Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы жөніндегі ақпарат
Өнеркәсіп саясатының кезең-кезеңімен дамуы мақсатында ағымдағы жылдың 1 тамызында Қазақстан Республикасы Президентінің №874 Жарлығына сәйкес 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік индустриалды-инновациялық бағдарлама бекітілді.
Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы (әрі қарай Бағдарлама) ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясының басымдығына, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі «Экономиканы әртараптандыруды жеделдету» Стратегиялық даму жоспарының маңызды бағыттарын жүзеге асыруға, Қазақстанның дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру Концепциясына, сондай-ақ шетелдік инвесторлар Кеңесінің Қазақстан Республикасының Президентімен өткен XXVI пленарлық отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасы және Қазақстан Республикасының Президентінің 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының даму шеңберінде жасалған.
Бағдарлама 2010 -2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының жеделдетілген индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының қисынды жалғасы болып табылады және оның жүзеге асу тәжірибесін ескереді.
Бағдарлама Қазақстанның өнеркәсіптік саясатының бір бөлігі және өңдеуші өнеркәсіптің дамуына күш біріктіру мен шектеулі секторлар қатары, аймақтық мамандандыруда кластерлі тәсілді қолдану және нәтижелі саланы реттеуге тоғыстырылған.
Бағдарламаның негізгі мақсаты диверсификацияны ынталандыру және өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер белгіленген:
1) өңдеуші өнеркәсіптің озық дамуы;
2) нәтиженің жоғарылығы және басымдық секторына қосылған құнның көтерілуі;
3) шикізаттық емес экспорттың жоғарылауы;
4) өніммен қамтылуды сақтау;
5) өңдеуші өнеркәсіптің технологиялық басымдық секторына жаңа деңгей берілу және алдағы жасалатын инновациялық кластерлердің қалыптасу негізі мен дамуы;
6) өңдеуші өнеркәсіптегі шағын және орта бизнесті дамыту және кәсіпкерлікті қолдау.
Бағдарламаның іске асуы 2019 жылы 2012 жылғы экономикалық көрсеткіштер деңгейіне жетуге мүмкіндік береді:
-
өңдеуші өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемінің нақты 43% ға өсуі.
-
өңдеуші өнеркәсіпте тұтас қосылған құнның өсуі нақты көрінісінен 1,4 еседен кем емес;
-
өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігінің өсуі нақты көрінісінен 1,4 еседен кем емес;
-
шикізаттық емес (өңдеуші) экспорттың көлемдік өсуі 1,1 есе;
-
өңдеуші өнеркәсіп энергиясының жұмсалуының төмендеуі 15 % дан кем емес;
-
өңдеуші өнеркәсіпті жұмыспен қамтудың өсуі 29,2 мың адам.
Талдау қорытындысы бойынша өңдеуші өнеркәсіптің металлургия, химия, мұнай-химия, машина жасау, материалдар құрылысы, тамақ өнеркәсібі секілді 14 сектордан тұратын 6 басымдығы таңдалынды:
1) қара металлургия;
2) түрлі түсті металлургия;
3) мұнай өңдеу;
4) мұнай-газ химия;
5) азық түлік өнімдерінің өндірісі;
6) агрохимия;
7) өнеркәсіптік химиялық заттар өндірісі;
8) қозғалтқыш және жабдықтар бөлшектерінен тұратын автокөліктік құралдар өндірісі;
9) электрлі машиналар және электр жабдықтарының өндірісі;
10)ауылшаруашылық техникаларының өндірісі;
11)теміржол техникаларының өндірісі;
12) кен өнеркәсібі жабдықтары жән машиналарының өндірісі;
13) мұнай өңдеу және мұнай шығарушы өнеркәсібіне арналған машиналар өндірісі;
14)құрылыс заттарының өндірісі.
Инновациялық секторлар концептуалды және бағдарламалық құжаттарда, Мемлекет басшысының жолдаулары мен сөйлеген сөздерінде, 2014 жылдың 17 қаңтарындағы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында көрсетілген басымдықтарға сәйкес белгіленді.
Мұндай секторларға мобильді және мультимедиялық технологиялар, нано және ғарыштық технологиялар, робототехникалар, гендік инженерия, келешек энергиялардың ашылуы және ізденісі кіреді.
Сондай-ақ, Бағдарламада өнімді жасау құны мен дәрежесі және қызметіндегі өндірістік жоғары өсімнің қалыптасуында ел экономикасының технологиялық платформаға аударылуына бағытталған кластерлі саясат белгіленген.
Бағдарламаның жүзеге асу кезеңінде мемлекет:
- мұнай және газ өңдеу, мұнай-газ-химия, мұнай-газ-химиялық машина жасау және мұнай-газ өнеркәсібінің сервистік қызметтерімен байланысты базалық ресурстар секторының ұлттық кластерінің бірі:
-өңдеуші өнеркәсіптің нарықтық нысаналық секторының конкурстық рәсім нәтижесі бойынша анықталатын үш аймақтық кластері;
-«жаңа экономиканың» секторларындағы екі инновациялық кластерлер, Астана қаласында («Назарбаев университет» кластері), Алматы қаласында («Инновациялық технологиялар Паркі» кластері) теңдестірілген қуаттау және дамуға шоғырландырады.
_________________
Достарыңызбен бөлісу: |