Бағдарламасы Жалпы және теориялық физика кафедрасының отырысында талқыланды Хаттама №11 «30» маусым 2015 ж



Дата26.06.2016
өлшемі69.5 Kb.
#159313
түріБағдарламасы

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК

Жалпы және теориялық физика кафедрасы

БЕКІТЕМІН

«Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК оқу жұмысы жөніндегі проректоры


________ Е.А. Оңғарбаев
«____» _________ 2015 ж.

Магистратураның 6M011000- «Физика» мамандығына түсушілер үшін мамандық бойынша емтиханның

Бағдарламасы
Жалпы және теориялық физика кафедрасының отырысында талқыланды
Хаттама № 11 « 30 » маусым 2015 ж.

ЖжТФ кафедрасының меңгерушісі Р. Мырзакулов

ФТФ деканы Ә.Т. Ақылбеков

Астана, 2015 ж.
Магистратураның 6М01000- «Физика» мамандығына түсушілер үшін мамандық бойынша емтиханның

Бағдарламасы

Магистратураның 6М01000- «Физика» мамандығына түсушілер үшін мамандық бойынша емтиханның сұрақтары мынадай пәндері бойынша дайындалған жалпы және теориялық физика және физиканы оқыту әдістемесі:




  1. Механика

  2. Молекулярлық физика

  3. Электр және магнетизм.

  4. Оптика

  5. Атомдық және ядерлық физика

  6. Кванттық механика

  7. Астрономия

  8. Физиканы оқыту әдістемесі



Механика

Электронның механикалық және магнит моменттері. Электронның спині. Электрон импульсінің толық моменті. Спин-орбиталдық әсерлесу. Шырақтардың шығуы мен бату уақыттарының моментің есептеу. Айналмалы дене қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі. Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы. Оське қатысты материалдық нүктенің инерция моменті. Штейнер теоремасы. Қатты дененің инерция моменті. Инерция моментінің сақталу заңы. Жол, орын ауыстыру, бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс ұғымдарын қалыптастыру әдістемесі. Лоренц түрлендіруінің салдары (оқиғалардың біруақыттылғы, ұзындықтардың қысқаруы, оқиғалар ұзақтығының өзгеруі).

Жылжымайтын ось бойымен қатты дененің айналуы. Бұрыштық жылдамдық пен үдеудің векторлары. Дененің инерция моменті. Күш моменті.

Молекулярлық физика

Молекула-кинетикалық теория негіздері. Газдардың молекула-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі. Термодинамиканың негізгі түсініктері: термодинамикалық жүйе, термодинамикалық параметрлер, термодинамикалық тепе-теңдік. Термодинамиканың бірінші заңы. Жүйенің жылусыйымдылығы. Жылулық қозғалтқыштардың жұмыс істеу принципі. Карно циклінің ПӘК-і. Қайтымды және қайтымсыз процестер. Газ заңдарын баяндаудың индуктивті әдістері. Газ заңдарын баяндаудың дедуктивті әдісі. Идеал сұйық ұғымы. Сұйықтар мен газдардағы қысым. Паскаль және Архимед заңдары. Үзіліссіздік теңдеуі. Нақты газдар. Нақты газдың ішкі энегриясы.



Электр және магнетизм.

Жарықтың электромагниттік теориясы. Электростатика. Элементар электр заряды. Зарядтың сақталу заңы. Кулон заңы. Диэлектриктердегі электр өрісі. Диэлектриктердің поляризациясы. Екі диэлектрик шекарасындағы өрістің өзгеруі. Диэлектриктер үшін Гаусс теоремасы. Монохроматтық және нақты электромагниттік толқын. Фазалық және топтық жылдамдықтар. Магнит индукциясы векторының циркуляциясы. Толық ток заңы және оны магнитті соленоидты есептеуге қолдану. Магнит өрісіндегі ток контуры. Токтың магнит моменті. Тұрақты ток. Ток тығыздығы және өткізгіштігі. Тізбек бөлігі және толық тізбек үшін Ом заңы. Электромагниттік толқынның энергия ағысының тығыздығы (Умов-Пойтинг векторы). Электр қозғаушы күш. Тұйықталған жүйе үшін Ом заңы. Тұрақты ток тізбегіндегі жұмыс пен қуат. Интегралдық және дифференциалдық түрдегі Джоуль-Ленц заңы. Суперпозиция принципі. Диполь өрісін есептеу. Біртекті және біртекті емес сыртқы ортадағы диполь. Максвеллдің жарықтың электромагниттік теориясы. Максвелл теңдеулерінің интегралдық түрі және оның физикалық мағынасы. Еркін электрон үшін Дирак теңдеуін шешу.



Оптика

Конвективті зона. Фотосфера, хромосфера және күндік тәж. Жарық интерференциясы. Интенсивтілік. Монохроматты жарықтың интерференциясы. Көлемдік жарық көзінен интерференцияны бақылаудың мүмкін еместігі. Интерференцияның max және min шарттары. Интерференциялық жолақтардың ені. Жарықтың дисперсиясы және поляризациясы. Жарықтың дифракциясы. Гюйгенс-Френель принципі. Лазерлер. Сәуле шығарудың энергетикалық тығыздығы. Электромагниттік толқынның интенсивтілігі. Рентген сәулесінің дифракциясы. Вульф-Брег шарты. Рентген спектроскопиясы және рентген құрылымдық талдау туралы ұғым. Фотоэлектрлік және комптон эффектісі. Жарықтың дисперсиясы және поляризациясы. Жылжымалы орта оптикасы және эфир мәселесі. Майкельсон – Морли тәжірибесі. Жарық жылдамдығы және оны анықтау әдістері (Ремер әдісі, Бредли әдісі, Фуко және Майкельсон айналмалы айна тәжірибесі).



Атомдық және ядерлық физика

Вайцзеккердің жартылай эмпирикалық формуласы. Альфа - ыдырау. Негізгі эксперименталды мәліметтері мен заңдылықтары. Ядролық реакциялар мен ядролық реакциялардағы сақталу заңдары. Ядроның спонтанды бөлінуі. Негізгі қасиеттері мен заңдылықтары. Элементар бөлшектер мен олардың классификациясы және өзара ауысулары. Атомдық түсініктердің дамуы. Томсон атомының моделі. Резерфорд тәжірибесі. Резерфорд атомының моделі. Ядролық күштердің қасиеттері. Атом ядросының спині және статикасы. Сутегі атомындағы заңдылықтар. Бальмер формуласы. Жалған кескін ұғымын қалыптастыру әдістемесі. Шексіз терең потенциалдық шұңқыр. Энергетикалық спектр және стационар күйлер.



Кванттық механика

Кванттық теориядағы сутегі атомы. Кванттық сандар. Деңгейлердің пайда болуы. Механикалық қозғалыс, санақ денесі, салыстырмалы қозғалыс ұғымдарын қалыптастыру әдістемесі. Гейзенбергтің анықталмағандық қатынасы. Спин. Спин операторы. Спинорлар.

Кванттық механикадағы сызықты гармоникалық осциллятор

Астрономия

Қос және еселі санды жұлдыздар. Астрономияда қолданылатын физикалық заңдар: Вин, Стефан – Больцман, Планк заңдары, Допплер, Зееман эффекттері. Жұлдызды аспан мен жұлдыздар. Аспан сферасындағы элементтер. Кеплер және бүкіләлемдік тартылыс заңдары. Ғарыштық жылдамдықтар. Аспан сферасының айналуы. Әлем полюсінің биіктігі жайындағы теорема. Көлденең және экваторлық аспан координаттары. Астрономиялық рефракция. Жылдық параллакс. Салыстырмалы айналмалы санақ жүйесіндегі дененің қозғалысы. Кориолис күші мен оның Жерде байқалуы. Күннің айқын жылдық қозғалысы. Эклиптикалық координат жүйесі. Зодиактық шоқжұлдыз. Координаттар түрлендірілуі. Параллактикалық үшбұрыш. Уақытты өлшеу принциптері. Жұлдыздық уақыт. Күн жүйесі. Планеталар және олардың көзге көрінер қозғалысы. Әлемнің геоцентрлік жүйесі. Астрономиядағы арақашықтықты өлшеу. Астрономиялық бірлік және күннің параллаксы. Күн жүйесіндегі дененің сызықтық өлшемдері. Жердің Күнді айнала қозғалуын дәлелдеу: жылдық параллакс, жылдық жұлдыздық абберациясы.

Астрономиядағы төңкеріс. Гелиоцентрлік дүниетаным.

Физиканы оқыту әдістемесі

Физиканы оқыту әдістемесінің пәні, міндеттері, құрылымы. Физиканы оқытудың негізгі мәселесі. Физика сабағының мақсаты мен міндеттері ұғымы. Оқыту әдістемесін анықтау. Физиканы оқыту әдістерінің классификациясы. Оқытудың белсенді әдістерінің маңызы және олардың классификациясы. Физика бойынша сабақтарды ұйымдастыру түрлері, олардың қысқаша сипаттамасы. Физика бойынша сабақтар түрлері және олардың құрылымы. Қазіргі заманғы сабаққа қойылатын талаптар. Физика мұғалімінің жұмысын жоспарлау түрлері. Сабақ конспектісі. Физика есептерін шешудің мәні мен оқу процесінде олардың орны. Физика есептерінің классификациясы. Физикалық диктантты өткізу әдістемесі. Физикада оқу процесінде білімді тексерудің түрлері, формалары мен функциялары. Физика бойынша демонстрациялық тәжірибенің маңызы. Демонстрациялық тәжірибені жүргізу техникасына қойылатын талаптар. Физика бойынша өзіндік жұмыстардың түрі. Білім алушылардың физика сабағында өзіндік жұмысын ұйымдастыру. Физикадағы факультативті сабақтар жүйесі. Физикадан сабақтан тыс жұмыс есептері, олардың классификациясы. Физикадағы зертханалық жұмыстар мәні мен түрлері. Физикадан зертханалық сабақтарды өткізу әдісі. Мәселелік оқыту мәні. Мәліметті баяндау мәселесі. Физиканы оқытуда қолданылатын бақылау деңгейлері. "Механикалық тербелістер мен толқындар" тақырыбын зерттеу әдістемесі. Тербелістер мен толқындарды зерттеуде түрлі тәсілдерді талдау. Қатынас ыдыстар" тақырыбын зерттеу әдістемесі. Паскаль заңын зертеу әдістемесі. Ньютонның бірінші заңын зерттеу әдістері. Ньютонның екінші заңын зерттеу әдістері. Ньютонның үшінші заңын зерттеу әдістері.



Жалпы және теориялық физика

кафедрасының меңгерушісі Р. Мырзакулов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет