Бағдарламасы Қатысушылар: 4 «ә» класс оқушылары Өтетін орны: 21 кабинет



Дата03.07.2016
өлшемі33.63 Kb.
#175492


4-класс оқушыларының арасындағы

«Мен сыныптасыма сенемін» атты сайыстың бағдарламасы

Қатысушылар: 4 «ә» класс оқушылары

Өтетін орны: 21 кабинет

Жүргізушілер: Амангелдиева Еркежан, Әбдірахманова Бибінұр

Сайыстың барысы:

Еркежан: -Бибінұр сен маған сенесің ба?

Бибінұр: -Ал сен ше?

Еркежан: -Әрине сенемін.Өйткені екеуіміз 4-класс оқушылары арасындағы

«Мен сыныптасыма сенемін» атты сайысты жүргіземіз ғой.

Бибінұр: -Қалай ойлайсың, сыныптастарының сенгені жөн бе?

Еркежан: -Сенгені жөн бе емес, сыныптасы сенімді ақтай ма десеңші.

Бибінұр: -Әрине сенімді ақтайды, сенгені жөн.

Еркежан: -Ендеше сайысты бастайық.

Тақтада музыкамен «Мен сыныптасыма сенемін»

Бибінұр: -Қош келдіңіздер көрермен, сайысқа қатысушылар!

Еркежан: -Ортаға кластың «сене білетін, сенімді

ақтайтын» қатысушыларын шақырайық, танысайық.

Бибінұр: Арсен сыныптасы Диас

Еркежан: Диана сыныптасы Аружан

Бибінұр: Қасым сыныптасы Айша

Еркежан: Асем сыныптасы Наргиз

Бибінұр: Дана сыпыптасы Жанерке

Еркежан: РЕНАТ сыныптасы АЛИМ

Еркежан: -Құрметті сыныптастар. Сыныптастар білім нәрімен сусындап, бастауыш сатыны аяқтатып, жоғары буынға шықалы отырық. Мағжан атамыз айттқандай: Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты.

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін.

демекші, қалай сайысқа мықты, жүйрікті сыныптасыңызды алып келдіңіздер ғой. Сыныптастарыңызға 100 % сенесіз бе? ( Әр жетекші оқушыдан сұрап шығу.)

Бибінұр: -Ал оқушылар. Абай атамыз айтқандай

«Көкіректе сәулесі жоқтық,

Көңілінде сенімі жоқтық.»

Сіздерден сыныптастарыңыз үлкен үміт күтеді. Сенімді ақтауға дайынсыздар ма? (Әр оқушыдан сұрау)

Еркежан: -Ендеше екі жаққа бөлінейік. «Сырласу үстеліне»

жайғасыңыздар.

-Сыныптасыңыз туралы не айта аласыз? Бір-бір ауыз сөз.

Бибінұр: -Ал оқушылар. Сыныптастарыңыз сіздердің тапсырманы орындай

алу мүмкіндіктеріңізді дәл білетін шығар? Сайыста білімдерің,

шеберліктерің сыналады.

Әуелі ортаға ұпай санап отыруға есепші сайлап алайық.

Еркежан: - Сайыстың I кезеңі бойынша жетекшілер, болжам жасап

көрейік. Ол үшін экранға назар аударайық. Суретті көріп, не

айтар едіңіз? Болжамыңыз нақты болмаса, келесі суретке

қараңыз.

Ендеше I кезең «Шар үрлеу» деп аталады. Барлық оқушылар ортаға шығады. 1 минутта кім қанша шар үрлейді? Үрлеген шарыңды жетекшіңе бересің, ол кісі байлай береді. Үрленген әр шар 1 ұпай. Уақытқа қараңыз, бастаймыз!

I кезең бойынша қай оқушы қанша ұпай?

Бибінұр: - II кезеңде жетекшілер арасында бәсекелестік болады.Тапсырмаға қарап, сыныптасыңыздың мүмкіндігіне қарай бәстесесіз.

II кезеңімізді бастау үшін назарымыз экранда.Бұл кезең «Мақал

айту»кезеңі. 1 минут 30 секундта қанша мақал айтады? Сайысты

ұпай саны көптен бастайық. Сіз қанша мақал айтады деп сенесіз?

(Көп сан берген жетекшінің оқушысы шығады.)

Еркежан: III кезең. Сурет арқылы болжам жасау. «Жеміс жеу» кезеңі.

2 минутта неше банан жей алады?

Ұпай саны аз сайыскерді шығару.

Бибінұр: IV кезең «Кесте айту». 2минута қай сандардың кестесін айта

алады?

Еркежан: V кезең «Моншақ тізу». 30 секунтта қанша моншақ тізе



алады?

Бибінұр: Соңғы VI кезең. Финал. «Тапқырлар» деп аталады. 2 минутта

неше «Ұлы тұлғаларды» атап бере алады? Сайыскерлер

мүмкіндіктеріңізді жіберіп алмаңыздар.

Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпазды марапаттау.

Еркежан: -Бибінұр, қалай ойлайсың бүгінгі сайыс көңілді өтті-ау деймін?

Бибінұр: -Әрине. Әр оқушы өз мүмкіндіктерін көрсете алған

сияқты.


Еркежан: - Ал, оқушылар жетекшілеріңе арнап айтарларың бар ма?

Екеуі : Жеңілдім деп ойлама. Бұл тек қана ойын ғана. -Құрметті көрермендер осымен сайысымыз аяқталды. Жеңісті күндерде кездескенше.

№ 53 орта мектеп

4-класс оқушылары арасындағы

«Мен сыныптасыма сенемін»

атты білімдік сайыс

Өткізген: Султанова А.У.

Уақыты: 23.01.2014 жыл





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет