік күні» Республикалық Жастар турнирі

2000-2001 г.р.

25- 28 тамыз аралығы регби 15х15 Алматы қ.

  • келу күні: 25.08.2016ж.

  • ойын күндері: 26-27.08.2016ж.

  • қайту күні: 28.08.2016ж.


Мектеп оқушылар және колледжде оқитындар арасындағы Республикалық Турнирі регби 10х10

20-23 қыркүйек аралығы Талдықорған қ.

  • келу күні: 20.09.2016ж.

  • ойын күндері: 21-23.09.2016ж.

  • қайту күні: 23.09.2015ж.

Халықаралық Турнир «Жетісу Кубогі», регби 7х7

23-26 қыркүйек аралығы Талдықорған қ.

  • келу күні: 23.05.2016ж.

  • ойын күндері: 24-25.05.2016ж.

  • қайту күні: 26.05.2016ж.



Ерлер
Жоғарғы лига, регби 15х15; 7х7
ҚР Ашық Чемпионаты

Регби 15х15

I тур 21-28 наурыз аралығы (онтүстік) Алматы қ., Тараз қ.

  • келу күні: 21.03.2015ж.

  • ойын күндері: 22-27.03.2015ж.

  • қайту күні: 28.03.2015ж.

Iтур 21-28 наурыз аралығы (cолтүстік) Алматы қ.


  • келу күні: 21.03.2015ж.

  • ойын күндері: 22-27.03.2015ж.

  • қайту күні: 28.03.2015ж.


ҚР Ашық Чемпионаты, регби 7х7

Ойындар кестесі:

I тур 10-17 сәуір аралығы регби 7х7 Тараз қ.

  • келу күні: 10.04.2016ж.

  • ойын күнідері: 11-16.04.2016ж.

  • қайту күні: 17.04.2016ж.

II тур 05-09 маусым аралығы регби 7х7 Талдықорған қ.

  • келу күні: 05.06.2016ж.

  • ойын күндері: 06-08.06.2016ж.

  • қайту күні: 09.06.2016ж.

III тур 13-17 шілде аралығы регби 7х7 Алматы қ.

  • келу күні: 13.07.2016ж.

  • ойын күндері: 14-16.07.2016ж.

  • қайту күні: 17.07.2016ж.

IV тур 02-06 тамыз аралығы регби 7х7 Алматы обл

  • келу күні: 02.08.2016ж.

  • ойын күндері: 03-08.08.2016ж.

  • қайту күні: 06.08.2016ж.

V тур 23-27 тамыз аралығы регби 7х7 Алматы қ.

  • келу күні: 23.08.2016ж.

  • ойын күндері: 24-26.08.2016ж.

  • қайту күні: 27.08.2016ж.



VI тур 29қыркүйек-03 қазан аралығы регби 7х7 Талдықорған қ.


  • келу күні: 29.09.2015ж.

  • ойын күндері: 30.09-02.10.2016ж.

  • қайту күні: 03.09.2016ж.

VII тур 25-31 қазан аралығы регби 7х7 Алматы қ.

  • келу күні: 25.10.2016ж.

  • ойын күндері: 26-30.10.2016ж.

  • қайту күні: 31.10.2016ж.



ҚР ЖОО Универсиадасы

мамыр регби 10х10 Талдықорған қ.

(Ойындар кестесін Республикалық ғылыми-практикалық орталығы бекітеді)


ҚР Ашық Жастар Чемпионаты

1998-1999ж.т. регби 7х7

I тур 20-23 маусым аралығы Алматы қ.

  • келу күні: 20.06.2016ж.

  • ойын күндері: 21-22.06.2016ж.

  • қайту күні: 23.06.2016ж.


II тур 12-15 қыркүйек аралығы Алматы қ.

  • келу күні: 12.09.2016ж.

  • ойын күндері: 13-14.09.2016ж.

  • қайту күні: 15.09.2016ж.



ҚР Ашық Жастар Чемпионаты

1998-1999ж.т. регби 15х15

25-30 тамыз аралығы Алматы қ.

  • келу күні: 25.08.2016ж.

  • ойын күндері: 26-29.08.2016ж.

  • қайту күні: 30.08.2016ж.



ҚР Ашық Жастар Чемпионаты

1998-1999ж.т. регби 15х15

20-28 шілде аралығы Алматы қ.

  • келу күні: 20.07.2015ж.

  • ойын күндері: 21-27.07.2015ж.

  • қайту күні: 28.07.2015ж.

1998-1999ж.т. регби 7х7

20-23 сәуір аралығы Тараз қ., Алматы қ.

  • келу күні: 20.04.2015ж.

  • ойын күндері: 21-22.04.2015ж.

  • қайту күні: 23.04.2015ж.

«Золотой овал» ҚР Ашық Жастар күздік Чемпионаты

1999ж.т. регби 15х15

2000ж.т. регби 10х10

2001ж.т. және жас регби 7х7

2002ж.т. және жас регби 7х7
I тур 05-09 маусым аралығы Алматы қ.

  • келу күні: 05.06.2015ж.

  • ойын күндері: 06-08.06.2015ж.

  • қайту күні: 09.06.2015ж.



II тур 07-11 қыркүйек аралығы Алматы қ.

  • келу күні: 07.09.2015ж.

  • ойын күндері: 08-10.09.2015ж.

  • қайту күні: 11.09.2015ж.

«ҚР Федерация Кубогі» Республикалық Жастар турнирі

1997-1998ж.т.

01-06 тамыз аралығы Алматы қ.

  • келу күні: 01.08.2015ж.

  • ойын күндері: 02-05.08.2015ж.

  • қайту күні: 06.08.2015ж.



Халықаралық Турнир «Жетісу Кубогі», регби 7х7

03-06 маусым аралығы Талдықорған қ.

  • келу күні: 03.06.2015ж.

  • ойын күндері: 04-05.06.2015ж.

  • қайту күні: 06.06.2015ж.


Мектеп оқушылар және колледжде оқитындар арасындағы Республикалық Турнирі регби 10х10

20-23 қыркүйек аралығы Талдықорған қ.

  • келу күні: 20.09.2015ж.

  • ойын күндері: 21-23.09.2015ж.

  • қайту күні: 23.09.2015ж.

ҚАТЫСУШЫ ҰЙЫМДАР

Жарысқа қатысшыларға қойылатын талаптар, жарысты өткізу шарттары.

Қазақстан Республикасының ашық Чемпионаттарына Алматы, Астана, Бішкек, Ташкент және басқа облыс орталықтары қалалары командалары жіберіледі

Атырау облысы Атырау қаласы

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы

Алматы облысы Талдықорған қаласы

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы

Жамбыл облысы Тараз қаласы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы

Павлодар облысы Павлодар қаласы

Қостанай облысы Қостанай қаласы

Ақмола облысы Астана қаласы

Қарағанды облысы Қарағанды қаласы

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавловск қаласы

Астана қаласы Астана қаласы

Алматы қаласы Алматы қаласы


ӨТІНІМ ЖАРНАСЫ
Жоғары лига бойынша регбиден Қазақстан Республикасы ашық Чемпионатына қатысушы командалар (ерлер де, әйелдер де) Қазақстан Республикасы Регби федерациясы есеп шотына 2016 жылғы 1 наурызға дейін 250 000 (екі жүз елу мың) теңге көлемінде өтінім жарнасын өткізу қажет.
Деректемелер:
«Қазақстан Республикасы Регби федерациясы» ҚҚ

Заңды мекен-жайы: Алматы қаласы, 050020, Тәттімбетов көшесі, 24 үй

Нақты мекен-жайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы 159, 4 корпус, 1 офис

БИН 930740001323

ИИК KZ828210339895914921 Алматы қаласы «Bank RBK» АҚ филиалында

БИК KINCKZKA

РНН 600300033058

КБЕ 18


ҚРРФ Президенті Сәрсеков Бексұлтан Сәрсекұлы

Жұмыс телефоны; +7(727) 394-32-02

2 ҚОСЫМША (ТӘТІПТІК ЖАЗАЛАР КЕСТЕСІ)

IRB ұсынымы негізінде жасалған ойын алаңы шегінде бұзушылықтар санкциясы


Сипаты

Бұзақылық болып табылатын ойыншының түйінді іс-әрекетінің шкаласы бойынша анықталатын жазалау уақыты

Максималды санкция




Төменгі деңгей (ТД)

Орта деңгей (ОД)

Жоғарғы деңгей (ЖД)





Матчтың ресми тұлғасын денелік қорлау

ТД – 6 ай

ОД – 24 ай

ЖД – 5 жыл


Өмірлік мамандығынан айыру

Матчтың ресми тұлғасына қатысты сөзбен немесе іс-әрекетпен қорқыту

ТД –6 ойын

ОД – 8 ай

ЖД – 12 жыл


24 ай

Көзге немесе көз айналасына шабылдау

ТД – 4 ойын

ОД – 3 ай

ЖД – 6 ай


12 ай

Қарсыласты тістеу

ТД –4 ойын

ОД – 8 ойын

ЖД – 6 ай


12 ай

Қарсыласты таптау

ТД – 1 ойын

ОД – 6 ойын

ЖД – 2 ай


2 ай

Рак ойынында қарсыласқа байланысты шектелген іс-әрекеттер

ТД –14 ойын

ОД – 2 ойын

ЖД – 3 ойын


2 ай

Иықпен итеруді қоса алғанда допсыз қарсыласқа қауіпті шабылдау немесе қоршау немесе ұстау

ТД – 1 ойын

ОД – 2 ойын

ЖД – 3 ойын


2 ай

Иықпен итеруді қоса алғанда допты қарсыласқа қауіпті шабылдау немесе қоршау немесе ұстау


ТД – 1 ойын

ОД – 2 ойын

ЖД – 3 ойын


2 ай

Баспен соғу

ТД – 4 ойын

ОД –6 ойын

ЖД – 3 ай


12 ай

Тіземен ұру

ТД – 1 ойын

ОД – 3 ойын

ЖД – 5 ойын


2 ай

Ойыншыны қолмен, жұдырықпен, шынтақпен ұру

ТД – 1 ойын

ОД – 3 ойын

ЖД – 6 ойын


2 ай

Қарсыласты қауіпті басып алу, оның ішінде ерте басып алу, «қатты қолмен басып алу» сияқты әрекеттерді қоса

(«шлагбаум»)



ТД – 1 ойын

ОД – 3 ойын

ЖД – 5 ойын


2 ай

Жоғарыда көрсетілмеген бұзушылықтарға ҚРРФ КДК шешімі бойынша сәйкесінше санкциялар салынуы мүмкін.



Жоғарыда көрсетілгендерге қарамастан егер ойыншының іс-әрекеті түйткілді бұзушылық және/немесе артынан өзін потенциально жоғалтатындай кез-келген бұзушылықтармен дөрекі ойын және/немесе зардап шегуші денсаулығына үлкен/түйткілді ізін қалдырған жағдайда ҚРРФ КДК кез-келген мамандығынан айыру, оның ішінде өмірлік салынуы мүмкін.

Мамандығынан немесе біліктілігінен айырған жағдайда ҚРРФ өткізген ешқандай жарысқа қатыса алмайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет