6D 080500-Су ресурстары және суды қолдану мамандығы бойынша докторантура PhD қабылдау емтиханы
БАҒДАРЛАМАСЫ
ПӘНДЕР
1. «САЛАЛЫҚ ЖӘНЕ КЕШЕНДІК ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАР»
Кіріспе.
Гидротехникалық құрылымдарды жобалау, оның құрылысын салу өте маңызы зор мәселе. Гидротехникалық құрылымдар салу арқылы егістікке жарамды жерлерге су жеткізіліп, дақылдар егіліп, халықтың тіршілігіне қажет азық алынады. Егер өзендегі су мөлшері аз болып, егістікті суғаруға су жетпесе, өзендегі ағынды су қоймасы арқылы реттеп, егістікке қажетті су көлемін жинақтайды. Бұл шараларға қол жеткізу үшін гидротехникалық құрылымдарды жобалап, есептеу және құрылысын салу тәсілдерін меңгеру қажет. Сонымен қатар, гидротехникалық құрылымдарды салу барысында табиғатқа келетін зиянды әсерлерді азайту шаралары да қарастырылуы қажет. Осы мәселеллер «Жүйелік және салалық мақсат тағы гидротехникалық құрылымдар » пәнін оқу барысында қарастырылады.
1.1 Гидротехникалық құрылымдардың астынан және айналып сүзілетін сулар
Табаны жартас емес топырақ арқылы сулардың сүзілу процессі. Сүзілу құбылыстарын есептеу мақсаттары мен тәсілдері. Сүзілу есептерінің жуық тәсілдері, ЛКФ, ұзартылған сүзілудің нобайы және гидродинамикалық тор тұрғызу арқылы есептеу.
Сүзілу есептерін эксперименталды тәсілдермен шешу (ЭГДА тәсілі, сүзілуге саңылау науасы).Гидродинамикалық торды графиктік тәсілмен тұрғызу. Су қоймасы бөгетін айналып, сүзіліп ағатын су мөлшерін анықтау тәсілі. Каналдағы гидротехникалық құрылымдар астымен сүзіліп ағатын су мөлшерін анықтау тәсілі.
1.2 Кешендік мақсатта пайдаланатын су қоймалары мен су тораптарын үйлестіру
Су тораптары мен су қоймаларын табиғи жағдайда, жер бедеріне сәйкес үйлестіруге қойылатын жалпы талаптар. Төменгі арынды, орта арынды және жоғарғы арынды су тораптарын үйлестіруге қойылатын талаптар. Су қоймасын салғанда өзеннің гидрологиялық режимінің өзгеруі және оның табиғатқа тигізетін әсері. Су қоймасы орналасқан аймақтың табиғатының өзгеруі. Су қоймасының жоғарғы бьефін ұйымдастыру және оның техника - экономикалық көрсеткіштері..
1.3 Гидротехникалық құрылымдар құрамындағы арнайы құрылымдар.
Гидротехникалық құрылымдар құрамындағы балық өткізгіш (балық жолдары, гидравлика лық және механикалық балық көтергіштер) және балық қорғайтын құрылымдар (гидравлика лық, механикалық және физиалогиялық балық қорғайтын құрылымдар).
Селден қорғайтын құрылымдар, олардың конструкциялық түрлері: топырақтан соғылған Медеу плотинасы, Талғар бөгеті, құрастырмалы элементтерден тұратын шұрық тесік Херхеулидзе бөгеті т.б. Жер бетін жыраланудан қорғайтын тәсілдер мен құрылымдар.
Гидротехникалық құрылымдар құрамында жоғарғы бьефтен төменгі бьефке ағаш пен анжыр өткізетін құрылымдар.
1.4 Өзен арнасындағы жуылып шайылу процессі және оны реттеу тәсілдері.
Өзен арнасындағы жуылып шайылу процестері, өзен арнасының қалыптасу процесі, олар дың орнықтылығы. Һзен арнасын реттеу тәсілдері. Өзен жағасын және табанын бекіту тәсілдері. Өзен арнасын реттеп түзету тәсілдері, бұл жұмыстарды орындауға қолданатын құрылыс материалдары мен элементтер. Ауыр салмақты құрылымдар: өзен жағасына ұзына бойына салынатын және өзен арнасына кесе көлденең салынатын құрылымдар. Өзен арна сын реттеуге қолданатын шұрық тесік және ағысты бағыттайтын құрылымдар
1.5 Өзеннен су алғыш құрылымдар түрлері және олардаң
конструкциялық ерекшеліктері.
Өзеннен су алғыш құрылымдар түрлері, олардың конструкциялық ерекшеліктері. Өзеннен бүйірлей су алатын гидротехникалық құрылымдар, оларды тиімді пайдалану жағдайлары.. Маңдайынан су алғыш гидротехникалық құрылымдар, оларды тиімді пайдалану жағдайлары. Торлы, табанындағы ор арқылы су алатын гидротехникалық құрылымдар, оларды тиімді пайдалану жағдайлары. Өзен арнасы тез жуылып, өзгеретін жағдайларда қолданылатын жеңіл конструкциялы су тірек құрылымдар, олардың конструкциялық ерекшеліктері және тиімді пайдалану жағдайлары
1.6 Су тұндырғылары және құм тас ұстағыш құрылғылар.
Су тұндырғыларды пайдалану жағдайлары және олардың топталуы. Жиналған тасынды-
ларды оқтын -оқтын жуатын тұндырғылар. Бір камералы және көп камералы тұндырғылар. Тұндырғыларды есептеу тәсілдері. Таулы өзендердегі магистралді каналдарға құрылатын қиыршық тастар ұстауға арналған құрылғылар, олардың конструкциялық ерекшеліктері. Су шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының қиыршық тас ұстағыш құрылғысы, оның конструкциялық ерекшеліктері мен артықшылығы. Гидротехникалық құрылымдарды климаты әртүрлі аймақтарда пайдалану ерекшеліктері мен тәсілдері.
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі :
1. Гидротехнические сооружения комплексных гидроузлов. / Под ред. П.С. Непорожного. М. «Энергия», 1973
-
Розанов Н.П., Бочкарев Я.П., Лапшенков В.С., Журавлев Г.И., Каганов К.М., Румянцев И.С., Гидротехнические сооружения. / Под ред. Н.П. Розанова. М. «Агропромиздат», 1985
-
Васильев И.А., Журавлев Г.И., Корюкин С.Н. и др. Гидротехнические сооружения. / Под ред. Н.П. Розанова. М. «Стройиздат», 1978
-
Гришин М.М., Слисский С.М., Рассказов Л.Н., Орехов В.Г. и др. Гидротехнические сооружения. / Под ред. М.М. Гришина. М.: «Высшая школа», Ч.1.2., 1979
-
Чугаев Р.Р. Гидротехнические сооружения, Части1.2, М.: «Высшая школа», 1975, 1978
-
Ничипорович А.А. Плотины из местных материалов. М.: «Стройздат», 1983
-
Михайлов А.В., Левачев С.Н. Внутренние водные пути. М.: «Высшая школа», 1982
-
Гришин М.м., Розанов Н.П. и др. Бетонные и железобетонные плотины на скальном основании. М.: «Стройиздат», 1975
-
Справочник проектировщика. Гидротехнические сооружения. / Под ред. В.П. Недриги. М.: «Стройиздат», 1983
-
Справочник Мелиорация и водное хозяйство, т.4 Сооружения. / Под ред. П.А. Поладзаде. М.: «Агропромиздат», 1987
Қосымша:
-
Гидроэнергетика и комплексное использование водных ресурсов СССР / Под ред. П.С. Непорожного М.: «Энергоиздат», 1982
-
СНиП 2.06.01.-86. Гидротехнические сооружения. Основные положения проектирования.
-
СНиП 2.06.05.-84. плотины из грунтовых материалов.
-
СНиП 2.06.06.-85. Плотины бетонные и железобетонные.
-
СНиП 2.02.02.-85. Основания гидротехнических сооружений.
-
СНиП 2.06.07.-87. Подпорные стены, судоходные шлюзы, рыбопропускные и рыбозащитные сооружения
-
СНиП 2.06.09.-84. Туннели гидротехнические.
-
СНиП 2.06.03.-85. Мелиоративные системы и сооружения
-
СНиП 2.06.04.-82. Нагрузка и воздействия на гидротехнические сооружения (волновые, ледовые и от судов)
-
СНиП 2.06.08.-87. Бетонные и железобетонные конструкции гидротехнических сооружений.
-
СНиП 2.06.15.-85. Инженерная защита территории от затопления и подтопления
-
СНиП 2.7.-81. Строительство в сейсмических районах.
-
Базарбаев А.Т., Копбасаров Ж. Гидротехникалық құрылымдар. Топырақтан соғыл ған бөгеттерді жобалауға арналған әдістемелік құрал. ҚазҰАУ. Алматы 2009 ж.
19 бет.
14. Базарбаев А.Т., Копбасаров Ж. Методические указания. Гидротехнические сооружения. Проектирование земляных плотин. КазНАУ. Алматы 2009 г. 31 с.
2. «СУ РЕСУРСТАРЫН БІРІГІП БАСҚАРУ»
КІРІСПЕ
Курстың мақсаттары мен шешетiн мәселелерi. Табиғи ресурстарды тиiмдi пайдаланудың тарихи, әлеуметтiк және экономикалық қажеттiлiгi, су ресурстарын кешендi пайдаланудың арнайы негiздерi. Су ресурстарын кешендi пайдалану және оларды қорғауға экологиялық тұрғыдан қарау. Табиғатты тиiмдi пайдалану заңдары.
Дүние жүзi, ТМД елдерi және Қазақстандағы су ресурстары және оларды пайдалану. Қоршаған табиғи ортаның құрамы ретiнде судың алатын орны. Өндiрiстiк күштердi өркендетуде судың ролi. Су ресурстары, олардың ерекшелiктерi, басқа табиғи ресурстарынан айырмашылығы. Өзендер, көлдер, мұздықтар және жер асты су қорларын тиiмдi пайдалану мүмкiншiлiгiн анықтауға арналған су тепе-теңдiк теңдеуiн пайдалану.
2.1 СУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ЖОСПАРЛАУ
Мемлекеттiк су шаруашылығы - анықтамасы, құрамы, қызмет мақсаттарының негiзгi белгiлерi. Су кадастры мен суды мемлекеттiк есепке алу су шаруашылығының басқа шаруашылық салаларымен өзара байланыстары. Су пайдаланудағы мемлекеттiк бақылау. Су пайдаланушыларға арнайы рұқсат беру. Суды пайдалануды алғашқы есепке алу. Қазақстандағы су заңдылықтары. Қазақстан және басқа елдердегi су шаруашылығы дамуының болашағы. Су ресурстарын пайдалануды жоспарлаудың ерекшелiктерi.
2.2 СУ ШАРУАШЫЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДIГI
Су шаруашылық тепе-теңдiк - су қорларын кешендi пайдалану және оларды қорғау нұсқасын түзуге негiз. СШТТ түрлерi. Келешекке арналған СШТТ түзу әдiстерi.
СШТТ кiрiс бөлiгi. СШТТ кiрiс бөлiгiн құрастыру. СШТТ шығын бөлiгi. Экономика салаларының суды пайдалануы. Суды пайдаланудың басты сипаттамалары. Суды пайдаланудағы болжамдар. Аймақтардағы iрi өзендер алаптарының СШТТ. Республиканың жеке аудандарындағы су тапшылығының себептерi.
2.3 СУ ШАРУАШЫЛЫҚ КЕШЕНДЕРI
Су шаруашылық кешенi туралы түсiнiктер. СШК-ның масштабтары мен құрылымдарының түрлерiне байланысты жiктеу. Суды тұтыну және суды бөлу.
СШК-нiң негiзгi қатысушылары. Олардың су кездерiнiң әлпiсi мен сапасына қоятын талаптары. Өндiрiстiк қызметтерi жән е оларды құру негiздерi.
2.4 СУ ШАРУАШЫЛЫҚ КЕШЕННIҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
Коммуналды-тұрмыстық шаруашылығы /КТШ/ - СШК мүшесi. Коммуналды-тұрмыстық шаруашылығына суды бөлу және бұл саланың қоршаған ортаға тигiзетiн әсерi. КТШ-ның суды тұтынудағы үнемдеу жолдары. Бөлiнетiн сулардың сапасы. КТШ-ның СШК құрамындағы басқа қатысушыларына көрсететiн ықпалы. Балық шаруашылығы - СШК мүшесi. Су қоймаларындағы судың сапасы мен деңгейлерiнiң әлпiсiне қойылатын талаптар. Су көлiгi - СШК мүшесi. Су көлiгiн СШК қатысушы- ларының құрамына енгiзудiң негiздерi. Су көлiгiнiң өндiрiстiк қызметтерi .Сауықтандыру - СШК мүшесi. СШК қатысушылары құрамына енгiзудiң негiздерi. Табиғи кешендер - СШК мүшесi. Табиғи кешендер туралы түсiнiктер. СШК құру кезiнде табиғи нысандарды қорғау шаралары. Табиғатты қорғау аймақтарын анықтау.
Мал және құс шаруашылығы - СШК мүшесi. Пайдаланатын суға қойылатын талаптар. Суды қолдану ерекшелiктерi. Бөлiнетiн сулардың сапалық қасиеттерi. СШК басқару қатысушыларына келтiретiн ықпалы.
Суару мелиорациясы - СШК мүшесi. Мелиорацияны СШВ қатысушыларының құрамына еңгiзудiң қажеттiлiгi мен тиiмдiлaгiе негiздеу Егiншiлiктi суландырудың өндiрiстiк қызметтерi Суару мелиорациясының басқа СШК мүшелерiне тигiзетiн әсерлерi.
Энергетика - СШК мүшесi. Энергетикалық жүйелерiн және электр қуатын тұтынушылар. Энергетика саласын СШК құрастырушылар құрамына енгiзудiң негiздерi. Өндiрiс - СШК мүшесi. Өндiрiстi СШК қатысушылары- ның құрамына енгiзудiң негiздерi. Өнеркәсiптi сумен қамтамасыздандырудың ерекшелiктерi. Өндiрiстiң әр түрлi салаларында пайдаланатын судың мөлшерi мен сапасына қойылатын талаптар. Өндiрiстiк қызметтерi. Өндiрiстегi суды үнемдеу жолдары. СШК басқа қатысушыларына тигiзетiн әсерлерi
2.5 СУ ШАРУАШЫЛЫҚ КЕШЕНДЕРIН БАСҚАРУ
Су шаруашылық кешендерi /СШК/ және су шаруашылық жүйелерi /СШЖ/ туралы түсiнiктер. СШК және СШЖ ерекшелiктерi, олардың басқа халық шаруашылық жүйелерiнен айырмашылығы. СШК және СШЖ морфологиялық қызметтiк және ақпараттық құрылымы. Су шаруашылық және гидромелиорациялық жүйелердiң өзара байланыстары. СШК-ны келешектi және ағымды басқару туралы түсiнiктеме. Басқарудың негiзгi мәселелерi. СШК-ны басқарудың дамуына қажеттi негiзгi түсiнiктер. СШК - басқарудың автоматтандырылған жүйелерi /БАЖ/. СШК-ны басқарудың автоматтандырылған жүйелерiнiң құрамы. БАЖ шешетiн мәселелер. БАЖ қызметiнiң кiшi жүйелерiн қамтамасыз ететiн құрамы. СШК-ны басқарудың автоматтандырылған жүйелерiнiң мысалдары
2.6 СУ ШАРУАШЫЛЫҚ КЕШЕНДЕРIНIҢ ҚҰРАМЫН ТҮЗУ
СШК құрамын түзу - басқарудың ең маңызды мәселелерiнiң бiрi. Әр түрлi деңгейлер иерархиясындағы СШК құрамын түзуде шешiлетiн мәселелер. Кең аймақтық СШК құрылымдарын түзу. Алаптық СШК құрылымдарын түзу мәселелерiн шешу әдiстерi. .СШК-ның қабылдаған құрылымының қызмет ету тиiмдiлiгiн анықтау барысында экономикалық әдiстердi қолдану. СШК-ны құру кезiнде оның келтiретiн зиянды әсерлерiн есепке алу. Жұмсалатын қаржыларды СШК мүшелерiнiң арасында бөлiстiру.
2.7 КЕШЕНДI СУ ТОРАБЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТIН БАСҚАРУ
Кешендi су торабы /КСТ/ - су шаруашылық жүйесiнiң негiзгi элементтерiнiң бiрi. Кешендi су тораптарында арынды қалыптастыру нұсқалары. Кешендi су тораптарының негiзгi параметрлерi және оларды анықтау. Кешендi су тораптарының әр түрлi типтерiн түзу ерекшелiктерi.
Кешендi су тораптарының жұмыс әлпiсiн басқару мәселелерi. КСТ қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерi. Жұмыс әлпiсiн диспетчерлiк графиктi түрде басқару. Су шаруашылық және гидромелиорациялық жүйелерiнiң диспетчерлiк қызметтерiнiң өзара байланыстары. КСТ жұмысын басқарудағы шығындармен жүргiзiлетiн күрес. КСТ су қоймаларының су қорларын пайдалану ережелерiнiң негiзгi жағдайлары
КСТ пайдалану кезiнде су бөлудi ұйымдастыру. Су тұтынушылардың су деңгейлерi әлпiсiне қоятын талаптарын ескеру. Саты түрде орналасқан су тораптарының әлпiсiн үйлестiру туралы түсiнiктер.
2.8 СУ ҚОРЛАРЫН ЛАСТАНУДАН ЖӘНЕ САРҚЫЛУДАН ҚОРҒАУ
Мұхит, теңiз, өзен суларының ластануы. Табиғи сулар сапасының көрсеткiштерi және негiзгi түсiнiктер. Табиғи сулардың қазiргi деңгейдегi сапасы, ластану дәрежесi. Табиғи суларды ластайтын негiзгi көздер. Суаттардағы сулардың тазалығын сақтауға және қайта құруға арналған iс-шаралар. Ағынды суларды тазалау әдiстерi. Суды тыңайтқыштардан және радиоактивтiк элементтерден қорғау. Мал шаруашылық кешендерiнiң ағынды суларды пайдалануы.
Су қорларының азаю себептерi. Су көздерiн судың азаюынан қорғауға арналған iс-шаралар: орман мелиорациясы, агромелиоративтiк және гидротехникалық iс-шаралар. Суды қорғау аймақтары. Жер бетiндегi суларды бақылайтын автоматтандырылған жүйелер. Шағын өзендердiң суларын қорғау нұсқалары. Су қорларын қорғаудың құқықтық мәселелерi.
2.9 ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМНIҢ БАСҚА ЕЛДЕРІНДЕГI АСА МАҢЫЗДЫ СУ ШАРУАШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРI ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Аймақтық су шаруашылық мәселелері. Қазақстанның негiзгi өзендерiнiң су шаруашылық мәселелерi. Арал теңiзi мен Балхаш көлiнiң мәселелерi. Едiл-Каспий мәселелерi және оларды шешу жолдары.
ҰСЫНАЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі:
-
Қазақстан Республикасының су кодексі. 31 наурыз 1993 ж N 2061-XII (ҚР заңдарымен өзгертулер енгізілген 24.12.96 ж. N 58-1; от 11.05.99 г. N 381-1)
-
Юшманов О.Л., Шабанов В.В., Галямина И.Г., и др. Комплексное использование водных ресурсов. Учебное пособие. – М.: Агропромиздат. 1985.
-
Васильев Ю.С., Хрисанов Н.И. Экологические аспекты гидроэнергетики – Л.: издательство ЛГУ, 1984.
-
Яковлев С.В., Прозоров И.В., Иванов Е.Н. и др. Рациональное использование водных ресурсов. М.: Высшая школа 1991.
Қосымша:
-
Пряжинская В.Г., Никун А.Д., Шнайдман В.М. и др. Математическое моделирование функционирования водохозяйственных систем. – М.: Наука 1988
-
Резниковский А.Ш., Рубинштейн М.И. Диспетчерские правила управления режимами водохранилищ М.: Энергоатомиздат, 1984
-
Бородавченко И.И. Лозоновская И.П., Орлов Д.С., Михура В.И. Комплексное использование и охрана водных ресурсов – М.: Колос, 1983.
Водное хозяйство. Справочник. Агропромиздат.-М.:1988.
Ф.ҚазҰАУ.42-04-10. Докторантура PhD түсу емтиханының бағдарламасы. Екінші басылым.
Достарыңызбен бөлісу: |