БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013



Дата10.06.2016
өлшемі99.5 Kb.
#126167
түріБағдарламасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«6М020500 – Филология: қазақ филологиясы (қазақ әдебиеті)» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған арнайы пән

БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақ әдебиеті кафедрасы

Астана-2013

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «6М020500 – Филология: қазақ филологиясы» мамандығының типтік бағдарламасы негізінде құрастырылды
Бағдарламаны құрастырғандар:

филология ғылымдарының докторы, доцент Ж.Ә.Аймұхамбет:

филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.М.Байтанасова

Бағдарлама қазақ әдебиеті кафедрасының мәжілісінде қаралды.

«27» маусым 2013 ж. № 10 хаттама
Кафедра меңгерушісі: ______________________________ С.А.Қасқабасов

Бағдарламаның мақсаты – қазақ әдебиеті пәні бойынша білім деңгейін тексеру. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мынандай міндеттерді шешу көзделді:

– қазақ әдебиетінің тарихы бойынша қарастырылуға тиісті тақырыптар, олардың теориялық және практикалық маңызы, әдеби шығарманы зерттеу тәсілдері, әдебиет тарихының кезеңдері, әдебиеттанудың салалары жөнінде терең білуі;

– әдебиеттанудағы негізгі ұғымдарды, оның қажеттілігін, зерттеу нысандарын, қарастыратын мәселелерін, қазіргі өзекті ғылыми мәселелерді оқып-үйренудің, зерттеудің әдіс-тәсілдері мен әдіснамалық негіздерін танудың мүмкіндіктерін білуі қажет;

– әдебиеттану салаларына қатысты терминдер мен ұғымдардың мәнін терең түсіну, әдебиеттің тарихи қоғамдық-әлеуметтік жағдайлармен байланысын қарастыру арқылы әдебиеттің ой-сананы оятудағы міндетін танып, білу, әдебиеттің даму сипатын, қазіргі әдеби үдерісті, қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстарын, әдеби аударманың теориялық мәселелерін жетік білуі тиіс;

– Әдебиеттегі ірі шығармашыл тұлғалардың өзіндік қолтаңбасын саралай білу, әдеби туындыларды талдау арқылы оның эстетикалық мәнін, тақырыптық-көркемдік сипаттарын таныта білу,

– көркем шығармаға талдау жасаудың ғылыми принциптерін игерту, әдебиет пен фольклорды зерттеп үйренуге қажетті білімді меңгерту, әдеби туындының ішкі, сыртқы аспектілерін саралай алуға, жан-жақты талдауға үйрету.



Бағдарламаның мазмұны.

Әдебиеттануға кіріспе. Әдебиеттану – көркем сөздің табиғаты, шығуы, дамуы туралы филологиялық ғылым.

Әдебиет туралы ғылым және оның салалары. Әдебиет туралы ғылымның ғылыми мәні. Әдебиеттану ғылымның өзге ғылым салаларымен байланысы мен өзіндік ерекшелігі

Әдебиет – сөз өнері. А.Байтұрсынов сөз өнері туралы. Көркем әдебиеттегі шарттылық мәселесі. Өнер туындысын бағалау критерийлері. Әдебиеттің халықтығы, ұлттық сипаты жайлы ой-толғамдар. Өнер мен әдебиеттегі халықтық ұғым. Халықтық ұғымның әр кезеңдегі көрінісі.

 Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні туралы түсінік.  Көркем шығарманың тақырыбы. Басты және қосалқы тақырыптар. Көркем шығарманың идеясы және оның автор дүниетанымымен байланыстылығы.

Композиция туралы түсінік. Композициялық бүтіндік. Композицияның көркем шығармадағы атқаратын ролі. Сюжет туралы пікірлер. Сюжеттік элементтер. Композицияның сюжеттен тыс элементтері. Композиция мен сюжеттің бірлігі және айырмашылығы. Сюжет туралы ұғым. Сюжеттік элементтер. Композицияның сюжеттен тыс элементтері. Композиция мен сюжеттің бірлігі және айырмашылығы.

Әдебиетті текке, түрлерге жіктеу принциптері. «Тек», «түр», «жанр» түрлерінің қолданылу аясы. Жанрдың тарихи категория екендігі.

Қазақ халық ауыз әдебиеті. Фольклор. Фольклор туралы жалпы түсінік. Фольклорға жаңаша көзқарас. Фольклор жанрлары және оны классификациялау. Фольклорлық жанрлар. Ғұрыптық фольклор (тұрмыс-салт жырлары). Еңбек ғұрпы фольклоры. Маусымдық ғұрып фольклоры. Отбасылық ғұрып фольклоры. Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры.Эпос және оның түрлері. Көне эпос. Батырлық эпос. Тарихи эпос. Лиро-эпостық жырлар. Халық прозасы. Аңыздық проза. Ертегілік прозе. Аңыз, түрлері. Миф және оның түрлері. Әпсана, түрлері. Хикая мен хикаят. Түрлері. Жанрлық ерекшеліктері. Кейіпкерлері. Ертегі және оның түрлері. Қазақ фольклорының кіші жанрлары. Мақал-мәтелдер. Жұмбақтар мен жаңылтпаштар. Балалар фольклоры. Шешендік өнер.

Қазақ әдебиетінің тарихы. Әдебиет тарихын дәуірлеу төңірегіндегі дискуссия. Қазақ әдебиеті тарихының кезеңдері. Ежелгі дәуір әдебиеті. Заманымыздан бұрынғы жазу-сызулар (сақ, ғұн, үйсін, дәуірі). Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет. Оғыз-Қыпшақ дәуіріндегі әдебиет. Ислам дәуіріндегі әдебиет. Алтын Орда дәуірі әдебиеті.

Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Қазақтың төл әдебиетінің бастауы – жыраулар поэзиясы. ХҮ ғасырдағы қазақ даласындағы тарихи-әлеуметтік жағдай ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің негізгі арнасы, бірегей көрінісі – жыраулар поэзиясы екені. Жыраулық әдебиеттің әлеуметтік сипаты. Жыраулар поэзиясы және оның түп тамырлары. Жыраулар поэзиясының басты тақырыбы мен идеясы, мазмұны, көркемдік сипаты. Жырау және ақын. Олардың өзіндік ерекшеліктері. Жыраулар поэзиясының қайнар көздері.

ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Тарихи-әлеуметтік жағдайлар және әдебиеттің дамуы. Әдебиеттегі ағымдар. Зар заман ақындары шығармаларындағы басты идея. Дулат Бабатайұлы /1802-1874/ шығармашылығы. Толғауларының мәні. Шортанбай Қанайұлы /1818-1881/ толғаулары. Заман шындығының айтылуы. Мұрат Мөңкеұлы /1843-1906/ шығармашылығындағы ата қоныс мәселесі. Әбубәкір Кердері /1868-1905/ шығармашылығы.

Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісі және әдебиет. Махамбет Өтемісұлы (1804-1846). Өмірбаяны. Махамбет мұрасының жиналуы, зерттелуі. Махамбет өлеңдеріндегі күрескерлік сарын, ерлік рух. Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867) шығармашылығы. Алмажан Азаматқызы (ХІХғ) шығармашылығы. ХІХ ғасырдағы айтыс өнері және ақындық, әншілік-композиторлық дәстүр. ХІХ ғасыр әдебиетінің басты ерекшелігі. Ш.Уәлихановтың зерттеу еңбектері. Ы.Алтынсарин және ағартушылық идея. Абай – ұлы ақын, қазақ әдебиетінің классигі.


Бұл дәуірдегі ірі саяси-әлеуметтік оқиғалар, патшалық отарлау саясаты, хандық биліктің жойылуы, әкімшілік жүйедегі өзгерістер, ұлт-азаттық қозғалыстар мен көтерілістер әдебиеттің идеялық та, эстетикалық та мазмұнына үлкен ықпалын тигізуі. Соның нәтижесінде бірқатар ағымдар мен бағыттардың қалыптасуы. Зар заман әдебиеті, ақындар айтысы, сал-серілер поэзиясы, реалистік жазба әдебиет, романтикалық сарындағы әдебиет, шығыстық үлгідегі шығармалар – қарастырылып отырған кезеңге тән құбылыстар. Идеялық-көркемдік жаңалықтармен қатар, тың жанрлардың қалыптасып дамуы. Сонымен қатар осы ғасыр шегінде қазақ әдебиетінің басқа халықтар әдебиетімен байланыстарының өрісті бола бастауы.

ХХ ғасырдың басындағы әдебиет. Қазақ даласындағы қоғамдық-әлеуметтік жағдай және әдеби даму. Отаршылдыққа қарсы күрес идеясы. Әдебиеттегі алашшыл идея. Ағымдар мен бағыттар. Алғашқы көркем проза үлгілері. Әдеби жанрлардың дамуы.

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің дамуы. Тарихи-әлеуметтік жағдайлар. Қоғамдық-әлеуметтік жағдай. Өндіріс орындарының ашылуы. 1904 жылғы орыс-жапон соғысы, Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы төңкеріс. 1914-1918 ж. бірінші империалистік соғыс. 1916 ж. патша жарлығына қарсы ұлт-азаттық көтеріліс. 1917 ж. ақпан және қазан төңкерісі. Аталмыш оқиғалардың әдебиетке тигізген ықпалы. 1900-1917 жылдар аралығындағы әдеби көркем шығармалар мен ақын-жазушылардың шығармашылығын қарастыру, олардың әлеуметтік, көркемдік, жаңашылдық негізін таныту.

ХІХ ғасырдан бастау алған ағартушылық-демократтық идеялардың ХХ ғасыр басындағы әдебиетте кеңінен қанат жаюы. Отаршылдыққа қарсы күрес идеяларының қазақ зиялыларының басты көзқарасына айналуы. Әртүрлі саяси топтардың пайда болуы.

ХХ ғ. басындағы қазақ арасындағы оқу-ағарту жұмысы.

ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әдеби даму. Әдеби сындағы қайшылықтар. Тартыс. Тұрпайы социологизм сыны. Абай мұрасына және халықтық мұраға көзқарас. Әдеби жанрлардың дамуы. Б.Майлин шығармашылығы. Алғашқы өлеңдерінен көрінетін әлеуметтік өмір шындығы. Әңгімелері. Хикаяттары. Пьесалары. Б.Майлин – шағын әңгіме шебері. С.Сейфуллин шығармашылығы. Азаттық жолындағы күресті арқау еткен өлеңдері. Поэмалары. «Аққудың айрылысуы» поэмасындағы романтикалық сарын. «Көкшетау» поэмасы. Көркемдігі мен тілі. Прозасы. Пьесалары. І.Жансүгіров шығармашылығы. Ілияс – эпик ақын. «Құлагер», «Күй», «Күйші» поэмаларындағы өнер және өнер адамының тағдыры. «Гималай», т.б. өлеңдерінің көркемдігі. Табиғат лирикасы. Азаматтық лирикасы. М.Әуезов, С.Мұқановтың алғашқы шығармалары. Драматургияның дамуы.


ХХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы әдебиет. Соғыс шындығының әдебиетте бейнеленуі. Прозадағы, поэзиядағы соғыс тақырыбы. Ерлік, Отан қорғау идеясы. Соғыс жылдары жазылған шығармалар. Қ.Аманжолов, С.Мәуленов, Ә.Сәрсенбаев, Ж.Саин, т.б. майдангер ақын-жазушылар шығармашылығы.

М.Әуезов. «Абай жолы» роман-эпопеясы. Абай тұлғасы. Тарихи және замана шындығын бейнелеудегі суреткерлік шеберлік. Әуезов прозасындағы көркемдік жетістіктер. Пьесалары. «Абай», «Қарагөз», «Айман-Шолпан», т.б. Әдебиеттану саласындағы еңбектері. С.Мұқанов шығармашылығы. Романдары. «Адасқандар» романының тақырыбы мен идеясы. Әңгіме-повестері. Поэмалары. Әдебиет туралы еңбектері. Ғ.Мүсірепов шығармашылығы. Көркемдік ізденістер. Алғашқы әңгімелері. Кейінгі прозасы. «Кездеспей кеткен бір бейне» повесі. «Жапон балладалары» циклі. Ана тақырыбындағы туындылары. Пьесалары. Ғ.Мұстафин шығармашылығы. «Қарағанды» романының тақырыбы, кейіпкерлер жүйесі. «Миллионер». «Көз көрген».

ХХ ғасырдың 60-90 жылдарындағы әдеби даму. 60-жылдар әдебиетіндегі жаңа леп. Жанрлық даму. Прозаның дамуы. Поэзияның дамуы. Драматургияның дамуы. Прозадағы бағыттар. Тарихи романдардың жазылуы. Көп кітапты романдар. І.Есенберлин, Х.Есенжанов, Ә.Әлімжанов, Т.Ахтанов, Т.Әлімқұлов, Ш.Мұртаза, С.Мұратбеков, Ә.Кекілбаев, Қ.Жұмаділов, С.Жүнісов, М.Мағауин, Т.Әбдік, т.б. шығармашылық өкілдерінің еңбектері. Қазақ әдебиетін дамытудағы еңбектері. Әдебиеттану ғылымының дамуы. Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, М.Базарбаев, З.Ахметов, С.Қирабаев, З.Қабдолов, Р.Нұрғали зерттеулеріндегі әдебиеттану мәселелері. Поэзиядағы жаңалықтар. М.Мақатаев, Т.Айбергенов, Ж.Нәжімеденов, Ф.Оңғарсынова, т.б. ақындар шығармашылығы.

Тәуелсіздік жылдарындағы әдеби даму. Әдебиеттегі тың ізденістер мен жаңа көзқарастар. Әдебиеттің «ақтаңдақ» беттерін зерттеу. Әдеби жанрлардың дамуы. Мемуарлық романдар. Поэмалар. Әңгіме-повестер. Лирика. Тақырыптық, көркемдік сипаттары. Фольклортану және әдебиеттану ғылымындағы ізденістер мен жетістіктер.



Әдебиет теориясы. Эстетика туралы негізгі тұжырымдар. Эстетика туралы орта ғасырдағы ғылыми пайымдаулар. Халықшылдық эстетиканың тағылым, талаптары. Әдебиет теориясы және эстетика категориялары. Эстетика және әдебиеттану ғылымы. Әдебиеттің өнер ретіндегі қызметі және басқа ғылымдармен байланысы. Қазақстан мен Орта Азиядағы әдеби-эстетикалық ойдың даму ерекшеліктері. Жанрлар туралы түсінік, түрлер. Уақыт пен кеңістік мәселесі (хронотоп – мекеншақ). Көркем мәтін, құрылымы. Әдеби дәстүрдің дамуы. Көркемдік тұтастық. Мазмұн мен форма Көркем шығармадағы автор бейнесі. Автор мен кейіпкер. Әңгімеші, баяншы. Сюжет пен композиция. Фабула. Троп пен фигура.

Пайдаланылатын әдебиеттер
Қазақ фольклоры бойынша ұсынылатын әдебиеттер
1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1995.

2. Бердібай Р. Эпос мұраты. Алматы,1996.

3. Ғабдуллин М. Қазақ халық ауыз әдебиеті. Алматы, 1995.

4. Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық І том. Қазақ фольклорының тарихы. Алматы, 2007.

5. Қасқабасов С. Жаназық. Астана, 2002.

6. Қасқабасов С. Ойөріс. Астана, 2009.

7. Қазақ фольклорының поэтикасы. Алматы, 2001.

8. Қасқабасов С. Елзерде. Алматы, 2008

9. Қазіргі қазақ әдебиеті және фольклор. Алматы, 2009.

10. Мың бір мақал. Жиырма үш жоқтау. Жинастырған Ахмет Баржақсы баласы. Алматы. "Қазақстан", 1993ж.

11. "Қазақ мақал-мәтелдері" Жинастырған Ө.Тұрманжанов, Алматы "Ана тілі", 1992ж.

12. "Қазақ мақал-мәтелдері.Казахские пословицы и поговорки". Құрастырған М.Аққозин. Алматы."Қазақстан", 1990ж

13. Қазақ энциклопедиясы, 4 том; Әдеб.: Қазақтың халық жұмбақтары, А., 1959.,

14. Қазақ жұмбақтары, А., 1993., Әбжанов М.,

15. Қазақ халқының жұмбақтары, А., 1966. 2. Жармұхамедов М. Айтыстың даму жолдары. А., «Ғылым», 1976.

16. Қазақ фольклоры // http://www.kitaphana.kz/ сайты.



17. Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, шешендік сөздер // http://kk.wikipedia.org/wiki сайтында

Ежелгі дәуір және ХҮ-ХҮІІІ ғғ. әдебиеті бойынша ұсынылатын әдебиеттер


  1. Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы. А., 1996

  2. Әбіласан Әбілхан. Көне сөздер құпиясы. А., 1998

  3. Бердібаев Р. Байқалдан Балқанға дейін. А., 1996

  4. Бойс Мэри. Зороастрийцы. Обычай и верования. М., 1988

  5. Гумилев Л. Көне түріктер. А., 1994;Қиял патшалығын іздеу. А.,1992

  6. Ежелгі дәуір әдебиеті. А., 1986

  7. Есімов Ғ. Хакім Абай. А., 1994

  8. Иүгінеки Ахмет. Ақиқат сыйы. А., 1985.Ауд.Ә.Құрышжанов, Б.Сағындықов

  9. Келімбетов Н. Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті. А., 1991

  10. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. А., 1974

  11. Конрад Н.И. Запад и Восток. М., 1966

  12. Қашқари Махмұт. Түбі бір түркі тілі. А., 1993

  13. Қожа Ахмет Йасауи. Хикметтер. А., 1995. Ауд.Ә.Жәмішев.

  14. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. А., 1994

  15. Қорқыт ата кітабы. А., 1986. Ауд.алғы сөзі жазған Ә.Қоңыратбаев

  16. Қорқыт ата кітабы. А., 1994. Ауд. Б.Ысқақов

  17. Құтты білік. А., 1986. Ауд. Б.Ысқақов

  18. Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы. А., 1988

  19. Қыраубаева А. Ежелгі әдебиет. А., 1996

  20. Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. А., 1993

  21. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. А., 1994

  22. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр-аңыздар. А., 1985

  23. Машанов А. Әл-Фараби және Абай. А., 1994

  24. Мыңжани Нығмет. Қазақтың қысқаша тарихы. А., 1995

  25. Өмірәлиев Қ. ҮШ-ХІІ ғасырлардағы көне түркі әдеби ескерткіштері. А., 1985

  26. Өмірәлиев Қ. Оғыз қаған эпосының тілі. А., 1988

  27. Сейдімбеков А. Қазақ әлемі. А., 1997

  28. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. А., 1997

  29. Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. А., 1993

  30. Фильштинский И.М., Шидфар Б.Я. Очерк арабо-мусульманской культуры. М., 1971


ХІХ ғасыр әдебиеті бойынша ұсынылатын

әдебиеттер


  1. Абайдың өмірі мен творчествосы. А., 1954

  2. Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. А., 1986

  3. Абай тағылымы. А., 1986

  4. Абай энциклопедиясы. А., 1995

  5. Абайды оқы, таңырқа... А., 1993

  6. Ай, заман-ай, заман-ай. Екі томдық. А., 1991

  7. Айтыс. І, ІІ том. А., 1988

  8. Ақан сері Қорамсаұлы. Шығармалары. А., 1963

  9. Ақберен. А., 1972

  10. Ақын Сара. А., 1985

  11. Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. А., 1989

  12. Алтынсарин Ы. Мұсылманшылықтың тұтқасы. А., 1991

  13. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. А., 1973

  14. Әбдіғазиев Б. Асыл арна. А., 1982

  15. Әбубәкір Кердері. Қазағым. А., 1983

  16. Әдеби мұра және оны зерттеу. А., 1961

  17. Әлімқұлов Т. Жұмбақ жан. А., 1993

  18. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. А., 1959

  19. Әуезов М. Абай Құнанбаев. А., 1968

  20. Әуезов М. Абайтанудағы жарияланбаған материалдар. А., 1988

  21. Әуезов М. Әдебиет тарихы. А., 1991

  22. Әсет Найманбаев. Шығармалар. А., 1988

  23. Байтұрсынов А. Ақ жол. А., 1991

  24. Бес ғасыр жырлайды. 2 томдық. А., 1989

  25. Бөкейханов Ә. Шығармалар. А., 1994

  26. Біржан сал Қожағұлұлы. Өлеңдер. А., 1967

  27. Дербісәлин Ә. Ыбырай Алтынсарин. А., 1965

  28. Дербісәлин Ә. Әдебиет туралы толғаныстар. А., 1990

  29. Досмұхамедұлы Х. Аламан. А., 1991

  30. Есімов Ғ. Хакім Абай. А., 1994

  31. Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. А., 1975

  32. Жұмалиев Қ. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. А., 1967

  33. Зар заман. Жыр-толғаулар. А., 1993

  34. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. А., 1986

  35. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. А., 1985

  36. Марғұлан Ә. Шоқан және Манас. А., 1917

  37. Мағауин М. Ғасырлар бедері. А., 1991

  38. Махамбет. Ереуіл атқа ер салмай. А., 1989

  39. Мәдібай Қ. Зар заман ағымы. А., 1997

  40. Мырзахметов М. Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары. А., 1982

  41. ХҮШ-ХІХ ғғ. қазақ ақын-жазушыларының шығармалары. А., 1962

  42. ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары. А., 1988

  43. ХІХ ғасыр әдебиеті. Хрестоматия. А., 1992

  44. Омарұлы Б. Мұрат Мөңкеұлы. А., 1993

  45. Радлов В. Алтын сандық. А., 1993

  46. Сәтбаева Ш. Шоқан Уәлиханов – филолог. А., 1985

  47. Сәтбаева Ш. Шәкәрім Құдайбердиев. А., 1990

  48. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. А., 1985

  49. Ыбырай Алтынсарин тағлымы. А., 1991

  50. Ысмайылов Е. Ақындар. А., 1956

ХХ ғасыр әдебиеті бойынша ұсынылатын

әдебиеттер


  1. Аймауытов Ж. Мағжанның ақындығы туралы // Мағжан Жұмабаев шығармалары. А., 1989

  2. Асфендияров С. История Казахстана. Т.І. М., 1935

  3. Әбдіғазиев Б. Асыл арналар. А., 1992

  4. Әбдірахманов Т. Орыс әдебиетін қазақ тіліне аудару дәстүрі және Бекет Өтетілеуов. А., 1969

  5. Әбдірахманов Т. Таланттар тағылымы. А., 1988

  6. Әуезов М. Әдебиет тарихы. А., 1991

  7. Әбсәметов М. Міржақып Дулатов. А., 1995

  8. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. // Шығармалар. А., 1989

  9. Байтұрсынов А. Ақ жол. А., 1992

  10. Бейсенбиев К. Очерки истории общественно-политической и философской мысли Казахстана. А., 1976

  11. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің, тарихының очеркі. А., 1981

  12. Бейсенғалиев З. ХХ ғ. Б. Қазақ прозасы. А., 1988

  13. Белинский В.Г. Иван Андреевич Крылов Соб. Соч. В 3-х томах. Т.2. М., 1948

  14. Бурабаев М.С. Общественная мысль Казахстана в 1917-40 гг.

  15. Галузо П.К. Колониальная система Российского империализма в канун октября. А., 1968

  16. Дербісәлин Ә. Қазақтың октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. А., 1966

  17. Дербісәлин Ә. Дәстүр мен жалғастық. А., 1976

  18. Дулатов М. Ахмет Байтурсынович Байтурсынов. // Шығармалары. А., 1991

  19. Дүйсенбаев Ы. Сұлтанмахмұт Торайғыров. А., 1967

  20. Дүйсенбаев Ы. Ғасырлар сыры. А., 1970

  21. Елеукенов Ш. Мағжан Жұмабаев. А., 1995

  22. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыров. А., 1990

  23. Жиреншин Ә. Қазақ кітаптарының тарихынан. А., 1971

  24. Зиманов С., Идирисов К. Общественно-политические взгляды Мухамеджана Сералина. А., 1989

  25. Исмаилов Е. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. А., 1940

  26. Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. А., 1969

  27. ХХ ғ. б. кезіндегі қазақ әдебиеті. А., 1994

  28. Казахи о русских до 1917 года. Оксфорд, 1985

  29. Қабдолов З. Сөз өнері. А., 1976

  30. Казахстан в начале ХХ века. А., 1993

  31. Қазақ әдебиетінің тарихы. ІІ том, ІІ кітап. А., 1965

  32. Қазақ әдебиетінің тарихы. ІІ том, ІІ кітап. А., 1965

  33. Қараев М. Қазақ әдебиетіндегі реализмнің даму жолдары. А., 1986

  34. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994

  35. Кенжебаев Б. ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиеті. А., 1993

  36. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғ.б. қазақ әдебиеті. А., 1966

  37. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. А., 1995

  38. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. А., 1995

  39. Мұқанұлы С. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Қызылорда, 1932

  40. Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі. А., 1966

  41. Сыздықова Ш. Ахмет Байтұрсынов. А., 1990

  42. Сәтбаева Ш. Шәкәрім Құдайбердиев. А., 1990

  43. Оразбеков Н. Жаяу Мұса /Моногр.очерк/. А., 1961

  44. Тоғжанұлы Г. Жүсіпбектің сыны, Мағжанның ақындығы туралы. А., 1926

  45. Хасен Оралтай. “Алаш” – Түркістан түркілерінің ұлт-азаттық ұраны. Стамбул, 1973

  46. Ысқақов Б. Сәбит Дөнентаев. А., 1966

  47. ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Алматы: Арда, 2011. – 640 б.


Әдебиеттануға кіріспе, әдебиет теориясы бойынша

ұсынылатын әдебиеттер
1. Аристотель и античная литература.М.,1978

2. Байтұрсынов А. Таңдамалы шығармалар. А., 1989

3. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. А., 1979

4. Нұрғали Р. Әдебиет теориясы. А., 2004.

5. Гегель Г. Эстетика. В 4-х т. М., 1968

6. Гуляев Н. Теория литературы. М., 1977

7. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы көркемдік шешім. А., 1991

8. Қабдолов З. Сөз өнері. А., 1992

9. Сакулин П.Н. Филология и культурология. Москва, 1990.

10. Хализев Е.В. Теория литературы. М., 2002.

11. Потебня А. Эстетика и поэтика. М., 1976.

12. Поспелов Г. Теория литературы. М., 1978

13. Мировое литературоведение. 1-3 т. А., 2009.

14. Дүйсенов М. Әдебиеттегі мазмұн мен форманың бірлігі.А., 1962

15. Жанр сипаты. А., 1971

16. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай

поэзиясының тілі. А.,1959

17. Қирабаев С. Шындық және шығарма. А.,1981

18. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1995

19. Майтанов Б. Қаһарманның рухани әлемі. А., 1987

20. Мүсірепов Ғ. Заман және әдебиет. А., 1982

21. Нұрғалиев Р. Сөз өнерінің эстетикасы.Астана, 2003



22. Потебня А. Эстетика и поэтика. М., 1976



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет