Паттерндердің жалпы теориясында құраушы байланыстың шекті және шексіз сандарымен және де құраушының шекті және шексіз жиындарымен оқытылады.
Паттерндердiң дискреттi теориясы келесi дискреттi шектеушi шарттардың арқасында паттерндердi ортақ теорияның формальді аппаратының әсерiнiң облысының тарылуының нәтижесінде құрастырылды:
а) кез келген қаралатын паттерндердің дискреттi теорияларында жасалатын жиын шекті немесе есептiк болып табылады,
b) кез келген жасалатын байланыстың шекті саны байланыстың домендері мен жасаушы атрибуттары шекті немесе есептік жиындар болып табылады (дәрісті қараңыз).
Мұндай жағдайда, паттерндердің дискреттi теориясы тек қана шекті (немесе есептiк) жиын құраушымен және байланыстың шекті саны бар құраушылармен амалдар жасайды. Сондықтан паттерндердің дискреттік теориясы паттерндердің жалпы теориясының пәндік аймағын береді, қатынас бойынша оған математикалық ядроның ролін орындайды. Жасалатын және паттерндердің дискреттік теориясымен амалдар жасайтын паттерндік желілер жиында оң бүтін сандарда бейнеленуі мүмкін. Осыдан «паттерндердің дискретті теориясы» атауы шықты.
Паттерн желілерінің модулдік қасиеттері
Қазіргі кезде ақпараттық және басқа модульді жүйелер, әдетте, графтармен және олардың әр түрімен көрсетіледі, мысалы, Петри желілерімен. Алайда, графтар екі себеп бойынша модульдік жүйелерді моделдеу үшін аздап қажет.
Паттерндік желiлердi компъютерлік ғылым және тәжiрибеде әр түрлi облыстарда қолдануға болады Әсіресе олар Интернет, Web – жүйесін және басқа компъютер желiлерін негізге ала отырып, компъютердегі гипермәтiн мен ақпараттық жүйелердiң пiшiндеу және жобалау есептерiнiң шешу үшін бүгінгі күнде өте тиiмдi теория болып табылады.
Паттерндік желілер ажырамалы қосылыс және логикалық модульдік элемент - құрауушылардан тұратындықтан, модульдік қасиеттерді нақты көрсетеді.
Паттерндік желілердің ашық модульдік жүйедегі сыртқы және ішкі шекараларын суреттейтін мына кестеде оның графтан артықшылығы көрнекті бейнеленген. [4 Сурет.]
Графтың қабырғасын бөлуге болмайды
|
Желінің байланысын қосуға және ажыратуға болады
|
4 Сурет.
Кестедегі а) суретте қарапайым бағытталған граф қабырғасын бөлуге (ажыратуға) болмайтындығы көрсетілген. Келесі б) суретте сызықтық бағытталған екі g1, g2 құраушыдан тұратын паттерндік желінің үлгісі бейнеленген. Құраушы g1 төбесі (нүкте арқылы 1 индекспен белгіленген) мен екі тізбектен (bonds) тұрады және екі бағытталған кіру және шығу байланыстарынан құралған. Кіру байланысы нүктеге бағытталған үшбұрыш пен стрелка арқылы, ал шығу байланысы нүктеден бағытталған стрелка мен үшбұрыш арқылы суреттелген. Құраушы g2 де ұқсас үлгімен бейнеленген. Суретте бірінші құраушының кіру байланысы мен екінші құраушының шығу байланысы екі үшбұрышпен бірігіп ромб құрап тұр. Осы ромб пен оған қабыса байланысқан стрелкалар g1, g2 құраушылардвн тұратын тізбек паттерндер желі тізбегі деп аталады. Әрбір тізбек төменгі индексі сандармен, ал жоғарғы индексі in және out символдарымен меншіктелген айнымалымен белгіленген. In және out индекстері айнымалыға құраушылардың сәйкес кіру немесе шығу байланысының меншіктелгенін көрсетеді. Төрт айнымалыға төрт домен деп аталатын мәндер аймағы сәйкес келеді. Домен айнымалыға меншіктелетін мәндерден тұрады. Егер тізбекте қатысты екі айнымалыға тізбектің қосылу шартын қанағаттандыратын мән меншіктелген болса, онда тізбек ақиқат (тұйық) болады. Керісінше айнымалыларға тізбектің қосылу шартын қанағаттандырмайтын мән меншіктелген болса, онда тізбек жалған (ажыратылған) болады. Суреттегі g1 және g2 құраушылардың әрқайсысы бір кіруі және бір шығуы бар екі нақты модульдардың жалпы моделдері деп атауға болады және паттерндік желінің нақты көрінісі болып табылады.
Осы паттерндік желінің қосылмаған байламы екі өзара байланысқан модулдардан тұратын нақты жүйенің кіру және шығу байланыстарының ашықтығын бейнелейді.
Осы тұрғыдан, сурет паттерндік желінің ажырамалы кескін үйлесімінен, ал граф – ажырамайтын құрылымнан тұратынын көрсетеді. Паттерндердің дискретті теориясында құраушылардың әр түрлі сандық кіру және шығу байламдармен құруға және осындай құраушылардан тұратын паттерндік желілердің жиыны арқылы күрделі ашық модульдік жүйені бейнелеуге болады.Осы нақты модульдік жүйені бейнелейтін паттердік желілердің байламдарында байламдарды қосудың әр түрлі шарттарын жүзеге асыруға болады. Мысалы, компьютерлік гипермәтіндерді моделдейтін паттердік желі байламдарында қосылу шарты басқа, мидың нейрожелісін модельдейтін паттердік желі байламдарында өзге шарт орындалады. Паттерндік желінің негізгі артықшылығы, табиғат пен қоғамда кездесетін белгілі бір физикалық және логикалық модульдік жүйенің әр түрлі нақты модулдердегі кіру және шығу байланыстардың қосылу шарттарының көмегімен оқып үйренуге және салыстыруға мүмкіндіктің болуы.
Суреттегі тек екі құраушыдан тұратын және әр құраушы тек екі кіру және шығу байланыстарынан тұратын өте қарапайым паттерндік желі берілген. Осындай желі экрандағы көрінетін екі жолды моделдеуі мүмкін.
Құраушылар көптеген кіру және шығу байланыстардан тұруы мүмкін және паттерндік желі көптеген өзара байланысқан құраушылардың жиыны болуы мүмкін. Осындай күрделі паттерндік желілер түрінде компьютерлік гипермәтіндер мен веб курстар сияқты модульдік жүйелерді бейнелеуге болады.
Веб бетті модельдеу.
Веб бетті модельдеу мысалын қарастырайық. «Модуль 1» деп аталатын веб беттің моделі екі тақырыптан тұрады. Үш g1, g2 g3 құраушыдан тұратын паттерндік желінің үлгісін бейнелеп көрейік:
5 Сурет.
«Модуль 1» веб-бетінің моделі үш g1,g2,g3 құраушылардан тұрады. Мұндағы g1 құраушы веб-беттің бірінші кадрын модельдейді. Бірінші кадрда және «Модуль 1» аты және гипермәтіндік сілтемелер, яғна «Тақырып 1» және «Тақырып 2» құраушылары моделденеді. Бұл сілтемелер бойынша веб-беттің екінші және үшінші кадрлары (g2,g3 құраушылары) шақырылады.
Құраушы g1 байланыстырылмаған кіру және шығу байланыстары веб-бетке кіруді және жүйелік ортаға шығуды моделдейді. Веб-беттің екінші және үшінші кадрларында «Модуль 1»-дің екі «Тақырып 1» және «Тақырып 2» құраушыларынында мәтіндер келтіріледі.
-
Бақылау түрлері бойынша ағымдағы үлгерім ұпайларының күнтізбелік кестесі
1 рейтинг
|
Барлық ұпай
|
Апталар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
|
Ең жоғарғы ұпай, соның ішінде бақылау түрлері бойынша:
|
14
|
11
|
14
|
11
|
14
|
11
|
14
|
11
|
100
|
Сабақтарға қатысу, дайындалу және топта жұмыс жасау
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
16
|
16
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
40
|
40
|
МӨЖ орындау және қорғау
|
7
|
4
|
7
|
4
|
7
|
4
|
7
|
4
|
44
|
Межелік бақылау
|
|
|
|
|
|
|
|
100
|
100
|
2 рейтинг
|
Барлық ұпай
|
Апталар
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
|
Ең жоғарғы ұпай, соның ішінде бақылау түрлері бойынша:
|
11
|
12
|
11
|
16
|
16
|
17
|
17
|
100
|
Сабақтарға қатысу, дайындалу және топта жұмыс жасау
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
14
|
14
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
35
|
35
|
МӨЖ орындау және қорғау
|
4
|
5
|
4
|
9
|
9
|
10
|
10
|
51
|
Межелік бақылау
|
|
|
|
|
|
|
100
|
100
|
8. Курс саясаты
Бақылау түрлері бойынша баға қою критерилері:
№ р/с
|
Бақылау түрі
|
Білімді бағалау
(ұпаймен)
|
1.
|
Тәжірибелік жұмыстарды дер кезінде орындау және қорғау
|
9 (5)
|
Орындаудың дұрыстығы
|
5 (2,5)
|
Өздігінен жұмыс істеу
|
3 (1,5)
|
Уақытында тапсырылуы
|
1 (1)
|
2.
|
Дәріс конспектерін сапалы жазу және сабаққа қатысу
|
2
|
3.
|
Бақылау жұмысын және тестік тапсырманы орындау
|
5 (4)
|
40% - 50% орындалған тапсырманың дұрыстығы
|
1 (1)
|
50% -60% орындалған тапсырманыңдұрыстығы
|
3 (2,5)
|
60% - 80% орындалған тапсырманың дұрыстығы
|
4 (3)
|
80% - 100% орындалған тапсырманың дұрыстығы
|
5 (4)
|
4.
|
Межелік бақылау
|
100
|
40% орындалған тапсырманың дұрыстығы
|
8
|
60% орындалған тапсырманың дұрыстығы
|
12
|
80% орындалған тапсырманың дұрыстығы
|
16
|
100% орындалған тапсырманың дұрыстығы
|
20
|
5.
|
Емтихан
|
100
|
Егер Сіз барлық сабақтарға кешікпей қатысатын болсаңыз, барлық сабақтарға дайындықпен және белсенді қатысып отырсаңыз, барлық тапсырманы уақытында және сапалы орындап отыратын болсаңыз, онда бақылау шараларының күнтізбелік кестесінде көрсетілгендей жоғарғы ұпай жинайсыз.
Сабақтарға қатысу міндетті болып табылады. Себепті босатулар магистрантты зертханалық, практикалық және өз бетімен жұмыстар кешенін орындамауынан босатпайды. Осындай жағдайда оқытушының кеңес беру уақытымен сәйкес магистранттың жеке тапсырмалары бойынша қайта тапсыруына мүмкіндігі бар.
Дербес компьютермен жұмыстардан алынған практикалық дағдылар пән бойынша өз бетімен жұмысты орындау дұрыстылығымен бағаланады.
Магистрант сабаққа кешігетін болса, сабаққа кіргізілмейді және босатылған сабақты қайта тапсыруға мүмкіндігі болмайды.
Сабақтағы ережені бұзғаны үшін айып салынады – бір сабақтан 5 ұпай алынып тасталады.
Барлық аудиторлық уақыттар дәрістік сабақтарға, практикалық, зертханалық жұмыстарға және оқытушымен студенттің өздік жұмысы тапсырмалары бөлінеді. Әр сабаққа дайындық және барлық материалдарды оқу міндетті. Сіздің дайындықтарыңыз ауызша сұраулармен, бақылау жұмыстарымен және межелік бақылаулар тестілері мен тапсырмаларымен тексеріледі.
Әр тапсырма жеке файлда немесе бумада орындалып, МРС 1_ФИО, МРС 2_ФИО және т.б. деп аталынуы керек. МӨЖ-ының тапсырмалары иілгіш дискке жазылып, бақылау шараларының кестесіне сәйкес оқытушыға тапсырылады.
Барлық тапсырмалар уақытында орындалуып, тапсырылуы қажет. Кешіктірілген тапсырмалар төмен бағаланады. Бақылау жұмыстарын кез келгенін көшіруге және емтиханда көшіруге тыйым салынады. Айыптық санкция бақылаудың осы түрі үшін ұпайдың 80%-ын құрайды.
Егер бақылау шараларын өткізу уақытында қандай да бір себептермен қатыса алмасаңыз, онда оқытушының кеңес беру кестесімен қайта тапсыруға мүмкіндігіңіз болады.
Семестрде компьютерлік тестілеу бойынша екі межелік бақылау қарастырылған. Тестілеу сәйкес блоктың материалдарына сай жүргізіледі.
Семестрлік рейтинг мына формула бойынша есептеледі:
,
мұндағы: Р1 – рейтинг 1
Р2 – рейтинг2
Пән бойынша қорытынды рейтинг ұпайлар бойынша мына формула бойынша есептеледі:
Қ=СР*0,6+Е*0,4
мұндағы: МР – семестрлік рейтинг, Е – емтиханда алынған ұпайлар саны
Емтихан тест түрінде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |