М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы
«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы
-
«Бекітемін»
ҒЖ және ХБ жөніндегі проректоры
_________________ Бахов Ж.К.
« » ______________ 200__ ж.
|
6М010100- "Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу"
мамандығының магистратураға қабылдау емтиханының
БАҒДАРЛАМАСЫ
Шымкент 2011 ж.
Қабылдау емтиханның бағдарламасы 6М010100 - Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мамандығы пәндерінің (Дүниетану теориясы мен әдістемесі, Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру, Мектепке дейінгі педагогика, Тіл дамыту әдістемесі) типтік бағдарламалары негізінде құрылған
Қабылдау емтиханның бағдарламасы Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасының мәжілісінде талқыланған
« » 20__, № ___ хаттамасы
Кафедраның меңгерушісі п.ғ.д., профессор Искакова Л.Т. ________________
(қолы)
Қабылдау емтиханның бағдарламасы Филология факультетінің әдістемелік комиссиясымен мақұлданған _________ « » 20____ж., № ___ хаттамасы
Төрағасы ____________________
(қолы, тегі, аты)
Қабылдау емтиханның бағдарламасы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығымен келісілген
ЖООКББО бастығы ________________________Ж.Изтаев
Кіріспе
Бакалаврлық білім бағдарламасын озық меңгерген бітірушілеріне ғылыми жұмыстарын жалғастыру үшін магистратурада оқуларына мүмкіндік бар. Оқу уақыты 2 жыл, 6М010100 - "Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу" мамандығының магистратурасын бітірушілерге «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу магистрі» академиялық дәрежесі беріледі. Бұл ұйымдастырылған оқу-педагогикалық іс-әрекет ғылыми фактілерді теориялық курс негізінде тереңірек меңгеруге, бакалаврдың әдістемелік дайындығын болашақ ЖОО мен ОАОО оқытушысы ретінде жетілдіруге мүмкіндік береді. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу магистрі мектепке дейінгі тәрбиеші, педагогикалық колледж және ЖОО оқытушысы, педагогикалық ғылыми ұйымдардың қызметкері, сондай-ақ педагогикалық білім жүйесінің менеджері ретінде жұмыс істей алады.
1. Пәндердін атауы және олардың негізі бөлімдері
1.1 Дүниетану теориясы мен әдістемесі
Дүниетану әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру әдіс- темесі жеке ғылым. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде табиғатпен таныстырудың үрдісі, формалары, әдіс-тәсілдері. Әдістеменің педагогикалық пәндер мен, дидактикамен, психологиямен, тәрбие теориясымен, мектеп жасы на дейінгі педагогикамен байланысы.
Балаларды оқыту мен тәрбиелеуге байланысты алыс және жақын шетел дердің алдыңғы қатарлы ойшыл дарының кағидаларын, педагогикалық, психологиялық зерттеулер нәтижелерін пайдалану.
Дүниетану әдістемесінің даму тарихы
Я.А.Коменский балалардың жан-жақты дамуында қоршаған дүниемен таныстырудың маңызы.
Ж.Ж.Руссо балалар бойындағы қасиеттердің еркін дамуында табиғат зандылықтарымен сәйкестендіре отырып мүмкіндік жасаудың кұндылығы жайында. Сенсорлық мәдениетін дамытудағы қоршаған дүниемен таныстырудың мәні туралы.
Балалардың ақыл-ойын дамытудағы И.Г.Песталоцидің көзқарасы. Адам танымының негізгі фундаменті-табиғатты бақылап қабылдау.
А.Я.Герд- жаратылыстану пәндерін оқытудың әдістемесін негіздеуші, табиғатқа өздігімен бақылау жүргізудің әдіс-тәсілдері, лабораториялық жұмыстар жүргізу, табиғатқа шығатын топсаяхаттың маңызы туралы.
К.Д.Ушинский балаларға білім берудегі табиғатты пайдаланудың маңызы туралы. Қоршаған дүниеге қызығушылығын, сүйіспеншілігін тәрбиелеу. К.Д.Ушинскийдің қоршаған дүние заттарымен танысу, көру барысында баланын отаншылдық, байқағыштық дағдыларын дамытып, оларға табиғат туралы жүйелі ой қалыптастыру жайындағы қағидалары.
В.А.Сухомлинский- табиғатпен қарым-қатынастың балалардың дамуына тигізетін әсері жайында.
А.В. Запорожец, Н.НЛоддьякова, Н.Ф. Виноградова табиғат обьектілері мен құбылыстарының арасындағы байланыс туралы білімді меңгерудің баланың ақыл-ойының дамуындағы маңызы туралы. Қазақтың педагогтары мен психологтарының балалар тәрбиесін дегі қосқан үлесі.
Әдістеменің теориялық негізі
Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғат туралы ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру. қоршаған ортамен таныстыру арқылы баланың ақыл-ойын дамыту жолдары. Қоршаған ортамен таныстыруда сезім мүшелерінің сол арқылы ортаны сезімдік қабылдануының маңызы. Қоршаған орта заттары мен денелерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі. Бүкіл сезім мүшелерінің: есту, көру, иіс, тері-бірлікте әрекет етуінін қоршаған дүниені сезінудегі мүмкіндігі.
Сезім арқылы қабылдау- нақты дүниенің бала санасына тікелей әсерінен туындайды. Осы арқылы баланың ойы мен тілін қабылдаудың есте сақтауға тигізетін әсері. Табиғат жайындағы білім негізінде баланың іс-әрекетінің, біліктілігінің дамуы.
Табиғат жайында берілетін білім мазмұнын іріктеу принципі. Балаларға берілетін білімнің нақтылығы. Жыл мезгілдері, өсімдіктер мен жануарлар туралы білімнің нақты ғылыми деректерге негізделуі.
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру
Қоршаған ортаның экологиялық мәселелері. Экологиялық көзқарас және экологиялық білім тірі организмдердің қалыпты жағдайда тіршілік етуі үшін табиғатты сақтау мен қорғаудың керектігін сезінудің негізі. Табиғат пен адам арасындағы қатынас түріне байланысты жер бетіндегі тіршіліктің сақталу жағдайы айқындалады. Адам, қоғам, табиғат арасындағы ғылыми негіздегі, ізгілікті бағыттағы қатынас.
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің мазмұны, мақсаты. Экологиялық тәрбие-мақсатты бағытталған педагогикалық үрдіс. Экологиялық мәдениет, экологиялық сана мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің нәтижесі. Экологиялық білім мазмұнын іріктеу мына принциптерге негізделеді: берілетін білімнің ғылымилығы, жас ерекшеліктеріне сәйкестігі, түсініктілігі, жүйелілігі, бірізділігі және тәрбиелік, дамыту шылық мүмкіндігі.
Дүниетануды оқыту әдістері.
Дүниетануды оқыту әдістеріне сипаттама беру. Табиғатпен балаларды таныстыруда әртүрлі әдістерді қолданудың қажеттігі. Оқыту әдістері тәрбиеші мен баланың біріккен іс-әрекеті. Әдістердің бір-бірімен байланысы. Берілетін білімнің мазмұны мен мақсатына байланысты оқыту әдістерінің өзгеретіндігі.
Бейнелі көрнекіліктерді қолдану.
Дидактикалық картиналар, карточкалар бейнелі картиналар, суреттер, диа позитивтер, кино және теледидарлық фильмдер. Олардың білім, тәрбие беруде алатын орны, іріктеу, пайдалану әдістері. Қолданылатын көрнекілік тердің қоршаған орта нысандарымен байланысты, нақты бейнелеуі. Жануарлар мен өсімдіктердің табиғи ортамен байланысты бейнеленуі.
Бейнелі көрнекіліктерді пайдалану әдісі. Олардың балалар сезіміне, эстетикалық талгамына тигізетін әсері. Оқу экраны. Мектепалды дайынды ғында балаларға қоршаған ортадан ғылыми ұғым беруде, олардың дүниетанымын қалыптастыруда оқу киносының мәні. Оқу киносын пайдаланудың әдіс-тәсілдері, алдын-ала жүргізілетін жұмыстар әңгімелесу, көркем әдебиеттер, халық ауыз әдебиет туындыларымен жұмыс, топсаяхат фильмді қорсету.
Модельді пайдалану. Заттық модельдер. Объектілердің ішкі және сыртқы байланыстарын балалардың көзіне елестетудегі модельді пайдаланудың маңызы. Географиялық модельдер, сызбалар. Модельдердің қоршаған орта заттарының түсін, көлемін, түрін, бедерін анықтаудағы орны. Сенсорлық тәрбиені жүзеге асыруда модельді пайдаланудың маңызы. Ойлау қабілеттерін дамытуда модельдеудің алатын орны. Модельдеу әдісін модельді пайдаланумен байланыстыру.
Дүниетанудан ұйымдастырылатын жұмыс түрлері
Сабақ - балаларды қоршаған дүниемен таныстырудың негізі. Сабақтың балаларға қоршаған орта туралы жүйелі, бірізділікпен білім берудегі маңызы. Сабақтын негізгі мақсаты- топтағы балалардың бағдарламалық материалды меңгеруін қамтамасыз ету.
Сабақ типтері: жаңа ұғым беру, білімді кеңейту және дамыту; білімді жүйелеу сабақтары. Оларды ұйымдастыру әдістері. Сабақтың дамытушылық мақсаты: балалардың дүниетану үрдісін: қабылдау, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Сабаққа дайындық және оны өткізу. Сабақ тақырыбын таңдау және бағдарламалық талаптарды анықтау. Сабақтың білімдік және тәрбиелік мақсатының бірлігі. Сабақтын басқа жұмыс түрлерімен байланысы.
Балалардың білім деңгейіне, бағдарламалық талапқа, қоршаған табиғат ерекшелігіне қарай сабақта пайдаланатын әдіс-тәсілдерді таңдау. Сабақта әртүрлі тәсілдерді: сұрақ, тапсырма, салыстыру, зерттеп қарау, еңбек әрекеті, мақал-мәтел пайдалану арқылы балалардың ақыл-ойын дамыту.
Дүниетануды жоспарлау
Балаларды табиғатпен таныстыруды жоспарлаудың маңызы. Бағдарламаның басқа бөлімдерімен біріктіре отырып жоспарлау арқылы балалардың кешенді дамуына жағдай жасау. Жоспарлаудың мазмұны мен формасы. Жоспардың нақты мақсаттарын белгілеу: балалардың қоршаған ортаға игілікті эстетикалық қарым-қатынасы. алған білімдерін еңбек әрекеті барысында, ертеңгіліктерде қолдану. Экологиялық тәрбиені бағдарламаның басқа бөлімдерімен тіл дамыту, музыка тәрбиесі байланыстыру.
1.2 Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Кіріспе
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсат, міндеттері және мазмұны. Пәнді зерттеу әдістері. Басқа ғылымдармен байланысы. Мектепке дейінгі білім беру стандартының мазмұны және қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру мәселесі.
Балалардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру пәнінің теориялық негіздері
Математикалық ұғымдар: сан, санның натурал қатары. Сан және санаудың даму тарихы. Санақ жүйесі және оның дамуы. Мектепте арифметикалық оқытудың тарихы мен әдістерінің дамуы (монографиялық және есептеу әдістері). Мектепке дейінгі ұйымда қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру әдістемесінің кұрылымы.
Е.И.Тихееваның мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруға қосқан үлесі. Ф.Н.Блехердін балабақшада қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру туралы бағдарламасы. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі мен теориясына А.МЛеушинаның қосқан үлесі.
1950-1980 жылдардағы мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру мәселелері жөніндегі педагогнкалық-психологиялық ізденістер (Н.А.Менчинская, Н.НЛежова, 3.С. Пигулевская, Ф.А. Михайлова)
1932-1984 жылдардағы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасындағы қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі туралы еңбектер. 1984-1989 жылдардағы оқу мен тәрбиелеудің типтік бағдарламасының мазмұны және қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемссінің ерекшеліктері (Н.Г.Бакет, Я.Ф.Чекмарева, A.M. Леушина). 1984-1990 жыллардағы мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсінігін қалыптастыру мазмұңының қалыптасуы.
Қазақстандағы мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру әдістемесінің дамуы
Қазақстандағы мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру әдістемесінің дамуы. Н.Құлжанова, М.Сәтімбекова оқу-әдістемелік кешендері. 1996-2000-2005 жылдардағы "Балбебек" бағдарламасының құрылысы және қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің мазмұны. (Балбөбек 1996 ж.) Сорос бағдарламасы - балалардың шығармашылығын дамытудың негізгі кұралы. Математика орталығы және ерекшелігі. 1999 жылғы Астана-Алматы балабақшада 5-7 жастағы балаларды мектепалды дайындау бағдарламасындағы қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру мазмұны.
Мектеп жасына дейінгі балаларға балабақшада математиканы оқытуды ұйымдастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларда математикалық түсініктерін қалыптастыру. Оқытудың дидактикалық принциптері. Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді дамыту мен бастауыш мектепте математиканы оқытудың сабақтастығы. Қарапайым математикалық түсініктерді дамытуда қолданылатын әдістер, ұйымдастыру түрлерінің жалпы сипаттамасы.
Мектеп жасына дейінгі балаларға математиканы үйретудегі ойын және логикалық жаттығулар. Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді дамыту барысында пайдаланатын құралдар: жабдықтар, көрнекіліктер, оқулықтар, тапсырмалар (жаттығулар). Сабақ үстінде тәрбиешілерге қойылатын талаптар 1-6 жас аралығындағы балаларда математикалық түсініктерді қалыптастыру сабағын ұйымдастыру ерекшеліктері.
Сандық ұғымдарды қалыптастыру және санауға үйрету
Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдау ерекшеліктері және заттарды қайта жаңғырту жолдары. Мөлшер және санау. Мектеп жасына дейінгі балаларда сандық ұғымды қалыптастырудың міндеттері.
2-3 жаста айналадағы заттар туралы сезім әрекетін қалыптастыру әдістемесі. 3-4 жастағы балалардың үш келеміндегі сандар туралы түсініктерін қалыптастыру, сандарды ауызша санай білуге, сан, сана көп, аз деген ұғымдарды үйрету әдістемесі. 4-5 жастағы балаларға бес көлеміндегі сандарды тура және кері санауга үйрету, санның натурал қатары туралы түсініктерін қалыптастыру әдістемесі.
Ересек топтағы он көлеміндегі сандарды дұрыс санай білуге үйрету, көп, артық, аз, кем, ұғымдарын қолдануға және сандардың peт қатарын жаңылмай айтып, топтастыра білуге машықтандыру әдістемесі. 6-7 жаста жиырмаға дейінгі сандарды тура және кері санау, 10 көлеміндегі сандарды ауызша есептеп шығаруға үйрету әдістемесі.
Есептеу және есеп туралы ұғымын қалыптастыру әдістемесі
Есептеу, өлшеу барысында балалардың сандардың қатары туралы ұғымдарының даму ерекшеліктері. Есептеу іс-әрекеттерінің даму кезеңдері. Әр жас топтарында балаларды есептеуге үйретудің міндеттері. Жиын мен пішінді салыстырғанда пайда болатын саннын шығуы. Реттік және сандық есептеу. Есептеудің ережесі. Берілген санды қайта санау(санап aлy). Есептеу, есептеудін заттық сапалық белгілері, не кеңістікте орналасуына қатыссыз болуы. Есептегенде әр анализатордың қатысуы.
Берілген нақты құралмен, сандық құрамның бірліктен тұратынын үйрету әдістемесі. Ауызша санау және арифметикалық есептерді кұрастыру және шығару. Цифрлармен таныстыру, көп, аз, тең ұғымдарының шартты белгілерін үйрету жолдары. Топтарды есептеу. Бүтін затты тең бөліктерге бөлуге үйрету әдістемесі.
Арифметикалық есептер
Балалардың арифметикалық есептерді түсіну ерекшеліктері. Есептермен жұмыс кезіндегі әдістемелік тәсілдер мен жүйелік +, -, >, <, = белгілерді қолдану әдістемесі.
Заттардың көлемі және өлшеу тәсілдері. Өлшемнің көлемі мен сан арасындағы функциональды байланыс.
Балалардың заттардың көлемі мен оларды өлшеу туралы ұғымдярын қалыптастыру
Көлем мен өлшем туралы жалпы түсінік. Көлемнің негізгі қасиеттері; Мектеп жасына дейінгі балалардың заттың көлемін қабылдау ерекшеліктері. Заттардың өлшеміне қарай өсуі. Заттардың көлемін салыстыру мен қабылдауда сөздің ролі. Айналадағы заттардың ұзындығын, биіктігін, енін шартты өлшеуішпен (условный прибор) өлшеуге үйрету әдістемесі.
Мектеп жасына деиінгі балаларға заттың ені, ұзындығы, биіктігі бойынша салыстыру мен зерттеу тәсілдерін үйрету жолдары. Заттардың көлемі, өлшеміне қарай өсуі бойынша реттеу тәсілдері. Көзбен өлшеуін үйрету әдістемесі. Заттардың кеңістікте орналасу жағдайына тәуелсіз өлшемін көру қабілетінің ерекшеліктері.
Берілген өлшемнің көмегімен әртүрлі көлемдегі өлшемін өлшеу туралы түсініктері. Санмен өлшем арасындағы байланыстық қызмет. Сұйық және сусымалы денелердің көлемін шартты өлшеуішпен анықтау жолдары. Заттың салмағы (масса) туралы түсінік қалыптастыру әдістемесі.
Балалардың зат түсінігі туралы ұғымын қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың геометриялық түсініктері. Қарапайым геометриялық пішін туралы түсініктер қалыптастыру әдістемесі. Геометриялық пішін - заттың формасын қабылдаудағы эталон. Зат формасымен геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері. Зерттеу әрекеті және оның форманы тандаудағы ролі. Форма туралы түсініктерді қалыптастырудағы және қабылдаудағы сөздің орны. Әртүрлі белгілеріне байланысты геометриялық пішіндерді топтастыру әдістемесі, геометриялық пішіндерді бұрыш, қабырға сандарына байланысты салыстыру әдістері. геометриялық пішіндерді трансфигурациялау бейнелеу, таяқшалардан кұрастыру әдістемесі.
Дидактикалық ойындар мен жаттығулар. Заттарды формасы бойынша жіктеудегі дидактикалық ойындар мен жаттығулар.
Балаларда кеңістік ұғымын қалыптастыру әдістемесі
Кеңістікті бағдарлау туралы түсінік. Балалардың кеңістікгі бағдарлау генезисі. Кеңістікті бағдарлаудың сезімдік негіздері. Кеңістікті бағдарлау және қабылдаудағы сөздің ролі. Кеңістікті бағдарлауды қалыптастыру міндеттері.
Статистика мен қозғалыста өзінен негізгі бағытты ажырату ерекшеліктері. Қоршаған ортада өзінен және заттардан бағдарлана білуі, заттардың бір-бірінен қатынастағы орнын анықтау. Балалардың қоршаған кеңістікті бағдарлауды меңгеруі. Көру және өлшеу арқылы арақашықтықты анықтау әдістемесі. Кеңістікте бағдарлауды дамытуға арналған дидактикалық ойындар.
Балалардың уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру
Уақыт және оның өлшемі. Мектеп жасына дейінгі балалардың уақытты қабылдауы. Балаларды уакыггы бағдарлауға оқытудың міндеттері. Балалардың уақыт сезімін қалыптастыру әдістемесі. Тәулік бөліктерін ажырату, олардың кезектесуін анықтау ерекшеліктері.
Тәулік ұғымы. Уақыт кезеңдерінің алмасу кезектігін түсіну және кеше, бүгін, ертең сөздерінің мағынасын түсінуі. Ересектер тобындағы балалардың уақытты сөзінуін дамыту жолдары. Екі өлшемді кеңістікте бағдарлауға үйрету әдістемесі. Кеңістікті бағдарлауды дамыту үшін қолданылатын дидактикалық ойындар. Балаларға уақытты бағдарлауды үйретудің міндеттері. Уақытты сағатпен анықтауға үйрету әдістемесі.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда балабақша, мектеп және отбасы жұмысының сабақтастығы. Математиканы оқытуға қойылатын жаңа талаптар. Балабақша мен мектептің математика пәні бағдарламасының сабақтастығы. Тәрбиешінің шеберлігі мен білім деңгейін көтерудің формалары (әңгімелесу, кеңес, сабақтарға қатысу, педагогикалық кеңестегі хабарламалар).
Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамыту жұмыстарын жоспарлау
Мектеп жасына дейінгі ұйымдағы қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру бағытындағы тәрбиелік шараларды жоспарлау түрлері. Жылдық, айлық және күнделікті жоспардағы қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру міндеттерінің шешілуі. Күнделікті жоспарға және жұмыстын есебіне қойылатын талаптар.
Достарыңызбен бөлісу: |