Бағдарламасы «Физиканы оқыту теориясы»



Дата23.02.2016
өлшемі180 Kb.
#2796
түріБағдарламасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-16-13.1.04

/01-2013



ПОӘК

Оқытушыға арналған пәннің бағдарламасы

«Физиканы оқыту теориясы»

№ 2 басылым

10.01.2013 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Физиканы оқыту теориясы»

5В011000 – «Физика» мамандығы үшін
ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2013

Алғы сөз


1. ӘЗІРЛЕНГЕН
Құрастырушы:_____ « »________2013ж Сыдықова Ж.Қ., п.ғ.к., доцент м.а., физика кафедрасы
2. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Физика» кафедрасы отырысында


« » 2013ж., хаттама
Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., профессор С.С.Маусымбаев
2.2 Физика-математика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының

отырысында


« » 2013ж., хаттама
Төрайымы Қ.А.Батырова
3. БЕКІТІЛДІ

Университететің Оқу-әдістемелік Кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлданған және ұсынылған



« » 2013ж., хаттама
ОӘК төрағасы
4 «18» 09 2008ж. № 1 басылым ОРНЫНА ЕНГІЗІЛІП ОТЫР

Мазмұны





  1. Қолдану саласы

  2. Нормативтік сілтемелер

  3. Жалпы ережелер

  4. Оқу пәннің (модульдің) мазмұны

  5. Студенттердің өздік жұмысына арналған тақырыптардың тізімі

  6. Пән бойынша оқу-әдістемелік карта

  7. Оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз етудің картасы

  8. Әдебиеттер


1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
«5В011000» – «Физика» мамандығы студенттеріне арналған «Физиканы оқыту теориясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешеннің кұрамына енгізілген оқытушыға арналған пәннің бағдарламасы.
2 НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
«Физиканы оқыту теориясы» пәнінің оқытушыға арналған бағдарламасы келесі құжаттар талаптары мен ұсыныстарына сәйкес құрастырылған және аталған пән бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібін белгілейді:

- ҚР «Мемлекеттік жалпы міндетті жоғары білім беру стандарты» 23 тамыз 2012 ж. № 1080 қаулысымен іске қосылған және бекітілген;

«5В011000» – «Физика» мамандығының Типтік оқу жоспары, 10 сәуір 2012 ж. № 158 бұйрығымен іске қосылған және бекітілген;

- СТУ 042-СГУ-5-2012«Пәндердің оқу- әдістемелік кешенін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар» университет стандарты;

- ДП 042-1.07-2012 «Пәндердің оқу- әдістемелік кешенініңқұрылымы және мазмұны» құжаттандырылған процедурасы.
3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1. Пәннің қысқаша мазмұны:

«Физиканы оқыту теориясы» пәні бакалавр дайындау барысында маңызды орын алады және «Физика» мамандығында оқитын студенттер үшін негізгі пәндер блогының міндетті бөлігі болып табылады, өйткені студенттерге профессионалды жұмыс барысында көп нәрсені біліп, істей алу тиіс.

3.2 Пәнді оқып-білудің мақсаты:

студенттерге мектеп физика курсы мазмұнынының жүйелі түрде өзгеруінің обьективті қажеттілігін түсіндіру; жалпы білім беретін мектеп реформасының мәнін және физиканы оқытуда оны жүзеге асырудың жолдарын көрсету; оның ғылыми-техникалық прогреспен байланысын көрсету; жалпы білім беретін мектептер мен кәсіптік-техникалық оқу орындары үшін физика курсының негізгі мазмұны мен құрылымын және жан-жақты талантты, білімді де білгір мамандармен қамттамасыз ету үшін оқу-тәрбие процесін жетілдірудің жолдарын талдау. Курсты меңгеру процесінде студенттерді оқу жұмысының жаңа формаларымен, сабақ құрылымындағы өзгерістермен, жоспралаудың әртүрімен және т.б. таныстыру. Оқыту әдістерін қарастыра отырып, оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыруға, оқытудың жаңа қазіргі заманғы техникалық құралдарын тиімді пайдалануға, оқушылардың танымдық белсенділігін артыруға көңіл бөлу, оқыту әдістерімен таным әдістерінің арасындағы байланысты көрсету; студенттерді оқушыларға әдіснамалық білімдердің элементтерін қалыптастыру әдістемесін үйрету.

Физиканы оқыту әдістемесінің жеке мәселелерін қарастырған кезде ғылыми-әдістемелік талдауға және негізгі физикалық ұғымдарды қалыптастыруға, мектеп физика курсындағы теориялар мен заңдарды меңгертуге көңіл бөлу керек.

3.3 Пәнді оқып-білудің негізгі міндеті:

- физиканы оқытудың негізгі мақсаттарын, оларға жетудің негізгі тәсілдерін тұжырымдау;

- жалпы орта білім беретін мекемелердегі физика курсының құрылымын және қысқаша мазмұнын беру және талдау;

- оқыту әдістерінің теориялық негіздерін, физиканы оқытудың тәсілдерін қарастыру;

- физика бойынша оқу процесін ұйымдастырудың формаларын талдау; физиканы оқыту технологиясының теориялық негіздерін, физиканы оқыту кезінде оқушылардың оқу іскерлігін ұйымдастыру технологиясын талдау; мектептегі физика курсының жекелеген бөлімдерін меңгерту әдістемесін талдау; физика курсы бойынша демонстарциялық тәжірибелерді қоюдың техникалық және әдістемелік талаптарын талдау; физика есептерін шығарудың әдістемелік негіздерін талдау;

- мектеп физика кабинетін жабдықтау жүйесімен және ұйымдастыру негіздерімен таныстыру.

3.4Оқып-білудің нәтижелері:

Пәнді оқып-білудің нәтижесінде студент мыналарды:


  • физикадан оқушылардың зерттеу іскерліктерін (эксперимент барысын бақылау, өлшеулер жүргізу, құбылысты моделдеу, талдау) жүзеге асыру үшін қажетті ғылыми танымның негізгі әдістері жайындағы түсініктерін дамытуға мүмкіндік беретін әдістемелерді меңгеруі тиіс;

  • оқушылардың ақпараттармен жұмыс істей алу іскерлігін дамытуға бағытталған мұғалімнің жұмыс әдістемесін игеруі тиіс;

  • оқушылардың ұжымдық қарым-қатынастарын ұйымдастыру, өзбетімен жүзеге асыру іс-тәжірибеін дамытуға қажетті шарттарды білуі тиіс;

  • оқушылардың үздіксіз білім алу қажеттігін дамытуға мүмкіндік беретін мұғалім жұмысының формаларын білуілері тиіс;

  • оқыту әдістерін тиімді ұйымдастыруды;

  • оқушылардың шығармиашылық белсенділігін жоғарылатуды.

3.5 Курстың пререквизиттері:

пәнді меңгеру үшін студент «математика», «физика» (орта мектеп бағдарламасы көлеміндегі), «жалпы физика», «теориялық физика», «педагогика», «психология», «философия» сабақтарында алынған білімдеріне сүйенуі керек.

3.6 Курстың постреквизиттері:

Астрономия, физиканы оқыту әдістемесі.


3.7Оқу жұмыс жоспарынан көшірме:

1кесте


Курс

Семестр

Кредиттер

ДР сағ.

СПС сағ.

ЗС сағ.

ОСӨЖ (сағ)

СӨЖ сағ.

Бар-лығы

сағ.


Қорытынды бақылау түрі

3

5

3

15

15

15

22,5

67,5

135

емтихан


4 ОҚУ ПӘННІҢ(МОДУЛЬДІҢ) МАЗМҰНЫ

2кесте


Тақырыптардың атауы және олардың мазмұны

Сағат саны

1

2

1МИКРОМОДУЛЬ «ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ.»

Дәріс сабақтары

Кіріспе. Физиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым

1

Мектепте физиканы оқытудың негізгі міндеттері


2

Физиканы оқытудың қазіргі заманға концепциясы. Пәнаралық байланыс, оның әдістемелік дидактикалық мәні

2

Физикадан оқу сабақтарын ұйымдастырудың формалары. Демонстрациялық эксперимент, оның мәні

2

Практикалық сабақ




Қолданыстағы бағдарлама бойынша физиканы оқыту

1

Физика мұғалімінің жұмысын жоспарлау. Сабаққа дайындық

1

Физика сабағы және оны талдау

2

Физика сабақтарында оқушылардың құралдармен жұмыс жасауы

1

Білім, іскерлік және дағдыны тексеру және бақылау, тіркеу

1

Зертханалық сабақ

«Мектепте фронталь лабораториялық жұмыстарды өткізу әдістемесі. Физикадан экскурсияларды дайындау және өткізу»

2

«Мектеп физикалық экспериментінде компьютерлік технологияларды, моделдерді қолдану»

2

Тақырып: «Механика бойынша лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі»

3

2МИКРОМОДУЛЬ «САБАҚ ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ»

Дәріс сабақтары

Физикадан зертханалық сабақтар. Физика бойынша экскурсиялар, олардың міндеттері мен түрлері

2

Физика есептерін шығару. Оқушылардың білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын тексеру

2

Техникалық құралдарды пайдалану, бағдарламалап оқыту тәсілдері

2

Физикадан факультативтік курстар. Физикадан сыныптан тыс жұмыстар, түрлері және әдістері

2

Практикалық сабақ




Физика сабақтарында есептер шығару

2

Физика кабинеті және оны жабдықтау (мектепте өтеді)

2

Мектеп физика курсында тарихи материалдарды қолдану

1

Физика сабағын талдау (мектепте жүргізіледі)

1

Білімдерді жалпылау және қайталау сабағы. Оқу конференциялары

1

Физикадан сыныптан тыс жұмыстар

1

Білім берудегі жаңа технологиялар

1

Зертханалық сабақ

«Молекулалық физикадан лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі»

2

«Электродинамика бойынша лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі»

2

«Электр және магнетизм бойынша лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі»

2

«Оптика бойынша лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі»

2


5 СТУДЕНТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

5.1. 7-11 кл. Тақырыптық, календарлық жоспарды жасау

5.2. Физика бойынша экскурсия бағдарламасы мен жоспарын жасау

5.4. Есеп шығару сабақтарында электронды-оқытушы бағдарламаларды қолдану.




  1. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ

3 кесте

Тақырыбы

Көрнекті құралдар,

ТОҚ,зертханалық тақталар (стед)




Өздік меңгерілетін сұрақтар


Бақылау нысанасы


Дәрістер

Практикалық

сабақтар


Зертханалық сабақ

1

2

3

4

5

6

Кіріспе. Физиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым


Қолданыстағы бағдарлама бойынша физиканы оқыту

«Мектепте фронталь лабораториялық жұмыстарды өткізу әдістемесі. Физикадан экскурсияларды дайындау және өткізу»




Физиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым, зерттеу әдістері мен мәселелері. Физиканы оқыту әдістемесінің физикамен, философиямен, психологиямен, педагогикамен байланысы. Орта мектептің қазіргі заманғы даму кезеңіндегі физиканы оқыту әдістемесінің міндеттері мен өзекті мәселелері.

Кезектік бақылау

Мектепте физиканы оқытудың негізгі міндеттері


Физика мұғалімінің жұмысын жоспарлау. Сабаққа дайындық

«Мектеп физикалық экспериментінде компьютерлік технологияларды, моделдерді қолдану»

Сурет, кесте

Мектепте физиканы оқытудың негізгі міндеттері: физика ғылымының негізін меңгеру (бағдарламаланған мәселелер білімі, іскерліктер мен ждағдыларды қалыптастыру), оқушылардың ойлауын және танымдық іскерлігін дамыту, диалектика-материалистік көзқарас қалыптастыру, политехикалық білімдер меңгеру.

Кезектік бақылау

Физиканы оқытудың қазіргі заманға концепциясы. Пәнаралық байланыс, оның әдістемелік дидактикалық мәні


Физика сабағы және оны талдау

«Механика бойынша лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі»

Схема, кесте

Диаграмма, схема



Физиканы оқытудың қазіргі заманғы концепциясы. Мектеп физика курсының бірінші және екінші басқышының жүйесі мен мазмұны. Физиканың пропедевтикалық курсы. Мектеп физика курсының өркендеу болашағы. Физика курсының химиямен, биологиямен, математикамен, жаратылыстанумен және еңбекпен байланысы. Пәнаралық байланыстың әдістемелік және дидактикалық мәні.

Кезектік бақылау

Физикадан оқу сабақтарын ұйымдастырудың формалары. Демонстрациялық эксперимент, оның мәні


Физика сабақтарында оқушылардың құралдармен жұмыс жасауы

«Молекулалық физикадан лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі»

Кесте, плакат

Физикадан оқу сабақтарын ұйымдастырудың формалары, физика бойынша сабақ жүйесі. Күнтізбелік және тақырыптық жоспарлау, оқушылардың сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы орындайтын өзбеттерінше жұмыстары. Материалды ауызша баяндау формалары және олардың ерекшеліктері: әңгімелеу, әңгіме, түсіндіру, дәріс. Демонстрациялық эксперимент, оның мәні және оған қойылатын әдістемелік талаптар.


Кезектік бақылау

Физикадан зертханалық сабақтар. Физика бойынша экскурсиялар, олардың міндеттері мен түрлері әдістемесі.


Білім, іскерлік және дағдыны тексеру және бақылау, тіркеу

«Электродинамика бойынша лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі»

Схема, плакат, картатека

Физикадан зертханалық сабақтар: фронтальды зертханалық жұмыстар, физикалық практикум, фронтальды эксперимент, сыныптан тыс бақылаулар, тәжірибелер. Физикалық эксперименттің техникалық жабдықталуы және оның жүйесі. Физикалық құралдардың классификациясы және жалпы сипаттамасы.

Физика бойыша экскурсиялар, олардың міндеттері және түрлері. Экскурсияларды жоспарлау. Экскурсияларды ұйымдастыру және жүргізу



Кезектік бақылау

Физика есептерін шығару. Оқушылардың білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын тексеру


Физика сабақтарында есептер шығару

«Электр және магнетизм бойынша лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі»

Кесте


Физика есептерін шығару. Физика есептерінің классификациясы және оларды шығару әдістемесі. Есептерді шығару алгоритмі. Шығармашылық есептер және олардың түрлері. Әртүрлі типті есептерді құру принциптері. Бақылау жұмыстарын дайындау, өткізу және бағалау. Бақылау түрлері, оқушылардың білімдерін және іскерліктерін тіркеу.

Кезектік бақылау

Техникалық құралдарды пайдалану, бағдарламалап оқыту тәсілдері


Физика кабинеті және оны жабдықтау (мектепте өтеді)

«Оптика бойынша лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі»

Сурет, кесте

Физика сабақтарында сынып тақтасында схемаларды, плакаттарды және суреттерді, диафильмдерді, диапозивтерд, әртүрлі моделдерді пайдалану. Оқытудың техникалық тәсілдері: оқу киносы, дыбыстық құралдар, радио, телевизор. Бағдарламалап оқыту тәсілдері және оларды физиканы оқытуда қолдану.


Кезектік бақылау

Физикадан факультативтік курстар. Физикадан сыныптан тыс жұмыстар, түрлері және әдістері


Мектеп физика курсында тарихи материалдарды қолдану




Схема, сурет

Физикадан факультативтік курстар, оларды қою және оларды өткізу әдістемесі. Физикадан сыныптан тыс жұмыстар, формалары мен өткізу әдістемесі. Физикалық және тақырыптық үйірмелер, мектеп олимпиадалары және физикалық кештер. Физиканы оқытудың мәселелік әдісі. Бағдарламалап оқыту. Компьютерді қолданып оқытуға арналған оқытушылық, анықтамалық және моделдеуші бағдарламалар. Кәсіптік мектептердегі физиканы оқыту әдістемесінің ерекшеліктері. Физиканы оқытудың жаңа технологиялары.

Кезектік бақылау




Физика сабағын талдау (мектепте жүргізіледі)




Сурет, схема




Кезектік бақылау




Білімдерді жалпылау және қайталау сабағы. Оқу конференциялары




Схема, сурет




Кезектік бақылау




Физикадан сыныптан тыс жұмыстар




Схема, сурет




Кезектік бақылау




Білім берудегі жаңа технологиялар




Схема, сурет




Кезектік бақылау


7 Оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз етудің картасы

Таблица 4



Оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың атауы

Дана (саны)

Студенттердің саны

Қамтамасыз етілу пайызы

Теория и методика обучения физике в школе: общие вопросы //под ред. С.Е. Каменецкого, М.: 2000




28




Теория и методика обучения физике в школе: частные вопросы //под ред. С.Е. Каменецкого, М.: 200




28




Бугаев А.И. Методика преподавания физики в средней школе: теоретические основы.




28




Л.И.Анциферов, И.М.Пищиков Практикум по методике и технике школьного физического эксперимента: Учебн.пособие для студентов пед.ин




28




Межпредметные связи курса физики в средней школе//под ред. Ю.И. Дик, И.К.Турышева.




28




Учебное оборудование по физике в средней школе//под ред. А.А.Покровского. М.: Просв.1973




28




Демонстрационный эксперимент по физике. Ч.1,2.//под ред. А.А.Покровского. М.: Просв.1968




28




Фронтальные лабораторные работы по физике в 7-11 классах общеобразовательных учреждений //под ред. В.А.Бурова, -М.,1996




28




Физический практикум для классов с углубленным изучением физики: дидактический материал: 9-10кл. //под ред. Ю.И.Дик, О.Ф.Кабардина.- М.: Просвещение, 1993




28




Методика факультативных занятий по физике: пособие для учителей //под ред. О.Ф.Кабардина, В.А.Орлова.- М.: Просвещение, 1988




28




Усова А.В., Бобров А.А. Формирование учебных умений и навыков учащихся на уроке физики. – М.: Просвещение, 1988




28




Бурсиан Э.М. Задачи по физике для компьютера. – М.: Просвещение, 1991




28




Методика преподавания физики ч.1,2 //под ред.В.П.Орехова. А.В.Усовой.-М.: Просв.,1980




28




Смирнов А.В. Методика применения информационных технологий в обучении физике. Учеб.пособие.




28




Усова А.В. Практикум по решению физических задач: Для студентов физ.




28




Симакин М.В. Методика решения задач по физике для 10 класса естественно




28




Физиканы оқыту методикасы 6-7. Тұп нұсқасының редакциясын басқарған В.П.Орехов пен А.В.Усова. Алматы 1978.




28




М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1998.




28




Физикадан факультатив сабақтар методикасы. Түп нұсқасының редакциясын басқарған О.Ф.Кабардин, Алматы, 1985.




28







  1. ӘДЕБИЕТ

    1. Негізгі әдебиет

Негізгі әдебиеттер:

1. Теория и методика обучения физике в школе: общие вопросы //под ред. С.Е. Каменецкого, М.: 2000

2. Теория и методика обучения физике в школе: частные вопросы //под ред. С.Е. Каменецкого, М.: 2000

3. Бугаев А.И. Методика преподавания физики в средней школе: теоретические основы. - М.: Просвещение, 1981

4. Л.И.Анциферов, И.М.Пищиков Практикум по методике и технике школьного физического эксперимента: Учебн.пособие для студентов пед.ин-тов по физ.-мат. спец. –М.: просвещение, 1984. -255с.

5. Межпредметные связи курса физики в средней школе//под ред. Ю.И. Дик, И.К.Турышева.- М.: Просвещение, 1987

6.Учебное оборудование по физике в средней школе//под ред. А.А.Покровского. М.: Просв.1973

7.Демонстрационный эксперимент по физике. Ч.1,2.//под ред. А.А.Покровского. М.: Просв.1968

8. Фронтальные лабораторные работы по физике в 7-11 классах общеобразовательных учреждений //под ред. В.А.Бурова, -М.,1996

9. Физический практикум для классов с углубленным изучением физики: дидактический материал: 9-10кл. //под ред. Ю.И.Дик, О.Ф.Кабардина.- М.: Просвещение, 1993

10. Методика факультативных занятий по физике: пособие для учителей //под ред. О.Ф.Кабардина, В.А.Орлова.- М.: Просвещение, 1988

11. Усова А.В., Бобров А.А. Формирование учебных умений и навыков учащихся на уроке физики. – М.: Просвещение, 1988

12. Бурсиан Э.М. Задачи по физике для компьютера. – М.: Просвещение, 1991

13. Методика преподавания физики ч.1,2 //под ред.В.П.Орехова. А.В.Усовой.-М.: Просв.,1980

14. Смирнов А.В. Методика применения информационных технологий в обучении физике. Учеб.пособие. -М.:Академия., 2008. -240с


  1. Усова А.В. Практикум по решению физических задач: Для студентов физ.-мат.фак. /А.В.Усова, Н.Н.Тулькибаева М.: Просвещение, 2001, - 206с.

  2. Симакин М.В. Методика решения задач по физике для 10 класса естественно-математического направления, Кокшетау: Келешек – 2030, 2008. – 120с.

  3. Физиканы оқыту методикасы 6-7. Тұп нұсқасының редакциясын басқарған В.П.Орехов пен А.В.Усова. Алматы 1978.

  4. М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1998.

  5. Физикадан факультатив сабақтар методикасы. Түп нұсқасының редакциясын басқарған О.Ф.Кабардин, Алматы, 1985.

Қосымша әдебиет:

  1. Оценка качества подготовки выпускников основной школы по физике. М.: Дрофа, 2000.

  2. Оценка качества подготовки выпускников средней (полной) школы по физике. М.: Дрофа, 2001.

3. Кассандрова О.Н., Матвеев А.Н. Методика решения задач по молекулярной физике. М.: Изд-во Моск.унив-та, 1982

4. Ланина И.Я. Формирование познавательных интересов учащихся на уроках физики.М.: Просвещение, 1985

5. Л.А.Сена Сборник вопросов и задач по физике. Учебн.пособие. М.:Высшая школа, 1986

6. Бурсиан Э.В. Физические приборы. Учебн.пособие. М.: Просвещение, 1984

7. ж. Физика в школе.- мерзімдік басылым

8. ж. ФМИ – мерзімдік басылым

9. Газета «Первое сентября», приложение Физика - периодическое издание

10. 7-11 кластарға арналған физика оқулықтары





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет