БАҒдарламасы алматы 2012 мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері



Дата17.06.2016
өлшемі139.33 Kb.
#141456
түріБағдарламасы
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі





Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми - әдістемелік кеңесінің

2012 ж. «28» мамыр мәжілісінің

9 хаттамасымен



бекітілген




«6d060600 - хИМИЯ»

мамандығы бойынша

PhD ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ


АЛМАТЫ 2012


МАЗМҰНЫ
1. Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері

Білім беру бағдарламасының мақсаты: мамандарды бәсекелес ортада, химия бойынша Қазақстаннан және басқа да елдерден ең жақсы оқитындар үшін тиімді білім беру ортасындағы ең жоғарғы академиялық стандарттарға сай дайындау.

а) Емтиханды тапсыру түрі – жазбаша емтихан. Емтихан тапсырушылар емтихан билетіне өз жауаптарын жауап парағына жазады, кейін ол жауап парағы шифрланып емтихан комиссиясы тексереді.



6D060600 – Химия мамандығы бойынша түлектер келесі компетенцияларға ие болуы керек:

  • білімді, зерттеу және талдау әдістерін тәжірибелік тұрғыдан түсіне отырып, оны қолдана білуі, және оларды жаңа білімді қалыптастыру және интерпретациялау үшін сәйкес ғылымда қолдана білуі қажет;

  • мәселені шешуде өз бетіндік және ғылыми тұрғыдан қарастыра білуі қажет, кәсіптік деңгейде мәселелерді өз бетінше жоспарлап және шеше білуі қажет;

  • қазіргі заманғы химияның және химиялық технологияның өзекті мәселелерін шеше білуі қажет.

2. PhD докторантураға түсуші тұлғалардың даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар

– химия саласында халықаралық талаптарға сай жоғары ғылыми деңгейдегі теориялық және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүзеге асыра алуы қажет;

–тұлғалық қасиеттерге ие болуы шарт, әрі әлемдік еңбек нарығында жоғары бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін жүйелік білікті, берік білімді болуы қажет, аса жауапкершілікті талап ететін арнайы салаларда болып тұратын күрделі кәсіби жағдайларда шығармашылық инициативасының болуы, өз бетімен шешім қабылдай білуі қажет.
3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері


  1. Физикалық химияның қазіргі заманғы мәселелері

  2. Органикалық заттарды қайта өңдеудің қазіргі заманғы технологиялары

  3. Аналитикалық химияның таңдаулы тараулары

  4. Полимерлер химиясы мен технологиясының қазіргі заманғы мәселелері


4. Емтихан тақырыптарының тізімі
«Физикалық химияның қазіргі заманғы мәселелері» пәні

Тақырып 1. Химиялық термодинамика.

Термодинамиканың бірінші бастамасы. Термодинамиканың бірінші бастамасын әр түрлі жүйелердегі процестерге қолдану. Реал химиялық процестер үшін Гесс заңының қолданбалы аспектілері. Термохимия. Бейорганикалық және органикалық заттардың түзілу және жану жылуларын есептеудің жуықтау әдістері.



Тақырып 2. Жылусиымдылық

Жылусиымдылық пен термодинамикалық функциялар арасындағы байланыс. Жылусиымдылық түрлері. Жылусиымдылықтың температураға тәуелділігі. Химиялық реакцияның жылу эффектісінің температураға тәуелділігі.



Тақырып 3. Термодинамиканың екінші бастамасы.

Термодинамиканың екінші заңының статистикалық негізделуі. Энтропия. Қайтымды және қайтымсыз процестер үшін термодинамиканың екінші бастамасы. Әр түрлі процестер үшін термодинамиканың екінші бастамасы.



Тақырып 4. Химиялық тепе-теңдік.

Химиялық реакцияның изотерма теңдеуі және тепе-теңдік константасы. Изотерма теңдеуі және химиялық реакцияның бағыты. Тепе-теңдік константасы және реакцияның стандартты Гиббс энергиясы. Тепе-теңдік константасы және реакциялық қоспаның құрамын өрнектеудің әр түрлі әдісі.



Тақырып 5. Тепе-теңдік константасына температура мен қысымның әсері.

Химиялық реакцияның тепе-теңдік константасына температура мен қысымның әсері. Тепе-теңдіктің ығысу принципі. Тепе-теңдік константасының температураға тәуелділігі. Реакцияның изобара және изохора теңдеулерінің анализі. Химиялық реакцияның тепе-теңдік константасын кез-келген температурада абсолюттік энтропияны қолданып анықтау.



Тақырып 6. Статистикалық термодинамика элементтері.

Статистикалық термодинамиканың негізгі қағидалары. Макро- және микрокүйдің қасиеттері. Термодинамикалық ықтималдық және энтропия. Молекулалық күй бойынша жиынтық туралы негізгі түсінік.



Тақырып 7. Фазалық тепе-теңдік.

Фазалық тепе-теңдіктің негізгі заңдары. Клапейрон-Клаузиус теңдеуі. Судың күй диаграммасы мысалы арқылы бір компонентті гетерогенді жүйелер. Эвтектикалы екі компонентті жүйелер. Термиялық анализ.



Тақырып 8. Тепе-теңдіксіз процестердің термодинамикасы

Тепе-теңдіксіз процестердің термодинамикасының негізгі түсініктері мен анықтамалары. Ашық және жабық жүйелер. Ашық жүйелерде энтропияның пайда болуы. Химиялық реакцияларға тепе-теңдіксіз процестер термодинамикасының заңдылықтарын қолдану.


Тақырып 9. Электролит ерітінділерінің теориясы


Химиялық әрекеттесу электролит ерітінділері тұрақтылығының негізгі шарты ретінде. Кристалдық тор энергиясы. Кристалдық тор энергиясын есептеу үшін Борн және Капустинский моделдері. Борна-Габердің термодинамическалық циклі. Кристалдық тор энергиясының иондық радиусқа, зарядқа, құрамындағы иондардың химиялық табиғатына тәуелділігі

Тақырып 10. Сольваттану энергиясы

Иондардың сольваттануы (гидраттануы). Сольваттану энергиясын есептеу үшін Борн моделі және Борн-Габердің термодинамикалық циклі. Сольваттану жылу эффектісі. Сольваттану энтальпиясын есептеу үшін Борн-Бьеррумнің теңдеуі. Реалды және химиялық сольваттану энергиясы. Иондардың сольваттану (гидраттану) жылуы және олардың қаситтеріне: иондық радиус, заряд, химиялық табиғатына тәуелділігі.



Тақырып 11. Иондардың негізгі термодинамикалық қасиеттері.

Ерітіндіде иондардың стандартты түзілу энтальпиясы. Ерітіндіде иондардың стандартты түзілу Гиббса энергиясы. Ерітіндіде иондардың стандартты түзілу энтропиясы. Иондардың сольваттануының термодинамикасы.



Тақырып 12. Күшті электролиттер теориясы

Льюис пен Рендалл жұмыстарындағы ион-иондық әрекеттесудің термодинамикалық сипаттамасы. Дебай-Хюккелдің күшті электролиттер теориясының динамикалық дамуы. Гюнтельберг, Гюггенгейм және Девистің орташа иондық активтілік коэффициентін есептеу теңдеулері. Дебай-Хюккелдің теориясын әлсіз электролиттер ерітіндеріне қолдану.



Тақырып 13. Активті соқтығысулар теориясының теориялық және қолданбалы аспектілері

Молекулалардың активтелуінің негізгі жолы, соқтығысу кезінде энергия алмасуы. Активті соқтығысулар теориясы. Активті соқтығысулар теориясы тұрғысынан бимолекулалық реакциялар. Траутц-Льюис теңдеуі. Бимолекулалық реакциялардың жылдамдыңы мен жылдамдық константасы. Аррениус теңдеуіндегі экспонента алдындағы көбейткіштің мәні. Мономолекулалық реакциялар. Линдеман теориясы. Хиншельвуд теориясы.



Тақырып 14. Активтелген комплекс теориясының теориялық және қолданбалы аспектілері

Потенциалдық энергия беті. Аралық күй теориясы. Активтелген комплекс теориясының (АКТ) негізгі постулаты. АКТ негізгі теңдеуі, Эйринг, Эванс және Поляни қорытулары. Реакцияның жылдамдығы, жылдамдық константасы. Активтелген комплекс теориясының статистикалық және термодинамикалық аспектілері.



Тақырып 15. Күрделі реакциялардың кинетикалық анализі

Қайтымды, параллель және тізбектес реакциялардың кинетикасының ерекшеліктері. Реакцияның стационарлы және квазистационарлы жүруі. Боденштейннің стационарлы концентрациялар әдісі.



Тақырып 16. Тізбекті және фотохимиялық реакциялар

Тізбекті реакциялардың табиғатының негізгі түсініктері. Тізбекті реакциялардың кинетикасының негізгі теориялары: сызықты және тармақталған реакциялардың кинетикасы. Фотохимиялық реакциялары, олардың анализі.



Тақырып 17. Гетерогенді реакциялардың кинетикасы

Гетерогенді реакциялардың негізгі сатылады. Сыртқы және ішкі диффузия заңдылықтары. Гетерогенді реакциялардың жүруінің кинетикалық режимі. Гетерогенді реакциялардың шектеуші сатысын анықтау әдістері.



Тақырып 18. Электрохимиялық реакциялардың кинетикасы.

Электрохимиялық реакциялардың жүруінің кинетикалық ерекшеліктері. Электрохимиялық реакциялардың негізгі теңдеулері. Электрохимиялық реакциялардың жүруінің диффузиялық режимі Электрохимиялық реакциялардың жүруінің кинетикалық режимі.



Тақырып 19. Поляризацияның теориялық негіздері

Поляризация, поляризации түрлері, электродтық поляризацияның себептері. Концентрациялық поляризация, негізгі теңдеулері (зат алмасу сатылары). Электрохимиялық поляризация, катодтық және анодтық поляризация теңдеулері. Тафел теңдеулері.



Тақырып 20. Электролит ерітінділерінің электрөткізгіштігі

Меншікті және молярлы электрөткізгіштік. Әлсіз және күшті электролиттердің электрөткізгіштігінің концентрацияға тәуелділігі. Онзагердің негізгі электрөткізгіштік теориялары.



Тақырып 21. Электрохимиялық процестердің термодинамикасы

Электрохимиялық элементтердің термодинамикасы. Қайтымды электрохимиялық процестерге қатысты Гиббс-Гельмгольц теңдеулері. Электродтардың және гальваникалық элементтердің классификациясы.


«Органикалық заттарды қайта өңдеудің қазіргі заманғы технологиялары» пәні
Тақырып 1. Органикалық заттардың қазіргі күйі және оның ғылымдағы даму тенденциясы.

Бұл тақырыпта бағалы кешендік қасиеті бар органикалық заттарды қайта өңдеу технологиясына жаңа көзқараспен қарау сұрақтары қарастырылған. Өндірістің мұнайхимиялық саласы – органикалық заттар өнеркәсібінің негізі. ҚР мұнайхимиясы мен мұнайды қайтаөңдеу өнеркәсібінің даму көрінісі және қазіргі жағдайы. Органикалық және мұнайхимиясының синтезі үшін шикізат алудың негізгі әдістері және технологиясы. Өндірістің технологиялық процесін интенсифтендіру және көмірсутек шикізатын қайта өңдеу.



Тақырып 2. Химиялық технологияны зерттеу объектілері.

Органикалық заттар, мұнай, мұнайөнімдері. Жоғарғымолекулалық қосылыстар. Биологиялық белсенді заттардың бағытталған синтезі.



Тақырып 3. Көмірсутек шикізатын қайтаөңдеудің қазіргі технологиясы.

Бұл тақырыпта органикалық заттардың химиялық технологиясы сұрақтары қарастырылған: мақсаты және пән тапсырмалары. Органикалық заттардың химиялық технологиясы дамуының негізгі бағыттары.



Тақырып 4. Қазақстанның өндірісінің мұнайхимиялық шикізат базасы. Бұл тақырыпта Қазақстандағы органикалық синтез шикізатын қайта өңдеуден алынған өнімдерді қолдану сұрақтары қарастырылған. Қазақстандағы жолай газдарды пайдалану.

Тақырып 5. Мұнай, газ және көмір өндірісі мен қайтаөңдеу аппараттары және оны қондыру.

Бұл тақырыпта ретификациялық бағаналарды түйістіре орнату сұрақтары қарастырылған. Вакуумдық бағанадағы конденсирленген-вакуум беруші кешен қарастырылған. Трубалы пештер және жылуалмастырғыш-тоңазытқыш құрылғылар.



Тақырып 6. Галогендеу реакциясының химиясы.

Бұл тақырыпта радикалды-тізбекті галогендеу технологиясының сұрақтары қарастырылған. Ионды-каталитикалық галогендеу технологиясы. Фторлау реакциясының технологиясы. Көмірсутектерді галогендеу қазіргі технологиясы.



Тақырып 7. Изомерлену реакциясының химимясы мен технологиясы.

Бұл тақырыпта көмірсутектерді изомерлеудегі катализаторлардың қазіргі технологиясы сұрақтары қарастырылған. Жаңа және жетілген катализаторлар (КМЦУ-Б. Микроцеокар, ГМЦ, КО-9, ОГР-1). Мұнай көмірсутекті шикізатты қайтаөңдеуге катализатор құрамының әсері және оның механизмі.



Тақырып 8. Гидрлек реакциясының химиясы мен технологиясы.

Бұл тақырыпта гидрлеу қанықпаған көмірсутектерді қайтаөңдеу әдісі ретінде қарастыру сұрақтары берілген. Гидрлек аромат көмірсутектерін қайтаөңдеу әдісі ретінде.



Тақырып 9. Дегидрлеу реакциясының химиясы мен технологиясы.

Көмірсутектерді дегидрлеу процесі. Жеңіл көмірсутектерді өнеркәсіптік дегидрлеу технологиясы. Көмірсутектерді каталитикалық дегидрлеу амалдары. Метанды крекинглеу арқылы ацетилен өндірісі.



Тақырып 10. Мұнай өнімдерін тотықтыру.

Бұл тақырыпта олефиндерді тотықтыру реакциясының технологиясы сұрақтары қарастырылған. Қаныққан көмірсутектерді тотықтыру технологиясы. Көмірсутектің тотыққан өнімдерін бөлудің қазіргі әдістері.



Тақырып 11. Сульфаттау реакциясының химиясы мен технологиясы.

Бұл тақырыпта О- және С-сульфаттау технологиясы сұрақтары қарастырылған. Қанықпаған көмірсутектерді сульфирлеу технологиясы. Аромат қосылыстарын сульфирлеу. Процестің химиясы мен теориялық негізі. Аромат көмірсутектерін сульфирлеуден алынған өнімдер. Сульфирлеу процесінің технологиясы. Парафиндерді сульфирлеу. Сульфохлорлау. Сульфототықтыру.



Тақырып 12. Нитрлеу реакциясының химиясы мен технологиясы.

Бұл тақырыпта көмірсутектерді нитрлеу технологиясы сұрақтары қарастырылған. Нитрлеудің теориялық негізі. Нитрлеу жайлы жалпы түсінік. Нитрлеу процесінің кинетикасы. Нитрлеуші белсенділік факторы. Аромат көмірсутектерін нитрлеу механизмі. Нитробензол өндірісінің өнеркәсібі. Нитробензол жайында жалпы мәлімдеме. Нитробензол алу процесі. Бензолды нитрлеу процесіне түсіретін аппараттар. Нитробензолды өндіру кезіндегі техника қауіпсіздігі. Экология. Нитрлеудің жаңа технологиясын жасау.



Тақырып 13. Гидролиз реакциясының хмимясы мен технологиясы.

Бұл тақырыпта органикалық молекулалардың функционалды туындыларын гидролиздеу технологиясы сұрақтары қарастырылған. Хлортуындыларын гидролиздеу және сілтілік дегидрохлорлау. Хлортуындыларын гидролиздеудің химиясы мен теориялық негізі. Хлоролефиндер өндірісі және сілтілік дегидрохлорлаудың а-тотықтары. Гидролиз реакциясы бойынша спирттер мен фенолдардың өндірісі.



Тақырып 14. Этерификация реакциясының химиясы мен технологиясы.

Карбон қышқылдарын этерификациялау технологиясы. Этерификация процесі. Этерификация процесінің химиясы мен теориялық негізі. Этерификация процесі бойынша алынған күрделі эфирлер, және оның қолданылуы. Этерификация процесінің технологиясы. Қышқылдардың азотты туындыларын этерификациялау.



Тақырып 15. Қазіргі қондырғы сипаттамасы.

Қазіргі заманғы АТ және АВТ қондырғылары. АТ және АВТ қондырғыларының негізгі аппаратын құру. Қалдықты атмосферада айдау және вакуумда айдаудың технологиялық схемасын құру.



Тақырып 16. Мұнай қалдықтарын өңдеу процесінің классификациясы.

Бұл тақырыпта деструктивті процестің шикізаты ретінде мұнай қалдықтарына сипаттама сұрақтары қарастырылған. Мұнай қалдықтарын термолиздеудің негізгізаңдылықтары. Шикізат сапасының әсері және мұнай қалдықтарының термолиздеу процесінің технологиялық параметрлері.



Тақырып 17. Жай кокстеу қондырғысын құру.

Ине тәрізді кокстеу өндірісі технологиясының ерекшелігі сұрақтары қарастырылған. Юрек және Эктив процестері.В данной теме рассматриваются вопросы особенности технологии производства игольчатого кокса. Процессы получения пеков нефтяных пеков термоконденсацией. Процессы Юрека и Эктив.



Тақырып 18. Ауыр мұнай қалдықтарын өңдеудің жаңа гидротермиялық процестері

Ауыр мұнай қалдықтарын өңдеудің гидротермиялық процестері - гидровисбрекинг, ауыр мұнай қалдықтарын өңдеудің гидротермиялық процестері – гидропиролиз, ауыр мұнай қалдықтарын өңдеудің гидротермиялық процестері динакрекинг, ауыр мұнай қалдықтарын өңдеудің гидротермиялық процестері ков - донорно-сольвентті крекинг.



Тақырып 19. Ауыр мұнай қалдықтары мен қатты отындарды өңдеудің термототыққан процестері.

Флексикокинг процесі. Ауыр мұнай қалдықтарын қазіргі жаңа модификациямен және перспективті өңдеулері.



Тақырып 20. Жаңа және жетілген катализаторлар.

Бұл тақырыптағы сұрақтар – КМЦУ-Бх, Микроцеакар, ГМЦ, КО-9 түріндегі катализаторлар, мұнайды өңдеуде және мұнайхимиясы синтезінде қолданылады. Мұнай және көмірсутек шикізатын өңдеуде катализатор құрамының әсері және оның механизмдері.



Тақырып 21. Мазут пен мұнайды терең өңдеудегі комбиниоленген жүйелер.

Бұл тақырыпта ЛК-6У, ГК-3, КТ-2 комбинирленген қондырғысының технологиялық және потокты жүйелерінің сұрақтары қарастырылған, оның ерекшеліктері мен сиапаттамасы. Шет елдік НПЗ технологиялық және потокты жүйесі және оның аса ерекшеліктері.



Тақырып 22. Қазақстан Республикасындағы мұнайгаз кешенінің дамуы.

Бұл тақырыпта Қазақстандағы мұнайгаз аумақтары жайлы сұрақтар қарастырылған. Органикалық заттарды алудың технологиясының даму перспективтілігі.



Тақырып 23. Мұнай өнімдерін тазалаудың қазіргі әдістері.

Бұл тақырыпта төмен және жоғары парафиндер, олардың қасиеттері сұрақтары қарастырылған. Төмен парафиндерді алудың көздері, оның сипаттамасы. Төмен парафиндерді бөлу амалдары.



«Аналитикалық химияның таңдаулы тараулары» пәні
Тақырып 1. Реалды ерітінділердегі гомогенді тепе-теңдіктер. Аналитикалық реакциялардың тепе-теңдік константалары. Олардың кинетикалық және термодинамикалық қорытылуы.

Тақырып 2. Қышқыл-негізді тепе-теңдік. Күшті және әлсіз қышқылдардың өте сұйытылған ерінділерінің рН-ын анықтайтын факторлар. Күшті және әлсіз қышқылдардың өте сұйытылған ерінділерінің рН-ын анықтайтын факторлар.

Тақырып 3. Қышқыл концентрациясының кең аралығында оның сулы ерітінділерінің рН-ын анықтаудағы қышқыл мен еріткіштің атқаратын ролі. Күшті қышқылдардың өте концентрлі ерітінділері қышқылдығын анықтау. Гаммет функциясы.

Тақырып 4. Қышқыл-негіздік теорияларды салыстырмалы түрде талдау. Бренстед пен Лоуридің протолиттік теориясы. Қышқыл мен еріткіштің қос протолиттік тепе-теңдік константасы.

Тақырып 5. Еріткіш табиғатының, оның диэлектрлік тұрақтылығының, қышқыл зарядының және оның молекулалары (иондары) мөлшерінің қышқылдардың күшіне әсері. Қышқылдар күшінің екі органикалық еріткіштің табиғатына тәуелділігі. Зарядтары бірдей екі қышқылдың салыстырмалы күшінің еріткіш табиғатына тәуелділігі.

Тақырып 6. Бір және көпнегізді әлсіз қышқылдардың әр түрлі күйлерінің таралу диаграммалары. Қышқылдың әр түрлі күйлерінің мольдік мөлшерінің ерітіндінің рН-на тәуелділік графиктері. Таралу диаграммаларын құру және талдау (α – pН).

Тақырып 7. Тұнба түзілу процестеріндегі тепе-теңдіктер. Көпсатылы комплекстүзілу реакцияларының тұнба ерігіштігіне әсері. Реалды ерітінділердегі қосымша реакциялардың (гидролиз және протондану, комплекстүзілу және протондану) нашар еритін қосылыстардың ерігіштіктеріне әсері.

Тақырып 8. Комплекс түзілу процестеріндегі тепе-теңдіктер. Көпсатылы комплекстүзілу реакциясын Бьерум әдісімен зерттеу. Комплекстүзілу функциясы (Бъерум функциясы). Комплекстүзілу қисығы.

Тақырып 9. Әр түрлі құрамды комплекстер үшін көпсатылы комплекстүзілу қисығын (ň -pL) құру. Комплекстүзілу қисықтарын талдау.

Тақырып 10. Катиондардың комплекстүзілу дәрежесінің лиганд концентрациясына тәуелділігін (α – pL) графиктік бейнелеу. Таралу диаграммалары. Әр түрлі комплекстердің таралу диаграммаларын құру және талдау.

Тақырып 11. Аналитикалық химияда қолданылатын тотығу-тотықсыздану процестеріндегі тепе-теңдіктер. Таралу диаграммалары. Редокс-жұптардың әр түрлі формаларының мольдік үлестерінің жүйе потенциалына тәуелділігі.
«Полимерлер химиясы мен технологиясының қазіргі заманғы мәселелері» пәні
Тақырып 1. Жоғары молекулалық қосылыстар химиясының негізгі түсініктері мен анықтамалары.

Тақырып 2. Макромолекуланың конфигурациясы, конформациясы және иілгіштігі.

Тақырып 3. Полимерлердiң молекула-массалық сипаттамалары және оларды анықтау.

Тақырып 4. Макромолекуланың еріткіштегі қасиеттері. Полимер-еріткіш жүйесіндегі фазалық диаграммалар. Ерiтiндiдегi полимер күйiнiң теңдеуi.

Тақырып 5. Аморфты полимерлердiң үш физикалык күйi. Термомеханикалық қисықтар.

Тақырып 6. Кристалды полимерлер және олардың физика-механикалық қасиеттері.

Тақырып 7. Радикалды полимерлеу.

Тақырып 8. Қарапайым сатылары: иницирлеу, тізбектің өсуі, тізбекті үзілуі және берілуі.

Тақырып 9. Ионды полимерлеудің түрлері және ортақ заңдылықтары.

Тақырып 10. Поликонденсациялау реакциясының түрлерi: гомо- және гетерополиконденсациялау, полиамидтер, полиэфирлер, полиуретандар, полиимидтер синтезі.

Тақырып 11. Полимерлердiң химиялык реакцияарының ерекшелiктерi. Тізбек эффекті, конфигурациялық, конформациялық және электростатикалық эффектілер.

Тақырып 12. Полимерлік гидрогельдер, ісіну ерекшеліктері.

Тақырып 13. Иондық емес және полиэлектролитті гидрогельдер

Тақырып 14. Макромолекулааралық реакциялар.

Тақырып 15. Полимерлердің химиялық реакцияларының ерекшеліктері. Жылдамдату және баяулату эффектілері.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет