Бағдарламасы Шымкент 20 11 ж. Қабылдау емтиханның бағдарламасы 050604 Физика мамандығының Жалпы физика



Дата25.06.2016
өлшемі187.48 Kb.
#157878
түріБағдарламасы
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы

Физиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасы



Бекітемін

ҒЖ және ХБ жөніндегі проректоры

___________________ Бахов Ж.к.

(қолы, аты-жөні)

« » ______________ 2011 ж.




6М060400 – Физика

мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның



Бағдарламасы

Шымкент 2011 ж.

Қабылдау емтиханның бағдарламасы 050604 – Физика мамандығының

  1. Жалпы физика

  2. Теориялық физика

пәндерінің типтік бағдарламалары негізінде құрылған
Қабылдау емтиханның бағдарламасы кафедраның мәжілісінде талқыланған «__»_________2011__ж., №__ хаттамасы
Кафедраның меңгерушісі ______________ ф.-м.ғ.к., П.А. Саидахметов

Қабылдау емтиханның бағдарламасы Жаратылыстану-педагогикалық факультеттің әдістемелік комссиясымен мақұлданған ____________________

«__»________2011ж., №__ хаттамасы
Төрайымы _____________ Г. Бозшатаева
Қабылдау емтиханның бағдарламасы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімімен келісілген
ЖООКББО бастығы ________________________Ж.Изтаев

Кіріспе

Оқу үрдісіндегі мақсаты, міндеті және орны

6М060400 – «Физика» мамандығы юойынша магистрлік білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері болып:


  • магистранттардың физикалық ойлау мәдениетін, физикадағы және оның қолдануларындағы кәсіби біліктілігін дамыту;

  • магистранттарды білімін докторантурада жалғастыруға дайындау;

  • магистранттарды өзіндік ғылыми жұмысқа дайындау болып табылады.

Магистратураның білім беру бағдарламасы мазмұнының құрылымы, білім мазмұнын анықтайтын әр түрлі оқу жұмыстарынан қалыптасады, олардың өлшеуін және есепке алуын, арақатынасын бейнелейді.

6М060400 – «Физика» мамандығы бойынша магистрдің түйінді құзыреттеріне қойылатын талаптарға тиісті түсінігі болуы керек:

  • жаратылыстанудың әр түрлі аймақтарындағы қолданбалы есептерді шешудің физикалық тәсідері жайында;

  • физика ғылымының даму жағдайы мен зерттеудің перспективалық бағыты жөнінде;

  • физика бағыты бойынша педагогикалық жұмысты ұйымдастыру әдістемесі жөнінде;

магистрант білуі керек:

  • оқу пәні ретінде мамандық бойынша ғылымның дамуының тарихын;

  • анализ (физикалық, функционалдық, комплекстік), жалпы физика, теориялық физика, физиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі сияқты физиканың базалық пәндерінің жалпы принциптері мен өзекті идеяларын;

  • қазіргі кездегі физикада қолданатын зерттеу тәсілдерін;

  • ғылымның философиясы мен методологиясын, ЖОО психология және педагогика негіздерін, ғылыми зерттеулерді компьютеризациялауды;

  • мағлұматтық-библиография ісінің негіздерін істей білуі тиіс;

  • мамандық бойынша фундаментальды пәндер аймағында алған білімін теориялық және ғылыми-практикалық есептерді шешуде пайдалану.



Магистратураға қабылдау емтиханын тапсыруда қарастырылатын етиханға кіретін пәндер тізімі

Талапкерлер, мына базалық және кәсіптік пәндер бойынша: «Жалпы физика» және «Теориялық физика» магистратураға қабылдау емтиханын тапсырады.


Пәндердін атауы және олардың негізі бөлімдерінің қысқаша мазмұны



1.ЖАЛПЫ ФИЗИКА

1.1. Механика

Кіріспе. Физика – іргелі ғылым. Физиканың мазмұны мен құрылымы. Физиканың басқа ғылыми салаларымен байланысы.механика мазмұны. Механиканың дамуы жайында қысқаша тарихи шолу.

Материялық нүктенің кинематикасы. Материялық нүктенің динамикасы. Материялық нүктелер жүйесінің динамикасы. Қатты дене механикасы. Серпімділік күштер. Үйкеліс күші қатысатын қозғалыс. Бүкіл әлемдік тартылыс. Инерциялық емес санақ жүйелеріндегі қозғалыс (ИЕСЖ). Салыстырмалылықтың арнайы теориясының элементтер (САТ). Сұйықтар мен газдар механикасы. Тербелістер мен толқындар



1.2. Молекулалық физика

Кіріспе. Молекулалық физика пәні. Материялық дененің моделі. Заттардың агрегаттық күйлері және олардың белгілері. Заттың физикалық қасиетін сипаттау әдістері. Заттардың молекулалық-кинетикалық теориясын тәжірибе жүзінде негіздеу.

Газдардың молекула-кинетикалық теориясының негізгі қағидалары. Статистикалық әдіс және ықтималдықтар теориясының элементтері. Максвелл және Больцман таралулары. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Термодинамиканың екінші бастамасы. Тасымалдау процестері. Нақты газдар. Сұйықтар. Қатты денелер. Фазалық түрленулер.



  1. Электр және магнетизм

Кіріспе. Электр және магнетизмнің табиғаты туралы көзқарастардың қалыптасуына қысқаша шолу.

Электростатика. Электр өрісіндегі өткізгіштер. Диэлектриктердегі электр өрісі. Электростатикалық өрістің энергиясы. Тұрақты ток. Қатты денелердің электр өткізгіштігі. Электролиттердегі электр тогы. Газдардағы электр тогы. Магнит өрісі. Заттың магниттік қасиеттері. Электр магниттік индукци. Электр магниттік өріс. Электр магниттік тербелістер мен толқындар.



    1. Оптика


Кіріспе. Оптика пәні. Жарық жөніндегі ілімнің дамуына қысқаша тарихи шолу. Жарықтың электромагниттік табиғаты.

Фотометрия. Жарық интерференциясы. Жарық дифракциясы. Геометриялық оптика негіздері. Жарықтың изотропты және анизотропты орталарда таралуы. Жарық дисперсиясы, жұтылуы және шашырауы. Сәуле шығару түрлері. Люминесценция. Жарықтың әсері.



    1. Атом және Атом ядросының физикасы

Кіріспе. Атом, қатты дене, атом ядросының және қарапайым бөлшектер физикасының даму кезеңдері. Микроәлем құбылыстарының өлшемдері.

Атом туралы кванттық түсініктер. Корпускулалық-толқындық дуализм. Кванттық механиканың негізгі ұғымдары. Қатты дененің кванттық физикасы. Атом ядросының физикасы. Ядролық физиканың экспериментелдық әдістері. Ядролық реакциялардың физикасы.



2. ТЕОРИЯЛЫҚ ФИЗИКА

2.1.Классикалық механика

Кіріспе. Классикалық механика пәні, әдістері, бөлімдері.

Классикалық механикадағы негізгі ұғымдары және принциптері. Классикалық механикадағы өзара әсерлесу. Классикалық механиканың қозғалыс теңдеулері. Динамиканың кейбір мәселелері. Еріксіз жүйелердің динамикасы. Инерциалдық емес санақ жүйесіндегі қозғалыс. Қатты дене механикасы.



2.2. Электродинамика

Кіріспе. Электромагниттік әсерлесу, оның асипаттамалары. Классикалық электродинамика пәні, әдістері және басқа физика пәндердің арасындағы оның орны.

Электрлік заряд және вакуумдағы электромагниттік өріс. Электродинамиканың эксперименттік негіздері. Вакуумдағы электростатикалық өрісінің теңдеулері. Вакуумдағы стационарлық магнит өрісінің теңдеулері.

2.3. Кванттық механика

Кіріспе. Толқындық функция және оның физикалық мағынасы. Суперпозиция принципі. Шредингер теңдеуі. Гамильтон операторы. Стационар күй және оның қасиеттері. Кванттық механикалық шамалардың уақыт бойынша өзгеруі. Кванттық көріністер теориясы. Импульстік көріністегі толқындық функция және операторлар. Кванттық механикадағы матрицалық тұжырымдамасы.

Шредингердің радиал теңдеуін орталық өріс үшін шешу. Орталық өріс үшін шешімнің нольдегі және шексіздіктегі жалпы қасиеттері. Еркін қозғалыс. Кванттық ротатор. Сфералық плтенциалдық шұңқыр. Үшөлшемді осциллятор. Сутегі тәрізді атомдардың теориясы. Бірвалентті сілтілі элементтердің спектрі.

2.4.Статистикалық физика

Кіріспе. Көпбөлшекті жүйе. Физикадағы динамикалық және статистикалық әдістер. Феноменологтық термодинамика және статистикалық физика.

Статистикалық физика негіздері. Статистикалық термодинамика. Термостатта орналасқан жүйелердің статистикалық үлестірілуі. Идеал және нақты газдың қасиеттері. Фазалық тепе-теңдіктер және фазалық ауысу.


6М060400 – Физика мамандығының магистратураға қабылдау емтихан сұрақтарының ұсынылған тізімі

Механика

  1. Материялық нүктенің кинематикасы. Санақ жүйесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы. Қозғалыс заңдылығы, траектория, жол, орын ауыстыру. Жылдамдық пен үдеу векторлары. Галилейдің түрлендірулері, оның инварианттылығы. Тангенциал және нормаль үдеу. Бір қалыпты және бір қалыпты айнымалы түзу сызықты қозғалыстар.

  2. Материялық нүктенің шеңбер бойымен қозғалысы. Бұрыштық орын ауыстыру, бұрыштық жылдамдық, бұрыштық үдеу. Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар арасындағы байланыс.

  3. Тербелмелі қозғалыс. Гармониялық тербелістер. Тербелістің амплитудасы, жиілігі және фазасы. Гармониялық тербелмелі қозғалыстағы ығысу, жылдамдық және үдеу. Айналмалы және тербелмелі қозғалыстар арасындағы байланыс.

  4. Материялық нүктенің динамикасы. Күш. Әсер етуші күштердің тәуелсіздік принципі. Ньютонның заңдары. Импульс. Импульстің сақталу заңдары. Галилейдің салыстырмалылық принципі.

  5. Материялық нүктенің импульс моменті, күш моменті, инерция моменті.

  6. Күш жұмысы және қуат. Кинетикалық және потенциалдық энергия. Консервативтік және консервативтік емес күштер. Энергияның сақталу заңы.

  7. Қатты денені материалдық нүктелер жүйесі ретінде қарастыру. Абсолют қатты дене. Қатты дененің ілгерілемелі және айналмалы қозғалысы. Қатты дененің инерция моменті мен импульс моменті.

  8. Қатты дене үшін Ньютонның екінші заңы. Штейнер теоремасы. Қатты дененің импульс моментінің сақталу заңы.

  9. Серпімділік күштер. Қатты денелердің серпімділік қасиеттері. Серпімді деформацияның түрлері, әр түрлі деформациялар үшін Гук заңы. Серпімділік модулі, Пуассон коэффициенті. Серпімді деформацияланған дененің потенциалдық энергиясы.

  10. Үйкеліс күші қатынасатын қозғалыс. Үйкеліс күштері. Құрғақ үйкеліс заңдары. Тыныштық және сырғанау үйкелістері. Домалау үйкелісі. Үйкеліс күштерінің табиғаттағы және техникадағы мағынасы.

  11. Ньютонның бүкіл Әлемдік тартылыс заңы, тартылыс тұрақтысы. Ауырлық күші және дене салмағы, салмақсыздық. Ауырлық және инерттік массалар.

  12. Гравитациялық күштердің және инерция күштерінің эквиваленттік принципі. Центрлік гравитациялық өрістегі қозғалыс үшін энергия мен импульс моментінің сақталу заңдарын пайдалану. Бірінші, екінші және үшінші космостық жылдамдықтар. Планеталардың қозғалысы. Кеплер заңдары.

  13. Сұйық және газдағы қысым. Қысымды өлшеу. Тыныштық күйдегі сұйықтар мен газдардағы қысымның үлесуі. Паскаль заңы. Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары.

  14. Идеал сұйық. Үздіксіздік теңдеуі. Идеал сұйық үшін Бернулли теңдеуі. Торричелли формуласы.

  15. Тұтқыр сұйықтың қозғалысы. Ішкі үйкеліс. Ламинарлық және турбуленттік ағыс. Рейнольдс саны. Сұйықтар мен газдардағы денелердің қозғалысы. Стокс формуласы.

  16. Тербелістердің біртекті және серпімді ортада таралуы. Қума және көлденең толқындар. Жазық толқынның теңдеуі. Энергия ағыны. Умов векторы. Толқынның интенсивтілігі.

  17. Идеал газ. Қысым. Газдардың кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі. Температура. Температураның тәжірибелік және абсолюттік шкалалары. Термометрлер. Температураның Кельвин шкаласы.

  18. Газ заңдары. Идеал газ күйінің теңдеуі. Идеал газдың ішкі энергиясы.

  19. Газ молекулаларының жылдамдықтары, газ молекулаларының жылдамдықтарына байланысты таралуы. Максвелл және Больцман таралулары. Барометрлік формула. Штерн және Перрен тәжірибелері.

  20. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Күй функциялары. Процесс функциялары. Газдардың жылу сиымдылығы. Классикалық теорияның тәжірибеден ауытқуы. Жылу сиымдылығының кванттық түсінігі.

  21. Қайтымды және қайтымсыз процестер. Циклді процестер. Цикл жұмысы. ПӘК. Жылулық және суытқыш машиналар. Карно циклі. Карно теоремасы. Термодинамиканың 2-ші бастамасы. Келтірілген жылу мөлшері. Энтропия туралы түсінік.

  22. Нақты газдар. Газ қасиеттерінің идеал газ моделінен ауытқуы. Ван-дер-Ваальс изотермаларын талдау. Тәжірибелік изотермалар. Газ күйінен сұйыққа өту. Кризистік күй. Қаныққан бу. Ылғалдылық.

  23. Нақты газдың ішкі энергиясы. Джоуль-Томсон эффектісі. Төменгі температураларды алудың қазіргі әдістері. Газдарды сұйылту.

  24. Сұйық күйдің ерекшеліктері. Беттік керілу. Капиллярлық құбылыстар. Сұйықтың булануы және қайнауы. Асыра қыздырылған сұйық. Космостық қысым. Генри заңы.

  25. Бірінші және екінші реттік фазалық түрленулер. Үштік нүкте. Клапейрон-Клаузиус теңдеуі. Сұйық гелий қасиеттері.

  26. Заряд. Зарядтың сақталу заңы. Зарядтардың өзара әсерлесуі. Кулон заңы. Ортаның диэлектрлік өтімділігі.

  27. Электр өрісі. Өріс кернеулігі. Суперпозиция принципі. Диполь өрісі. Остроградский-Гаусс теоремасы және оны симметриялы денелердің өрісін есептеуге қолдану.

  28. Өріс күштерінің зарядтарды тасымалдау барысында атқаратын жұмысы. Кернеулік векторының циркуляциясы. Потенциал. Нүктелік зарядтың өрісінің потенциалы. Эквипотенциал беттер. Потенциал градиенті және оның өріс кернеулігімен байланысы.

  29. Зарядтардың өткізгіште орналасуы. Өткізгіштің бетіндегі электр өрісі және оның зарядтардың беттік тығыздығымен байланысы. Ықпал арқылы электрлеу. Электростатикалық қорғаныс.

  30. Өткізгіштердің электр сиымдылығы. Жазық, сфералық және цилиндр тәріздес конденсаторлар. Конденсаторларды қосу.

  31. Еркін және байланысқан зарядтар. Электр статикалық индукция векторы. Диэлектриктердегі өрісті сипаттаушы Остроградский-Гаусс теоремасы. Поляризация векторы. Электрлік қабілеттілік. Диэлектрлік өтмділік. Сегнетоэлектриктер. Пъезоэлектриктер.

  32. Жылжымайтын нүктелік зарядтар жүйесінің энергиясы. Зарядталған өткізгіштің және зарядталған конденсатордың энергиясы. Электростатикалық өрістің энергиясы мен энергия тығыздығы.

  33. Тұрақты ток. Электр тоғы. Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы. ЭҚК. ЭҚК бар және тұйық тізбек үшін Ом заңы. Ом заңының дифференциалдық түрі.

  34. Тармақталған тізбектер. Кирхгоф ережелері. Тұрақты ток тізбегінің жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы, оның дифференциалдық түрі.

  35. Қатты денелердің электрлік қасиеттеріне байланысты классификациясы. Металдардағы токтың табиғаты. Толмен және Стьюарт тәжірибелері.

  36. Мандельштам және Папалекси тәжірибелері. Металдардың өткізгіштігінің классикалық теориясы. Кедергінің температурға тәуелділігі. Асқын өткізгіштік туралы түсінік.

  37. Электронның металдан шығу жұмысы. Термоэлектрондық эмиссия және оның іс жүзінде қолданылуы.

  38. Электр тогының магнит өрісі. Токтардың өзара әсерлесуі. Ампер заңы. Индукция және магнит өрісінің кернеулігі. Магнит ағыны. Био-Савар-Лаплас заңы. Магнит өрісінің кернеулік векторының циркуляциясы. Толық ток заңы.

  39. Магнит өрісіндегі тогы бар өткізгіш орам. Магнит өрісіндегі электр тогына әсер етуші күш. Лоренц күші. Бөлшектің меншікті зарядын анықтау. Томсон тәжірибесі.

  40. Холл эффектісі және оның қолданылуы. Зарядталған бөлшектерді үдеткіш. Қозғалыстағы зарядтың магнит өрісі. Электр және магнит өрістерінің салыстырмалы сипаты.

  41. Электр магниттік индукция. Фарадей тәжірибесі. Ленц ережесі. Индукцияның электр қозғаушы күші. Фарадейдің электромагниттік индукция заңы. Құйынды токтар. Өзіндік және өзара индукция. Индуктивтілік. Магнит өрісінің энергиясы және энергия тығыздығы.

  42. Құйынды электр өрісі. Ығысу тоғы. Максвелл болжамы. Максвелл теңдеулері. Электр магниттік өріс энергиясының сақталу заңы. Магнит өрісінің энергиясы және энергия тығыздығы. Умов-Пойнтинг векторы.

  43. Электр тербелістері. Айнымалы электр қозғаушы күшін өндіру. Айнымалы ток тізбегіндегі кедергі, индуктивтілік және сиымдылық. Квазистационар токтар. Айнымалы ток тізбегі үшін Ом заңы. Айнымалы ток тізбегінің жұмысы мен қуаты.

  44. Тербелмелі электр контуры. Меншікті тербелістер. Томсон формуласы. Өшетін электр тербелістері. Контурдағы еріксіз тербелістер. Резонанс.

  45. Электромагниттік толқындарды тарату. Толқындардың таралуы. Герц вибраторы. Электромагниттік өрістің энергиясы. Радио байланыс және теледидарласу принципі.

  46. Жарықтың интерференциясы. Тербелістер мен толқындардың когеренттілігі. Жарық интерференциясын бақылау әдістері. Жарық көзі өлшемдерінің интерференциялық көріністің сапасына әсері.

  47. Оптикалық жарық жолы. Бірдей қалыңдық жолақтары. Бірдей көлбеулік жолақтары. Интерференциялық құралдар.

  48. Жарық дифракциясы. Гюгенс-Френель принципі. Френельдің методы. Бір саңлаудағы диракция. Дифракциялық торлар. Рентген сәулелерінің дифракциясы.

  49. Жарықтың поляризациясы. Поляризаторлар. Электромагниттік толқынның анизатропты ортада таралуы. Поляризацияланған сәуленің интерференциясы. Эллипстік және дөңгелектік поляризация.

  50. Жарық дисперсиясы. Жарық дисперсиясын бақылау әдістері. Жарықтың фазалық және топтық жылдамдықтары. Дисперсия теңдеуі. Қалыпты және аномальды дисперсия.

  51. Жарықтың жұтылуы. Жарықтың шашырауы. Жарықтың оптикалық біртекті емес ортадан өтуі.

  52. Жылулық сәуле шығару заңдары. Кирхгоф заңы. Абсолют қара дене. Сәуле шығарудың Стефан-Больцман заңы және Виннің ығысу заңы. Релей-Джинс формуласы. Планк формуласы.

  53. Фотоэлектрлік эффект. Сыртқы фотоэффект. Эйнштейн формуласы. Ішкі фотоэффект және оны практикада пайдалану. Комптон құбылысының мағынасы. Жарық жылдамдығы, оны өлшеу әдістері. Физо және Майкельсон тәжірибелері. Доплер құбылысы.

  54. Атом және молекулалар. Атомның периодтық қасиеттері. α – бөлшектердің шашырауы туралы Резерфорд тәжірибесі. Атомның планетарлық-ядролық моделі. Резерфорд өрнегі.

  55. Энергияның деңгейлері және оларды қоздыру әдістері. Шағылысу және жұтылу спектрлерінің жалпы сипаттамасы. Спектрлердің түрлері. Сутегі атомының спектрлік сериясы. Бор постулаттары.

  56. Атомның энергетикалық деңгейлері. Сутегі атомы туралы Бор теориясы. Франк-Герц тәжірибесі. Бор теориясын нақтылы мағлұматтармен салыстыру. Бор теориясының қайшылықтары.

  57. Жарық пен бөлшектердің корпускулалық-толқындық табиғаты. Луи де Броиль болжамы. Электрондар мен нейтрондардың дифракциясы. Де Броиль толқындарының қасиеттері.

  58. Дэвиссон-Джермер тәжірибелері. Гейзенбергтің анықталмаушылық принципі.

  59. Шредингер теңдеуі. Энергияның, импульс моментінің квантталуы. Бөлшектің потенциалдық шұңқырдағы қозғалысы. Сызықты гармониялық осциллятор. Кванттық сандар және олардың физикалық мағынасы.

  60. Штерн-Герлах тәжірибелері. Электронның спині және мангниттік моменті. Бордың магнетоны. Паули принципі.

  61. Көп электронды атомдардың құрылымы. Зееман-Штарк эффектісі. Магниттік резонанс. Ядролық магниттік резонанс. Электрондық парамагниттік резонанс.

  62. Ядро-өзара әсерлесуші протон-нейтрон бөлшектерінің жүйесі. Ядроның электр заряды. Ядроның құрылуы. Ядроның байланыс энергиясы.

  63. Табиғи және жасанды радиоактивтілік. Радиоактивтіліктің ыдырау заңы. Жартылай ыдырау периоды. α, β – ыдырау. Ядролардың γ – сәулесін шығаруы. Ядролық изомерия.

  64. Ядролық реакциялар. Ядролық реакциялар кезіндегі сақталу заңдары. Ядролық реакциялардың механизмі. Трнсурандық элементтер.

  65. Атом ядроларының бөлінуі және синтезі. Бөлінудің қарапайым теориясы. Спонтандық бөліну. Уран изотопының нейтрондардың әсерімен бөлінуі. Тізбекті реакция. Көбею коэффициенті. Реакторлар. Ядролық энергетика.

  66. Жеңіл ядролардың синтезі. Басқарылатын термоядролық реакция мәселесі. Жұлдыздардағы ядролық реакциялар.

  67. Элементар бөлшектер. Электрондық, күшті және әлсіз әсерлесулер. Ғарыштық сәулелер. Электрон, протон, нейтрон, фотон. Анти-бөлшектер. Мезондар мен гиперондар. Кварктар.

  68. Гамильтон принципі. Лагранж теңдеуін қорыту. Жалпыланған координаттар және импульстер. Циклдік координаттар. Сыртқы өріс пен кеңістік-уақыттың симметриялық қасиеттері және сақталу заңдары. Электромагниттік өрістегі зарядталған бөлшектердің Лагранж функциясы. Гамильтон функциясы және Гамильтон теңдеуі. Пуассон жақшалары. Гамильтон функциясының симметриясы және сақталу заңдары.

  69. Бір өлшемді қозғалыс, оның зерттелуі. Бір өлшемді финитті қозғалыстың периоды. Екі дене есебі, оны бір бөлшектің есебіне келтіру, келтірілген масса. Центрлік-симетриялық өрістегі бөлшек. Сақталу заңдары, қозғалыс. Кепплер есебі. Кепплер заңдары және Ньютонның кері есебі. Күштің өрістілігі бөлшектердің шашырауы, шашыраудың қимасы, Резерфорд формуласы.

  70. Салыстырмалық арнайы теориясының эксперименттік негіздері. Эйнштейн постулаттары. Минковский кеңістігіндегі Лоренц түрлендірулері. Төрт өлшемді тензорлар және физика заңдарын коварианттық түрде жазу. Бөлшектің инварианттық массасы. Бөлшектің төртөлшемді импульсі, оның құраушылары.

  71. Вакуумдағы электромагниттік өріске арналған Максвелл теңдеулер жүйесінің интегралды және дифференциалды түрлері. Максвелл теңдеулерінің физикалық мағынасы. Электромагниттік өрістің потенциалдары. Лоренц шарттары. Потенциалға арналған теңдеулер. Электромагниттік өрістің энергия тығыздығы, импульсі.

  72. Вакуумдағы магнитостатикалық теңдеулері. Векторлық потенциал. Векторлық потенциалға арналған Пуассон теңдеуі. Бірқалыпты қозғалыстағы зарядтардың электромагниттік өрісі. Үлкен арақашықтықтағы заряд жүйесінің векторлық потенциалы. Магниттік момент, оның қасиеттері, тұйықталған токтың магниттік моменті.

  73. Электромагниттік толқындар, олардың таралу жылдамдығы. Жазық толқындар. Жазық монохроматты толқындар. Электромагниттік толқынның поляризациясы. Еркін қозғалыстағы зарядтардың электромагниттік өрісі. Даламбер теңдеулері. Кешігуші потенциалдар.

  74. Тұтас орта механикасының негізгі ұғымдары. Деформация кинематикасы. Массаның сақталуы және үздіксіздік теңдеуі. Кернеулік тензоры, импульс, импульс моментінің өзгеру заңдары.

  75. Идеал сұйықтың қозғалыс теңдеуі. Эйлер теңдеуі. Стационар ағыс және Бернулли интегралы. Сығылмайтын сұйық. Тұтқыр сұйық үшін Навье-Стокс теңдеуі.

  76. Кванттық механика пәнінің алатын орны. Физикалық шамалардың мәндерінің теңдеуі. Бөлшектік-толқындық екіжақтылық. Анықталмағандық қатынас.

  77. Толқындық функция. Суперпозиция принципі. Де-Бройль толқындары. Кванттық механикадағы анықталмаған шамаларды бейнелеу.

  78. Кванттық механиканың математикалық аппараты. Операторлар. Операторлар коммутаторы. Эрмитті операторлар. Бақыланатын шамалар.

  79. Шредингер теңдеуі. Ықтималдылық ағын тығыздығының векторы. Бақыланатын шамалардың орташа мәндерінің уақыт бойынша өзгерісі. Гейзенберг анықталмағандығы.

  80. Сақталу заңдары және олардың кеңістік пен уақыттың симметриясымен байланысы. Шредингердің стационар теңдеуі. Квазиклассикалық жуықтау.

  81. Потенциальды шұңқырдағы бөлшек. Потенциальды тосқауыл. Туннель эффектісі. Сызықты гармоникалық осциллятор.

  82. Статистикалық физиканың негіздері. Микро және макро жүйелер. Статистикалық таралу заңдылығы. Микроканоникалық таралу заңдылығы.

4. Ұсынылған әдебиеттер

4.1. НЕГІЗГІ әдебиеттер:

  1. Стрелков С.П. Механика, Изд. 4-е, стер. СПб.: Лань, 2005.

  2. Савельев И.В. Курс общей физики. Изд. 5-е, стер. СПб.: Лань, 2006.

  3. Фриш С.Э., Тимореева А.В. Курс общей физики. Т.1. Изд. 11-е, стер. СПб.: Лань, 2006.

  4. Грабовский Р.И. Курс физики. Изд. 9-е, стер. СПб.: Лань, 2006.

  5. Ч.Киттель, У.Найт, М.Рудерман. Механика. Берклевский курс физики. Изд. 3-е, стер. СПб.: Лань, 2005.

  6. Е.М.Гершензон, Н.Н. Малов. Курс общей физики, механика. Алматы, Білім. 1996.

  7. Иродов И.Е. Задачи по общей физике. Изд. 11-е, стер. СПб.: М.; Краснодар: Лань, 2006.

  8. Савельев И.В. Молекулярная физика и термодинамика. М.: Астрел, 2001 г.

  9. Кикоин А.К., Кикоин И.К. «Молекулярная физика»: учебное пособие для вузов. – М: Наука, 1990. – 592 с. -/Общий курс физики; т.2/.

  10. Савельев И.В. Сборник вопросов и задач по общей физике. М.: АСТ, 2001 г.

  11. Волькенштейн В.С. Сборник задач по общему курсу физики. – М.: Наука, 2000.

  12. Иродов И.Е. Задачи по общей физике. М.: Наука, 1988. – 416 с.

  13. Аскарова Э.С. Молекулярная физика. Алматы, 2006 г.

  14. Савельев И.В. Электричество и магнетизм. М.: Астрел, 2003 г.

  15. Волькенштейн В.С. Сборник задач по общему курсу физики. –М.: Наука, 2000.

  16. Иродов И.Е. Задачи по общей физике. М.: Наука, 2001 г.

  17. Калашников С.Г. Электричество. – Москва: Наука, 1986 г.

  18. Трофимова Т.И. Курс физики. – М.: высшая школа, 2001 г.

  19. Курс физики в 2-х т., под ред. Лозовского В.Н., – С.: «Лань», 2001.

  20. Трофимова Т.И. Сборник задач по общему курсу физики. – М.: Высшая школа, 2001 г.

  21. Гильденбург В.Б. Сборник задач по электродинамике. М.: физмат, 2001.

  22. Ландау Л.Д., Лифшиц Е.М. Теоретическая физика. Теория поля. М.:Наука, 2006.

  23. Электродинамика. М.: Просвещение. 1991.

  24. Терлецкий Я.П., Рыбаков Ю.П. Электродинамика. М.: Высшая школа,1990.

  25. Батыгин В.В., Топтыгин И.Н. Сборник задач по электродинамике, 2002.

  26. Гуревич А.Г. Физика твердого тела. М.: Высшая школа, 2004

  27. Дмитриева В.Ф., Прокофьев В.Л. Основы физики. М.: Высшая школа 2003

  28. Калашников Н.П., Смондырев М.А. Основы физики. 1,2 том «Изд. Дрофы», 2004

  29. Сборник вопросов и задач по физике. Учебное пособие под ред. Е.М.
    Гершензона. М: ACADEMA, 2006.

  30. Сивухин Д.В. Общий курс физики. М.: Наука. Т.1.1989, Т.2. 1990, Т.3. 1983,
    Т.5. 1986

  31. Шпольский Э.В. Атомная физика. Учебное пособие в 2-х т М.: Наука, 1984,
    Т.1.Т.2.

  32. Наумов А.И. Физика атомного ядра и элементарных частиц. М.:
    Просвещение, 1984.

  33. Кабулов А.Б. Некоторые вопросы квантовой теории многих тел. Курс
    лекций. Алматы, 2002.

  34. Стрыгин Д.П. Коэффициенты векторного сложения. Алматы, 2002.

  35. Михайлов В.М., Крафт О.Е. Ядерная физика. Ленинград:Ленингр.
    Универс., 1988.

  36. Соловьев В.Г. Теория атомного ядра. М.: Энергоиздат, 1989.

  37. Окунь Л.Б. Физика элементарных частиц. М.: Наука, 1988.

  38. Годдфрид К., Вайскопф В. Концепция физики элементарных частиц. М.:
    Мир, 1988.

  39. Ландау Л.Д., Лифшиц Е.М. Теоретическая физика. В 9 книгах. М.:
    Наука., 1993-2006.

  40. Мултановский В.В., Василевский А.С. Курс теоретической физики, в 4-х
    книгах. М: Просвещение. 1988; 1990; 1991.

4.2. ҚОСЫМША Әдебиеттер

  1. Кабулов А.Б. Некоторые вопросы квантовой теории многих тел. Курс
    лекций. Алматы, 2002.

  2. Мултановский В.В., Василевский А.С. Курс теоретической физики Ме­ханика. М.: Просвещение. 1991.

  3. Истеков К.К. Лекции по избранным главам теоретической физики. Алматы, 2004.

  4. Истеков К.К. Курс теоретической физики. Изд.: Prints 2005.

  5. 5. Гантмахер Ф.Р. Лекции по аналитической механике. М.: физматлит, 2002.

  6. Пятницкий Е.С., Трукан Н.Н., Ханукаев Ю.Н. Сборник задач по аналити­
    ческой механике. М.:физматлит, 2002.

  7. Ландау Л.Д., Лифшиц Е.М. Теоретическая физика. Квантовая механика. М: Наука, 1995.

  8. Шпольский Э. В. Атомная физика. Т.2. М.: Наука, 1983.

Галицкий В.М.,Карнако

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет