Күнделік-есеп
Күні, айы
|
Әрбір күн үшін іс-тәжірибенің бағдарламасы мен жоспар-кестесіне сәйкес орындалған (зерделенген) жұмыстардың атауы
|
Жетекшінің белгісі
|
|
Оқу іс- тәжірибенің алғашқы күнінде ұйыммен және педагогикалық ұжыммен таныстым. Мектеп директоры, оқу іс- меңгерушілерінен мектеп тарихы жайында керекті мағлұмат алдым. Педагог ретінде, оқушымен ара-қатынасты дұрыс ұстау мақсатында, педагог қандай болу керек деген сұрағыма толық жауап алдым. Жетекші тағайындалды. Мектепке таңғы 8:00 ден бастап келу, кірген сәтте аты- жөнімізді тіркеу қажет екенін білдім.
|
|
|
Жетекшіммен толық танысқан соң, бекітілген сыныптардың сабағына қатысумен күнімді бастадым. 9 сынып оқушыларына қайталау мақсатында, тест тапсырмалары берілді. Жабық тест, ашық тест арқылы оқушылар өз білімін тексерді. Оқушылармен танысып, байланыс орната алдық.
|
|
|
Бекітілген сыныптардың сабағына қатысып, мұғалім мен оқушылардың әрекетін бақыладық. Қайталау сабақтарына қатысу мақсатында, оқушылардың деңгейін анықтай алдым. Сонымен қатар, мектептің ішкі және сыртқы тәртібімен де таныстым.
|
|
|
Мектеп жұмыс барысымен танысып, социометриялық әдіс жайлы толық мағлұмат ала алдым. Жұмыс барысында, әдістің мақсаты – балалар тобындағы тұлғааралық қатынасты зерттеу және бағалау, берілген әдістеме социаметриялық әдістің балаларға арналған варианты болып табылады. Оны жүргізу процедурасы келесідей: сыныптағы әрбір балаға үш ашық хаттан таратылады, оқушы келесі мазмұнды нұсқау алады. Психологиялық- педагогикалық оқу іс- тәжірибе болғандықтан, психологтармен тікелей жұмыс жасауға тырыстым. Социометриялық әдіс бойынша, оқушылармен тікелей жұмыс жасауды үйрендім.
|
|
|
Бесінші күні оқушылардың бөлім бойынша, тоқсан бойынша білімдерін тексеру мақсатында, бақылау жұмыстарын алдық. 9 сынып оқушылары, үлкен сынып қатарына жататындықтан, жұмыс жасау кішкене қиыншылық тудырды. Бақылау жұмыстарында, көбіне, ой-толғау, шығармашылық тапсырмалар өте көп болды. Мемлекеттік емтиханға дайындық ретінде, оқушылар эссе құрылымымен, қандай тақырып таңдау керектігін түсіне алды. Жасаған жұмыстарын, тапсырмаларын тексере отырып, білім деңгейлерін бақылай алдым.
|
|
|
Бұл күні бітіруші түлектерге тәрбие сағатын өткіздім. Мақсатым, дұрыс мамандық таңдау арқылы қандай жетістікке жете алатындығын түсіндіру болды. Әр оқушыдан қандай мамандық таңдағысы келгенін ашық сұрап, бағыт- бағдар беруге тырыстым. Жарқын болашақ, кемел болашаққа нық қадам басу үшін, алдымен, мектеп қабырғасында сабақты жақсы оқу басты міндет екенін түсінді. Келешекте, қабілетті тұлға ретінде қандай қадам жасайтындарын айтып, түсіндірді.
|
|
|
9 а сынып оқушыларымен, «Мәңгілік бала бейне» тақырыбында қазақ тілінен сабақ өттік. Сабақ барысында оқушылар, шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдана алады. Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдай алды.
«Мәңгілік бала бейне» әңгімесінің стилін түсінді.
Сабақтың негізгі мақсаты, оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
|
|
|
Психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибенің аяқталатын күні. Бұл күні оқушылармен қоштасып, ізгі- лебізімді білдіруге тырыстым. Санаулы күндердің ішінде, өзімді мұғалім ретінде сезіне алған, сезіндіре алған оқушыларға үлкен алғысымды білдірдім. Іс-тәжірибенің қорытынды есебін дайындап, жетекшіммен талдауға тырыстым. Мектеп ұжымымен қоштасып,алғысымды білдірдім.
|
|
Абай облысы Аягөз ауданы
Мәдениет аулының
«Е. Рахмадиев атындағы жалпы
орта білім беретін мектебі» КММ
9 «А» сыныбы
Мінездеме
Мендегі практика жүргізілген сыныпта 27 оқушы бар. Олардың 14-ұл балалар 13-қыз балалар. Сынып оқушыларының құжаттары түгел, психологиялық, физиологиялық дамуы жақсы дені сау, ұйымшыл, тәртібі талапқа сай. Барлық сабаққа белсенді қатысады, мұғалімдермен қарым-қатынасы коммуникативті. Мұғалімдердің берілген тапсырмасын аса қызығушылықпен орындайды. Оқушылар оқу-тәрбие процесіндегі кемшіліктерді дер кезінде ескеріп, шара қолданылып отырады. Көшеде жүру тәртібі, техникалық кауіпсіздікті дұрыс пайдалана біледі. Мектепте өткізілетін іс-шараларға, тәрбие сағаттарына түгел қатысады. Бұл сыныпта мектеп психологының психодиагностикалық зерттеу жүргізген мәліметі бойынша сыныпта 9 оқушы холерик, 8 оқушы сангвиник, 10 оқушы флегматик темперамент типтері анықталған. Психикалық процестеріне зерттеу жүргізіліп оқушылардың ойлау зейін, қабылдау, ес, түрлері қалыпты деңгейде. Сабақтан кешікпейді, берілген тапсырмаларды ұқыпты уақытында орныдайды. Сабақ үлгерімдері жақсы әсіресе математика, ана тілі пәндеріне қызығушылығы жоғары. Борыштық және жауапкершілікті сезіне біледі, сыртқы келбетіне, оқуға және оқулықтарға, мектеп мүлкіне жауапкершілікпен қарайды. Жалпы сынып ұжымы бір – бірімен тату тіл табыса біледі, үлкендерді сыйлайды, ұқыпты оқушылар. Алдағы оқу-жылын ойдағыдай аяқтап тәртіпті саналы жан-жақты жеке тұлға болады деген сенім бар.
Студент- практикант:
Аитжанов Жәнібек Асхатұлы _________________
Достарыңызбен бөлісу: |