Бағдарлама шеңберінде жаңа өндірістерді құруға арналған мемлекеттік гранттар ұсыну қағидалары Жалпы ережелер



Дата17.07.2016
өлшемі295.04 Kb.
#206098
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 15 қарашадағы
№ 1449 қаулысымен   
бекітілген     

Бағдарлама шеңберінде жаңа өндірістерді құруға арналған
мемлекеттік гранттар ұсыну қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 683 қаулысымен бекітілген Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде Жаңа өндірістерді құруға арналған мемлекеттік гранттар ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және моноқалаларда жаңа өндірістерді құру үшін кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар ұсыну тәртібін айқындайды.


      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
      1) кәсіпкерлер - кәсіпкерлік қызметпен байланысты кредиттік тарихы жоқ шағын кәсіпкерлік субъектісі;
      2) жаңа өндіріс - моноқалада тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды көздейтін нақты жобаны іске асыруға бағытталған кәсіпкерлердің кәсіпкерлік бастамасы;
      3) моноқала - бұл өнеркәсіп өндірісінің және еңбекке жарамды халықтың негізгі бөлігі (20% және одан жоғары) бір немесе бірнеше қала құраушы кәсіпорындарда шоғырланған, әдетте, бір бейіндегі және шикізаттық бағыттағы (мономамандану), бұл ретте қалада өтетін барлық экономикалық және әлеуметтік үдерістерді айқындайтын қала;
      4) мемлекеттік грант ұсыну туралы шарт - жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі, қаржы агенті және кәсіпкер арасында осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалатын, үшжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша кәсіпкерге нысаналы грант ұсынылады;
      5) жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыс әкімі айқындайтын, жергілікті жерлерде Бағдарламаны іске асыруға жауапты атқарушы орган (бұдан әрі – бағдарламаның үйлестірушісі);
      6) уәкілетті орган - «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі» мемлекеттік мекемесі;
      7) жұмыс органы - «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті» мемлекеттік мекемесі;
      8) конкурстық комиссия - Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын конкурстық негізде моноқалаларда жаңа өндірістер құруға мемлекеттік гранттар алуға жобалар іріктеу жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңестері үшін ұсынымдар әзірлеу жөніндегі орган;
      9) өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан былай - ӨҮК) - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері басқаратын, жергілікті атқарушы органдардың, лизингтік компаниялардың/банктердің/Даму Банкінің, бизнес-қоғамдастықтың өкілдері және тәуелсіз сарапшылар қатысатын консультативтік-кеңесші орган;
      10) қаржы агенті - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы;
      11) бизнес-жоба - кәсіпкердің сипаттау, есеп-айырысулар, болжамдар нысанында орындалған меншікті бизнес жасау (тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету) мүмкіндігін ашатын жоспары.
      3. Кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар ұсыну (меншікті бизнесін құруға) Бағдарламаның «Моноқалалар халқының жұмыспен қамтылуының оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету үшін экономиканы әртараптандыру мен шағын және орта бизнесті дамыту» деген екінші бағытының шеңберінде жүзеге асырылады.
      4. Моноқалада жаңа өндірістер құратын кәсіпкерлерге (бұдан әрі – кәсіпкер) мемлекеттік гранттар, бөлінген мемлекеттік грантты орынсыз пайдалану жағдайларын қоспағанда, өтеусіз және қайтарусыз негізде бөлінеді.
      5. Мемлекеттік гранттарды мемлекет кәсіпкерлер (дара кәсіпкер немесе заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған «Бизнес кеңесші» жедел курстарында қысқа мерзімді оқытудан өткеннен кейін жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі арқылы ұсынады.
      6. Мемлекеттік гранттарды ұсыну мақсаты Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы моноқалаларының тізбесіне сәйкес моноқалада жаңа өндірістерді іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлерді қолдау болып табылады.
      7. Қаржы агентінің қызметтерін жұмыс органы республикалық бюджет қаражаты есебінен төлейді.
      8. Жұмыс органы республикалық бюджетте көзделген қаражат шеңберінде мемлекеттік гранттар ұсыну үшін моноқалалар бөлінісінде облыстар үшін қаржыландыру лимитін айқындайды және жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісіне нысаналы трансферттер түрінде қаражат бөледі.
      9. Уәкілетті орган мен облыстардың әкімдері арасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне 93-қосымшаға сәйкес үлгі келісім нысаны бойынша нысаналы трансферттер жөніндегі нәтижелер туралы келісім:
      1) моноқалаларда кәсіпкерлік белсенділікті арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру;
      2) моноқалаларда жаңа өндірістерді құру;
      3) халықтың еңбек ұтқырлығын ынталандыру бойынша жасалады.

2. Бағдарлама шеңберінде жаңа өндірістерді құруға арналған
мемлекеттік гранттар ұсыну тәртібі

Мемлекеттік гранттарды ұсыну жағдайлары

      10. Қызмет түрлері шектеусіз, осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес конкурстық іріктеуге құжаттарды толық көлемде ұсынған кәсіпкерлер мемлекеттік гранттар ұсынуға арналған конкурстық іріктеудің қатысушылары бола алады.


      11. Мыналар мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурстық іріктеудің қатысушылары бола алмайды:
      1) мұнай-газ өнеркәсібінің кәсіпкерлері;
      2) қару-жарақ және акцизге тәуелді өнімдерді өндірушілер;
      3) минералды шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1514 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тібесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпкерлеріне;
      4) тау-кен өндіру өнеркәсібінің өндірушілері;
      5) елу және одан көп пайыз акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлесі) мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияларға тікелей немесе жанама тиесілі ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар құрылтайшылары болып табылатын заңды тұлғалар, сондай-ақ меншік нысандары жеке мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғалар.
      12. Кәсіпкер бір бизнес-жоба бойынша мемлекеттік гранттар ұсыну мақсатында конкурстық іріктеудің қатысушысы бола алады.
      Бизнес-жобаның міндетті шарты кәсіпкердің ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кем дегенде 20% кем емес мөлшерде оны іске асыру шығыстарын қоса қаржыландыруы болып табылады.
      Кәсіпкерлер мемлекеттік грант қаражатын:
      1) негізгі құралдар мен материалдарды;
      2) материалдық емес активтерді;
      3) технологияларды;
      4) франшизге құқықты сатып алуға жұмсауы тиіс.
      Мемлекеттік грант қаражаты жылжымайтын мүлікті, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысын төлеу ретінде пайдаланылмайды.
      13. Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік гранттың ең жоғары сомасы 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аса алмайды.
      14. Мемлекеттік гранттар:
      қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық кезеңіндегі, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен уақытша тоқтатылған;
      салықтар мен мемлекеттік бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар;
      қызметінің негізгі түрі жылжымайтын мүлікті жалға ұсыну болып табылатын кәсіпкерлерге берілмейді.
      15. Конкурстық комиссия қызметінің негізгі қағидаттары кәсіпкерлер үшін тең жағдайлар жасау, сондай-ақ оларға қойылатын талаптар бірлігі, ұсынылатын құжаттарды зерттеудің жан-жақтылығы мен толықтығы, қабылданатын шешімдердің объективтілігі болып табылады.
      16. Конкурстық комиссия төрағадан, төраға орынбасарынан және Конкурстық комиссия мүшелерінен тұрады. Конкурстық комиссия құрамы атқарушы билік органдары, қоғамдық бірлестіктер, салалық сарапшылар, ғылыми-білім беру мекемелері, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары, қаржы агенті өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен қалыптасады. Конкурстық комиссияның сандық құрамы 9 (тоғыз) адамнан кем болмауы тиіс.
      Жергілікті атқарушы органдар мен қаржы агентінің өкілдері конкурстық комиссияның төрағасы бола алмайды.
      Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссия отырысын ұйымдастыруды жүзеге асырады, атап айтқанда: төрағамен келісе отырып, отырыстардың өткізілетін орнын, күні мен уақытын анықтайды, болатын отырыс туралы конкурстық комиссия мүшелеріне хабарлайды, отырыс өткізу үшін қажетті материалдарды оның мүшелерінің назарына жеткізеді.
      Конкурстық комиссия хатшысы оның құрамына кірмейді және оның шешім қабылдау үшін дауыс беру құқығы жоқ.
      Конкурстық комиссияның отырысы егер оған конкурстық комиссия мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан жағдайда заңды болып есептеледі.
      Конкурстық комиссия шешімі отырысқа қатысып отырған конкурстық комиссия мүшелерінің жартысынан көбі дауыс берген жағдайда қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      17. Бағдарламаның деңгейдегі Жергілікті үйлестірушісі конкурстық комиссияның жұмыс органы болып табылады, ол:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес облыстық өңірлік апталық баспа басылымында мемлекеттік гранттар (меншікті бизнес құруға) ұсыну үшін кәсіпкерлердің конкурстық іріктеуінің басталғандығы туралы хабарландыруды жариялауды жүзеге асырады;
      2) мерзімді негізде Бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңінде өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар түрінде мемлекеттік қолдау ұсыну барысының жария етілуін қамтамасыз етеді;
      3) кәсіпкерлерге конкурсқа қатысу мәселелері және оны өткізуге қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік гранттарды ұсыну шарттары мен тәртібі жөніндегі консультация береді;
      4) кәсіпкерлерден конкурсқа қатысуға өтінімдер және Қағидаларға сәйкес оларға қоса берілетін құжаттарды қабылдайды;
      5) конкурсты ұйымдастырады және өткізеді;
      6) кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттың ұсынылуы немесе мемлекеттік грантты ұсынудан бас тартылуы туралы хабарлайды.
      18. Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер конкурстың өткізілетіні туралы хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша өзі, пошта арқылы немесе өзінің уәкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінімді ұсынады, оған басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды және кәсіпкер мөрімен бекітіледі.
      Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер тек ғана бір өтінім тапсыруға құқылы.
      Өтінімдерді қабылдау мерзімдері мен орны конкурстың өткізілетіндігі туралы хабарландыруда көрсетіледі.
      19. Мемлекеттік гранттарды алуға үміткер кәсіпкерлер жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісіне жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік гранттарды ұсыну бойынша конкурстық іріктеуге қатысу туралы өтінім, ол Бағдарлама әкімшісінің веб-порталына орналастырылатын болады;
      2) заңды тұлғаны (дара кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
      3) салық органында есепке қою туралы куәліктің (хабарламаның) көшірмесі;
      4) салықтар, алымдар мен салымдар бойынша бюджетпен есептесулер жағдайы туралы анықтама;
      5) басшының қолы қойылған және өтініш берушінің мөрімен бекітілген, өтінімді тапсыру сәтіндегі жалдамалы жұмысшылардың орташа саны туралы анықтама;
      6) бизнес-жоба;
      7) кәсіпкердің «Бизнес кеңесші» жедел курстарында қысқа мерзімді оқытудан өткендігін растайтын құжаттың көшірмесі;
      8) заңды тұлғалар үшін жарғының көшірмесі (болған жағдайда);
      9) қызмет түріне лицензия көшірмесі (қажет болған жағдайда);
      10) кәсіпкердің шотында кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыру шығыстарын бірлесіп қаржыландыру үшін берілген мемлекеттік грант көлемінің 20% кем емес мөлшерде ақша бар екенін растайтын кәсіпкердің банктік шотынан үзінді көшірме;
      11) кәсіпкер атынан өтінімді тапсыру құқығына сенімхат, сенімді тұлға төлқұжатының көшірмесі (заңды тұлға атынан – заңды тұлға бекіткен).
      20. Өтінімдерді қабылдау конкурстың өтетіні туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде тоқтатылады. Уақытында келіп түскен әрбір өтінімге нөмір беріліп, құжаттардың тапсырылған күні мен уақыты көрсетіле отырып, өтінімдерді қабылдау журналында тіркеледі. Әрбір өтінімде күні мен уақыты көрсетіле отырып, қабылданғандығы туралы белгі қойылады, бұдан басқа:
      1) оларды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды;
      2) конкурстық комиссия қарауына ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
      21. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі кәсіпкерден өтінімді алғаннан кейін өтініммен бірге ұсынылатын міндетті құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады, құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда, Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі толықтыруға арналған жетпейтін құжаттарды көрсете отырып, кәсіпкердің ұсынылған құжаттарын қабылдаудан бас тартады.
      22. Конкурс айына кемінде бір рет өткізіледі.

Конкурстық өтінімдерді қарау

      23. Кәсіпкер конкурстық комиссияның жұмыс органына жүгініп, конкурсқа қатысу туралы өтінімін ұсынады.


      24. Конкурстық комиссияның жұмыс органы кәсіпкерден өтінімдерді алғаннан кейін мыналарды жүзеге асырады:
      1) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру;
      2) моноқала бөлінісінде мемлекеттік гранттар ұсыну үшін бөлінген қаржыландыру лимитінің сақталуын бақылау;
      3) ұсыныстарды, күн тәртібін қалыптастыру, конкурстық комиссияның отырысын өткізу күнін, уақыты мен орнын белгілеу, бұл туралы өтінімдерін қарау жоспарланып отырған Конкурстық комиссияның барлық мүшелері мен кәсіпкерлерге хабарлайды.
      25. Конкурстық комиссияның жұмыс органы барлық құжаттар мен ақпарат алынған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кәсіпкердің материалдарын Конкурстық комиссия қарауына ұсынады.
      26. Кәсіпкер конкурстық комиссия отырысында өзінің бизнес-жобасын таныстырады.
      27. Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Қағидаларға сәйкес конкурсты өткізу кезінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) конкурстық іріктеуге қатысушылардың бизнес-жобаларын қарайды;
      2) мемлекеттік гранттар ұсыну немесе оларды ұсынудан бас тарту туралы, оның ішінде қаражат жеткіліксіз болғанда, жобалардың маңыздылығы мен перспективалығын ескере келе ұсынымдар береді. Кәсіпкерлерді іріктеу кезіндегі конкурстық комиссия мүшелерінің дербес дауыс беруі бойынша ақпарат жария етуге жатпайды.
      Конкурстық комиссия жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі арқылы уәкілетті мемлекеттік органдардың ұсынылған конкурстық құжаттама бойынша салалық құзыреттік қорытындыларын алуға құқылы.
      Конкурстық комиссия өтінімдерді зерделеу кезінде жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі арқылы тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардан, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардан өтінімде көрсетілген мәліметтердің шындыққа сәйкестігі туралы ақпарат сұрауға құқылы.
      28. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді қарау кезінде кәсіпкердің бизнес-жобасын бағалаудың келесі критерийлері негізінде ұсынымдар береді:
      1) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау);
      2) бизнес-жобаны енгізуге дайындығы (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, кәсіпкерді орналастыру үшін үй-жайдың, өткізу нарығының болуы, жобаның өндірісті іске қосу үшін дайындық деңгейі);
      29. Кәсіпкерге мемлекеттік грантты ұсыну/ұсынбау туралы ұсынымдар мемлекеттік грантты ұсыну/ұсынылмау мүмкіндігінің себептерін көрсете отырып, конкурстық комиссия хаттамасымен рәсімделеді.
      Конкурстық комиссия хаттамасында әрбір жоба бойынша қысқаша түйіндеме қамтылуы тиіс.
      30. Хаттамаға конкурстық комиссия мүшелері, хатшы қол қояды және конкурстық комиссияның төрағасы бекітеді.
      31. Өткізілген конкурс нәтижелері бойынша конкурстық комиссияның жұмыс органы 5 (бес) жұмыс күні ішінде ӨҮК қарауына конкурстық комиссияның хаттамасын жібереді.
      32. Қажет жағдайда ӨҮК мүшелері қарау үшін әрбір жоба бойынша материалдар ала алады.
      Өткізілетін отырыс шеңберінде ӨҮК мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
      1) конкурстық комиссияның мемлекеттік грант қаражатын ұсыну/ұсынбау бойынша ұсынымдарын қарау;
      2) ӨҮК мүшелері арасында кәсіпкер жобасын және ұсынылған құжаттарды талқылау;
      3) талқылау нәтижелері бойынша кәсіпкерлердің бизнес-жобаларын іріктеуді жүргізеді және мемлекеттік грантты ұсыну мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен рәсімделеді. Бұл ретте хаттамада міндетті түрде жекелеген бизнес-жоспарлардан бас тарту себебі көрсетіледі.
      Бағдарлама және осы Қағидалар шарттарына сәйкес келмеу бас тарту себептері бола алады.
      33. Жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы рәсімделген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде мыналарды:
      1) кәсіпкерге ӨҮК-ның шешімі туралы хабарламаны;
      2) кәсіпкермен мемлекеттік гранттың ұсынылуы туралы шарт жасасу үшін дайындық іс-шараларын өткізу мақсатында мақұлданған/бас тартылған бизнес-жобалар бойынша конкурстық комиссия мүшелеріне және қаржы агентіне ӨҮК хаттамасын жібереді.

Мемлекеттік гранттарды ұсыну тетігі

      34. Қаржы агенті ӨҮК оң шешім қабылдаған жағдайда оның отырыс хаттамасы бекітілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі және кәсіпкер мемлекеттік грант ұсыну туралы шартқа (бұдан әрі – «Шарт») қол қояды.


      35. Шарт жасасқаннан кейін жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі ақшалай қаражатты кәсіпкерге оның ағымдағы банктік шотына аударуды жүзеге асырады.
      36. Мемлекеттік грант қаражаты кәсіпкердің ағымдағы шотына транш негізінде аударылатын болады.
      37. Бірінші траншты алу үшін кәсіпкерге мемлекеттік грант қаражатының сұралған көлемі мен жоспарланған нысаналы пайдаланылуы туралы ақпаратты ұсыну қажет.
      38. Мемлекеттік гранттың нысаналы тағайындалуы осы Қағидалардың шарттары мен критерийлеріне сәйкес келген жағдайда, бағдарлама үйлестірушісі кәсіпкердің ағымдағы шотына сұратылған соманы аударады.
      39. Кәсіпкер мемлекеттік грантты нысаналы мақсаты бойынша пайдаланады және шарттың талаптарын орындайды.

3. Бағдарлама мониторингі

      40. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін каржы агенті кәсіпкерден барлық қажетті құжаттарды және ақпараттарды сұрауға, жоба іске асырылып жатқан жерге барып мониторингін жүзеге асыруға құқылы.


      41. Бағдарламаны іске асыру мониторингін қаржы агенті жүзеге асырады, оның функцияларына мыналар жатады:
      1) мемлекеттік грантты нысаналы пайдалану мониторингі;
      2) мемлекеттік грантты алған күннен бастап 1 (бір) жыл бойы бизнес-жобаларды орындау бойынша кәсіпкерлер қызметінің мониторингі;
      3) кәсіпкердің берілген мемлекеттік грант көлемінің 20 % кем емес мөлшерде бизнес-жобаны іске асыру шығыстарын бірлесіп қаржыландыру талаптарын сақтауы;
      4) кәсіпкердің шарттың талаптарын орындау мониторингі.
      42. Мониторинг шеңберінде қаржы агенті:
      1) мемлекеттік гранттарды алушылардың тізілімін жүргізеді;
      2) кәсіпкерлер алған қаражаттың пайдаланылу нәтижелілігінің мониторингін жүргізеді және жұмыс органы мен жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісіне кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды іске асырулары туралы есепті ұсынады.
      43. Қаржы агенті кәсіпкердің транш сомаларын мақсатсыз пайдаланғанын анықтаған жағдайда, қаржы агенті шартты бұзады және конкурстық комиссияны және ӨҮК-ні жазбаша хабардар етеді.
      44. Кәсіпкер тарапынан мемлекеттік грант қаражаты мақсатсыз пайдаланылған жағдайда, жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі мен қаржы агенті нысаналы емес тағайындау бойынша пайдаланылған мемлекеттік грант қаражатын қайтару бойынша іс-шаралар өткізеді.

Бағдарлама шеңберінде жаңа


өндірістерді құруға арналған
мемлекеттік гранттар ұсыну 
қағидаларына        
1-қосымша         

Конкурсты өткізу туралы


хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы:


_____________________________________________________________________
Орналасқан жері: __________________;
пошталық мекенжайы: _________________________;
электронды поштасының мекенжайы:______________;
байланыс телефоны _________________
Конкурстың нысанасы: Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерліктің ісін жаңа бастаған субъектілеріне мемлекеттік гранттар (меншік бизнесін құруға) ұсыну.
Конкурстың нысаны: ашық конкурс
Конкурсқа қатысу шарттары: конкурсқа қайтадан тіркелген, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі мемлекеттік қолдау көрсетуге өтінім білдірген сәтте күнтізбелік бір жылдан кем шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны:__________________________
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжай бойынша жеке өзі, поштамен немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысандағы өтінімді және құжаттамалардың толық пакетін ұсынады.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімдері: «___» __________ 20__ж. бастап «___» __________ 20__ж. дейін, жұмыс күндері сағат 10-нан 17-ге дейін (жергілікті уақыт)
Өтінім беру басталатын күні мен уақыт:« ____ » ____ 20 __ ж. сағат 10-нан бастап (жергілікті уақыт)
Өтінім беру аяқталатын күні мен уақыт: « ____ » ____ 20__ ж. сағат 13-ке дейін (жергілікті уақыт)
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.
Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.damu.kz. сайтында танысуға болады.

Бағдарлама шеңберінде жаңа


өндірістерді құруға арналған
мемлекеттік гранттар ұсыну 
қағидаларына        
2-қосымша         

Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған
бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерліктің ісін
жаңа бастаған субъектілеріне (меншікті бизнесін құруға)
мемлекеттік гранттар ұсыну үшін конкурстық іріктеуге қатысуға
арналған
ӨТІНІМ

_____________________________________________________________________


______________________________________________ (бұдан әрі - кәсіпкер)
(ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны, заңды тұлғаның атауы; дара
кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты, паспорт деректері)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның орналасқан орны, пошталық мекенжайы; дара кәсіпкердің
тұрғылықты жері)
_____________________________________________________________________
(қала (аудан) коды көрсетілген байланыс телефонының нөмірі,
электрондық почтаның мекенжайы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(банк деректемелері)
_____________________________________________________________________
(салық салу жүйесін көрсету)
_____________________________________________________________________
(қызметтің бейіндік бағытын көрсету)
_____________________________________________________________________
(экономика саласын көрсету)
_____________________________________________________________________
(өтінім тапсырылған сәттегі жалдамалы қызметкерлердің орташа санын
көрсету)
_____________________________________________________________________
(ұйым басшысы (Т.А.Ә., лауазымы, байланыс телефоны))
_____________________________________________________________________
(жобаның жауапты орындаушысы (Т.А.Ә., лауазымы, байланыс телефоны))

шағын және орта кәсіпкерліктің ісін жаңа бастаған субъектілеріне мемлекеттік гранттар (меншікті бизнесін құруға) ұсыну үшін конкурстық іріктеуге қатысатыны туралы жариялайды.


      Кәсіпкер конкурс талаптарымен таныстырылған және Қағидаларға сәйкес қажетті құжаттарды ұсынады.

Ұсынылған құжаттар тізбесі

р/с№

Заңды тұлға

Бет саны



Дара кәсіпкер

Бет саны

1

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі




1

Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі




2

Салық органына есепке қою туралы куәліктің көшірмесі




2

Салық органына есепке қою туралы куәлік (хабарлама) көшірмесі




3

Салықтар, алымдар және салымдар бойынша бюджетпен есеп айырысулар жағдайы туралы анықтама




3

Салықтар, алымдар және салымдар бойынша бюджетпен есептесулер жағдайы туралы анықтама




4*

Басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен бекітілген, өтінім беру расталған сәтінде жалдамалы қызметкерлердің орташа саны туралы анықтама




4*

Басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен бекітілген, өтінімді тапсыру сәтіндегі жалдамалы қызметкерлердің орташа саны туралы анықтама




5

Бизнес-жоба




5

Бизнес-жоба




6

Кәсіпкердің «Бизнес кеңесші» қысқа мерзімді оқыту курсынан немесе Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы өткенін растайтын құжат көшірмесі




6

Кәсіпкердің «Бизнес кеңесші» қысқа мерзімді оқыту курсынан немесе Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасынан өткендігін растайтын құжат көшірмесі




7*

Өкілге сенімхат




7*

Өкілге сенімхат




8

Жарғы көшірмесі




8*

Қызмет түріне лицензия көшірмесі




9*

Қызмет түріне лицензия көшірмесі













* қажет болған жағдайда толтырылады

Үміткер      ______________________       _______________________
М.О.             (қолы)                       Т.А.Ә., лауазымы
Өтінім №     20__ ж. «_____» ____________ «____» сағ. «____» мин.

      Мен бұрын ұсынылған бюджеттік кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің жоқ екенін растаймын.
      Мен ұсынған мәліметтердің дұрыстығын растаймын және Конкурстық комиссияның мәліметтерді таңдап тексеруіне қарсы емеспін.
      Кәсіпкер, осы өтінімге қол қоя отырып, мыналар туралы мәлімдейді және кепілдеме береді:
      1. Осы өтініммен бірге жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісіне немесе жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісінің сұратуы бойынша берілген (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат және құжаттама дұрыс болып табылады және төменде көрсетілген күні шындыққа толық сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісіне дереу хабарлауға міндеттенемін.
      2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі көрсетілген куәландырулар мен кепілдемелердің шынайылығын тексеруге міндетті емес.
      3. Кәсіпкер жалған, толық емес және/немесе нақты емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жауапкершілік туралы ескертілген.
      4. Кәсіпкердің жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын тұлғаға осы өтініш тапсыруға мүмкіндік беретінін кәсіпкер растайды.
      5. Көрсетілген деректердің және ақпараттың шынайы еместігі анықталған жағдайда, осы өтінімнің кез келген кезеңде, көрсетілген деректердің шынайы еместігін растайтын мәліметтер анықталған уақытта кері қайтарылуы мүмкін екенімен келісемін, бұл ретте жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі кері қайтару себептерін хабарламауға құқылы.
      Кәсіпкер осы арқылы бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісіне мыналарға келісімін береді:
      1. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды тексеру және қарау мақсатымен мүдделі үшінші тұлғаларға ұсынуға құқылы.
      2. Осы өтінімдегі барлық мәліметтер, сондай-ақ жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік гранттар ұсыну үшін ғана берілген.
      3. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі кәсіпкер өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал кәсіпкер ұсынған құжаттар мен өтінім түпнұсқасы жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісінде мемлекеттік грант ұсынылмағанның өзінде сақталатын болады.
      4. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісінің осы өтінімді қарауға қабылдауы, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығындары (мемлекеттік грант алу үшін қажетті құжаттар ресімдеуге және т.б.) жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісінің мемлекеттік грантты ұсыну немесе кәсіпкер шеккен шығындарды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.
      5. Нысаналы грантты ұсыну туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды және келісетінімді растаймын, кейін жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісіне талап-тілектерім болмайды.

Басшы                   ____________         ________________________


(дара кәсіпкер)           (қолы)              (қолының толық жазылуы)
МО

Бағдарлама шеңберінде жаңа


өндірістерді құруға арналған
мемлекеттік гранттар ұсыну 
қағидаларына        
3-қосымша         

Үлгі нысан

_______ мемлекеттік грант ұсыну туралы шарт

____________ қ.                              20__ж. «___» ___________

Осы шарт (бұдан әрі – шарт) мыналардың арасында:

1. «Грант беруші»:

      _______________________________________________________________
атынан _____________ негізінде әрекет етуші________________, және

2. «Қаржы агенті»:

      «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы атынан
_________________ негізінде әрекет етуші ______________ және

3. «Грант алушы»

      __________________________________________________ атынан
______________ негізінде әрекет етуші _________________,
      бірлесіп «Тараптар», ал әрқайсысы жеке «Тарап» немесе жоғарыда көрсетілгендей аталатын,
      жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсаттарын басшылыққа ала отырып:
      - «Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің ___________________ № ___ қаулысын (бұдан әрі - Бағдарлама);
      - «___________________» Қазақстан Республикасы Үкіметінің _______ № ____ қаулысын (бұдан әрі - Қағидалар);
      ӨҮК отырысын өткізу қорытындылары бойынша (ӨҮК отырысының 20___жылғы «___» _____________ №___ хаттамасы, бюджет қаражатын бөлу туралы 20__ жылғы «___» _______ №___ бұйрық) негізінде және орындау үшін жасалды.

1. Шартта пайдаланылатын ұғымдар

      1.1. Мемлекеттік грант (грант) – грант алушының нысаналы бизнес-бағдарламасын (бизнес-жобасын) іске асыру үшін өңірлік үйлестіру кеңесінің (ӨҮК) шешімімен ұсынылатын бюджет қаражаты.


      1.2. Нысаналы бизнес-бағдарлама (бизнес-жоба) – функционалдық, қаржылық және басқа да белгілері бойынша әзірленген және жеке кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған іс-шаралар кешені.
      1.3. Грант беруші – ӨҮК шешіміне сәйкес _________________ әкімдігі грант ұсынуға уәкілеттік берген мемлекеттік биліктің жергілікті атқарушы органы.
      1.4. Грант алушы – ӨҮК шешіміне сәйкес бизнес-жобаны іске асыру үшін грант ұсынылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі.
      1.5 Өңірлік үйлестіру кеңесі (ӨҮК) – облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдері басқаратын, жергілікті атқарушы органдары, лизингтік компаниялар/банктер/Даму банкі, бизнес-қоғамдастық өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар қатысатын, грантты ұсыну/ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылдайтын консультативті-кеңесші органы.

2. Шарттың мәні

      Грант беруші грант алушыға нысаналы бизнес-бағдарламаны ______________________ (бизнес-жобаны) іске асыру үшін оның кәсіпкерлік қызметіне қолдау ретінде грант ұсынуға міндеттенеді, өз кезегінде, грант алушы грантты осы шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес-жобаның) іс-шаралар жоспарын іске асыруға пайдалануға міндеттенеді.


      Бизнес – бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер:

3. Шарттың қолданылу мерзімі

      Шарт оған Тараптар қол қойған күннен бастап өз күшіне енеді және олар осы шарт бойынша өздерінің міндеттерін толық орындағанға дейін әрекет етеді.



4. Мемлекеттік гранттың көлемі мен ұсынылу тәртібі

      1. Шарт бойынша ұсынылатын грант көлемі ___ (___) теңгені құрайды.


      2. Грантты ұсыну осы шартқа 2-қосымшаға сәйкес грант беру кестесіне сәйкес транштармен жүзеге асырылады.
      3. Әрбір Траншты беру осы шартқа 3-қосымшаға сәйкес, грант алушыдан траншты беру туралы өтінім ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ақшалай қаражатты грантты алушының ағымдағы шотына аудару жолымен жүзеге асырылады, өтінімге грант қаражатының одан әрі пайдаланылуын растайтын құжаттар (сатып алу-cату шарттары, ниет шарты, шот-фактура, төлеу туралы шоттар және т.б. ) қоса беріледі.
      4. Грант берушінің грант алушыға ақшалай қаражатты аударуы осы шарттың 8-бөлімінің 2 және 3-тармақтарына сәйкес шарт бұзылған жағдайда жүзеге асырылмайды.

5. Грантты пайдалану тәртібі, мерзімдері және шарттары

      1. Грант алушы грант қаражатын шарттың әрекет ету мерзімі ішінде нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес - жоба) іс-шаралар жоспарына сәйкес пайдаланады.


      2. Шарт бойынша грант алушыға аударылған ақшалай қаражат грант алушының нысаналы бизнес-бағдарламасын (бизнес-жоба) іске асырумен байланысты нысаналы тағайындалуға ие. Ұсынылған гранттың мақсатқа сай пайдаланылуын бақылауды қаржы агенті жүзеге асырады.
      3. Грант қаражаты есебінен сатып алынған немесе алынған барлық мүлік грант алушының нысаналы бизнес-бағдарламасының (бизнес-жоба) мақсаттарына сәйкес, ал бизнес-бағдарлама (бизнес-жоба) аяқталғаннан кейін – грант алушының кәсіпкерлік қызметті жүргізуіне пайдаланылуы тиіс.

6. Мониторинг және есептілік

      1. Осы шарт қолданыста болған мерзімде қаржы агенті грантты игеру және нысаналы пайдалану мониторингін жүргізуге, ұсынылатын грант көлемінің 20% кем емес мөлшерде шығыстарды бірлесіп қаржыландыру талаптарын сақтауға, грант алушының осы шарттың талаптарын, оның ішінде қаржы агенті өкілдерінің грант алушыға баруы арқылы сақтауын тексеруге құқылы.


      2. Мониторингті жүргізу тәртібі мен мерзімдері қаржы агентінің ішкі құжаттарымен реттеледі.
      3. Грант алушы қаржы агенті мониторинг жүргізген кезде қаржы агентіне жәрдемдесуге, сондай-ақ қаржы агентіне мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттарды беруге, сондай-ақ қаржы агентіне мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттарды ұсынуға міндетті.
      4. Қаржы агенті грант қаражатын нысаналы пайдалану мониторингін мынадай нысандарда жүзеге асыруға құқылы:
      1) грант алушының жазбаша есептерін алу;
      2) жазбаша және ауызша түсініктемелер алу;
      3) растайтын материалдарды алу;
      4) қаржы агенті берген сенімхаттың негізінде іс-әрекет жасайтын қаржы агентінің өкілетті өкілінің бизнес-жобаны іске асыратын жерге барып тексеру өткізу.
      5. Шартты жасасқан күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде грантты алушы нысаналы бизнес-бағдарламаны (бизнес-жобаны) іске асыруға, қаржы қаражатын жұмсауға жауапты тұлғаны тағайындайды. Қабылданған шешім туралы грант алушы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде грантты беруші мен қаржы агентін жазбаша нысанда (соның ішінде электронды немесе факсимильді байланыспен) хабардар етеді.
      6. Грантты алушы қаржы агентіне нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес-жобаның) іс-шараларының орындалуы және қаржы қаражатының пайдаланылуы туралы жазбаша есептер беруге міндетті, атап айтқанда:
      1). 20__жылғы _____________ бастап 20__жылғы _____________ кезеңде ағымдағы есепті беруге;
      2). 20__жылғы _____________ бастап 20__жылғы _____________ кезеңде жиынтық есепті беруге.
      7. Нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес-жобаның) іс-шараларының орындалуы туралы және нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес-жобаның) қаржы қаражатының пайдаланылуы туралы жазбаша есептер басшының қолымен және грант алушының мөрімен расталған нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес-жобаның) іс-шаралары, нәтижелері және есептік құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, жұмсалуы туралы ақпаратты қамтуы тиіс.
      Нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес-жобаның) іс-шараларының орындалуы туралы және нысаналы бизнес-бағдарлама грантының (бизнес-жобаның) қаржы қаражатының пайдаланылуы туралы есептер осы шартқа 4-қосымшаға сәйкес нысанда ұсынылады, олардың шартта көзделген деректемелерінің болуы, тігілген, нөмірленген, басшының, бухгалтердің және грантты алушының жауапты тұлғасының қолдары қойылуы, оның мөрімен куәландырылуы тиіс.
      Жазбаша есепке қоса берілетін есепті құжаттар нысаналы бизнес- бағдарламаның (бизнес-жобаны) іс-шараларының уақтылы және тиісінше өткізілуін, грант қаражатының нысаналы пайдаланылуын құжаттамалық растайды, әрбір шаруашылық операциясының мазмұнын толық көрсетуі тиіс, тиісінше ресімделуі (яғни қажетті деректемелері, мәліметтері және тиісінше нысаны болуы) қажет. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес солай деп танылған ақтау құжаттары, ақтау құжаттарына қатысты негіз болып табылатын құжаттар және ақтау құжаттарына қосымша болып табылатын құжаттар есепті құжаттар болып табылады.
      8. Грантты пайдалану қорытындылары бойынша грант беруші, қаржы агенті және грант алушы осы шартқа 5-қосымшаға сәйкес грант беру туралы шартқа грантты пайдалану актісіне қол қояды.

7. Тараптардың өзара құқықтары мен міндеттері

      1. Шарттың қолданылуы шеңберінде грант беруші:


      1) грантты алушыға шартта көзделген тәртіпте грант беруге;
      2) шарттың 6-бөлімінің 6-тармағына сәйкес нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес-жобаның) іс-шараларының орындалуы туралы және қаржы қаражатын пайдалану туралы қаржы агентінің тиісінше ресімделген жазбаша есептерін;
      3) грант алушыны шарттың 8-бөлімінің 2 және 3-тармақтарында қарастырылған жағдайларда шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы хабардар етуге міндеттенеді.
      2. Шарттың қолданылу шеңберінде грант беруші:
      1) шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда грант алушыға грант қаражатын беруден бас тартуға құқылы.
      3. Шарттың қолданылуы шеңберінде қаржы агенті:
      1) грант қаражатының нысаналы жұмсалуына бақылауды жүзеге асыруға;
      2) грант алушыдан шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындауды және грант орындауда анықталған кемшіліктерді дереу жоюды талап етуге;
      3) грант алушыдан шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын растайтын материалдарды талап етуге құқылы.
      4. Шарттың қолданылу шеңберінде грант алушы:
      1) нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес - жоба) іс-шараларын уақтылы және тиісінше жүргізуге;
      2) шартты жасасқан күннен бастап 60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде бизнес жобаны іске асыру үшін ___________ (____) теңге мөлшеріндегі сома жіберуге, бұл ұсынылатын грант сомасының кем дегенде 20 пайызын құрайды;
      3) қаржы агентінің талабы бойынша грантты пайдалану кезінде анықталған кемшіліктерді дереу жоюға;
      4) қаржы агентінің талабы бойынша шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын растайтын материалдарды және жазбаша түсініктемелерді қаржы агентінен жазбаша талапты алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде беруге;
      5) қаржы агенті сұраған ақпаратты сұратылған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынуға;
      6) қаржы агентінің шартты орындауға байланысты құжаттарға бөгетсіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
      7) тиісті шешім қабылданған күні шарттың 6-бөлімінің  5-тармағына сәйкес тағайындалған жауапты тұлғаның ауысқаны туралы қаржы агентін хабардар етуге;
      8) грантты тек нысаналы бағыты бойынша пайдалануға;
      9) грант берушіге шарттың қолданылу мерзімі ішінде барлық деңгейдегі бюджеттерге немесе мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға төлемдер бойынша берешектің жоқтығына кепілдік беруге;
      10) шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін грант берушіге грант қаражатының пайдаланылмаған бөлігін тиісті талаптарды алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтаруға;
      11) қаржы агентіне осы шартты жасасқан сәттен бастап 10 (он) күн ішінде мынадай ақпараттарды: байланыс ақпаратын, алдағы жылға арналған іс-шаралар жоспарын, қаржы есептілігін, қызмет туралы тоқсан сайынғы есептілікті, өзге де мәліметтерді электронды түрде ұсынуға және тоқсан сайын жаңартып отыруға міндеттенеді.
      5. Шарттың қолданылу шеңберінде грант алушы:
      1) грант берушіден шарт бойынша міндеттемелердің тиісінше орындалуын талап етуге;
      2) грант қаражатының ағымдағы шотқа уақтылы аударылуын талап етуге құқылы.

8. Тараптардың жауапкершілігі

      1. Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.


      2. Грант алушының шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамаған, шарт талаптарын өзге де бұзған, тиісінше ресімделмеген жазбаша есепті, жазбаша есепке қоса берілетін есептік құжаттарды, шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын растайтын материалдарды бермеген, уақытында бермеген және (немесе) толық көлемінде бермеген кезде шарттың 7-бөлімінің 4-тармағы 2) тармақшасында көзделген соманы бизнес–жобаны іске асыру үшін белгіленген мерзімде жібермеген, грантты орындауда анықталған кемшіліктерді кешіктірмей жоюдан бас тартқан немесе орындамаған немесе қаржы агентіне жалған мәліметтер берген жағдайларда қаржы агенті грант берушіге шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы ұсыныммен жүгінуге және:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте грант алушыға грант қаражатын беруден бас тартуға;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте пайдаланылмаған қаражатты қайтаруды талап етуге құқылы.
      3. Грант қаражаты орынсыз пайдаланылған жағдайда қаржы агенті мен грант алушы шартты мерзімінен бұрын бұзуға және нысаналы бағытынсыз жұмсалған қаражатты талап етуге құқылы.
      4. Грант алушыны 5 (бес) жұмыс күні ішінде міндетті түрде хабардар ете отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте конкурстық комиссия осы шешімді қабылдаған күннен бастап шарт бұзылды деп есептеледі.
      5. Тараптар еңсерілмейтін күш, яғни Тараптардың еркінен және ынтасынан тыс туындаған және соғысты, толқуларды, қоғамдық тәртіпсіздіктерді, жер сілкінісін, өртті, жарылысты, су тасқынын және басқа да зілзала апаттарын қоса алғанда болжанбайтын немесе болмай қоймайтын міндеттемелері туындаған жағдайда шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершілігінен босатылады. Еңсерілмес күш салдарынан өз міндеттемелерін орындамайтын Тарап басқа Тарапты шарт бойынша міндеттемелерін орындау кедергілері мен оның әсері туралы дереу хабардар етуі тиіс.

9. Дауларды шешу тәртібі

      1. Тараптар арасында шарттан туындауы мүмкін барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешілетін болады.


      2. Он жұмыс күні ішінде келіссөздер жолымен келісімге қол жеткізілмеген жағдайда Тараптар арасындағы дау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуге жатады.

10. Шарттың өзге де талаптары

      1. Шартқа қандай да болмасын өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісім нысанында жазбаша түрде ресімделеді және Тараптардың уәкілетті тұлғалары қол қояды.


      2. Грант алушы өзінің пошталық және банктік деректемелерінің өзгергені туралы осындай өзгеріс болған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде грант беруші мен қаржы агентін хабардар етуге міндеттенеді.
      3. Осы шарт заңды күші бірдей үш данада, әрбір Тарап үшін бір данадан жасалды.

11. Тараптардың деректемелері мен қолдары

      Грант беруші      Қаржы агенті      Грант алушы

Мемлекеттік грант ұсыну
туралы         
шарттың үлгі нысанына 
1-қосымша        

Нысаналы бизнес бағдарламаның (бизнес-жобаның) іс-шаралар
жоспары

Мемлекеттік грант ұсыну


туралы         
шарттың үлгі нысанына 
2-қосымша       

Грант беру кестесі

р/с №

Грантты беру күні

Грантты нысаналы пайдалану

Грант сомасы





































Мемлекеттік грант ұсыну
туралы         
шарттың үлгі нысанына 
3-қосымша       

_______________ Кәсіпкерлік
және өнеркәсіп басқармасы

Транш беруге арналған өтінім

_______________қ.                               20__ж. «__»__________

Мемлекеттік грант ұсыну туралы 20__ж. «__»__________ №_____ шарттың (бұдан әрі - шарт) 4.3-тармағына сәйкес шартқа 1-қосымшада көрсетілген нысаналы бизнес-бағдарламаның іс-шаралар жоспарына сәйкес __________________________________ бизнес-жобасын іске асыру үшін __________ (___________) теңге сомасында кезекті грант траншын беруді сұраймын.
Грант траншының қаражаты _______________________________________ нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылатын болады.


Лауазымы




Т.А.Ә.

(қолы/мөр)

Мемлекеттік грант ұсыну


туралы         
шарттың үлгі нысанына 
4-қосымша       

Нысаналы бизнес бағдарламаның (бизнес-жобаның) іс-шаралар
жоспарын орындау туралы есептің нысаны

Нысаналы бизнес бағдарламаның (бизнес-жобаның) мемлекеттік
грантының қаржы қаражатын пайдалану туралы нысан

Мемлекеттік грант ұсыну


туралы         
шарттың үлгі нысанына 
5-қосымша       

20__ж. «__»__________ №_____ грант ұсыну туралы шартқа грантты
пайдалану актісі

____________ қаласы                         20__ ж. «__» ___________

_____________________________________________ негізінде әрекет ететін ______________________________ атынан __________________________ (бұдан әрі – грант беруші) бір тараптан және __________________________________ негізінде әрекет ететін ______________________________ атынан _____________________________ (бұдан әрі – қаржы агенті) бір тараптан және _____________________________________________ негізінде әрекет ететін ________________________атынан __________________________ (бұдан әрі – грант алушы) екінші тараптан, бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар, төмендегілер туралы осы актіні жасасты:
      1. Грант беруші грант алушыға шарттың талаптарына сәйкес грантты ұсынды.
      2. Грант алушының грант берушіге оның шарт бойынша міндеттемелерді орындау бөлігінде наразылығы жоқ.
      3. Грант алушы нысаналы бизнес-бағдарламаны (бизнес-жобаны) шарт талаптарына сәйкес іске асырды.
      4. Қаржы агентінің грант алушыға оның шарт бойынша міндеттемелерді орындау бөлігінде наразылығы жоқ.

Тараптардың қолдары

Грант беруші

Қаржы агенті



Грант алушы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет