БАҒдарламасы қарағанды, 2010 мазмұны №



бет1/33
Дата24.02.2016
өлшемі4.52 Mb.
#13116
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33


Жоба




ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ

2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Қарағанды, 2010



МАЗМҰНЫ




Бөлімінің атауы

беті

1

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ

3

2

АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

17

3

АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ КӨРІНІС

119

4

НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, МАҚСАТТЫ КӨРСЕТКІШТЕР МЕН НӘТИЖЕНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ

126

5

ҚАЖЕТТІ ҚОРЛАР

214

6

БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ

215



  1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ




Атауы

2011 - 2015 жылдарға арналған Қарағанды облысының даму бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіз

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы

Аймақтың негізгі сипаттамалары

Облыстың аумағы 428 мың.шаршы км (Қазақстан аумағы жалпы алаңының 15,7%). 2010 жылдың 1 қаңтарына Қарағанды облысының әкімшілік-аумақтық бөлініске облыстық және аудандық маңызы бар 11 қалалар мен 9 аудан ұсынылды. 2010 жылғы 1 қаңтарда халық саны 1 352 037 адамды құрады.

2009 жыл ішінде өндірілген жалпы аймақтық өнімнің ағымдағы бағасы 1515,8 млрд. теңгеге тең. Қазақстанның ІЖӨ 8,9% облыстың үлесіне тиесілі. 2009 жылы облыстың өнеркәсіп өнімінің көлемі 808,9 млрд. теңгені құрады. Өнеркәсіптің негізгі салалары қара және түсті металлургия, тау-кен өндіру өнеркәсібі, электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлу болып табылады.



Бағыттар

  • Өңір экономикасы

  • Әлеуметтік сала және адами әлеует

  • Инфрақұрылымдық кешен

  • Аумақтық (кеңістіктік) құрылым

  • Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін өзі басқару жүйесі

Бағдарламаның мақсаты

Өңірдің экономикасын дамыту мақсатында:


  • Экономиканы жаңғырту негізінде өнеркәсіпті құрылымдық жағынан алға бастыру және ұлттық әрі өңірлік экономикадағы бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту;

  • Өңірлік инновациялық жүйелерді жандандыру;

  • Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

  • Туристік индустрияның бәсекеге қабілеттілігін құру;

  • Ішкі сауданың тиімділігін арттыру;

  • Бәсекелестікті дамыту.


Әлеуметтік сала және адами әлеует:


  • Тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамытуды қамтамасыз ету үшін облыс тұрғындарының денсаулығын жақсарту;

  • Білім берудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, құқық қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру және балалардың қызығушылықтарын заңмен қорғау;

  • Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесі;

  • Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату;

  • Қарағанды облысындағы бұқаралық спортты, дене шынықтыру-сауықтыру қозғалыстарын және спорттың жоғары жетістіктерін дамыту;

  • Мемлекеттік тілді және халықтың лингвистикалық капиталын дамыту;

  • Мұрағат саласын дамыту;

  • Мемлекеттілік пен ұлттың бірлігін әрі қарай нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету;

  • Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тәртіп орнатуды және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын-алудың жүйесін дамыту;

  • Қылмысқа қарсы, оның ішінде қылмыстың ұйымдасқан түрімен, нашақорлар мен есірткілердің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасау, құқық қорғау, қылмыстық қол сұғушылықтан азаматтардың заңды қызығушылықтары мен бостандықтарын, құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.


Инфрақұрылымдық кешен:


  • Экономикалық кеңістікпен байланысын жақсарту;

  • Облыстың инфрақұрылымын дамыту үшін мемлекеттік-жеке меншік серіктестігі механизм қолданып тиімді инвестициялық саясат жүргізу;

  • Облыстың энергетикалық кешенін тұрақты түрде дамыту;

  • Халықты коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету.


Аумақтық (кеңістіктік) құрылым:


  • Ауылдың жайлы өмір сүру жағдайын құру;

  • Тұрғын-үйге қол жеткізуді қамтамасыз ету;

  • Мемлекеттік және халықаралық нормативтер мен стандарттар талаптарына сәйкес жоғары сапалы жетістіктерге жету үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы субъектілердің қызметтеріне тиімді сәулет-құрылыс бақылауын енгізу;

  • Қала құрылысы жобаларын жүзеге асырудың тиімді механизмін құру;

  • Қоршаған орта мен табиғи ортаның сапасын тұрақтандыру және ластану деңгейін төмендету;

  • Пайдаланушыларға жер ресурстары туралы ақпаратты бергенде оның толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету;

  • Ішкі тұрақтылықты қолдау;

  • Көші-қон үрдісін реттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.


Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі:


  • Облыстық мәслихат аппараты қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін жоғарылату;

  • Облыс әкімі аппараты қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін жоғарылату;

  • Жергілікті деңгейде мемлекеттік басқару функциясын іске асырудың тиімділігін жоғарылату;

  • Жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту;

  • Бюджетті орындау сапасын жоғарылату;

  • Облыстың және оның аймақтары экономикасының сапалы және тұрақты өсуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестіру.

Міндеттері

Өңір экономикасы:

  • Өнеркәсіптің басым секторларын дамыту, оларды әртараптандыру мен бәскеге қабілеттілік деңгейін қамтамасыз ету;

  • Өңір кәсіпорындарының кеміген күшін жоюшыларды толықтыру;

  • Металлургиялық өнімдер өндірісінің жалпы көлемін арттыру;

  • Ішкі нарықтың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;

  • Жаңа өндірісті құру және технологиялық жаңарту;

  • Құрылыс материалдары өнімдерін өндіру түрлерін кеңейту және сапасын жоғарылатып, көлемін арттыру;

  • Жергілікті шикізатты өңдеу және жоғары құны өндірісті жаңғырту қосылған өнімдерді құру;

  • Химия өнеркәсібі өнімдерін экспорттау және өндіріс көлемін өсіру;

  • Жаңа медициналық препараттары түрлерін шығару және өндіріс көлемін өсіру;

  • Өнеркәсіптің базалық салаларын дамытудың тұжырымдамасы мен үздік жоспарларын жүзеге асыру;

  • «Металлургия-металл өңдеу - машина жасау» және «Фармация» кластерлерін дамыту;

  • Бизнес-ортаны жақсарту;

  • Жергілікті мазмұнды дамыту;

  • Отандық өндірушілер үшін «UniScienTech Технопарк» ЖШС, «Металлургия-Металл өңдеу» Индустриялық парк» ЖШС және «Қарағанды» Өңірлік корпорациясы (құқықтық мирасқор «Сарыарқа» ӘКК) қызметтерінің қол жетімділігін арттыруға жәрдемдесу;

  • Ауыл шаруашылық жерлерін күтіп-баптаудың алдыңғы қатарлы, ғылыми-негіздемелік технологияларын ендіру;

  • Мал шаруашылығының өнімділігін арттыру;

  • Агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші өнеркәсібі өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

  • Туристік инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз ету;

  • Халықаралық және ішкі нарықта облыстың туристік имиджін ілгерілету;

  • Кадрлық ресурстарды жетілдіру;

  • Сауда инфрақұрылымын дамыту;

  • Аймақ экономикасында мемлекеттің қатысу үлесін қысқарту.


Әлеуметтік сала және адами әлеует:

  • Әйелдер мен балалардың денсаулығын нығайту;

  • Негізгі әлеуметтік-маңыз бар аурулар бойынша жағдайды жақсарту;

  • Салауатты өмір сүру салтын енгізу идеологиясын қалыптастыру;

  • Денсаулық сақтаудағы қаржыландыру мен басқару жүйесін жақсарту. Медициналық қызметтерді ұсынуды жетілдіру;

  • Сапалы дәрі-дәрмекке қол жеткізуді қамтамасыз ету және жақсарту. Дәрі-дәрмекепен қамтамасыз етудің жаңа моделін енгізу;

  • Медициналық кадрларды кәсіби дайындауды үздіксіз жоғарлату;

  • Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін арттыру және мектепке дейінгі білім берумен ұсынылатын қызметтің сапасын жақсарту**;

  • Мектепте білім берудің сапасын жақсарту***;

  • Электрондық оқыту жүйесін енгізу үшін жағдайды жасау***

  • Педагогикалық кадрлардың кәсібилігі мен мұғалімдер кәсібінің мәртебесін арттыру***;

  • Дамуы бойынша мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім алудың қолжетімді болуын қамтамасыз ету***;

  • Қараусыз, панасыз қалған, әлеуметтік жетімдікті болдырмау және жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің тәрбиеленушілеріне отбасылық жағдай жасау;

  • Бәсекеге қабілетті сапалы кадрлар дайындығының сапасын арттыру үшін жағдай жасау ***;

  • Тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;

  • Әлеуметтік әріптестік шеңберінде облыс кәсіпорындарында ұжымдық – шарттық қатынастарды дамыту;

  • Еңбек көші-қон үдерісін реттеу;

  • Халықтың аз қамтылған топтарына әлеуметтік көмектің тиімділігі мен атаулығын арттыру;

  • Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын енгізу;

  • Мүгедектер мен ардагерлер үкіметтік емес ұйымдарын (бұдан әрі - ҮЕҰ) тұрақты дамытуға ықпал ету, сондай-ақ әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруда олардың қатысуын кеңейту;

  • Мүгедектердің қажеттілігін қанағаттандыру деңгейін жоғарылату;

  • Тарихи-мәдени мұраны сақтау және дамыту;

  • Мәдениет пен өнер салаларын танымал ету;

  • Бұқаралық спортты және дене шынықтыру-сауықтыру қозғалыстарын дамыту;

  • Облыста спорттың жоғары жетістіктерін дамыту;

  • Облыста шаңғы спортын дамыту;

  • Мемлекеттік тілдің шоғырландыру және әлеуметтік-коммуникативтік функциясын кеңейту;

  • Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын сақтау;

  • Қарағанды облысының мұрағаттар мекемелерінде сақталған, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорын байытуды қамтамасыз ететін құрамды байыту;

  • Этника аралық және конфессия аралық келісімді нығайту және сақтау;

  • Елдің Стратегиясын дамытуды іске асыруда азаматтық қоғам институттарының қатысуын кеңейту;

  • Мемлекеттік ақпараттық саясатты электрондық және БАҚ басылымдары арқылы жүргізу;

  • Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында жастардың белсенділігін арттыру;

  • Қоғамдық тәртіпті және азаматтардың бостандығы мен конститутциялық құқығын, денсаулығын, қауіпсіздік өмірін қажетті деңгейде қолдауды нығайту; қылмысқа қарсы әрекетті құрайтын алдын алу шараларын арттыру;

  • Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • Қылмыспен күрес және қылмыскерлерді іздеу, нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрестің тиімділігін арттыру.


Инфрақұрылымдық кешен:

  • Жол инфрақұрылымын дамыту;

  • Облыстағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қызметі мен көлік қызметін дамытуға ықпал жасау;

  • Облыстың экономикалық инфрақұрылымын дамыту;

  • Облыстың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту;

  • Облыстың өмірін қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамыту

  • Электр энергетикасын дамыту;

  • Коммуналдық жүйені жаңарту және дамыту;

  • Тұрғын-үй қорын пайдалануға берумен қамтамсыз ету;

  • Тұрғын-үй және коммуналдық шаруашылық қызыметінің тиімділігін арттыру.


Аумақтық (кеңістіктік) құрылғы:

  • Ауылдың өмір сүруге қолайлы жағдайын құруға ықпал ету;

  • Тұрғын үйге қол жетімділікті қамтамасыз ету;

  • Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалық-іздестіру қызметін, құрылыс-монтаж жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларын (сертификацияланатын өнімдерді қоспағанда) өндіру (шығару), сараптамалық жұмыстар мен инженерлік қызметтерді лицензиялау;

  • Өндірістік және өндірістік емес бағыттағы салынып жатқан нысандардың сапасын арттыру;

  • Аймақтар мен елді мекендерден құрылысты салу және тиімді дамыту;

  • Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құру;

  • Атмосфералық ауаны қорғау;

  • Су нысандарын және жер ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау;

  • Жиналған қалдықтарды қайта өңдеу;

  • Жер ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану;

  • Орманды қайта қалпына келтіруді, орман шаруашылығын қорғау және сақтау;

  • Облыстың жер қоры мен жер участоктары туралы мәліметті жинақтауды қалыптастыру, сандық есепті жақсарту;

  • Аталған жер мониторингін пайдалану мен енгізуді жетілдіру;

  • техногендік авариялардың, катастрофалардың және табиғи апаттардан тәуекелдерді төмендету және шығындарды кішірейту жөніндегі жағдайларды құру;

  • Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген азаматтың тұрғылықты жерін еркін таңдауы, елдің еркіндігімен, қозғалыс еркіндігін іске асыруды қамтамасыз ету.


Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі:

  • Облыстық мәслихаттың және олардың органдарының жұмыс жағдайын жақсарту;

  • Мәслихат аппараты қызметкерлерінің кәсібилігі мен қызмет жағдайын жақсарту;

  • Облыс әкімі аппаратының қызметін құқықтық жағынан қамтамасыз ету;

  • Облыс әкімі аппаратының қызметін ақпараттық қамтамасыз ету;

  • Облыс әкімі аппараты қызметкерлері құрамының сапасын арттыру;

  • Электорндық форматтағы көрсетілетін әлеуметтік-маңызды қызметтердің сапасын арттыру;

  • «Электрондық үкіметтің» негізгі компоненттерімен ықпалдастыруды жүргізу;

  • Ақпараттық жүйелерді құру мен дамыту;

  • Облыстың «электрондық әкімдігін» негізгі инфрақұрылымдық компоненттерін жетілдіру мен дамыту;

  • Компьютерлік сауаттылық деңгейін көтеру;

  • Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • Жергілікті өзін-өзі бақсару органдарын құру және олардың қалыптасуына ықпал ету;

  • Жергілікті бюджет түсімдерінің атқарылу мониторингі;

  • Бөлінген бюджеттік кредиттерді игеру тиімділігін талдау, оларды уақтылы және толық өтеу;

  • Мемлекеттік меншікті басқару жүйесінің тиімділігін арттыру;

  • Өңірдің дамуы үшін қауіп немесе мүмкіндік беретін облыстағы экономикалық факторлардың өзгеруіне уақытында назар аудару және анықтау;

  • Өңірдің бәсекеге қабылетті мамандануын дамыту мен қалыптастыруға бағытталған өңірлік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету, облыстың экономикалық болашағы бар өңірлерінде экономикалық және еңбек ресурстарын шоғырландыру;

  • Нәтижеге бағытталғанған бюджеттік жоспарлауды енгізу;

  • Кепілденген мемлекеттік қызметті ұсыну жөніндегі қызметтерді орындаулары үшін тең мүмкіндікті жергілікті атқарушы органдарға ұсыну.




Іске асыру кезеңдері

I кезең – аралық (3 жыл) – 2011-2013 жылдары – бірінші кезекті іс-шаралары іске асыру.
II кезең – қорытынды (2 жыл) – 2014-2015 жылдар – бағдарламада қойылған міндеттерді шешу үшін жоспарланған іс-шараларды іске асыру

Нысаналы индикаторлар

Өңір экономикасы:

  • Нақты алғанда жалпы өңірлік өнімді (ЖӨӨ) арттыру 2015 жылы 2009 жылғы деңгейге 30%;

  • ЖӨӨ энергия сыйымдылығының төмендеуі 2015 жылы 2008 жылғы деңгейден 10%-ға кем емес (2008 ж. – 1,77 т.н.э. ҚР бойынша 2000 жылы мың АҚШ долл. құнында);

  • Тікелей шетелдік инвестициялар үлесі (ТШИ) ЖӨӨ 2010 жылы 10%-ға арттырылады;

  • Шетелдік және отандық инвестициялар экономиканың шикізаттық емес секторында 2020 жылға 29% дан кем емес (өңдеуші өнеркәсіптегі, АӨК және қызметтер);

  • Өнеркәсіп өнімдерін шығарудың нақты өсімі өткен жылға қарағанда орта есеппен 104%;

  • ЖӨӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібі үлесін арттыру 2015 жылға 44,5%-ды құрайды (2009 ж. – 34,6%);

  • Өңдеуші өнеркәсіп өнімінің нақты өсімі өткен жылға қарағанда орта есеппен 104,5%;

  • Өңдеуші өнеркәсіпте еңбектің өнімділігін арттыру 96,9%-дан кем емес (2009 ж. – 1 жұмыспен қамтылғанға 6120,5 мың теңге немесе 1 АҚШ доллары бойынша – 146 теңге 42 мың АҚШ доллары);

  • Шикізаттық емес экспорт үлесін арттыру жалпы көлемдегі экспорт көлемі 2015 жылға 14,2%-ды құрайды (2009 ж. – 7,4%);

  • Өңдеуші өнеркәсіптің өндірісі 2015 жылға шикізаттық емес экспорттың көлемі 158,1% дан кем емес (2009 ж. – 72,2%);

  • Көмір қазу көлемін 35 млн. тоннаға дейін арттыру (2009 жылы – 25 млн. тонна);

  • Минералдық шикізатты терең өңдеу негізінде 107% кем емес металлургиялық қосымша құн үлесін арттыру және жаңа үлестерді құру (2009 жылы – 421,3 млрд. теңге);

  • Металлургиялық саланың шығару көлемін 2 есеге арттыру (2009 ж. – 508,9 млрд. теңге);

  • Металлургиялық салада еңбек өнімділігін 2 еседен кем емес мөлшерде арттыру (2009 ж. – 1 жұмыспен қамтуға 6190,1 мың тенге немесе 42,4 мың АҚШ доллары 1 АҚШ долл. - 146 теңге);

  • Жоғарғы технологиялық өндірістің бәсекеге қабілетті өнімінің көлемін 2 есеге арттыру (2009ж. – 508,9 млрд. теңге);

  • Жоғарғы технологиялық эспорттың бәсекеге қабілетті өнімінің көлемін 113%-ға арттыру (2009 ж. – 410,1 млрд. теңге);

  • Машина жасауда жалпы қосымша құн 64%-ға өсті (2009 ж. – 15,5 млрд. теңге);

  • Машина жасау саласындағы еңбек өнімділігін 2015 жылға 65 мың АҚШ долларына дейін арттыру (2009ж. – 47,4 мың АҚШ доллары 1 курс АҚШ долл. = 146 теңге);

  • Құрылыс индустриясында жалпы қосымша құнын 76%-да кем емес мөлшерде арттыру (2009 ж. – 10,8 млрд. теңге);

  • Құрылыс материалдарымен республикалық нарықтың ішкі қажеттілігін 80 %-ға қанағаттандыру (2009 ж. – 58%);

  • Құрылыс материалдарының экспорт көлемі 2015 жылы жалпы құрылыс материалдарынан 20%-ға жетеді (2009 ж. – 784,2 млн. теңге);

  • Құрылыс материалдары өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін 2 есеге артық арттыру (2009 ж. – 1 жұмыс істеушіге 4578,9 мың теңге немесе 31 мың АҚШ доллары 1 АҚШ долл. курсы бойынша = 146 теңге);

  • Жеңіл өнеркәсіптің жалпы қосымша құнын 2015 жылы 50 %-ға арттыру (2009 ж. – 812,2 млн. теңге);

  • Жеңіл өнеркәсіп өніміндегі ішкі аймақтық нарықтың қажеттілігін 2015 жылы 30%-ға дейін қанағаттандыру (2009 ж. – 8%);

  • Жеңіл өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемін 2015 жылы 12% арттыру (2009 ж. – 1583,1 млн. теңге);

  • Жеңіл өнеркәсіпте еңбек өнімділігін 7,6 мың теңгеге дейін арттыру (2009 ж. – 1 жұмыс істеушіге 7036 мың немесе 48 мың АҚШ доллары 1 АҚШ долл. курсы бойынша = 146 теңге);

  • Химия өнімінің жалпы қосымша құнын 1,9 есеге арттыру (2009 ж. – 7775,1 млн. теңге);

  • Химия өнімінің экспортын 1,7 есе жоғарғы шекке арттыру (2009 ж. – 4539,7 млн. теңге);

  • Химия өнеркәсібі өнімдерінің көлемін 2015 жылы 74,4% арттыру (2009 ж. – 9921,5 млн. теңге);

  • Минералдық тыңайтқыштарды 2105 жылы 6 мың тонна көлемінде өндіру (2009 ж. – 5 мың тонна);

  • Күкірт қышқылын өндіру көлемін 2015 жылы 1 млн. тоннаға дейін арттыру (2009 ж. – 897 мың тонна);

  • Ішкі нарықтағы отандық дәрі-дәрмек құралының үлесін 2015 жылдың аяғында 30%-дан 50%-ға арттыру (2009 ж. – 30%);

  • Инновациялық-белсенді кәсіпорын үлесін 2015 жылы 18,6%-ға дейін арттыру (2009 ж. – 6,2%);

  • Халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес сертификатталған менеджмент сапасын, кәсіпорындарының санын 2009 жылдың деңгейіне қарағанда 2015 жылы 45%-ға арттыру;

  • Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, жүйе құраушы кәсіпорындардың тауарлардың үлесін сатып алудағы қазақстандық мазмұндағы 60%-ға дейін, жұмыстар мен қызметтерді 90%-дан жоғарлату;

  • «Технопарк UniScienTech» ЖШС мен «Металлургия-Металөңдеу» Индустриялық парк» ЖШС қызметін пайдаланатын кәсіпорындар үлесін 5%-дан өндірістің базалық кәсіпорындары саласының жалпы санынан 2015 жылы 2%-ға арттыру (2009 жылы технопарк қызметін 23 кәсіпорын пайдаланған);

  • Облыста Қарағанды аймақтық корпорациясының қатысуымен іске асырылған бизнес-жобалардың үлесін (2009ж – 0%) 2015 жылы 3%-ға арттыру;

  • ЖӨӨ құрылымында шағын және орта бизнестің үлесін арттыру (2015ж. 16%-ға дейін);

  • Бизнесті жүргізу мен тіркеуге байланысты операциялық тоқтамдарды, (рұқсат, лицензия, сертификат мен кеңестерді алумен) уақыт пен шығындарды қоса алып 30 %-ға 2015 жылы төмендету;

  • 2015 жылы ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемін 90,8 млрд. теңгеге дейін арттыру (2009 ж. – 80,2 млрд. теңге);

  • 2015 жылы ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін 2 есеге немесе 1641 мың теңгеге дейін арттыру (2009 ж. – 713,7 мың теңге);

  • 2015 жылы аграрлық саланың экспорттық әлеуетін жалпы көлемдегі облыстың экспортын 2,3%-ға дейін арттыру (2009 ж. – 1,5%);

  • 2015 жылы етті өңдеу үлесін 39%-ға дейін (2009 ж. – 31%), сүт өңдеуді – 40%-ға дейін (30%) жоғарылату;

  • Туристік қызмет саласында қызмет көрсететін мекемелердің жиынтық табысын ұлғайту, 2015 жылы 2008 жылмен салыстырғанда15% ұлғайып, 2871,6 млн теңгені құрайды;

  • 2011-2015 жылдары сауданың жеке тұлғалық көлемінің индексі 106,2%-дан кем емес;

  • 2011-2015 жылдары бөлшек сауда айналымының жеке тұлғалық көлемінің индексі 112,7%-дан кем емес;

  • 2011-2015 жылдары жаппай сауда айналымының жеке тұлғалық көлемінің индексі 103%-дан кем емес;

  • 2011-2015 жылдары сауда саласында қызмет көрсету сапасын жоғарлату мақсатында сауда айналыманың жалпы көлеміндегі ірі саудан нысандарының және сауда желісінің үлесі 10,5%-дан кем емес;

  • Кәсіпкерлік қызметін дамыту үшін қажетті инфрақұрылымдарды құру және әкімшілік кедергілерді қысқарту, жыл сайын 6 %.


Әлеуметтік сала және адами әлеует:

- 2015 жыл қарсаңында облыс халқының күтілетін өмір ұзақтығын 70 жасқа дейін арттыру (2009ж. – 66,87 жас);



  • 2015 жыл қарсаңында 1000 халықтың жалпы өлімінің көлемін 7,7 дейін азайту (2009 жылы – 11,22);

  • 2015 жыл қарсаңында аналар өлімін 1000 мың тірі туғандарға 20,0 дейін азайту (2009ж. – 42,6);

  • 2015 жыл қарсаңында сәбилер өлімін 1000 тірі туғандарға 12,0 дейін азайту (2009ж. – 17,9);

  • Балаларды мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеумен қамту (2009ж. – 70,9 %) – 2013 және 2015 жылдары 100%**;

  • 12-жылдық білім беру бағдарламасымен жұмыс істейтін мектептердің үлесі – (2009 жылы - 0%) – 2015 жылы 100% (1,5,11 сыныптар) ***;

  • Жаратылыстану математикалық бағыттағы мектебінде үлесі Кәсіби мектептердің жалпы санынан (2009ж.-1,5%) – 2015 жылы 5,8% ***;

  • Орта, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесі пайдаланылады (2009ж.-0%)- 2015 жылы 52,35% ***;

  • Оқытушылардың жалпы санынан Жоғарғы және бірінші санатты жоғарғы білікті педогогика қызметкерлерінің үлесі (2009ж.-47%) – 2015 жылы 48,4% ***;

  • Жалпы саннан инклюзивтік білім беру үшін жағдай жасаған білім беру ұйымдарының үлесі (2009 жылы - 42%) - 3013 жылы 46,3% және 2015 жылы 49% ***;

  • Отбасылық жағдаймен қамтамасыз етілген жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі тәрбиеленушілерінің үлесі, (2009 жылы - 3,8%) – 2013 жылы 5,4% және 2015 жылы 6,4% ***;

  • Оқуды аяқтағаннан кейін бірінші жылы оқу мекемелерде жұмыспен қамтылған түлектер мен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі (2009 жылы – 90%) – 2013 жылы 94,5% және 2015 жылы 97% ***;

  • 2015 жылы жұмыссыздық деңгейі – 5,7% (2009 жылы – 6,1%);

  • Жұмысқа орналасуға көмек көрсетуді өтінген тұлғалардың санынан жұмысқа орналасқандар үлесі 2015 жылы 82,5% дейін (2009ж. – 91,4%);

  • Жұмысқа қабілетті этникалық репатрианттарды жұмысқа орналастыру үлесі 2015 жылы 53,1% (200ж. – 54%);

  • 2015 жылы күнкөрiс мөлшерінен төмен табысы бар халықтың үлесi - 4%-ды құрайды;

  • Әлеуметтік қызмет көрсетудегі жалпы саннан арнайы әлеуметтік қызметті ұсынумен қамтылған тұлғалардың үлесі, 100 % (2009ж. – 100%);

  • 2015 жылы мүгедектер мен ардагерлерді сапалы қызметпен қанағаттандыру дәрежесі 95%-ды құрайды (2009ж. қаралған жоқ);

  • 2013 жылы мәдениет саласын тұтынушыларды сапалы қызметпен қанағаттандыру деңгейі - – 43%, 2015 жылы - 45% (2009 жылы – 38%);

  • Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысатын барлық жастағы халықтың үлесін арттыру (2009ж. – 24,7%) 2013 жылы 27%-ға дейін, 2015 жылы 29%-ға дейін;

  • Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдердің үлесін арттыру (2009ж. – 25,5%) 2013 жылы 27,5%-ға дейін, 2015 жылы 29 %-ға дейін;

  • Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерінің сан үлесін арттыру (2009ж. – 16%) 2013 жылы 17,5%, 2015 ж. 18,5%-ға дейін;

  • 2013 жылы мемлекеттік тілді игерген облыс халқының үлесі 2013 жылы – 58%, 2015 жылы – 72 %;

  • Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін игерген облыс халқының үлесі 2013 жылы – 3,0%, 2015 жылы 4,0%;

  • 2015 жылы мұрағат ақпараттарын пайдаланушылардың сұранысына оңтайлы жауаптар үлесі 80%-ды (2009 жылы – 68%) құрайды;

  • Мемлекеттің Стратегиялық дамуы мен мемлекеттік саясатты қоғамдық құрылымында қолдау деңгейі 2015 жылы 90%-ды құрайды;

  • 2015 жылы мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының өзара қарым-қатынасын оңтайлы бағалаушы халықтың үлесі 58%-ды құрайды;

  • Отандық ақпараттық өнімдерге тұтынушылардың қажеттілік деңгейі 50% (2010 ж. –30%);

  • 14-тен 29 жасқа дейінжастарға қатысты мемлекеттік саясатты халық арасындағы қолдау деңгейі 2015 жылы 7,2 балл (2009 жылы 7 ден 10 баллдық шкала бойынша);

  • 2015 жылы ішкі істер органдарына халықтың болжамдық деңгейінің сенімі 50%-дан төмен деңгейде (2009ж. – 50%);

  • Жалпы қылмысқа қатысты болжам деңгейі (2015 жылы 10 мың халыққа 86 жоғары емес (2009ж. – 80,7).


Инфрақұрылымдық кешен

  • 280 км, автомобиль жолдарын қайта жаңарту бойынша жұмыстарды орындау;

  • 158 км. орташа жөндеу – 1675 км ағымдық жөндеу, күрделі жөндеу бойынша жұмыстарды орындау;

  • 2015 жылы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда 85% жол (2009ж. – 60%);

  • 2015 жылы жүк айналымының көлемі – 5 090 млн.тонна-км (2009 жылы – 4588,4 млн.тонна-км);

  • 2015 жылы жолаушылар айналымының көлемі – 15371 млн.жолаушы-км (2009 жылы – 13 903 млн.жолаушы-км);

  • 2015 жылы жергілікті телефон байланысының сандық деңгейін 100%-ға жеткізу (2009 жылы – 81,4%);

  • 23 ауылдық пошта бөлімдерінің құрылысы. (2009 жылы ауылдық пошталық бөлімдердің саны – 169 бірлікте).

  • аймақтың ЖӨӨ құрылымында ИКТ аймақ секторының үлесі 2% (2009ж. – 1,14%);

  • 2015 жылы инфрақұрылымды дамыту жобаларын іске асыру, 10 бірлік;

  • Электрмен жабдықтауды қамтамасыз етудің жалпы саны ауылдық елді мекендердің үлесін 2015 жылы 99% дейін арттыру (2009 ж. – 96,2%);

  • Орталық жылу қызметтерімен қамтамасыз етілген елді мекендердің үлесін 70%-ға арттыру;

  • АЕМ орталықтандырылған сумен жабдықтауды 2015 жылы 60%-ға, қалаларда 85%-ға дейін арттыру (2009ж. –сәйкесінше 49,6% және 58%);

  • Коммуналдық қызметке тұтынушылардың қанағаттанарлық деңгейі 2015 жылы 51,5%-дан кем емес (2009 ж. - 48,3%).


Аумақтық (кеңістіктік) құрылғы:

  • 2015 жылы 1 адамға есеп айырысу тұрғын үйін енгізу 0,2 ш.м. артық (2010ж. – 0,17 ш.м.);

  • Сәулет қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қолданыстағы аяқталған нормативтік нысандардың құрылысын пайдалануға енгізуге сәйкес 2015 жылы - 100% (2009 жылы – 70%);

  • Қарағанды облысы аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді сызбасын әзірлеу 2015 жылы– 100%;

  • 2015 жылы ЖӨӨ ластандыратын заттарды ауаға лақтырудың жалпы үлесі 0,45 тоннаға дейін (2009 ж. – 0,47 тонна млн. теңге ЖӨӨ);

  • Су көздеріне ластанған заттарды аударудың жалпы үлесін жеткізу 2015 жылы ЖӨӨ млн. теңгеге 0,26 тоннаға дейін (2009 ж. – 0,33 тонна млн. теңге ЖӨӨ );

  • Жинақталған қалдықтарды өңдеу көлемін 2015 жылы 32 %-ға дейін (2009 ж. - 30%);

  • 2015 жылы ағаш отырғызу көлемін 120 га дейін ұлғайту (2009 ж. - 100 га);

  • Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Қаражал, Приозерск, Саран, Сәтпаев, Шахтинск қалаларында ірі масштабты жоспарлар құру, сондай-ақ ауылдық елді мекендерде аэродинамикалық жұмыстар жолымен 2015 жылы 9 қала мен 374 ауылдық елді мекендерді құру (100%).

  • Төтенше жағдайларға ұшыраған елді мекендерді сақтандыру құралдарымен жабдықтауды қамту, 76% (2009 ж.-21%);

  • ТЖ түрлері бойынша мониторинг жүргізу 50% (2009 ж. – 40%);

  • Техногендік авариялар, катастрофалар, табиғи апаттар кезінде эвакуцияланатын адамдар үлесі 100% (2009 ж. – 100 %);

  • 2015 жылға дейін жыл сайын 380 отбасын оралмандар мен босқындарды жаңа тұрғылықты жерге жайластыруға көмек көрсету.



Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі:

  • Мәслихат аппараттары көрсеткен қызмет сапасына депутаттардың қанағаттануы 100%;

  • Әкім аппараты көрсеткен қызмет сапасына жеке және заңды тұлғалардың қанағаттануы 90%;

  • Әкімнің аппараттары көрсеткен қызмет сапасына қанағаттануы 2015 ж. – 90% (2009ж. – 70%);

- Кадрлардың ағымдық төмендеуі 2015 жылы 7%-ға дейін (2009ж. – 18%);

- Электронды түрде көрсетілетін ақпараттық қызметтерді көбейту 38% (2015ж. – 360; 2009ж. - 259);



  • Әйел өкілдерінің билікке қол жеткізуі 30% (2009 ж. – 20%);

  • ИБ талаптарын сақтауда 50%-дан кем емес мөлшерде электрондық форматта көрсетілген әлеуметтік-маңызды мемлекеттік қызметтердің үлесін жеткізу;

  • Әлеуметтік жағынан қажетті сервистер мен мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бағытталған интернет қорлар санын 6 дейін жеткізу (2010 жылы – 1 интернет қоры, 2015 жылы– 6 интернет қоры);

  • Облыстық ЖАО қатысты бизнес-үдерістерін автоматтандыруға бағытталған ақпараттық жүйелердің санын көбейту (2010 жылы – 8 АЖ, 2015 жылы – 12 АЖ);

  • ҚР Электрондық құжат айналымының біріңғай жүйесіне қосылған облыстық басқару органдар үлесі 75%-ға дейін жеткізу (2010 жылы – 3%);

  • Халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейін 2015 жылы 40%-ға дейін жоғарылату;

  • Мемлекеттік қызмет көрсетуде мамандандарылған бағдарламамен қамтамасыз етілген, жұмыс тәжирибесі бар мемлекеттік және азаматтық қызметкерлердің үлес салмағын 50-пайызға жеткізу;

  • 2015 жылы жергілікті мемлекеттік басқаруды дамыту үдерісінде облыстың әкімшілік-аумақтық бірлігін өсіру деңгейі – 100% (2009ж. – 50%);

  • Мақсаттар мен міндеттерге сәйкес бюджеттік бағдарламалармен анықталған және уақытылы қайтарылған, тиімді пайдаланылған бюджеттік кредиттердің үлес салмағы – 2015ж. 100% (2009ж. – 64%) (бюджеттік несиелерді өтеу кестесіне сәйкес);

  • 100% мөлшерде анықталған, қолданылмайтын немесе мақсатына сай пайдаланылмайтын мүлікті заңды тұлғалар арасында , жалға беруде бөліске салу немесе бәсекелі ортаға беру (облыс әкімдігі шешімінің негізінде);

  • 2011-2015 жылдар арасындағы тұтынушылық баға индексі 106-108%;

  • 2011 жылы нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қызметтеріне құқықтық және әдістемелік база енгізу – 100%;

  • Нәтижеге бағдарланған жоспарлау жүйесіне кезеңмен көшу 2011 жылы – 100% .

Қаржыландырудың көзі және көлемі*

Қаржыландыру көзі: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторларының меншікті қаражаты.
Қаржыландыру көлемі:

- 2011ж. – 80 027,1 млн. теңге:

республикалық бюджет – 22 204,9 млн. теңге;

жергілікті бюджет – 43 150,8 млн. теңге;

инвесторлардың қаражаты – 14 671,4 млн. теңге.
- 2012ж. – 112 373,5 млн. теңге:

республикалық бюджет – 27 586,5 млн. теңге;

жергілікті бюджет – 42 886,3 млн. теңге;

инвесторлардың қаражаты – 41 900,7 млн. теңге.


- 2013ж. – 110 541,8 млн. теңге:

республикалық бюджет – 28 195,5 млн. теңге;

жергілкті бюджет – 51 268,3 млн. теңге;

инвесторлардың қаражаты – 31 078 млн. теңге.


- 2014ж. – 89 307,2 млн. теңге:

республикалық бюджет – 26 489,5 млн. теңге;

жергілкті бюджет – 46 210,6 млн. теңге;

инвесторлардың қаражаты – 16 607,1 млн. теңге.


- 2015ж. – 142 738,7 млн. теңге:

республикалық бюджет – 23 932,7 млн. теңге;

жергілікті бюджет – 44 891 млн. теңге;

инвесторлардың қаражаты – 73 915 млн. теңге.


Барлығы: 534 988,4 млн. теңге.

*- 2011-2015 жылдарға арналған бюджетте қарастырылған, қаржыландыру көздері мен көлемдері қаражат шегінде нақтылануы және өзгеруі мүмкін.

**- 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» балаларды мектепке дейінгі тәрбилену мен оқытуды қамтамасыз ету бойынша бағдарламаны іске асыру шеңберінде.

*** - Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған Білім беруді дамыту мемлкеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет