әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі
«6M073100 - ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ» мамандығы бойынша
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ
БАҒДАРЛАМАСЫ
АЛМАТЫ 2012
Емтихан тақырыптарының тізімі
«Өндірістік санитария» пәні
-
Өндірістік микроклимат.
Өндірістік микроклимат сипаттамасы. Өндірістік микроклимат параметрлері: ауа температурасы, ылғалдылығы, ауа ағыны және өндіріс бөлмелерінің микроклиматын қамтамасыз ету. Микроклимат параметрлерін анықтау, өндірістік микроклиматтың адам ағзасына әсері.
-
Өндірістік зиянды факторлар.
Өндірістік шу, өндірістік діріл. Шудың, дірілдің адам ағзасына әсері, олардың әсерін төмендету шаралары.
-
Өндірістік жарықтандыру.
Табиғи және жасанды жарықтандыру сипаттамасы. Табиғи және жасанды жарықтандыру түрлері және оны нормалау. Жасанды жарықтандыруға қойылатын гигиеналық талаптар.
-
Еңбек физиологиясының негіздері.
Еңбек және жұмыс. Еңбек түрлерінің сипаттамасы. Жұмыс қабілетін сақтау және еңбек өнімділігін арттыру жолдары.
-
Өнеркәсіп кәсіпорындарын жобалаудың санитарлық нормалары.
Өнеркәсіп кәсіпорындарды жобалаудың жылыту, желдету, ауа үрлеуге арналған санитарлық нормалары.
-
Өндірістегі ауа температурасының ағзаға әсері.
Өндірісте ауаның жоғары температурасы әсер еткенде ағзада болатын физиологиялық өзгерулер түрлерінің сипаттамасы. Өндірісте ауаның төмен температурасы әсер еткенде ағзада болатын физиологиялық өзгерулер түрлері, сипаттамасы.
-
Жұмыс орнындағы метеожағдайлар.
Өндірісте жоғарғы қысымның әсерінен ағзада болатын физиологиялық өзгерулер: биіктік ауруы, Кессон ауруы сипаттамалары. Өндірісте ағзаны қатты қызу мен қатты тоңазудан сақтау шаралары.
-
Ауадағы зиянды заттар және олардан қорғау.
Өндірістік шаңды жүйелеу, шаңның физикалық-химиялық қасиеттері: химиялық құрамы, дисперстілігі, пішіні, құрылымы, тығыздығы, адсорбциялық қасиеттері. Өндірістік шаңның адам ағзасына әсері, шаңды нормалау және профилактикасы.
-
Өндірістегі ЭМӨ.
Өндірістегі электромагниттік өріс, сәулелену көздері. Лазер, ультракүлгін, иондаушы сәулелер. Электромагниттік өрістің адам ағзасына әсері.
10. Өндіріс бөлмелерінің параметрлерін анықтау.
Өндіріс бөлмелерінің температурасы және оны анықтау. Өндіріс бөлмелерінің ылғалдылығы және оны анықтау.
11. Жарықтандыру түрлері және оларды бағалау.
Табиғи жарықтандыруды, жасанды жарықтандыруды бағалау және есептеу.
12. Шуды анықтау және одан қорғану.
Шудан қорғанудың жеке бас қорғаныс құралдары. Олардың әрбір түрлеріне сипаттамасын келтіру. Шуды анықтау және санитарлық бағалау, шуды нормалау әдістері. Шудың алдын алу.
13. Дірілді анықтау және одан қорғану.
Дірілді анықтау. Дірілден қорғайтын ұжымдық және жеке бас қорғаныс құралдарының түрлері, сипаттамасы.
14. Өндірістік шаң және улы заттарды анықтау.
Өндірістік шаңды анықтау әдістері. Өндірістік бөлмедегі улы заттарды анықтау.
15. Шаңнан және электромагниттік өрістен қорғанудың жеке бас қорғаныс құралдары.
Шаңнан қорғанудың жеке бас қорғаныс құралдары, сипаттамасы. Электромагниттік өрістен қорғанудың жеке бас қорғаныс құралдары, сипаттамасы.
16. Өндірістік шаңды анықтау.
Өндірістік шаңды анықтау әдістері мен құралдары. Өндіріс ауасындағы шаңды анықтау және есептеуді жургізудің жүзеге асырылуы.
17. Жарықтандыру параметрлері.
Жарықтандыру параметрлерінің адам ағзасына әсері. Жарықтандыру параметрлері, өлшем бірліктері.
18. Өндірістік улар және уланулар.
Маңызды өндірістік улар. Ағзаға улардың түсу жолдары. Уланудың алдын алу.
«Радиациялық қауіпсіздік негіздері» пәні
1. Радиоактивтілік.
Радиактивтілік. Радиоактивтіліктің ашылу тарихы. М. Складовская – Кьюридің, П. Кьюридің және басқа ғалымдардың радиоактивтілік туралы ғылымға қосқан үлестері. Радиация дозасының өлшем бірліктері.
2. Радиация көздері және иондаушы сәуле түрлері.
Радиацияның табиғи және антропогендік шығу көздері. Иондаушы сәулелердің түрлері, сипаттамасы.
3. Иондаушы сәулелердің әсері. Ішкі және сыртқы сәулелену.
Ішкі және сыртқы сәулелену. Адамның сәулеленуге тұрақты және тұрақтылығы аз мүшелері. Иондаушы сәулелердің соматикалық, соматикалық- стохастикалық, генетикалық әсері.
4.Радиациялық қауіпсіздік.
Радиациялық обьектілерде төтенше жағдай болғанда халықты қоғау. Халықтың, қызметкерлердің радиациялық қауіпсіздігі. Радиациядан қорғанудың негізгі принциптері.
5. Доза туралы ұғым және өлшем бірліктері. Радиациядан қорғану әдістері.
Сіңірілген, экспозициялық, эквивалентті доза туралы ұғым және өлшем бірліктері. Радиациядан қорғаныс материалдары.
6. Радиоактивті сәулелерді өлшеу, табу.
Радиоактивті сәулеленуді өлшеудің люминисценттік, иондық, фотографиялық, химиялық әдістері.
7. ДП-2, ДП-5Б ренгенометрлік приборлары.
-
ДП-2 рентгенметр приборын жұмысқа даярлау. ДП-3Б рентгенметр приборымен жұмыс жасау.
8. ДП-63-А радиоактивтілік индикаторы, ДП-5А рентгенметрлік-радиометрлік приборы.
ДП-63-А радиактивтілік индикатроымен жұмыс жасау, ДП-5А радиометр-рентгенметр приборын дайындау.
9. Индаушы сәуле өлшеудің әдістері.
Иондаушы сәуле өлшеудің иондық әдісі, толық сипаттамасы және иондаушы сәуле өлшеудің люминистенттік әдісі, сипаттамасы.
10. Индаушы сәуле өлшеу әдістері.
Иондаушы сәуле өлшеудің фотографиялық әдісі және иондаушы сәуле өлшеудің химиялық әдісі.
«Химиялық және биологиялық қауіпсіздік негіздері» пәні
1.Зиянды химиялық заттарды бейтараптау және биосфераға ықпалы.
Зиянды химиялық заттарды бейтараптау әдістері. Химиялық ластағыш заттардың биосфера мен оның компоненттеріне ықпалы.
2. Өндірістік орта және қоршаған ортаның химиялық ластану мониторингі.
Қоршаған ортаның химиялық ластануының мониторингі, өндірістік ортаның химиялық ластануының мониторингі.
3. Төтенше жағдайдың салдарын жою.
Химиялық қауіпті аймақта сулы ортаға, ауаға, топыраққа талдау жүргізу, сынамалар алу, химиялық қауіпті нысандағы авариялар кезінде ахуалды бағалау.
4. Химиялық қауіпті нысандағы төтенше жағдайлар.
Химиялық қауіпті нысандағы төтенше жағдайлар, олардың салдарын жою, химиялық қауіпті нысандағы төтенше жағдайлар кезінде халықты қорғау.
5. Биологиялық, химиялық қаупі бар экономика нысандары.
Биологиялық, химиялық қауіптерге анықтама. Биологиялық қаупі бар экономика нысандары, химиялық қаупі бар экономика нысандары.
6. Зиянды химиялық немесе биологиялық заттар.
Зиянды химиялық және биологиялық заттардың табиғи көздері. Қатты тұрмыстық және өеркәсіптік қалдықтары.
7. Ағынды суларды тазарту әдістері.
Ағынды суларды тазалаудың механикалық, химиялық, физикалық-химиялық, биологиялық жолмен тазарту әдістері.
8. Топырақтың химиялық ластануы.
Топырақты химиялық ластанудан қорғау тәсілдері мен шаралары, сонымен қатар топырақты мұнай ластаушыларынан тазалау.
«Тіршілік қауіпсіздігі» пәні
1. Төтенше жағдайлар.
Төтенше жағдайлардың жүйеленуі. Техногенді апаттар, олардың жүйеленуі.
2. Химиялық қару.
Химиялық қару дегеніміз не? Оның ағзаға әсер ету жолдары. Соғыста қолданылатын уландырғыш заттардың жіктелуі. Улағыш заттарды қолданудың негізгі белгілері
3. Азаматтық қорғаныс.
Азаматтық қорғаныс дегеніміз не? АҚ құрылымы, мақсаты, міндеті. АҚ жоспары қалай жасалады? АҚ нысандары мен мүлкі.
4. Биологиялық қару.
Аса қауіпті жұқпалы аурулар. Олардың сипаттамасы. Алдын алу шаралары.Обсервация, карантин шаралары. Санитарлы-эпидемиологиялық барлау жүргізу
5. Табиғи сұрапыл апаттар.
Табиғи сұрапыл апаттардың жіктелуі. Метеорологиялық қауіптер: боран, дауыл, құйын, найзағай, т.б.
6. Төтенше жағдайда халықты қорғау.
Бейбіт уақытта және ТЖ кезінде жеке бас қорғаныс құралдарын қолдану. ТЖ-да қолданылатын ұжымдық қорғаныс құралдары, түрлері, жіктелуі. Адамдарды қабылдауға қорғаныс ғимараттарын дайындау.
7. Жер сілкінісі.
Жер сілкінісі сипаттамасы. Жер сілкінісі кезінде адамдарды құтқаруды ұйымдастыру. Жер сілкінісі кезіндегі адамдардың іс-әрекеті.
8. Сел, сырғыма, опырылма, қар көшкіні.
Сел, сырғыма, опырылма, қар көшкіні және пайда болу себептері. Сел мен қар көшкінінен қорғайтын инженерлік–техникалық құрылыстар мен шаралар кешені.
9. Төтенше жағдайларды бағалау.
Радиациялық ахуалды бағалау. Химиялық ахуалды бағалау.
10.Жеке бас қорғаныс құралдары.
Теріні қорғайтын жеке бас қорғаныс құралдары. Жеке бас қорғаныс құралдарының жалпы сипаттамасы, қолданылу аймағы.
11. Жарақаттану кезіндегі алғашқы көмек.
Сынық кезіндегі алғашқы көмек. Қан кетуі. Қан кеткен кездегі алғашқы көмек.
12. ТЖ-ғы құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар.
ТЖ құтқару, шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру. ТЖ ҚБШЖ мақсаты, мазмұны, жүргізу шарты.
«Еңбекті қорғау» пәні
1. Электр қауіпсіздігі.
Электр тоғының адамға әсер етуі. Электр тоғынан қорғану құралдары. Электр тоғымен зақымданған кезде көмек көрсету
2. Өнеркәсіп кәсіпорнындағы өрт қауіпсіздігі.
Өрттердің жіктелуі , өрт қауіптілігі бойыша категориялары. Өртті сөндіру құралдары мен тәсілдері.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиет:
-
Белова С.В. Безопасность жизнедеятельности. – Москва: Высшая школа, 1999 - 448с.
-
Глебова Е.В. Производственная санитария и гигиена труда. Учебное пособие.М.ВШ, 2005
-
Безопасность жизнедеятельности. Учебник для вузов/под.ред. С.В. Белова - М.:Высш.шк., 2006.
-
Безопасность жизнедеятельности. Учебное пособие/ Л.А.Муравей -М.: ЮНИТИ, 2006.
-
“Тіршілік қауіпсіздігі” курсы бойынша жоғары оқу орындары студентеріне арналған оқу құралы. /Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі агеттігі. Алматы, 2003 ж. 1,2 том.
-
Загрязнение воздуха в жилых и общественных зданиях / Пер. С англ. Р.А. Уадди, Р.А. Щефф. – М.: Стройиздат, 1987 – 154с.
-
Методы определения вредных веществ в воздухе и других средах /Под.ред. О. Д. Хализовой. – М: Химия, 1960. Ч.1.- 317с.
-
Ярмоненко С.П. Радиобиология человека и животных. – Москва: Высшая школа, 1988. – 424 с.
-
Дорожко С.В. и др. Защита населения и хозяйственных объектов в чрезвычайных ситуациях. Радиационная безопасность.-Минск:Дикта, 2006-308с.
-
2. Голубев Б.П. Дозиметрия и защита от ионизирующих излучений.- Москва:Энергоатомиздат, 1986-462с.
-
Голубев Б.П. Дозиметрия и защита от ионизирующих излучений. – Москва: Энергоатомиздат, 1989 – 86 с.
-
Нормы радиационной безопасности (НРБ - 96). Гигиенические нормативы. – Алматы, 1997 – 85 с.
-
Бесков В.С., Софронов В.С. Общая химическая технология и основы промышленной экологии. –Москва: Химия, 1999.
-
Арустамов Э.А. Безопасность жизнедеятельности. – Москва: ИВЦ Маркетинг, 2000
-
Ы.Қ.Тойбаев, Қ.А.Жұбанов, У.Ә.Садықов, Ә.Қ.Қоқанбаев. Химиялық технология негіздері.
-
Закон Республики Казахстан «О черезвычайных ситуациях природного и техногенного характера», Алматы, от 5 июля 1996 года.
-
Закон Республики Казахстан «О пожарной безопасности» Алматы, 22 ноября 1996 года.
-
Закон Республики Казахстан «О Гражданской обороне» Алматы, 7 мая 1997 г, Алматы от 22 ноября 1996 г.
-
Гринин А.С., Новиков В.Н. Безопасность жизнедеятельности. – Москва: ФАИР – ПРЕСС, 2002 – 228 с.
-
О промышленной безопасности на опасных производственных объектах: Закон Республики Казахстан. – Алматы: Юрист, 2002. – 12с.
-
О безопасности и охране труда: Закон Республики Казахстан. – Алматы: Юрист, 2004. – 20 с.
Дополнительная
Қосымша әдебиет:
1. Безопасность жизнедеятельности./ под.ред. С.В. Белов, А.В. Ильницкая и др. – Москва: Высшая школа, 1994 – 448 с.
2. Кириллов В.Ф.., Книжников В.А., Коренков И.Л. Радиационная гигиена. Москва: Медицина, 1988 – 336 с.
3. Баешов А.Б. Экология және таза су проблемалары.
4. Жатқанбаев Ж. Экология негіздері. Алматы: “Зият” баспасы, 2003.
5. Белов А.Д. и др. Радиобиология. – Москва: Колос, 1999.
6. Денисенко Г.Ф. Охрана труда. Уч. пособие для экон вузов. .М.Высш.шк., 1985. - 319 ст.
7. «Радиациялық қауіпсіздік жөніндегі» ҚР заңы, 23 сәуір 1998 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |