"6M060400-Физика" бағыты бойынша магистратураның білім беру бағдарламаларына түсуге арналған бағдарламасы
Пәндер атауы және олардың негізгі бөлімдері
1. Механика
Кеңістік-уақыт
Кеңістік, геометрия, тәжірибе. Кеңістік-уақыттың негізгі қасиеттері(өлшем бірлігі, қисықтығы, біркелкілігі, изотроптығы, айналық симметриялығы). Координат жүйелері(декарттық, цилиндрлік, сфералық). Векторлық және координаттық түрде жазу әдістері. Координаттарды және векторлардың проекцияларын түрлендіру.
Оқиғаларды уақытқа байланысты реттеу. Себептілік принципі. Периодты процестер. Уақытты өлшеу. Сағаттарды синхронизациялау проблемасы.
Материялық нүктенің және қатты дененің кинематикасы
Материялық нүктенің қозғалысын сипаттау әдістері. Материялық нүктенің орын ауыстыруын, жылдамдығын және үдеуін векторлық және координаттық түрде өрнектеу. Материялық нүктенің тангенциаль, нормаль және толық векторлық үдеуі.
Қатты дененің қозғалысының еркіндік дәрежелері. Қатты дененің ілгерілемелі және айналма қозғалыстары. Жазық қозғалыс. Бұрыштық жылдамдық векторы. Элементар бұрыштық орын ауыстыру векторы. Бұрыштық үдеу. Айналма қозғалыстағы қатты дененің нүктесінің бұрыштық және сызықтық жылдамдықтарының векторлық байланысы. Лездік айналу осі.
Салыстырмалылық принципі
Инерция заңы. Инерциялық санақ жүйелері. Салыстырмалылық принципі. Галилей түрлендірулері. Жылдамдықтарды қосудың классикалық заңы. Галилей түрлендірулерінің инварианттары.
Денелердің қашықтан әсерлесуі, әсер өрісі және әсердің таралу жылдамдығы туралы ұғымдар. Жарық сәуленің жылдамдығын тәжірибе арқылы анықтау. Салыстырмалылықтың арнайы теориясының постулаттары(салыстырмалылық принципі, жарық сәуленің жылдамдығының тұрақтылық принципі, кеңістік-уақыттың қасиеттері). Себептілік принципі, сағаттарды синхронизациялау, бірмезгілдіктің салыстырмалылығы. Қозғалыстағы сағат жүрісінің баяулауы. Уақыттың баяулауының тәжірибеде дәлелденуі. Егіздер парадоксы. Қозғалыстағы дененің қозғалыс бағытындағы ұзындығының қысқаруы және көлденең бағыттағы мөлшерінің өзгермеуі. Лоренц түрлендірулері. Жылдамдықтарды түрлендірудің релятивистік заңы. Классикалық түрлендірулерге шекті өту. Интервал және меншікті уақыт. Интервалдың инварианттығы.
Достарыңызбен бөлісу: |