Бағдарламасы 11 сынып Құрастырған: математика пәнінің мұғалімі



Дата16.06.2016
өлшемі64.5 Kb.
#139762
«Тригонометриялық функция

есептерін шығару»

математикадан арнайы курс бағдарламасы

11 сынып

Құрастырған: математика пәнінің мұғалімі:

Г.Тулеугалиева

Аққыстау орта мектебі


2012-2013 оқу жылы


Түсінік хат

Орта мектеп курсындағы математиканың өзекті мәселелерін барынша мол қамту үшін, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, олардың математикалық ой-өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту үшін, өздігінен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыратын арнайы тақырыптарды тереңірек игертіп, күрделі, қиынырақ жаттығуларды жүйелі түрде орындап отыруды қажет етеді.

Оқушылардың тригонометриялық функциялармен жұмыс жасауда қиналатындары байқалады. Тіпті озат оқушылардың қздері де тригонометриялық өрнектерді түрлендіруде ұзақ ойланып қалады. Сондықтан. ұсынылып отырған курстың мақсаты да тригонометрия курсын қайталай отырып.; тригонометриялық өрнектерді түрлендіруде немесе теңдеулерді ,теңсіздіктерді шешуде сан қилы әдістер қолдануға болатындықтан, оларды ұйрете отырып, тиімді тәсілін таңдауға, тез есептеуге дағдыландыру. Сонымен бірге тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай бере отырып, тақырыпты мейлінше тереңдету.

Бағдарламада көрсетілген тақырыптар мазмұнына орта мектеп курсы бағдарламасымен қатар оқулықтарда онша мән берілмейтініне қарамай, мектеп бағдарламасында кездесетін тақырыптар да енгізілген және әр тақырып бойынша қиынырақ есептер шешу қарастырылған.

10 сыныптан тригонометриялық өрнектерді түрлендіру; тригонометриялық теңдеулерді және олардың жүйелерін шешу тсілдері, туындыны қолдану тақырыптары таңдалынып алынған және тапсырмалары сыныптан тыс құрылған.

11 сыныптан интегралдық есептеу, жуық мәндерін табу тақырыптары таңдалынып алынды Әр тақырыптан соң тест есептері шығарылып, талданып отырылады..

Бағдарлама жаратылыстану-математика бағытындағы жалпы орта мектеп 11 сыныптарына арналып құрастырылған.
Өзектілігі:

Тригонометрия курсын терең оқуға мектеп бағдарламасы бойынша бөлінген сағат саны аздық етеді. Жоғарғы оқу орындарына қабылдау тапсырмаларын орындауда уақыт үнемдей отырып, тез есептей білуге дағдылану үшін және бұл бағытты таңдап отырған оқушылар алдағы уақытта техникалық жоғарғы оқуларда оқитындықтан тригонометриялық функциялармен жұмыс жасай білу ұшін қосымша сабақтың керектігі байқалды. . Ұсынылып отырған бағдарлама осы олқылықтарды жою мақсатында құрастырылған. Бағдарламада қарастырылмаған және сағат аз бөлінген тапсырмалар таңдап алынды.


Мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып, математикалық ой-өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту арқылы математикадан оқушылардың білім сапасын арттыру.
Міндеттері:

  • Теориялық білімін тереңдету

  • Теңдеулерді және теңсіздіктерді шешу тәсілдерін меңгерту

  • Функциялардың қасиеттерін қолдана білу

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар:

Білу керек


  • Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді;

  • Кез келген тригонометриялық функция қасиеттерін білу

  • Теңбе-теңдікті дәлелдеу және түрлендіру тәсілдерін білу

  • Теңдеу,теңсіздік және олардың жүйелерін табу жолдарын білу;

  • Туындылары мен интегралдарын таба білу;

  • Жуық мәндерін есептей алу.


Іскерлік дағдыларын қалыптастыру

  • Техника қауіпсіздігін сақтай отыра, құралдармен жұмыс істеу дағдысы

  • Функциялардың қасиеттерін қолдана отыра, зерттеу, графигін сала білу дағдысы

  • Теңдеулерді шеше білу дағдысы

  • Есеп шешу барысында ерекше қасиеттерін қолдана білу дағдысы

  • Мәтінді, суреттерді, схемаларды пайдалана білу

  • Еңбекқорлық, ұқыптылық, үнемділік, икемділік дағдысы


Бағдарлама мазмұны

  • Тригонометриялық функциялардың негізгі қасиеттері және графиктері

  • Тригонометриялық өрнектерді теңбе-тең түрлендіру




  • Қосынды және айырым түрінде берілген тригонометриялық функцияларды көбейтінді түріне келтіру




  • Көбейтінді түрінде берілген тригонометриялық функцияларды қосынды және айырым түріне келтіру

  • Тригонометриялық теңдеулерді және теңдеулер жүйесін шешу әдістері

  • Тригонометриялық функциялардың туындылары, интегралы

  • Жуықтап есептеу



Тақырыптық жоспарлау

Тригонометриялық функциялар

Аптасына - 1 сағат. Барлығы 34 сағат 2012/13оқу жылы


р/с

Сабақтың тақырыбы

Сағат

саны


уақыты

1-2

Тригонометриялық функциялардың қасиеттерін қайталау есептері


2

1,8/09

3

Тест есептерін шығару

1

15/09

4-6

Тригонометриялық өрнектерді теңбе-тең түрлендіру

3

22,29/09; 6/10

7-8

Тест есептерін шығару

2

13,20/10

9-10

Қосынды және айырым түрінде берілген тригонометриялық функцияларды көбейтінді түріне келтіру

2

27/10, 3/11

11-12

Көбейтінді түрінде берілген тригонометриялық функцияларды қосынды және айырым түріне келтіру

2

17/11,24/11

13

Тест есептерін шығару

1

1/12

14-15

Тригонометриялық функциялардың негізгі қасиеттері және графиктері

2

8,15/12

16

Тест есептерін шығару

1

22/12

17-18

Кері тригонометриялық функциялар

2

29/12

19

Тест есептерін шығару

1

12/01

20-21

Тригонометриялық теңдеулер және оларды шешу

2

19,26/01

22

Тест есептерін шығару

1

2/02

23-24

Тригонометриялық теңдеулерді және теңдеулер жүйесін шешу әдістері

3

9/02,16/02, 23/02

25-26

Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу

2

2,9/03

27-28

Тригонометриялық функциялардың туындылары

2

16/03,6/04

29-30

Тригонометриялық функциялардың интегралы

3

13,20,27/04

31

Жуықтап есептеу

2

4,11/05

32-33

Тест есептерін шығару

2

18,25/05


Пайдаланған әдебиеттер

  1. Т.Т.Абылайханов «математика есептері»,- Алматы, Рауан 1997ж

  2. И.С.петраков «математика для любознательных» , - Москва, Просвещение 2000 ж

  3. В.П.Суприн «Математика для старшеклассников» , - Москва, Просвещение 2005 ж

  4. С.Елубаев «Қазақтың байырғы есептері» , - Алматы, Рауан 2001ж

  5. Журнал «Математика Қазақстан мектебінде» , №4 2009ж, №2 2006ж, №3 2005ж, №3 2008ж

  6. Е.К.Рахымжанов «Математикалық есептеулер», - Алматы, Рауан 1998ж

  7. И.Н.Сергеев, С.Н.Олехин «Примени математику»,- Москва, наука 2009ж

  8. Резюмова Т.И и др.

Бекітемін:________________________ 01.09.2014ж

Жалпы білім беретін Аққыстау орта мектебінің директоры:

Ғ.Боранбаев

Келісілді: ________________________ 31.08.2014ж

директордың оқу істері жөніндегі орынбасары Е.Насимуллин


Талқыланды: :________________________ 28.08.2014ж

Математика-информатика бірлестігі жетекшісі А.Базарова





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет