БАҒдарламасы астана 2015 Мазмұны Кіріспе 3



Дата14.06.2016
өлшемі208.52 Kb.
#134246
түріБағдарламасы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ШЖҚ РМК "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті"
«Туризм» кафедрасы
6M090200 - «Туризм» мамандығы (ғылыми-педагогикалық, бейіндік бағыттар) бойынша түсу емтиханының
БАҒДАРЛАМАСЫ

Астана

2015

Мазмұны


Кіріспе


3

6M090200 - «Туризм» мамандығы бойынша түсу емтиханының пәндер бойынша мазмұны

3















Кіріспе
6M090200 - «Туризм» мамандығы бойынша түсу емтиханына келесі пәндер кіреді:

1. Туризм менеджменті

2. Туризмдегі маркетинг

5. Туристік бизнесті ұйымдастыру мен жоспарлау


1. «Туризм менеджменті» бойынша бағдарлама мазмұны


Тақырып 1. Туристік іс-әрекетті ұйымдастыру және басқару

Туризм басқару нысаны ретінде. Туризмді ұйымдастыру және басқару жүйесі. Туризмді басқару құрылымы. Ұйымды басқару деңгейлері. Басқару буындары. Туризмді басқару жүйесіндегі байланыстар: тік (вертикалды) және көлденең (горизонталды). Туризм түрлері. Туризм формалары және типтері. Туристтер типтері.


Тақырып 2. Туризмді басқару жүйесі және құрылымы

Туризмді басқару жүйесі. Басқару субъектісі мен объектісі. Туризм жүйесінің сыртқы ортасы. Туризм жүйесі мен сыртқы ортаның өзара байланысы: экономика, экология, әлеуметтік әлем, саясат, технологиялар. Туризмнің экономикалық қызметтері.


Тақырып 3. Туристік аймақтар, ұйымдар және кәсіпорындар

Туристік аймақтар. Туристік ұйымдар. Туристік кәсіпорындар. Туризді басқарудың ұйымдық құрылымдарының типтері. Сызықтық, қызметтік және сызықтық-қызметтік ұйымдық құрылымдар. Формальды және формальды емес ұйымдық құрылымдар. Турфирманың ішкі және сыртқы ортасы.


Тақырып 4. Туризмді басқарудың қызметтері және қағидалары

Турфирманы басқару түсініктемесі. Басқару қызметтерінің жіктелімі. Басқару қызметтерінің мәні және өзара байланысы. Туризмді басқарудағы негізгі қызметтердің сипаттамасы. Жоспарлау қызметі. Жоспарлардың типтері. Стратегиялық және тактикалық жоспарлау. Жоспарлау қағидалары. Ұйымдастыру қызметі. «Ұйымдастыру» қызметін орындауда қолданылатын қағидалар: жалпы және жеке. Турфирманы тиімді басқару. Ынталар қызметі. Заманауи ынталандыру теориялары. Мазмұнды ынталандыру теориялары. Процессуалды ынталандыру теориялары. Бақылау қызметі. Бақылау технологиясы. Бақылау талаптары мен критерийлері. Бақылау түрлері. Туризм индустриясында қызмет көрсету мен оның сапасын бақылауды ұйымдастыру.


Тақырып 5. Туризмдегі басқару әдістері.

Басқару әдістерінің түсініктемесі, мәні және жіктелімі. Маркетинг басқару әдісі ретінде. Менеджменттегі басқарудың экономикалық әдістері: коммерциялық есептеу әдістері, бағалық әдістер, қаржылық әдістер. Басқарудың әкімшілік (ұйымдық-өкімгершілік) әдістері. Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері.


Тақырып 6. Еңбек үдерістерін басқару және ұйымдық құрылымдарды жобалау

Туризмдегі басқарушылық еңбектің мазмұны және ерекшеліктері. Басқарушылық еңбектің мәдениеті. Еңбекті рационалды ұйымдастырудың негізгі бағыттары: еңбекті ынталандыру және еңбекке төлеу, басқарушылық еңбектің бөлінісі және департаментализация, басқарушылық еңбектің ақпараттық технологиялары, еңбекті мөлшерлеу, еңбектің қолайлы режимі және шарттары. Ұйымдық құрылымдарды жобалау: басқарудың ұйымдық құрылымдарын жобалау қағидалары, персонал саның анықтау әдістері, ұйымдық құрылымдардың жіктелімі, басқарудың жаңа ұйымдық құрылымдары.


Тақырып 7. Туризм кәсіпорындарының адам ресурстарын басқару.

Персонал туристік кәсіпорынның маңызды ресурсы ретінде. Персоналға деген қажеттілікті жоспарлау. Персонал еңбек ақысына кететін шығындарды оптимизациялау. Уәждеме және ынталандыру. Туризм индустриясында ынталандыру ерекшеліктері. Турфирма басшысының персоналмен қарым қатынасындағы құқықтық аспектілер. Персонал жұмысының тиімділігін жоғарылату. Турфирма қызметкерлерін бағалау критерилері. Бағалау әдістемесі. Турфирманың ізгі менеджерінің кәсіби қасиеттері.


Тақырып 8. Басқарушылық шешімдер

Басқарушылық шешімдердің түсініктемесі және түрлері. Басқарушылық шешімдерді әзірлеудің негізгі кезендері. Басқарушылық шешімдерді қабылдау әдістері. Шешімдерді қабылдаудың жеке стильдері. Басқарушылық шешімдердің тиімділік шарттары. Басқарушылық шешімдерді жүзеге асырудағы бақылау ерекшеліктері.


Тақырып 9. Менеджердің тұлғасы, билігі және беделі

Басқару үдерісіндегі менеджердің жеке қасиеттерінің ролі. Менеджерге деген талаптар. Менеджердің билігі және жеке әсер етуі. Әсер етудің түсінігі және түрлері. Билік түрлерінің жіктелімі. Харизма және бедел түсінігі. Көшбасшылық. Көшбасшыға қойылатын талаптар. Басшылық ету стилі. Өзіндік менеджмент жүйесі және оның негізгі элементтері. Туризм индустриясында менеджердің жеке тиімділігін жоғарлатудың іс-әрекет бағыттары.


Тақырып 10. Инновациялық менеджмент және туристік өнімнің өмірлік циклін басқару

Инновациялық менеджменттің мәні және міндеттері. Фирманың инновациялық саясатын әзірлеудің негізгі кезеңдері. Өнімнің өмірлік цикл тұжырымдамасы. Туристік өнімнің өмірлік циклін басқарудың ерекшеліктері.


Тақырып 11. Туризмнің қызмет нарығы

Нарықтық технологиялардың эволюциясы. Сыртқы орта және оның туристік нарыққа әсері. Туристік нарық экономикалық қатынастардың көрінуінің саласы ретінде. Туристік сұраныс және туристік ұсыныс. Туристік нарықтың экономикалық зандылықтары. Баға және баға белгілеу. Қаржылық қатынастарды ұйымдастыру. Қызметтерді жеткізушілер: тенденциялар және болжамдар. Туристік нарықты сегментациялау. Мақсаттық нарықтарды анықтау.


Тақырып 12. Халықаралық туристік нарық: жағдайы және даму тенденциялары

Туристік нарық ерекшеліктері. Халықаралық туристік нарықтың заманауи жағдайы және даму болашағы. Социодемографиялық өзгерістердің әлемдік туристік нарыққа әсер етуі. Қызметтерді сату және оның халықаралық экономикалық қатынастардағы орны. Қызмет нарығының спецификасы және оны халықаралық деңгейде реттеу. Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастық.


Тақырып 13. Бәсекеге қабілетті турды әзірлеу

Туристік нарықты зерттеу оны сәтті игеру шарты ретінде. Серіктестермен тиімді жұмыс ұйымдастыру. Іскерлік келіссөздерді жүргізу ерекшеліктері. Турды әзірлеу. Инсентив-бағдарламалар кіру және ішкі турлардың тиімділігін жоғарылату құралы ретінде. Турды және турфирманың клиентпен қарым-қатынасын құжаттық рәсімдеу.


Тақырып 14. Маршруттарды әзірлеу және турларды қалыптастыру технологиясы

Туристік маршруттардың жіктелімі. Туристік маршрутты құру. Турларды қалыптастыру. Тур құнын және оның жүзеге асырудағы пайдасын есептеу. Анимациялық және экскурсиялық бағдарламалар.



Тақырып 15. Туристік өнімді сату үдерісін ұйымдастыру

Өнімді жылжыту бағыттары. Туристік өнімді өткізуді ынталандыру. Жеке сатылымдар. Туристік қызмет ассортиментін тиімді басқару. Потенциалды клиенттерді іздестіру. Клиенттерге қызмет көрсету үдерісін жетілдіру. Туризм индустриясында ұйымның өткізу саясатын жүзеге асыру.


Тақырып 16. Маршрутта туристтерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру

Турфирманың клиенттер тобының жіктелімі. Клиенттерге қызмет көрсету стратегиясы. Клиенттерге қызмет көрсетудің нысандары мен стильдері. Шетелдік маршруттарда туристтерге қызмет көрсету. Шетелдік турды орындау кезендері. Шетелдік маршрутта топ жетекшісінің жұмысын ұйымдастыру. Ішкі маршруттарда туристтерге қызмет көрсету. Ішкі турды орындау кезеңдері.Туристік жорықтарда топ жетекшісінің жұмысын ұйымдастыру.


Тақырып 17. Сапаны басқару

Туриндустриядағы өнім және қызмет сапасының түсінігі және мәні. Туристік бизнесте сапаны басқару. Туризмде сапаны басқару қызметтерін құру. Турбизнесте сапаны басқару саясатын әзірлеудің негізгі кезеңдері.


Тақырып 18. Туристік қызмет тәуекелдерін минимизациялау

Туризмдегі сақтандыру түрлерінің спецификасы және жіктелімі. Туристтерді жеке сақтандыру ерекшеліктері. Туристерді мүліктік сақтандыру. Туристік фирмалардың жауапкершілігін сақтандыру. Туризмдегі сақтандырудың спецификалық түрлері.


Тақырып 19. Туризмдегі жарнама және көрмелік қызмет

Туриндустриядағы жарнаманың ерекшеліктері. Заманауи жарнама және оның туризм саласындағы міндеттері. Туризмдегі жарнаманың жіктелімі. Заманауи жарнамалық нарықтың құрылымы. Туризмдегі сақтандыру қызметтерінің жарнамасы. Туриндустриядағы көрмелік қызмет. Қоғаммен байланыстар.



Тақырып 20. Барлық түрлердегі көліктік тасымалдау

Көліктік қызмет көрсету қажеттілігі және тасымалдау түрлерін таңдау. Авиациялық тасымалдау. Автомобильді тасымалдау. Темір жол арқылы тасымалдау. Су көлігі арқылы тасымалдау. Көлік компанияларының жауапкершілігі.


Тақырып 21. Туристік рәсімдеулер

Туристік рәсімдеулердің мәні. Төлқұжаттық-визалық рәсімдеулер. Визалық шектеулер. Кейбір мемлекеттерге визаларды рәсімдеу ерекшеліктері. Кедендік рәсімдеулер. Кедендік декларациялау. Кедендік рәсімдеу және кедендік бақылау.Тауарларды және көлік құралдарын кіргізу және шығару. Санитарлық (медициналық) рәсімдеулер.


Тақырып 22. Туризм менеджментінің тиімділігі

Туризм менеджментінің тиімділігінің түсінігі. Туризм менеджментінің экономикалық тиімділігі. Елге келген келушілердің шығындары сипаттамасы. Туризмнің экономикалық тиімділігін өлшеу. Туризммен байланысты шығындарды анықтау. Туризм менеджментінің әлеуметтік тиімділігі.



Қолданылатын әдебиеттер тізімі
1.Котлер Ф., Боуэн Д., Мейкенз Дж. Маркетинг. Гостеприимство. Туризм: Учебник для студентов вузов / пер. с англ. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2007. – 1071 с.

2.Кабушкин Н.И. Менеджмент туризма. - Минск: БГЭУ, 2003.

3.Балобанов И.Т., Балобанов А.И. Экономика туризма. Учебное пособие. М.: НОЛИДЖ, 1996.

4.Котлер Ф. Маркетинг. Менеджмент. – СПб.: Питер, 2003. – 800с.

5.Чудновский А.Д. и др. Гостиничный и туристический бизнес. Учебник. М.: Тандем, 1998.

6. Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы №211 Заңы


7.Борисова Ю.Н., Гаранин Н.И. и др. Менеджмент гостиничного и ресторанного обслуживания. - М., РМАТ, 2007. - 84 с.
8. Ильина Е.Н. Туроперейтинг: Организация деятельности: Учебник. - М.: Финансы и статистика, 2000. - 256 с.
9.Квартальнов В.А. Туризм: Учебник. - М.: Финансы и статистика, 2000. - 320 с.
10. Уокер Дж.Р. Введение в гостеприимство: Учебник / Пер. с англ. - М.: ЮНИТИ, 1999. - 463 с.

10. Жукова М.А. Менеджмент в туристском бизнесе: Учебное пособие. - М.: КНОРУС, 2007.

11.Сураганова С.К., Сабатаева Б.О.Туризм менеджменті. – Астана: Астана полиграфия, 2012.
2. « Туризмдегі маркетинг» бойынша бағдарлама мазмұны
Тақырып 1. Туризмдегі маркетинг мәні, негізгі түсініктері мен маңызы

Маркетингтің әлеуметтік –экономикалық мәні. Экономикалық үрдік ретіндегі маркетинг, шарушалық қызметі мен тұжырымдамалары. Маркетинг қызметінің ерекшелігі. Туризмдегі маркетинг мәні мен мазмұны. Туризмдегі маркетинг қызметі.


Тақырып 2. Тәризмдегі маркетинг тұжырымдамалары

Маркетинг теориясы мен тәжірибесінің дамуы. Туризм қызметіндегі маркетинг тұжырымдамалары. Туризмдегі маркетинг өсуі мен деңгейі. Ұлттық деңгейдегі туризм маркетингі. Мемлекеттің туристік саясаты. Туристік кәсіпорындары – маркетинг тұжырымдамаларын жүргізетін негізгі буын ретінде. Туристік кәсіпорындар маркетингін қазіргі дамыту жолдары. Өзара әрекеттестік маркетинг тұжырымдамалары. Туризмдегі маркетингті қолданудың негізгі шарттары мен оны негіздейтін қағидалар. Туристік кәсіпорындарда маркетинг тұжырымдамаларын жүргізу технологиясы.


Тақырып 3. Маркетингтік зерттеу бағыттары мен мазмұны

Маркетингтік зерттеу мәні мен міндеттері. Маркетингтік зерттеудің негізгі әдістемесі. Маркетингтік зерттеудің әдістемелік жүйесі. Маркетингтік зерттеуге қойылатын талаптар. Маркетингтік зерттеу кезеңдері. Маркетингтік зерттеу тәртібі мен рәсімі. Мақсат пен міндетті тұжырымдау. Ақпараттарды жинау және оны талдау. Зерттеу қорытындысын ұсыну. Маркетингтік зерттеу түрлері мен ұйымдастырылуы. Маркетингтік зерттеу бағыттары.


Тақырып 4. Туристік кәсіпорындардағы маркетингтік ақпараттар жүйесі

Маркетингтік ақпараттардың жіктелуі. Ішкі маркетингтік ақпараттар жүйесі. Сыртқы ақпараттар жүйесі. Бірінші реттік маркетингтік ақпараттарды жинау жүйесі. Бірінші реттік маркетингтік ақпараттарды жинаудың негізгі әдістері. Еліктеу үлгілері. Маркетинг ақпараты ретіндегі эксперттік бағалау. Маркетингтік зерттеудегі фокус-топтық әдіс. Маркетингтік зерттеудегі жүйелік талдау. Талдау түрлері. Ми шабуылы әдісі. Болжамдаудың қарапайым әдістері.


Тақарып 5. Туристік нарық және туристік кәсіпорындардағы маркетингтік зерттеу ортасы

Маркетингтік орта мәні. Ішкі маркетингтік ортаны талдау. Ішкі маркетингтік ортаны талдау бағыттары. Ішкі орта маркетингінің артықшылықтары мен нормалары және тәртіптер жүйесі. Сыртқы ортаны тану. Макроорта және тікелей орта. Ішкі орта серпінінің жүйесі. Бәсекелестікті бағалау және оның иілгіштігі мен туристік нарық құрылымын талдау.


Тақырып 6. Туристік өнім және бәсекелестерді маркетингтік зерттеу

Туристік өнім құрылымы. Туристік өнімді орналастыру. Туристік өнімді орналастыру стратегиясын таңдау. Туристік өнімнің өмірлік кезеңі. Туристік кәсіпорындардың бәсекелік ортасы. Бәсекелестерді талдау элементтері. Нарықтың бәсекелестік картасын құру.


Тақырып 7. Туристік қызмет тұтынушыларын маркетингтік зерттеу

Тұтынушыға бағытталған – негізгі маркетингтік қағида. Туристік қызмет тұтынушыларына әсер ететін факторлар. Тұтынушылар мінез құлқы мотивтері. Адамның өмірлік кезеңдерінің этаптары. Өмір стилін талдауда қажеттілер. Тұтынушылардың қанағаттанғаны /қанағаттанбағанын бағалау дәрежесі және туристік қызметті тұтыну шешімдерін қабылдау үрдісінің мәні


Тақырып 8. Нарықты сегменттеу

Сегменттеу белгілері мен көлемді перспективті мақсатты нарықты таңдау құралдары ретіндегі сегменттеу. Туристік нарықты сегменттеу. Туристік нарықты бірнеше белгілері бойынша сегменттеу. ДСҰ ерекшелендіретін 4 туристік нарық сегменті бойынша сегменттеу. Мақсатты нарықты таңдау. Сегментті нарық потенциалы. Нарық сегментінің қолайлылығын бағалау. Нарық маңыздылығын бағалау. Нарық сегментін тану мүмкінділіктерін талдау.


Тақырып 9. Маркетинг стратегиясын қалыптастыру

Стратегиялық маркетинг жоспарының мәні. Жағдайлық талдау. Туризм сферасындағы бәсекелестік артықшылықтар. Кәсіпорын мақсаттарын талдау. Туристік кәсіпорындардың қарапайым мақсаттары. Тиімді стратегияны жасау. «Өнім-нарық» матрицасы негізінде тиімді стратегияны бағалау. Нарық үлесіне тиісті стратегияны таңдау. Жаппай стратегия, шегініс стратегиясы, қорғаныс немесе ұстап тұру және ығыстыру стратегиясы. Фирманың бәсекелестік артықшылықтары және оның күшті жақтары. Маркетинг жоспарын жасау. Маркетинг жүйесіндегі жеке нақты стратегияларды жүргізу бойынша нақты маркетингтік іс-шараларды таңдау. Маркетинг бюджетін құрастыру. Маркетинг бюджетін жасаудың әртүрлі әдістері.


Тақырып 10. Туристік кәсіпорындардың маркетингтік өнім стратегиясы

Өнім стратегиясын жасау және ұсынатын өнімдерді құрылымын жетілдіру. Өнімдер топтарын жіктеу. Өмірлік кезеңдеріне сәйкес нарықты жаңа тауарларды енгізу. Маркетинг қызметіндегі жаңа тауар. Жаңа тауарларды нарыққа енгізудегі мүмкін себептер. «Маркалық каннибализм». Өнімді қасиеттерін жасау және оны тексеру. Нарықтағы жаңалық – туристік өнімдерді енгізу және негізгі дайындалу этаптары.


Тақырып 11. Туристік кәсіпорындардағы маркетингтік баға стратегиясы

Туристік кәсіпорындардың маркетинг жүйесіндегі баға. Туристік сферадағы баға белгілеу үрдісіне негізгі әсер ететушілер. Баға стратегиясын жасау этаптары. Баға белгілеу үрдісіне әсер ететін сыртқы факторлар. Баға белгілеу үрдісіндегі маңызды факторлар. Баға белгілеу мақсаты. Баға белгілеу әдістерін таңдау. Баға белгілеудегі негізгі шығындар. Бәсекелестік дәрежесіне бағытталған баға белгілеу. Сұранысқа негізделген баға белгілеу. Баға белгілеу стратегиясын анықтау және жасау. Қолданылатын баға стратегиясын жіктеу.


Тақырып 12. Туристік кәсіпорындардағы маркетингтің өткізу стратегиясы

Өткізу стратегиясының қалыптасуы. Өткізу стратегиясын жасау үрдістерінің этаптары. Өткізу стратегиясының мақсатын қалыптастыру. Өткізу арналарын таңдау және олады басқару. Өткізу арналарының желілерінің қызметін бақылау және талдау. Туристік өнімді өткізу арналары. Өткізу арналарының деңгейлері. Тік маркетингтік жүйе. Агенттік келісімдер. Лицензиялық келісімдер. Франшиза. Делдалдарды таңдау және олармен тиімді жұмыс жасауды анықтау. Өткізу арналары үшін делдалдарды таңдау критерилері.


Тақырып 13. Туристік кәсіпорындардағы маркетингтік коммуникациялық стратегия

Маркетингтік коммуникацияның мәні мен коммуникация жүйесінің элементтері. Маркетингтік коммуникация жүйесі. Мақсатты коммуникациялық аудитория. Коммуникация жүйесінің элементтері. Коммуникациялық стратегияны жасау. Коммуникациялық стратегияны жасау этаптары. Мақсатты коммуникация және бағытын анықтау. Маркетингтік коммуникацияның қарапайым мақсаттары. Фирма имиджін жасау тәртібі. Коммуникация жүйесінің құрылымын таңдау. Жарнаманың артықшылықтары мен кемшіліктері. Коммуникациялық стратегияны нәтижелерін талдау және бюджетін жасау.


Тақырып 14. Маркетингтік коммуникация жүйесіндегі жеке сату

Туристік кәсіпорындар маркетингіндегі жеке сату. Жеке сатудың коммуникациялық маңызы. Сатушылардың қарапайым ерекшеліктері. Сатып алушылардың қарапайым ерекшеліктері. Жеке сатуды ұйымдастыру үрдісі. Жеке сату үрдісі кезеңдік классикалық саты ретінде. Тұтынушыны қабылдау және онымен байланыс орнату. Тұтынушымен байланыс орнату әдістері. Тұтынушының қажеттігін анықтау. Сатушының мінез құлықын жіктеудің түрлері. Өнімді ұсыну. Тұтынушымен кезекті байланыс және сатуды қалыптастыру.


Тақырып 15. Маркетингтік коммуникация жүйесіндегі насихат және сатуды ынталандыру

Сатуды ынталандыру нарыққа әсер ету құралы ретінде. Сатуды ынталандыру бағдарламасын жасау. Сатуды ынталандыру құралын таңдау және мақсатты қалыптастыру. Сату делдалдарын ынталандыру әдістері. Тұтынушыға бағытталған сатуды ынталандыру іс-шаралары. Сатуды ынталандыру нәтижелерін талдау және өткізу жоспарларын тестілеу. Туристік насихаттардың бағыттары мен мақсаты және маңызы. Мақсатты аудиториямен байланысты қалыптастыру және қолдау. Мемлекеттік билік пен басқару органдарымен байланыс


Тақырып 16. Маркетингтік коммуникация жүйесіндегі жарнама

Туризм сферасындағы туристік жарнаманың ерекшеліктері. Туристік жарнаманың түрлері. Туристік жарнаманы тарату құралдары. Жарнама компаниялары мен жаңа жарнама үрдісінің маңызы. Жарнамалық зерттеу мен жарнама қызметтерін қалыптастырудың негізгі этаптары. Жарнама қатынастары туралы шешімнің мәні мен мақсатты жарнаманы анықтау. Жарнаманы тарату құралдарын таңдау. Жарнама бюджетін жасау. Жарнама құралдарының жалпы көлемін анықтау. Жарнама қызметінің тиімділігін бағалау.


Тақырып 17. Туристік жарнаманы тарату құралдары

Бұқарадағы жарнама. Г. Картердің жарнама өнеріндегі фундаментальді тәртіп. Баспа жарнамасы. Туристік фирмалық каталог. Аудио- көрнекті жарнама, радио- және тележарнама және жарнама құралдары. Тікелей пошталық жарнама. Сыртқы жарнамалар. Интернетегі жарнама.


Тақырып 18. Көрмелер мен жәрмеңкелер

Көрмелік іс-шаралардың мәні. Туризм сферасындағы көрме-жәрменкелік іс-шаралардың негізгі мәні мен маңызы және түрлері. Көрмелік іс –шаралардың түрлері. Көрме жұмыстарына туристік фирмалардың қатысу үрдісі. Көрмелік іс –шаралардың мақсаты мен этаптары. Көрмелік іс –шаралардың дайындық- ұйымдастырушылық кезеңдері. Көрмедегі фирманың қатысу нәтижелерін талдау. Көрме-жәрменкелік іс-шараларға туристік кәсіпорындардың қатысуын талдау және негізгі бағалау элементтері. Көрме қорын рәсімдеу. Көрме кезінде турфирма қызметкерлерінің жұмысы.


Тақырып 19. Туристік кәсіпорынның фирмалық стильі мен онда маркетингтік бақылауды ұйымдастыру

Фирма стилін қалыптастыру мақсаты мен негізгі түсініктері. Фирма стилінің элементтері. Фирма стилін ұстаушылар мен тауар белгісі. Тауар белгісін қолданудағы заңды құқығы. Тауар белгісінің қызметі. Туристік кәсіпорын маркетингін ұйымдастыру. Туристік кәсіпорындағы маркетингтік бөлімнің ұйымдастырушылық құрылымының негізгі нұсқасы. Маркетингтік бақылау жүйесі.




Қолданылатын әдебиеттер тізімі
1.Дурович А.П. Маркетинг в туризме: учеб. пособие. 7-е изд. - Минск: Новое знание, 2007. - 496 с.

2. Восколович Н.А. Маркетинг туристских услуг - М: ТЕИС, 2002. - 167 с.

3. Гаркавенко С.С. Маркетинг: Учебник. - М.: Финансы и статистика, 2006. - 717 с.

4. Дорошев В. И. Введение в теорию маркетинга: Учеб пособие. - М: ИНФРА-М, 2000 - 284 с.

5. Дурович А., Анастасова Л. Маркетинговые исследования в туризме: Учеб.-практ. пособие. - М: Новое знание, 2002. - 348 с.

6. Запесоцкий А.С. Стратегический маркетинг в туризме: Учеб пособие. - СПб: СПбГУП, 1999 - 384 4. - 384 с.

7. Котлер Ф. Маркетинг. Менеджмент. – СПб.: Питер, 2003. – 800с.

8. Котлер Ф., Боуэна Дж., Мейкенз Дж. Маркетинг гостеприимства. Туризм. - М.: ЮНИТИ, 2003. – 1063 с.


9. Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы №211 Заңы



3. «Туристік бизнесті ұйымдастыру мен жоспарлау» бойынша бағдарлама мазмұны
1 тақырып. Туризм экономика саласы ретінде

Туризм әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде. Туризмнің дамуына әсер ететін факторлар. Туризм классификациясы. Туризм функциялары. Турист туризмнің субъектісі ретінде.


2 тақырып. Туристік өнімнің жалпы сипаттамасы

Туристік өнім түсінігі. Туристік өнім құрылымы. Туристік пакет құрылымы. Туристік пакетті тұтынушылар. Жалпы туристік өнім


3 тақырып. Туризм индустриясының технологиясы

Туризм түсінігі мен терминологиясы. Турларды қалыптастыру мен жылжыту. Туризмдегі орналастыру қызметі мен тамақтандыру. Туризмдегі көлікпен қамтамасыз ету. Экскурсиялық қызмет көрсету.


4 тақырып. Туристік қызметті мемлекеттік реттеу

Туристік саясат. Туризмді басқару ұйымдары. ҚР туристік қызметті мемлекеттік реттеу. Туризмдегі стандарттау. Туристік қызметті сертификаттау.


5 тақырып. Туристік кәсіпорындардың жұмысын ұйымдастыру

Туристік кәсіпорындар жұмысының спецификасы. Олардың негізгі функциялары мен міндеттері. Туристік кәсіпорындардың мақсаты мен міндеттері. Туристік кәсіпорындар мен олардың құрылымы.


6 тақырып. Туристік кәсіпорындарды құру

Туристік кәсіпорындарды құру кезіндегі негізгі этаптар. Құрылтайшылардың құжаттары. Туристік қызмет өндірісін жоспарлау.


7 тақырып. Туристік кәсіпорындарды басқарудағы ұйымдастырушылық құрылымы

Туристік кәсіпорындардың функционалдық құрылымы. Кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық құрылым түрлері мен түсінігі. Туризм кәсіпорындарының ұйымдастырушылық құрылымын жоспарлау.


8 тақырып. Туристерге қызмет көрсетуді жоспарлау. Қызмет көрсету бағдарламасы

Туристерге қызмет көрстеуді жоспарлау. Қызмет көрсету стратегиясы. Туристерге қызмет көрсету бағдарламасы. Олардың құрылымы. Туристік қызмет көрсетудің сапасы. Туристік қызмет көрсету сапасына әсер ететін факторлар.


9 тақырып. Көліктік саяхатты ұйымдастыру спецификасы

Көлік туристік қызметті қамтамасыз ететін құрал ретінде. Туристік көлікке қойылатын талаптар. Көліктік қызметті ұйымдастыру ерекшеліктері. Қазақстандағы көліктік-коммуникациялық базаның жағдайы. Туристерге көліктік қызмет көрсету кезіндегі технологиялық схемасы.


10 тақырып. Туристік фирманың бизнес-жоспары

Бизнес-жоспардың негізі. Бизнес-жоспардың түсінігі. Бизнес-жаоспрадың негізгі құраушылары. Туристік фирмаларда бизнес-жоспарды жүзеге асыру спецификасы.


11 тақырып. Автокөлік саяхатын жоспарлау

Іске асып жатқан автокөлік бағыттары. Автокөлік сипаттамасының ерекшеліктері. Туристерге арналған автокөлік құралдарын жалға алу келісім-шарттары. Автокөлік тасымалы. Автокөлік саяхатын дайындау процесі. Автокөлік саяхатын жоспарлау.


12 тақырып. Туристік әуе маршруттарын жүргізу мен дайындау

Әуе тасымал аумағында жұмыс жасайтын халықаралық ұйымдар. Халықаралық әуе тасымалын реттейтін, сонымен қатар туристердің құжаттары. Әуе көлігінің дамуы мен оның әуе туризміне әсері. Әуе саяхатын іске асыру үшін жасалынған келісімдер.


13 тақырып. Су және теміржол саяхатын жоспарлау мен ұйымдастыру

Су және темір жол көлігімен саяхаттаудың заманауи жағдайы мен оның сан алуандығы. Темір жол саяхатын ұйымдастыру. Кеме саяхатын ұйымдастыру.


14 тақырып. Туристерге қызмет көрсету сапасы мен мәдениеті

Туристік кәсіпорын қызметшісінің еңбек мәдениетін сипаттау. Туристік кәсіпорындарда қызмет көрсету сапасының көрсеткіштері. Қызмет пен өнім сапасының түсінігі. Туристік өнім сапасына деген талаптар. Туристік кәсіпорындарда сапалы шарттарды қалыптастыру.


15 тақырып. Наразылықпен жұмыс жасайтын менеджерлер

Менеджердің ролі мен функциясы. Кәсіби білімдері мен ептіліктеріне деген талаптар. Заманауи менеджер моделі. Менеджердің авторитеті, көшбасшылығы, әсері мен билігі. Жетекші жұмысының мазмұны. Турагенствада клиенттерге қызмет көрсету спецификасы. Туристерге қызмет көрсету кезіндегі сараланған ыңғай.


Қолданылатын әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы №211 Заңы

2. Правила лицензирования туристской деятельности.

3. Дурович А.П. Организация туризма. - СПб.: Питер, 2009.

4. Аникин Ю.П. Организация и управления малым бизнесом: Учебное пособие. - М.: Финансы и статистика, 2003.

5. Тынчерова З.В., Ягофаров Г.Ф. Основы планирования и организации туристской деятельности: Учебное пособие. - Алматы, 2003.

6. Сураганова С.К., Ешенкулова Г.И. Основы предпринимательской деятельности в туризме: Учебное пособие. - Астана, 2007.

7. Планирование на предприятии туризма: Учебник/Под ред. Е.И. Богданова. - СПб.: Бизнес-пресса, 2004.

8. Туризм и гостиничное хозяйство: Учебник./Под .ред. Чудновского А.Д. - М.: ЭКМОС, 2000.

9. Жукова М.А. Менеджмент в туристском бизнесе: Учебное пособие. - М.: КНОРУС, 2007.

10. Ильина Е.Н. Туроперейтинг: организация деятельности: Учебник. - М: Финансы и статистика, 2007.



11. Гуляев В.Г. Туристские перевозки (документы, правила, формуляры, технология). - М.: Финансы и статистика, 1998.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет