БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі «Химиялық физика» пәні



Дата11.06.2016
өлшемі141.09 Kb.
#128427
түріБағдарламасы
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі


«6М073400 – Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың

химиялық технологиясы»

мамандығы бойынша

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ

АЛМАТЫ 2012

Емтихан тақырыптарының тізімі
«Химиялық физика» пәні


  1. Химиядағы элементар процестер.

Соқтығысулар теориясы. Соқтығысулар кезіндегі энергия алмасу. Активті аралық өнімдер. Бос радикалдар мен атомдар. Бос радикалдардың құрылымы мен алынуы.


  1. Карбендер.

Карбендерді алу әдістері. Карбендердің химиялық реакциялары. Гомолиздік және гетеролиздік реакциялар.


  1. Жоғары энергиялар химиясы

Фотохимия. Фотофизикалық процестер. Фотохимиялық реакциялардың түрлері. Фотохимиялық реакциялар кинетикасы.
4. Радиациялық химия.

Иондаушы сәуле түрлері мен көздері, сандық сипаттамалары. Радиациялық-химиялық реакциялар. Газдардағы біріншілік және радиациялық химиялық реакциялар.


5. Плазмохимия.

Электр разрядының типтері. Плазмохимиялық реакциялар. Плазмада химиялық активті бөлшектердің түзілуі.




  1. Тізбекті реакциялар кинетикасы.

Тізбекті реакциялар және олардың сатылары. Тізбектің пайда болуы. Тізбектердің жалғасуы. Тізбектердің үзілуі. Тізбектердің тармақталуы. Тізбекті реакцияның жылдамдығы.


  1. Жану мен жарылыс негіздері.

Жарылыстық реакциялардың ерекшеліктері. Н.Н. Семеновтың жылулық жарылыс теориясы. Жалындардың түрлері. Жалынның таралуы. Детонация.


  1. Макрокинетика

Тербелмелі химиялық реакциялар. Суық жалындар. Көмірсутектер жанғанда күйенің түзілуі. Фуллерендердің жану режимінде түзілуі. Қоршаған ортаның азот оксидтерімен ластануы. Азот оксидтерінің түзілу механизмдері.



  1. Өздігінен таралатын жоғары температуралық синтез (ӨЖС).

ӨЖС процестерінің негізгі түсініктері. ӨЖС процестерінің сипаттамалары. ӨЖС жүйелерінің жану реакцияларының механизмдері мен макрокинетикасы. Танталдың көміртекті қоспада жануының заңдылықтары.


  1. Күйе түзілу.

Көмірсутектер жанғанда күйенің түзілуі. Метанның төмен температуралы жану кезінде күйенің түзілуі. Күйе түзілу механизмі. Фуллерендердің жану режимінде түзілуі.

«Химия-технологиялық өндірістердің қауіпсіздік негіздері» пәні


  1. Еңбекті қорғаудың жалпы сұрақтары.

Еңбекті қорғау. Еңбек жағдайлары. Зиянды және қауіпті өндірістік факторлар, және олардың жіктелуі. Еібек ауырлыңы мен кернеулігі. Еңбек шартын жіктеу. Еңбек шартына тәуелді жұмыс орындарын аттестациялау реті.
2. ҚР заңы: қауіпті өндірістік объектілердегі өндірістік қауіпсіздігі туралы заңдылықтары.

Еңбекті қорғаудың нормативті құжаттары мен заң актілерінің жүйелері. Еңбекті қорғау заңдылықтарын мемлекеттік және қоғамдық бақылау. Өндірістік жарақаттану және ауру. Өндірістегі бақытсыз жағдайларды зерттеу мен тіркеу реті.




  1. Химиялық өнеркәсіптегі өндірістік санитария.

Өндірістік санитария. Зиянды заттардың жіктелуі, зиянды заттардың қауіптілік көрсеткіштері. Ағзаға улы заттардың әсері және қорғану жолдары.
4.Өндірістік шаң және олардың жіктелуі.

ШЖК, тітіркену әсері. Қызметкерлері шаңнан қорғау әдістері. Еңбектің жайлы шартын құру. Өндірістік ғимарат микроклиматы және оның еңбек шарасына әсері. Микроклимат параметрлерін қалыптандыру. Микроклимат параметрлерін қамту жүйелері: жылыту, желдету, кондицирлеу.


5.Өндірістік жарықтандыру.

Өндірістік жарықтандыру түрлері. Өндірістік ғимаратты жарықтандыру талаптары. Негізгі жарық техникасының түсініктері мен мәндері.


6.Өндірістік шу және вибрация.

Шу және вибрацияның негізгі көздері. Шу және вибрацияның сипаттамасы мен қалпы. Бақылау қондырғыларының өлшеу мәндері. Шу және вибрацияның адам ағзасына әсері. Шу және вибрациядан қорғану. Электромагниттік сәуледен қорғану.




  1. Технологиялық процес және өндірістік қондырғының қауіпсіздігі.

Потенциалды қауіпті технологиялық процестер. Технологиялық процестердің қауіпсіздік талаптары. Қауіпсіздіктің инженерлі-техникалық құралдары. Өндірістік қондырғының қауіпсіздік және сенімділік талаптары.


  1. Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды қолдану қауіпсіздігі.

Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарға қойылатын жалпы талаптар. Қысылған, сығылған және ерітілген газ баллондар.Қысылған газдарды тасымалдайтын цистерналар мен бөшкелер.


  1. Электр қауіпсіздігі.

Электр қауіпсіздік жүйелерінің жалпы сипаттамасы. Электр тогымен адамдарды жарақаттану қауіптілігіне байланыстығимараттардың жіктелуі.

Адамға электр тогының әсері. Электр тогымен жарақаттанған кездегі қауіптілікті анықтайтын факторлар. Электр тогымен жарақаттанған жағдайларды сараптау. Техникалық әдістер және қорғаныс құралдары. Статикалық электр және қорғану. Электр тогымен жарақаттану барысындағы алғашқы көмек.



  1. Радиациялық қауіпсіздік.

Иондаушы сәулелердің негізгі сипаттамалары. Иондаушы сәулелер әсерін қалыптандыру. Радиобелсенді заттармен жұмыс істеу барысындағы қорғаныс құралдары.


  1. Жөндеу және тазалау жұмыстары барысындағы қауіпсіздік.

Жөндеу және тазалау жұмыстарын ұйымдастыру және өндірістік қауіпсіздік. Химия өндіріс орындарындағы құрылғыларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету жүйелері.


  1. Өртке және жарылысқа қауіпті технологиялық процестер.

Жану процесі. Заттар мен материалдардың өртке және жарылысқа қауіпті қасиеттері. Көрсеткіш номенклатурасы. Өздігінен тұтану.


  1. Технологиялық процестердің өрт профилактикасы.

Өрт профилактикасы. Өрттің жіктелуі. Адам ағзасына өрттің әсері. Технологиялық процестердің өрт қауіпсіздігі. Қондырғыларды өрттен және жарылыстан қорғау.Өртке және жарылысқа қауіпті аумақтардағы электр қондырғылары.


  1. Жарылғыш заттармен жұмыс істеу барысындағы техника қауіпсіздігі.

Жарылғыш заттарды өндіретін ғимараттарға қойылатн талаптар. Өртке және жарылысқа қауіпті ғимараттардың жіктелуі. Құрылыс материалдарының тұтануы және құрылыс құрылымдарының өртке тұрақтылығы. Өртке қарсы қақпалар. Адамдарды эвакуациялау. Найзағайдан қорғану.


  1. Өртті сөндіру әдістері мен құралдары.

Өртті сөндіру әдістері. Өрт сөндіргіш заттар. Жанбайтын газдар мен инертті араластырғыштар. Қатты өрт сөндіргіш заттар. Химия өнеркәсібіндегі өрт байланысы мен сигнализациясы.


  1. Химия өнеркәсібтерінің өндіріс орындарын жобалау барысында өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету.

Өртке және жарылысқа қауіпті орындар мен ғимараттарды категорияларға бөлу. Құрылыс материалдарының жанғыштығы мен құрылыс ғимараттарының өртке төзімділігі. Химия өндірісінің ғимараттарын тікелей соқтығыстардан және екіншілік көрінулерден сақтау.

«Физикалық зерттеу әдістері» пәні


  1. Физикалық зерттеу эдістерінің жалпы сипаттамалары

Атомдар мен молекулалардың физикалық қасиеттері. Физикалық қасиеттерді анықтау әдістері. Әдістің физикалық теориясы. Тура және кері есептер. Есептің корректілігі жөнінде түсінік.


  1. Әдістердің жалпы сипаттамасы мен жіктелуі. Сәуленің затпен әрекеттесу. Жұту, шығару, шашырату. Спектроскопиялық және дифракциялық әдістер. Әртүрлі әдістердің энергетикалық сипаттамалары. Сезімталдық және ажырату қабілеті. Әдістің сипаттаушы уақыты.




  1. Дифракциялық әдістердегі шашырату амплитудаларының қатынасы.

Рентгенография, электронография, нейтронография әдістерін қолдану. Бір әдіспен алынған нәтижелердің басқа әдістермен алынған нәтижелерден тәуелділігі. Әдістердің мүмкіндіктері мен қолданылу шектері. Әдістерді біріктіріп қолдану.



  1. Атомды спектроскопия

Атомды-эмиссиялық спектроскопия. Энергия деңгейлерінің жалпы сипаттамалары. Ауысулардың ықтималдықтары және спектрлердегі интенсивтіктер. Таңдап алу ережелері. Эмиссиялық анализде қолданылатын аспаптардың блок-сызбасы. Аспаптардың негізгі элементтерінің сипаттамалары. Химиялық элементтерді анықтау. Атомды-абсорбциялық спектроскопия. Атомизоторлар.



  1. Комбинациялық шашыратудың айналмалы спектрлері

Тәжірибенің сызбасы. Лазерді пайдалану. Спектрді алу шарттары. Таңдап алу ережелері. Комбинациялық шашыратудың айналмалы спектрінің жиіліктері үшін теңдеулер. Сызықтық молекулалар жағдайы. Полюссіз молекулалардың геометриялық параметрлерін анықтау. Әдістің шектері.


  1. Эмиссиялық спектроскопия мен жалынды фотометрия.

Жартылай сандық және сандық анализ, олардың анализ кезіндегі айырмашылығы. Заттар спектрлері мен олардың қасиеттері. Энергия деңгейлерінің негңзгі сипаттамалары. Спектрлердегі ауысулар мен қарқындылық ықтималдығы. Эмиссиялық анализ блок-схемасы. Қондырғының негізгі элементтерінің негізгі сипаттамалары. Химиялық элементтерді анықтау.


  1. ИҚ-спектрлер және жарықты комбинациялық шашырату

ИҚ және КШ-спектроскопия әдістерінің мүмкіндіктері, оларды химияда қолдану. Көп атомды молекулалардың тербелу спектрлерін квантты-механикалық бейнелеу әдісі.

Энергия деңгейлері, олардың жіктелуі. Фундаменталдық, обертондық және құрама жиіліктер, «ыстық» жолақтар. Тербелу спектрлері жолақтарының интенсивтігі. Таңдап алу ережелері және ИҚ-жұту мен КШ-спектрлерінің интенсивтіктері.

Молекулалардың симметриясын есепке алу. Молекуланың нормальды тербелістерін тәжірибелік мәліметтер бойынша анализдеу. ИҚ және КШ-спектрлерді салыстыру және молекуланың симметриясы жөнінде қорытынды жасау. ИҚ және КШ-спектроскопияның техникасы мен әдістемесі.


  1. ИҚ-спектроскопияның аппаратурасы, мөлдір материалдар.

Қосымша құралдар, үлгілерді дайындау. НПВО әдісі. Алыс ИҚ-облысы техникасының ерекшеліктері. КШ-спектроскопияның аппаратурасы, лазерлік қоздырғыштардың артықшылықтары. ИҚ және КШ-спектроскопия әдістерін салыстыру, олардың құндылықтары мен кемшіліктері.
9.Электронды спектроскопия әдістері. УК-спектроскопия

Эмиссиялық УК-спектроскопия әдісін екі атомдық молекулаларды зерттеуде қолдану. Электрондық-тербелмелі-айналмалы күйлердің арасындағы ауысулардың ықтималдықтары.

Көп атомды молекулалардың электрондық спектрлерін зерттеуде көрінетін және УК-облыстардағы абсорбциялық спектроскопияны қолдану. Электрондық ауысулардың жіктелуі және оларды жекелеу. Хромофорлар концепциясы. Әртүрлі ауысу жолақтарының интенсивтіктері. Таңдап алу ережелері және тыйым салудың бұзылуы.

Электрондық жұту спектрлерін сапалық, құрылымдық және сандық анализде қолдану. Электрондық жұту спектрлеріндегі қосарланған жүйелердің спектрлері және кеңістіктік эффектілері.

Көрінетін және УК-облыстарда қолданылатын абсорбциялық спектроскопияның техникасы мен әдістемесі. Электрондық спектроскопия әдісін қамтитын жиілік облысының бөліктері және оның аппаратурасы. Зерттелетін үлгілер. Әдістің сезімталдығы, оның құндылықтары мен кемшіліктері.
10. ЭПР әдісі

Электрондық парамагниттік (спиндік) резонанс және ядролық магниттік резонанс құбылыстарының физикалық негіздері. Ядролар мен электрондардың спиндері мен магниттік моменттері. g-фактор және оның мәні. g-фактордың анизотропиясы.Спин-орбиталь байланысы. Спиндік күйлерді тұрақты магниттік өрісте азғындықтан босату. ЭПР шарты. Энергия деңгейлерінің электрондармен толықтырылуы, қанығуы, релаксациялық процестер және сигналдың ені. Сызықтың түрі.

ЭПР сигналының электрон бір немесе бірнеше ядромен әрекеттескендегі аса нәзік бөлінуі (АЖҚ). Мультиплет компоненттерінің саны, интенсивтіктерінің таралуы. АЖҚ тұрақтылары. ЭПР-спектрометрінің блок-сызбасы, тәжірибенің ерекшеліктері, әдістің құндылықтары мен шектері. ЭПР әдісін химияда пайдалану. Химиялық реакциялардың механизмдерін зерттеу. Электрондардың химиялық поляризациясы. Бос радикалдарды және басқа парамагнитті орталықтарды анықтау. Спиндік белгілерді пайдалану.

11. ЯМР әдісі

ЯМР шарты. Релаксация процестері. ЯМР спектрлердегі химиялық ығысу және спин-спиндық бөліну. Ядроны экрандау тұрақтысы.Салыстырмалы химиялық ығысу, оны анықтау және химияда пайдалану. Ядролардың спин-спиндық әрекеттесуі, оның табиғаты, мультитплет компоненттерінің саны, интенсивтіктерінің таралуы, қосындылар ережесі. ЯМР-дің бірінші және бірінші емес ретті спектрлерін талдау. Протондық магниттік резонанс, 13С және басқа ядролардағы ЯМР. Қос резонанс әдісі.

ЯМР спектрлерді химияда қолдану. Тәжірибенің техникасы мен әдістемесі. Ямр-спектрометрдің блок-сызбасы, спектрометрлердің түрлері. Үлгілер түрі. Құрылымдық анализ. Комплекс түзілу процестерін зерттеу. Тез өтетін процестерді зерттеу. Ядролардың химиялық поляризациясы. ЯМР әдісін басқа әдістермен салыстыру, оның құндылықтары мен кемшіліктері. Лазерлік магниттік резонанс (ЛМР) спектроскопияның принциптері.

12. Газдық хроматография әдісі

Хроматографиялық процестердің физика-химиялық негіздері. Хроматография әдістерінің жіктелуі. Хроматографиялық шыңның параметрлері. Газдық хроматографияның нұсқалары.Хроматографтың блок-сызбасы.

Тепе-теңдік хроматографияның теориясы. Эквиваленттік теориялық тарелкалар теориясы. Диффузия және масса алмасу теориясы. Элюциялық сипаттамалар. Таңдамалық және бөлу критерийлері.

Температураның хроматография процесіне ықпалы. Температураны жоспар бойынша өзгерту әдістерін пайдалану. Детекторлар түрлері. Хроматографиялық анализдің сандық және сапалық әдістер.


13. Масс-спектрометрия әдісі

Масс-спектрометрияны басқа физикалық зерттеу әдістермен салыстыру. Аспаптардың жіктелуі. Масс-спектрометрдің жұмыс істеу принципі, негізгі сипаттамалары. Масс-анализаторлардың түрлері: ұшу-уақыттық, радиожиіліктік, квадрупольдік, ион-циклотрон резонанстық және т.б. Масс-анализаторлы масс-спектрометрдің негізгі теңдеуі. Қос фокустау.

Масс-спектрометрге үлгі енгізу әдістері. Бу енгізудің молекулалық және тұтқырлық режимдері. Газдық хроматографпен қосу. Молекулалық шоғырлар. Эффузиялық ұяшықтар. Қатты үлгілерді тікелей енгізу.
14. Иондау әдістері.

Иондау әдістері: электрондық соққы, фотоиондау, беттік иондау, бір текті емес электростатикалық өріс, химиялық иондау және т.б. Ион тоғы және иондау қимасы. Иондау қимасының иондаушы электрондардың энергиясына тәуелділігі.

Иондау потенциалы. Франк-Кондон принципі. Электрондардың тігінен және адиабатты ауысулары. Диссоциативтік иондау. Электрондық соққыларды пайдаланатын ион көздері.

Ион тоғын тіркеу әдістері. Масс-спектрлерді жазу және бастапқы есептеу әдістері, оларды салыстыру үшін ыңғайлы түрге келтіру. Иондар түрі: молекулалақ, жарықшақтық, қайта топтасушы, метатұрақты, көп зарядты, теріс зарядты иондар.


15. Масс-спектрометрияны заттарды идентификациялау үшін қолдану. Молекулалық иондарды тану.

Молекулалық формуланы иондардың массасын дәл өлшеу әдісі арқылы анықтау. Изотоптардың табиғи таралуын элементтік құрамды анықтау үшін пайдалану. Молекулалық құрылым мен масс-спектрлер арасындағы корреляция. Метатұрақты иондарды фрагменттену жолдарын анықтау үшін пайдалану.

Қосылыстарды масс-спектрлері бойынша идентификациялау мысалдары. Қоспаларды сапалық талдау. Сандық анализ әдістері. Изотоптық анализ. Масс-спектрометрияны химияда қолдану: химиялық реакциялардың механизмдері мен кинетикасын зерттеу, термодинамикалық зерттеу және т.б.
16. Электронды микроскопия. Оптикалық микроскопия – негізгі принциптері, зерттеудің бағыты мен объектісі. Оптика-электронды приборлардың элементтері.
17. Рентгенфазалы спектроскопия. Рентген әдісінің негізгі физикалық талдауы. Рентгенді дифрактометрия. Рентгенді сәулелендірудің детекторлары мен тұтікшелерінің түрлері мен сипаттамалары. Дифрактометрия( дифрактограмма есептері мен түсірілімдері). Жазықтық қашықтықтары мен ұяшықтық параметрлерiнiң өлшемi бойынша заттарды ұқсастыру (зат фазасы). Рентгенөлшегiш картотекалар. Оптикалық жүйе. Кристалдық тордағы дифракция. Вульфа-Брегг теңдеуі. Сезімталдығы, табу шегі, әдістің дұрыстығы. Үлгілерді талдауға дайындау және сақтау. Талдау жағдайын таңдау және тәжірибе әдістемесі. Аспапты техника.

«Жану мен жарылыстың физикасы және химиясы» пәні


  1. Жану процестерінің негіздері.

Жалындардың негізгі түрлері. Алдын-ала араластырылған қоспаның ламинарлы жалындарының математикалық сипаттамасы. Жану процестерінің термодинамикасы. Тепе-теңдік критерийлері және термодинамикалық айнымалылар. Сақталу, жылу және масса тасымалдау теңдеулері. Тасымалдау құбылыстары. Газдардағы жылу өткізгіштік, тұтқырлық, диффузия, термодиффузия. Жану процестерінің химиялық кинетикасы. Элементар реакцияларды эксперименттік зерттеу. Жану процестерінің реакция механизмдері. Радикалды тізбекті реакциялар.
2.Беттегі реакциялар.

Платина бетінде сутегінің тотығу реакцияларының механизмі. Химиялық кинетика мен реакция механизмдері (қысқаша сипаттама). Квазистационарлы күй. Реакция механизмдерінің анализі. Сезімталдықты анализдеу. Метан-этан-ауа жалынының жылдамдығына мысал.


3. Жалындардың негізгі түрлерінің сипаттамасы.

Алдын-ала араластырылған қоспаның ламинарлы жалындарының құрылымы мен таралу жылдамдығы. Қарсы ағынды ламинарлы диффузиялық жалындар. Алдын-ала араласпаған қоспаның ламинарлы ағынды жалындары. Тұтану процестері. Тұтанудың кешігу шектері мен уақыты. Тұтандыру, тұтандырудың минималды энергиясы. Ұшқындық тұтандыру.


4. Турбулентті әрекеттесуші ағындар.

Турбуленттіктің модельдері мен масштабтары. Химиясы тепе-теңдіктегі алдын-ала араласпаған қоспаның жалындары. Алдын-ала араласпаған қоспада өтетін химиялық процестер. Алдын-ала араласқан қоспаның жалындарының жіктелуі. Микроламинарлы жалынның модельдері. Турбулентті жалынның таралу жылдамдығы.


5.Әртүрлі отындардың жануы және зиянды өнімдердің түзілуі.

Тамшылар мен аэрозольдердің жануы. Көмірдің жануы. Көмірсутектердің жоғары температурада тотығуы. Төмен температуралық тотығу, қозғалтқыштардағы «дүрсіл».




  1. Күйе түзілу механизмдері.

Электр өрісінде көмірсутектердің жануы кезінде күйе бөлшектерінің түзілуі. Күйе түзілу механизмдері: ацетиленді, ароматты, карбенді.


  1. Көмірсутектер жалындарында фуллерендер түзілуі.

Жану нәтижесінде азот оксидтерінің термиялық және жылдам түзілуі. Азот шала тотығынан және отындардан азот оксидтерінің түзілуі. Азот оксидтерінің шығымын жану процесін түрлендіру арқылы азайту. Катализдік жану. Азот оксидтерінің шығымын толық жағу процестері арқылы азайту. Жанбаған көмірсутектер. Жану нәтижесінде полициклді ароматты көмірсутектердің түзілуі. Күйе түзілу процестерін феноменологиялық талдау.

5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиет:

  1. Мансұров З.А., Оңғарбаев Е.Қ. Химиялық физика. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 170 б.

  2. Машан Т.Т., Мансұров З.А. Тізбекті реакциялар кинетикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 150 бет.

  3. В.А. Завадский Пиротехнические составы и средства. Учебное пособие. - Алматы: «Казак университетi», 2003, с 160.

  4. А.А. Шидловский. Основы пиротехники. - Машиностроение, М. 1973.

  5. Правила безопасности при обращении с пиротехнической продукцией. Взрывное дело. № 1, 2001, с 6-19.

  6. Л.В. Дубнов, Н.С.Бахаревич, А.И.Романович. Промышленные взрывчатые вещества. Москва “Недра”, 1999, 305 c.

  7. Қазақстан республикасының Еңбек Кодексі 2007 жылғы мамырдың 15-сі. 251-111.

  8. Безопасность труда в химической промышленности. М.: «Академия», 2006.

  9. Романовский Б.В. Основы химической кинетики. – М.: Экзамен, 2006. - 415 с.

  10. Денисов Е.Т. Химическая кинетика. М.: Высшая школа, 2000.


Қосымша әдебиет:

1. Положение «О порядке организации и устройства фейерверков и других мероприятий с применением пиротехнической продукции». Взрывное дело. №1, 2001, с 19-23.

1. К.К. Андреев. Термическое разложение и горение ВВ. М., Наука, 1966 г.

2. П.С. Цитович. Опыт рациональной пиротехники. СПБ, 1894.

3. П.Ф. Похил, В.М. Мальцев, В.М. Зайцев. Методы исследования процессов горения и взрыва. М., Наука. 1966.

4. В.П. Преображенский. Теплотехнические измерения и приборы, М.: 1978

5. Вонгай И.М., Акназаров С.Х., Головченко О.Ю. Краткий курс практической пиротехники. Алматы, КазНУ. 2008 г.

6. Г.А. Платов. Пиротехник. Искусство изготовления фейерверков.-М.:Эксмо.-2005. -313 с.



7. Медведева В.С., Билинкис Л.И. Охрана труда и противопожарная защита в химической промышленности.

8. Кораблев В.П. Меры электробезопасности в химической промышленности. М.: Химия, 1983.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет