ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Dev 3209 - ДЕВИАНТОЛОГИЯ
5В012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»
мамандығы үшін
2 кредит (90 сағат)
Алматы, 2010
Алғы сөз
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің « Теориялық және практикалық психология» кафедрасы ЖАСАҒАН және ҰСЫНҒАН
ПІКІР ЖАЗҒАНДАР:
Сангилбаев О.С. - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі, психол.ғ.д., профессор.
Шерьязданова Х.Т. Қазмемқызпу-дың теориялық және пркатикалық психология кафедрасының меңгерушісі, профессор, психол.ғ.д
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «__»______2010жылғы №___ бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН және ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН.
4. ҚР-ның білім және ғылым министрлігінің 5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес.
5. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі секциясының кеңейтілген мәжілісінде ҚАРАЛДЫ хаттама №_2 «_09_»_сәуір_2010 ж.
Типтік бағдарлама Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілінің рұқсатынсыз көбейтілмейді және таратылмайды.
Түсініктеме
"Девиантология" атты жаңа пән жоғары мамандандырылған бакалавриаттарға оқытылады. Типтік бағдарламада кәмелетке толмағандардың девиантты мінез-құлқы психологиясының болмысы, негізгі теориялық-әдістемелік қағидалар, ауытқушы мінез-құлық түрлерінің классификациясы, жас және тұлғалық ерекшеліктер, асоциалды және қоғам тәртібіне қарсы топтардың құрылу механизмдері, психологиялық-педагогикалық превенция және интервенция мәселелері ашылады. Ауытқушы мінез - құлықтың қалыптасуына БАҚ-ның ықпалы мәселесіне, балалар мен жасөспірімдердің педагогикалық және әлеуметтік қараусыз қалуы, олардың мінез-құлықтарының "жәбірленушілік" мәселелеріне баса назар аударылған. Девиантты мінез - құлықты зерттеудің заманауи психологиялық әдістерінің негізгі қағидалары түсіндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |