БАҒдарламасы бағдарлама паспорты



Дата23.02.2016
өлшемі136.5 Kb.
#10331
түріБағдарламасы



2008-2010 жылдарға арналған

Солтүстік Қазақстан облысы

Аққайың ауданының

тұрғын үй құрылысы

БАҒДАРЛАМАСЫ



1. Бағдарлама паспорты

Бағдарлама атауы


2008-2010 жылдарға арналған Аққайың ауданының үй құрылысы бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2005-2007 жылдарға жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі №319 қаулысымен бекітілген 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары

Әзірлеуші

«Аққайын аудандық құрылыс бөлімі» ММ

Мақсаты

Міндеттері


Іске асыру мерзімдері

Қажетті ресурстар және

қаржыландыру көздері



Халықтың қалың жігінің тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді түрде шешу
Ұсыныс тарапынан да, сұраныс тарапынан да толықққанды теңгерімді тұрғын үй құрылысы нарығын жасау;

тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту және мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті ынталандыру;

жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру;

тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту;

ипотекалық кредит беру, тұрғын үй құрылысы жинақтарының және ипотекалық кредиттерге кепілдік беру (сақтандыру) жүйелерін жетілдіру.

2008-2010 жылдар

Бюджеттен шығындар тұтынушылығы мынаны құрайды: 92,193 млн. теңге, соның ішінде

2008 жылы- 32,248 млн.теңге

2009 жылы- 27,623 млн.теңге,

2010 жылы- 32,322 млн.теңге, соның ішінде:

Жергілікті бюджет- 92,123 млн.теңге,

соның ішінде

2008 жылы- 32,248 млн.теңге

2009 жылы- 27,623 млн.теңге,

2010 жылы- 32,322 млн.теңге, олардың ішінде:

коммуналдық тұрғын үйлерді жобалауға және құрылысына – 92,193 млн. теңге, соның ішінде

2008 жылы – 32,248 млн. теңге

2009 жылы- 27,623 млн.теңге,

2010 жылы- 32,322 млн.теңге;

оралмандар үшін коммуналдық тұрғын үйлерді жобалауға және құрылысына – 20,0 млн. теңге;

2008 жылы – млн. теңге

2009 жылы- млн.теңге,

2010 жылы- 20,0 млн.теңге

2008-2010 жылдардағы бағдарламаны қаржыландыру көлемі тиісті қаржылық жылға республикалық бюджеттен болжамдық көрсеткіштері аясында нақтылануы мүмкін.


Күтілетін нәтижелер


Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде: тұрғын үйлерді пайдалануға беру қарқынын жыл сайын өсіру кезінде үш жыл ішінде жалпы алаңы 15531,0 шаршы метрге жуық тұрғын үй салынатын болады;

30 адамнан аса жаңа жұмыс орындары ашылатын болады;

құрылыс қызметінен бюджетке түсімдер, соның ішінде мүлікке салықты, құрылыс саласындағы жұмыскерлердің табыс салығын жинау ұлғаяды.





Кіріспе
Тұрғын үй құрылысы – жалпыұлттық сипаттағы барынша маңызды міндеттердің бірі болып табылатын Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының басым бағыттарының бірі.

Тұрғын үй саясатын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығымен Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) бекітілді.

Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес және Солтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй құрылысын даммытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы негізінде біздің ауданда Аққайың ауданының 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы бағдарламасы әзірленді, соған сәйкес үш жыл ішінде жалпы алаңы 8101 шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделді. 2005-2007 жылдары нақты нәтижелері 13199 шаршы метрді құрады. Болжамға сәйкес Мемлекеттік бағдарламаның аяқталуына қарай көзделіп отырған 13199 шаршы метр, 170 отбасының тұрғын үй жағдайларын жақсартты

30 жұмыс орны ашылды.

Мемлекет басшысының 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында құрылыс индустриясының дамуы, жер учаскелерін бөліп беру процедураларының айқындығын қамтамасыз ету секілді бағыттар айқындалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығымен Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді, соған сәйкес «2008-2010 жылдарға арналған Аққайың ауданының тұрғын үй құрылысы» аудандық бағдарламасы әзірленді.


3. Тұрғын үй құрылысының қазіргі жағдайын талдау

3.1. 2005-2007 жылдардағы Аққайың ауданының тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру қорытындылары


Аққайың ауданының статистика бөлімінің мәліметі бойынша 2005-2006 жылдардағы тұрғын үй құрылысына барлық қаржыландыру көздері 62,1 млн. теңге инвестиция жіберілді. Пайдалануға жалпы алаңы 8013,0 шаршы метр тұрғын үй ендірілді, соның ішінде:

2005 жылы – 3512 шаршы метр (205,5%2004 жылға)

2006 жылы – 4501 шаршы метр (128,2%2005 жылға)

Бағдарлама шеңберінде халықтың әлеуметтік қорғалатын жігі үшін коммуналдық тұрғын үйлер салынып жатыр. Екі жыл ішінде жалпы алаңы 237 шаршы метр тұрғын үй (3 пәтер), соның ішінде 2006 жылға-237 шаршы метр (3 пәтер),

Екі жыл ішінде жергілікті атқарушы орғандардан ипотекалық тұрғын үй салуға бөлінген кредиттік қаражат бөлінген жоқ.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2006 жылдары тұрғын үй құрылысы жүргізілген жоқ.

Заңды және жеке тұлғалардың қаражаты есебінен 2005-2006 жылдары жалпы алаңы 7776 мың шаршы метр, 167 пәтер пайдалануға ендірілді.

2006 жылы тұрғын үй құрылысына аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын жайғастыруға бюджеттік қаражат бөлінген жоқ.

2007 жылдың ішінде 67 үй жалпы алаңы 5186 шаршы метр пайдалануға ендірілді, өткен жылға қарағанда, 115 %.

Тұрғын үй бағдарламасының мықты жақтарына тұрғын үй құрылысы қарқынының өсуін ынталандыру, инвестициялар үшін тұрғын үй құрылысының тартымдылығын арттыратын жағдай жасау, азаматттардың басым құқық берілген санаттарына қолжетімді тұрғын үйді сата отырып, оны салу үшін жергілікті атқарушы органдардың кредит беру тетігін жасау, ипотекалық кредиттерге кепілдік беру жүйесін енгізу, коммуналдық тұрғын үй құрылысын қайта жандандыру жатады.

Тұрғын үй бағдарламасының іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі регламенттейтін нормативтік құкықтық актілер қабылдаған.

Жеке құрылыс салушылардың жалға берілетін тұрғын үйлер салуы үшін салық преференцияларын көздейтін заңнамалық негіз жасалады.

Тұрғын үйдің жалға берілетін секторын дамытуға жағдай жасауды көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үйдің жалға берілетін секторын дамыту мәселері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Сонымен қатар, Тұрғын үй бағдарламасының әлсіз жақтары: жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін бөлу жөніндегі кемшіліктер, коммерциялық тұрғын үйге баға өсуінің жалғасуы, тұрғын үйдің ұсынысынан оған сұраныстың өсуі мен асуы, тұрғын үй-құрылыс кооперативтері және мемлекеттік-жекеменшік серіктестік секілді баламалы тұрғын үй құрылысы тетіктерінің есепке алынбауы, Тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға жинақтық құрылыс жинақтары жүйесінің іс жүзінде қатыспау және құрылыс индустриясы дамуының артта қалуы болып табылады.

Үш жылдың ішінде 2005 жылдан бастап, 2007 жылға дейін, 8101 шаршы метр жоспарланған кезде, 13199 шаршы метр тұрғын үй енгізіліп отыр, 170 жуық отбасы өз тұрғын үй жағдайын жақсартты.

Үш жыл бойы коммуналдық тұрғын үй құрылысы көзделіп отырды – жалпы алаңы- 237 шаршы метр. Күтілетін іске қосу 237 шаршы метр немесе 3 пәтерді құрады.




    1. Тұрғын үй құрылысы сапасына талдау жасау



Жергілікті атқарушы органдарға құрылыс туралы шешім қабылдау, лицензиялауды, құрылыс салу барысында құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына бақылауды жүзеге асыру және пайдалануға берілетін объектілерді қабылдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру өкілеттіктері берілді.


3.3 Ипотекалық кредит беру
Ипотекалық кредит беру – тұрғын үй саласына инвестициялар тартудың ең тиімді тәсілдерінің бірі. Ипотека ғана халықтың - тұрғын үй жағдайларын жақсартудағы, банктердің – тиімді және пайдалы жүмыс істеуіндегі, құрылыс кешенінің - өндірісті ырғақты жұмыспен қамтудағы және экономикалық өсуге ынталы мемлекеттің мүдделерін үйлестіруге мүмкіндік береді, бұған халыққа ипотекалық кредит берудің кең таралуы ықпал ететін болады.

2008 жылы Смирново селосында ипотекалық кредит беру есебінен емхана жұмысшылары үшін он екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталатын болады.

Аудан аумағында тұрғындырға ипотекалық кредит беруді ендіру мәселесін шешу кажет.

3.4. Тұрғын үй құрылысы жинақтырының жүйесі
Тұрғын үй құрылысы жинақтырының жүйесі Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін қарыз алу мақсатында жеке жинақтардың (қазіргі кезде тұрғын үй құнының 25 %-нан кем емес) қорлануына негізделген тұрғын үйлерді қаржыландыру тетігін білдіреді.

Тұрғын үй құрылысы жинақтырының осы жүйесі қөп жағдайда екінші деңгейдегі банктерден ипотекалық кредиттер алу кезінде бастапқы жарнаны енгізу үшін жеткілікті қаражаты жоқ, бірақ жеткілікті тұрақты кірісі бар азаматтардың санаттарына арналған.

Құрылыс жинақтары жүйесінің субъектілері арасындағы қатынастардағы мемлекеттің рөлі Қазақстан Республикасының азаматтары салымшыларға көрсетілген жинақтарға салымдар бойынша сыйлық төлеу жолымен тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесіне қолдау көрсету болып табылады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, банк салымшылары және салымдар бойынша сыйлықтарды тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне аудару мен төлеуді жүзеге асыратын мемлекет құрылыс жинақтары жүйесінің қатысушылары болып табылады.




  1. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

Бағдарламаның негізі мақсаты халықтың қалың жігіне тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді шешу болып табылады.

Мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді:

ұсыныс тарапынан да, сұраныс тарапынан да толыққанды теңдестірілген тұрғын үй нарығын жасау;

тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту және мемлекеттік жекеменшік серіктестігін ынталандыру;

жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру;

тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымдарын дамыту.


  1. Бағдарламаның негізі бағыттары мен оны іске

асырудың тетіктері
5.1. Ұсыныс тарапынан да, сұраныс тарапынан да толыққанды

теңдестірілген тұрғын үй нарығын құру
Бағдарламаны іске асыру мақсатында мемлекет құны арзан және қолжетімді тұрғын үйлерді салу арқылы азаматтарды тұрғын үйлермен қамтамасыз ету үшін жағдай жасайтын болады. Бұл ретте, пәтердің жалпы алаңының бір шаршы метірінің құны жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізген кезде реттелетін болады.

Қолжетімді тұрғын үйді жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражаты есебінен салатын болады және оның жайлылық деңгейі бойынша ғимараттарды жіктеуге сәйкес белгілі бір техникалық параметрлері болады.

Табыс деңгейлері әр түрлі азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін тұрғын үй ғимараттары жайлылық деңгейі бойынша жіктелуге тиіс. Оны салудың құны, тиісінше, оның қолжетімділік деңгейі осыған байланысты болады.

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министірлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2007 жылғы 16 мамырдағы № 149 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын ғимараттары» ҚР ҚнжЕ 3.02-43-2007 нормативтік-техникалық құжаттың талаптарына сәйкес ғимараттары жайлылық деңгейі бойынша жіктегенде 1 адамға шаққандағы пәтер алаңының және тұрғын алаңының мөлшері, еденнен төбеге дейін тұрғын үй-жайдың биіктігі, тұрғын бөлмелердің саны, ас үй бөлмесі аумағының ең төменгі мөлшері, ванна бөлмесі мен санитарлық тораптардың саны мен орны, каупсіздік жүйемен және өзге де көрсеткіштермен қамтамасыз етілу бойынша сыныптарда жіктелуін көздейді.

Қолжетімді тұрғын үйдін (пәтерлердің) орташа алаңы 80 шаршы метрден аспауға тиіс.

Халыққа қолжетімді тұрғын үйлер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Тұрғын үйді сату ережесіне сәйкес азаматтардың басым құқық берілген санаттарына сатылды.

Рәсімдердің ашықтығын арттыру және қолжетімді тұрғын үйді әділ бөлуді қамтамасыз ету мақсатында осындай тұрғын үйге үміткерлерді іріктеудің критерийлері анықталады және халық табысының шекті деңгейі белгіленетін болады, қолжетімді тұрғын үй осыларды ескере отырып бөлінеді.

Халықтың басым құкық берілген санаттарына мыналар жатады:

балалары бар жас отбасылар;

мемлекеттік қызметшілер;

мемлекеттік қызметші болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері;

мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері жатады.

Халықтың қолжетімді тұрғын үйлерді сатып алуы негізінен ипотекалық кредит беру арқылы немесе тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінің кредиттері есебінен жүзеге асырылатын болады.
5.2. Тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту және мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті ынталандыру
5.2.1. Жалға берілетін тұрғын үй секторын дамыту
Бағдарламамен жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үйлерді жобалау мен салу көзделмейді.
5.2.2. Кең ауқымды тұрғын үй салу үшін

қосымша ынталандыру шараларын жасау
Тұрғын үйдің қолжетімділік деңгейін арттыру жөніндегі шаралар кешенімен қатар Бағдарламада тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту үшін қосымша ынталандыру шараларын жасау көзделіп отыр.

Түсіндіру жұмыстарын жүргізу және тәуекел деңгейі үлестік құрылысына қарағанда мейілінше төмен тұрғын үй құрылыс кооперативін құру бойынша көмек көрсетіледі.

Мемлекеттің меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскесінің құрылыс үшін тегін бөлу тұрғын үй құрылыс кооперативін құрудың міндетті шарты болуға тиіс.

Тұрғын үй құрылыс кооперативінің меншігіне жер учаскесін беру тұрғын үй пайдалануға берілгеннен кейін, бірақ үй-жайды (пәтерді) беру актісі бойынша үйдің тұрғындарына берілгенге дейін жүзеге асырылуы тиіс.





    1. Жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру

Жеке тұрғын үй құрылысын мемлекет тарапынан ынталандыру жеке тұрғын үй құрылысына берілетін жер учаскелерін тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтасыз етуінде болып табылады.

Жеке тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту үшін жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін берудің мындай қағидаларын енгізуді көздеу қажет:


  1. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 726 қаулысымен бекітілген жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережесіне сәйкес жүзеге асырылуға..

Бұл ретте:

Алаңы10 сотықтан аспайтын жер учаскелерін тегін беру жүзеге асырылады;

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөлінген алаптар үйлер құрылысы басталғанға дейін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуге тиіс:

Жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдар бекітілген басты жоспарларға, толық жоспарлау жобаларына, құрылыс ережелері мен елді мекендер аумағының жер-шаруашылық құрылысының жобаларына сәйкес алаптарға бөлінуге тиіс.

2. Азаматтардың жеке тұрғын үй салуы тиісті органдармен белгіленген тәртіппен келісілген жоба бойынша жүзеге асырылады.


    1. Тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту
Құрылыс салынатын аудандарда тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдардың: жылумен, сумен, газбен және электрмен жабдықтайтын орам ішіндегі инженерлік желілердің, кәріздің, инженерлік құрылыстар мен жолдардың болуы, салынып жатқан тұрғын үйді пайдалануға уақтылы беруді қамтамасыз етудің негізгі факторы болып табылады.

Тұрғын үй құрылысы көлемінің өсуі жұмыс істеп тұрған энергия қөздерінің қуатын арттыру, сондай-ақ жаңаларын салу қажеттілігіне алып келеді.


6. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:

Тұрғын үйлерді пайдалануға беру қарқынын жыл сайын өсіру кезінде үш жыл ішінде жалпы алаңы 15531 шаршы метрге жуық тұрғын үй, соның ішінде 2008 жылы 5000 шаршы метр, 2009 жылы 5175 шаршы метр, 2010 жылы 5356 шаршы метр.

жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1056 шаршы метр (12 пәтер) тұрғын үйді ендіру жоспарланған.

жергілікті бюджет қаражаты есебінен оралмандар үшін 800 шаршы метр (10 пәтер) коммуналдық тұрғын үй ендіру жоспарланған.

13611 шаршы метр жеке тұрғын үй іске қосу болжанады, соның ішінде 2008 жылы- 4600 шаршы метр, 2009 жылы – 4855 шаршы метр, 2010 жылы – 4156 шаршы метр.

тұрғын үй құрылыс аудандары инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымдармен қамтамасыз етілетін болады;

40 адамнан асатын жаңа жұмыс орындары ашылады;

елді мекендердің сәулеттік бейнесі жақсарады;



құрылыс қызметінен бюджетке түсімдер, соның ішінде мүлікке салықты, құрылыс саласындағы жұмыскерлерден табыс салығын жинау ұлғаяды.

2008-2010 жылдарға арналған Аққайың ауданының тұрғын үй құрылысын бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары


Р/с №

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Болжамды шығыстар

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

Ұйымдастыру шаралары


1.1

Тұрғын үй құрылысының аудандар өңңірлік бағдарламаларын дайындау

Жергілікті атқарушы органдарың қулылары

Селолық округ әкімдері және құрылыс бөлімі

2008 жылдың 1 тоқсаны

Шығыстар болжанбайды




1.2

Тұрғғын үй-құрылыс кооперативтерін құруда түсіндіру жұмысын жүргізу және азаматтарға жәрдем көрсету

Аққайың аудандық құрылыс бөліміне ақпарат

Селолық округ әкімдері

Жыл сайын 5 шілдеден және 5 қантардан кешіктірмей

Шығыстар болжанбайды




1.3

Комерциялыұ салушылармен мемлекеттік-жеке меншіік әріптестік қағидаттарында елді мекендердің аумақтарын салу

Аққайың аудандық құрылыс бөліміне ақпарат

Селолық әкімдері және жеке құрылысшылар

Жыл сайын 1 шілдеден және 3 қантардан кешіктірмей 2008-2011 ж.

Тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарың инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын жобалауға, дамытуға және жайластыруға арналған аудандар, жергілікті атқарушы органдарына көзделген нысаналы трансферттердің бөлігі

Республиқалық бюджет

1.4

Тұрғын үйлерді ендіру көлемін қамтамасыз ету.

Аққайың аудандық құрылыс бөліміне орындалуы туралы есеп

Селолық округ әкімдері және құрылыс бөлімі

Ай сйын

1-нен кешіктірмей






Республиқалық, жергілікті бюджет, кәсіпорындар, ұйымдар және тұрғындар қаражаттары

  1. 2008-2010 жылдарға аранлған Солтүстік Қазақстан облысының тұрғын

үй құрылысының бағдарламасын ақпараттық – түсіндіруді қамтамасыз ету

2.1

Тұрғын үй құрылысының бағдарламасының негізгі ережелерін түсіндірумен мерзімді баспада мақалалар жариялау

орындалуы туралы есеп

Селолық округ әкімдері және құрылыс бөлімі

Жыл сайын 5 шілдеден және 5 қаңтардан кешіктірмей

Шығыстар болжанбайды



«2008-2010 жылдарға арналған Аққайың ауданының тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шегінде қаржыландырудың барлық көздері есебінен жоспарланған тұрғын үйді енгізу







Болжам

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

мың.м2

млн.тг


Шаршы саны

мың.м2

млн.тг


Шаршы саны

ш.м

млн.тг


мың.м2

млн.тг


Барлығы

5.0

64

5.2

67

5.4

68

245.0

248.9

272.4

Соның ішінде:



















Жергілікті бюджет

0.4

5

0.32

4

0.4

3

32.2

27.6

32.3

Оралмандар үшін коммунулдық тұрғын үй құрылысы









0.8

10





20.0

Тұрғындар қаражаты есебінен

4.6

59

4.88

63

4.2

55

212.8

221.3

220.1




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет