Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»



бет47/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

«Ортаға тарт»


Ойыншылар саны: 10 20 адам.
Өткізетін орын: спорт зал, алаң.
Керекті құрал-жабдықтар: кеглилер.
Дайындық: Алаң ортасына арақашықтығы бір-біріне 50 см болатын 3- 5 кегли қойылады. Ойыншылар қол ұстасып шеңбер жасап тұрады.
Ойын мазмұны: Жетекшінің белгісі бойынша ойыншылар бір-бірін алға-артқа итеріп ортаға тартады. Ойыншылар кеглиден аттап немесе секіріп аяқтарын тигізбеу керек. Ортадағы кеглиді бір ойыншының аяғы тиіп құлатса, сол ойыншы ойыннын шығып отырады. Осылай ойыншылар біртіндеп азая береді. Ең соңында қалған ойыншы жеңіске жетеді. Ойыншылар санына қарай екі топқа бөліп ойнатуға болады.
Ойын ережесі:
1) Ойын тек жетекшінің белгісімен басталып, аяқталады;
2) Ойын барысында ойыншылар қолы үзіліп кетсе, ойын тоқтатылып, сол ойыншы ойыннын шығады;
3) Әрбір құлаған кеглиді орнына тұрғызып отыру керек;
4) Ойыншылар санына қарай әрбір кеглидің арақашықтығы ұзартылып немесе кішірейтіліп отырады.


«Қара артындағы қала»


Ойыншылар саны: 20 30 адам.
Өткізетін орын: спорт зал, алаң.
Керекті құрал-жабдықтар: волейбол добы.
Дайындық: Залдық жоғары бетіне қабырғадан 1-2 м қашықтықта негізі «Қала» сызылады. Қалған бөліміне диаметрі 1-1,5 м болатын үш-төрт шеңбер белгіленеді. Ол кіші «қала» болып есептеледі. Ойыншылар теңдей екі топқа бөлінеді. Жеребе бойынша ойынды бастайтын топ анықталады. Олар негізгі қалаға орналасады. Ал, қарсы топ алаңның барлық бөлімінен орын алады. Әр топ өз капитандарын сайлайды.
Ойын мазмұны: Топ капитаны волейбол ойынындағыдай допты астынан соғады да ең жақын шеңберге жүгіруі керек. Алаңдағы ойыншылар допты қағып алып қарсыласын шеңберге кіргізбей дәл ұрып тигізуі керек. Доп дәл тисе ойыншылар орындарын алмастырады. Егер доп тимей қиыс кетсе келесі шеңберге жүгіруіне болады. Ойыншы шеңберде жүгірмей қалып қойса, ойынды кезектегі келесі ойыншы жалғастырады. Ойын мақсаты допты өздеріне тигізбей алаңды айнала шеңберден шеңберге өтіп негізгі қалаға қайтып келу. Негізгі қалаға өткен әрбір ойыншыға бір ұпайдан беріледі. Қай топ көп ұпай жинаса сол топ жеңеді. Ойын белгілі бір уақытқа немесе белгілі бір ұпай санына дейін ойнатылады.
Ойын ережесі:
1) Ойыншы допты лақтырғаннан кейін жүгіруіне құқы бар;
2) Бір шеңберде бір ойыншыдан артық тұруға болмайды;
3) Ойын жетекшінің белгісімен басталып, аяқталады. Жетекші белгі бермесе ойын жалғаса береді;
4) Ойыншылар міндетті түрде шеңберде сәл кідіріп келесі шеңберге жүгіруі керек;
5) Шеңберден кері қарай жүгіруге болмайды;
6) Шеңберден шеңберге өту барысында қарсыластар кедергі келтірмеуі керек;
7) Екі топ келесі жағдайда орын алмасады:
а) Шеңберге дейін ойыншыға доп тисе.
б) Шеңберге екі ойыншы бірдей тұрып қалса.
в) Шеңберден бір аяғы шығып тұрғанда доп тисе.
8) Алаңдағы ойыншылар допты бір-біріне беруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет