Бағдарламасы (Syllabus) Нысан пму ұс н 18. 3/37



Дата17.07.2016
өлшемі166.2 Kb.
#205490

Пән бойынша оқыту бағдарламасы

(Syllabus)





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті
Математика кафедрасы

5B060200 – Информатика мамандығының студенттеріне арналған


Математикалық талдау. Талдауға кіріспе

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар



Пән бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus)

бекіту парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38





БЕКІТЕМІН

ФМжАТ деканы

__________ Ж.Қ.Нұрбекова

2011ж. «___»_____________

Құрастырушы: аға оқытушы А.Н.Баширова
Математика кафедрасы

5B060200 – Информатика мамандығының

ОКБ негізіндегі сырттай оқу нысанының студенттеріне арналған
Математикалық талдау. Талдауға кіріспе

пәні бойынша оқыту бағдарламасы

(Syllabus)

Бағдарлама 2011ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.

Кафедра отырысында ұсынылды 2011ж. «___»__________ №__ Хаттама
Кафедра меңгерушісі ______________ И.И.Павлюк 2011ж. «____» ________

Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 2011ж. «_____»__________ №____ Хаттама


ОӘК төрағасы ____________ Ж.Ғ.Мұқанова 2011ж. «_____»___________


КЕЛІСІЛДІ *

Кафедра меңгерушісі __________ Д.С Майдисарова 2011ж. «____» ________

1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
1 Оқытушы туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Баширова Анар Набиевна – математика кафедрасының аға оқытушысы

Математика кафедрасы А корпусында (Ломов көшесі, 64 үй), А1-211 аудиториясында орналасқан, тел.67-36-46
2 Пән туралы мәліметтер

Атауы: Математикалық талдау. Талдауға кіріспе

Семестр: 1

Кредит саны: 3

Бақылау түрі: емтихан
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы


Семестр

Кредит саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау түрлері

барлығы

дәріс

тәж.

зерт.

студ.

жекелік

барлығы

СОӨЖ

1

3

135

12

6

-

-

-

117

1.2

емтихан


4 Пәннің мақсаты және міндеттері

Пәннің мақсаты – айнымалы шамаларды зерттеу әдісімен таныстыруды шексіз аз шамаларды талдау арқылы жүргізу. Оның негізін дифференциалдық және интегралдық есептеу теориясы құрайды. Математикалық талдауда көбінесе функциялар зерттеледі. Олардың көмегімен табиғат заңдылықтары, техникада, экономикада және басқа облыстарда кездесетін әртүрлі процесстерді математикалық тілмен айқын жазуға болады. Сол себептен математикалық талдау классикалық математиканың негізгі саласы, басқа математикалық пәндердің негізін құрайды. Сондықтан математикалық талдау пәнімен оқушылар жоғарғы математиканың алғашқы курсы ретінде танысады.

Пәннің міндеті белгілі мәліметтерді (анықтамаларды, теоремаларды, олардың дәлелдеулерін, өзара байланыстарын, есептерді шешу әдістерін) таныстырып қою емес, сонымен қатар оларды пайдалануды үйрету. Математика пәнін терең меңгеру үшін оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту мен математикалық мәдениетін көтеруге математикалық анализдің тигізер әсері мол.

5 Білімге, икемділікке және дағды-машықтарға қойылатын талаптар

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің:

– математика әр түрлі жеке пәндер құралымы емес, тұтас бір ғылым екенін және сол ғылым ішінде «Математикалық талдау» орыны туралы;

– нақты сандар, сандық тізбектер, функция шегі, функция үзіліссіздігі, дифференциалдық есептеудің негізгі теоремалары, функцияны толық зерттеу және оның сілбесін түзу жөнінде түсініктері болуы;

– дәлелдеу әдістерің білуі;

– математикалық анализдің әдістерін қолдану икемді болуы;

– алынған білімдерін практикалық машықтарды иемденуі қажет.


6 Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет: мектеп курсының алгебра және математикалық анализдің негіздері.


7 Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет: бір айнымалы функция талдауы, көп айнымалы функция талдауы, дифференциалдық теңдеулер.


8 Тақырыптық жоспар

№ р/с

Тақырыптардың атауы

Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны







дәріс.

тәж.

зерт.

студ.

жеке

СӨЖ

1

Кіріспе.
















17

2

Нақты сандар

1













20

3

Сан тізбектері

1

1










20

4

Бір айнымалыға байланысты функция

2

1










20

5

Бір айнымалыға байланысты функцияны дифференциалдау

4

2










20

6

Дифференциалдық есептеуді функцияларды зерттеуге пайдалану

4

2










20

БАРЛЫҒЫ :

12

6

-

-

-

117



9 Пәннің қысқаша сипаттамасы

Математикалық талдау пәнінің зерттеу объектілері болып әр қилы табиғатты айнымалы шамалар, оның ішінде, ең алдымен функциялар табылады. Айнымалы шамаларды зерттеудің тәсілі ақырсыз аз шамаларды қолдану, ал бұның негізін дифференциалдық және интегралдық есептеу теориясы қалайды. Математикалық анализ пәнің меңгермей кешен және нақты айнымалылы функциялар теорияларын және т.б. математикалық теорияны құру мүмкін емес.



10 Курстың компоненттері

10.1 Пәннің тақырыптарының мазмұны


1 тақырып. Кіріспе

Жиын. Логикалық символдар.



2 тақырып. Нақты сандар

Нақты сандар және олардың негізгі қасиеттері. Сандардың абсолют шамасы.



3 тақырып.Сан тізбектері.

Сан тізбегі ұғымы. Тізбектерге амалдар қолдану. Шектелген және шектелмеген тізбектер. Шексіз үлкен және шексіз аз тізбектер. Шексіз аз тізбектердің негізгі қасиеттері. Жинақты тізбектер және олардың негізгі қасиеттері. Монотонды тізбектер, саны.



4 тақырып. Бір айнымалыға байланысты функция

Бір айнымалыға байланысты функция ұғымы. Функцияның шегі. Функцияның шегі туралы теоремалар. Шексіз үлкен және шексіз аз функциялар.

Үзіліссіз функция ұғымы. Үзіліссіз функцияларға арифметикалық амалдар қолдану. Элементар функциялардың үзіліссіздігі. Үзіліссіз функциялардың негізгі қасиеттері. Бірқалыпты үзіліссіз функция ұғымы. Күрделі функция ұғымы. Кері функция ұғымы.

5 тақырып. Бір айнымалыға байланысты функцияны дифференциалдау

Функцияның туындысы, оның геометриялық және физикалық мағынасы. Берілген нүктеде функцияның дифференциалдану ұғымы. Функцияның дифференциалы.

Қосындыны, айырымды, көбейтіндіні және бөлшекті дифференциалдау ережесі. Элементар функциялардың туындыларын есептеу. Күрделі функцияны дифференциалдау ережесі. Кері функцияны дифференциалдау. Жоғарғы ретті туындылар мен дифференциалдар. Функцияның параметр арқылы берілуі және оны дифференциалдау.

6 тақырып. Дифференциалдық есептеуді функцияларды зерттеуге пайдалану Дифференциалдық есептеудің негізгі теоремалары (Ферма, Ролль, Лагранж, Коши) Анықталмағандықтарды ашу. Лопиталь ережесі. Тейлор формуласы.

Кейбір элементар функцияларды Маклорен формуласына жіктеу. Функцияның монотонды болуының белгілері. Функцияның экстремумы. Қисықтың дөңестік бағыты. Функцияның графигініңиілу нүктелері. Функция графигінің асимптоталары. Функция графигін зерттеудің схемасы.


10.2 Тәжіреби сабақтардың мазмұны мен тізімі


1 тақырып. Нақты сандар.

1) Шектеулі сандық жиындар. Сандық жиынның жоғарғы және төменгі шекаралары.

2) Жиындарға амалдар қолдану (бірігу, қилысу, айырым).

3) Функция, кері функция.
2 тақырып. Сандық тізбектер.

4) Жинақты тізбектер қасиеттері.

5) Бірсарынды тізбектер, саны.

6) Тізбектің жоғарғы және төменгі шектері, қасиеттері.
3 тақырып. Функция шегі.

7) Функцияның нүктедегі шегі

8) Біржақты шектер.

9) Шек бар болуының Коши критерийі. Нүктеде шегі бар функциялар қасиеттері.

10) Бірінші және екінші тамаша шектер.

11) Функцияларды салыстыру.
4 тақырып. Функция үзіліссіздігі.

12) Функцияның нүктедегі үзіліссіздігі. Үзіліс Нүктелері

13) Негізгі элементар функциялар үзіліссіздігі.
5 тақырып. Дифференциалдық есептеу.

14) Туынды.

15) Туындының геометриялық және физикалық мағыналары.

16) Біржақты туындылар. Дифференциалданатын функциялар қасиеттері.

17) Кері және күрделі функциялар туындылары.

18) Негізгі элементар функциялар туындыларының тәсілі.

19) Жоғарғы ретті туындылар мен дифференциалдар. Лейбниц формуласы.

20) Анықталмағандықты ашу. Лопиталь ережесі.

21) Тейлор теоремасы.
6 тақырып. Функцияны толық зерттеу және оның графигін салу.

22) Лопиталь ережесі

23) Функцияны Тейлор қатарына жіктеу

24) Дифференциалданатын функцияның монотондық шарттары.

25) Экстремум теориясы.

26) Дөңес функциялар.

27) Йенсен, Гельдер теңсіздіктері

28) Минковский теңсіздіктері.

29) Функцияның иілу нүктесі.

30) Қисық асимптотасы.
10.3 Студенттің өздік жұмысының мазмұны
СӨЖ түрлерінің тізімі



СӨЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағатқа шаққандағы көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындалу

Жұмыс дәптері

Емтихан

27

2

Практикалық сабақтарға

дайындалу:

- сабақтың тақырыбы бойынша материалды меңгеру;

- тапсырмаларды шешу.



Жұмыс дәптері

Тест

30

3

Аудиториялық сабақтың мазмұнына кірмеген материалды меңгеру

Жұмыс дәптері

Емтихан


30

4

Бақылау шараларына дайындалу

Жұмыс дәптері

МБ, емтихан

30

Барлығы:

117


Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі
1 тақырып. Нақты сандар.

1) Рационал сандар жиыны.

2) Нақты сандар жиыны.

2 тақырып. Сандық тізбектер.

3) саны.

4) Тізбек құрылымы.

4 тақырып. Функция үзіліссіздігі.

5) Негізгі элементар функциялар үзіліссіздігі.

5 тақырып. Дифференциалдық есептеу.

6) Негізгі элементар функциялар туындыларының тәсілі.

6 тақырып. Функцияны толық зерттеу және оның графигін салу.

7) Минковский теңсіздігі.

Сырттай оқу нысанының студенттеріне арналған бақылау шараларының күнтізбелік кестесі
«Математикалық талдау. Талдауға кіріспе» пәні бойынша 5B060200 – Информатика мамандығының сыртттай орта кәсіптік оқу нысанындағы студенттерге арналған


СӨЖ түрі

Максималды балл

Тапсырманы беру мерзімі

Тапсыру мерзімі

Бақылау түрі

1 сабақта

барлығы

Дәріске қатысу және дайындалу

4

48

1- сабақта

кесте бойынша

қатысу

Семестрлік тапсырмаларды орындау

-

26

1- сабақта

кесте бойынша

рұқсат алу

Аудитория сабағының мазмұнына кірмеген материалды меңгеру

 

26




кесте бойынша

қорғау


1 рейтинг

100

 

 

 



СӨЖ түрі

Максималды балл

Тапсырманы беру мерзімі

Тапсыру мерзімі

Бақылау түрі

1 сабақта

барлығы

Практикалық сабақтарға қатысу және дайындалу

6

36

1- сабақта

кесте бойынша

қатысу

Семестрлік тапсырмаларды орындау

-

30

1- сабақта

кесте бойынша

рұқсат алу

Аудитория сабағының мазмұнына кірмеген материалды меңгеру

 

34




кесте бойынша

қорғау

2 рейтинг


100

 

 




20__ж. «___»__________№___Хаттамамен кафедра отырысында ұсынылды.
Кафедра меңгерушісі __________ Павлюк И.И. 20__ж. «___» ____________



11 Курстың саясаты

Студенттер міндетті түрде сабақтарға қатысу керек. Себеппен қатыспаған сабақтардың тапсырмаларын кешірек тапсыруға болады.

Кешігіп келген студенттерге сабаққа қатысуға рұксат берілмейді. Сабақта тәртіп бұзғаны үшін 5 балл шегеріледі.

Сабақтың барлық түріне (дәріс, тәжірибе, зертханалық, СОӨЖ) студент міндетті түрде дайындалып келуі керек. Студенттің білімі бақылау жұмысы, тест, межелік бақылау арқылы тексеріледі.

Тәжірибе және өзіндік жұмыстардың тапсырмалары міндетті түрде орындалуы керек.

Өзіндік жұмыс сіздің нұсқаңызға сәйкес орындалуы керек, әйтпесе жұмысыңыз есептелінбейді. Нұсқаңыздың номерін оқытушы анықтайды.

Берілген тапсырмалар уақытында орындалу керек, кеш орындалған тапсырмалар кемітіп есептелінеді. Кез келген бақылау түрінде және емтиханда көшіруге тыйым салынады. Бұл жағдайда алған баллыңыздың 80% шегеріледі.

Бір жағдайлар бойынша бақылау шарасына қатысалмай қалсаңыз, оны келесі жұма ішінде өтуіңізге мүмкіндік беріледі.



МБ-ға тек АҮ балдары бар студенттерғана кабылданады.

АҮ және МБ қорытынды бойынша студенттің рейтингі (Р1 және Р2) осы формуламен анықталады

Р1(2) = АҮ 1(2)*0,7 + РБ1(2)*0,3.

Егер оқу жоспарында емтихан және сынақ қабылданса сонда сынақты Р2 анықтағанда екінші межелік бақылау ретінде санайды.



Егер студент межелік бақылауды өтпесе немесе 50 ұпайдан кем алса сонда рейтинг анықталмайды.

Студентінің кіру рұқсатының рейтингі (КРР) семестр бойынша осы формуламен есептеледі

КРР = (Р1+Р2)/2.

Қорытынды бақылауға (ҚБ) тек жумыс бағдарламаның барлық талаптарды орындаған және кіру рұқсатының рейтингі 50 ұпайдан кем емес студенттер қабылданады.

Қорытынды бағаны (Б) осылай есептеленеді

Б = КРР *0,6 + ҚБ*0,4

Қорытынды баға тек егер де екі бақылауда (КРР, ҚБ) қанағаттанарлық баға болса ғана есептеленеді. Егер студент қорытынды бақылауда жоқ болса студентке «Қанағаттанарлық емес» баға қойылады.

Емтиханның және арадағы аттестациянің нәтижелері сол күнде студентке айтылады.



Жаратымды бағалар жоғары баға алу үшін қорытынды бақылаудан жанадан тапсырылмайды.

Бақылау түрлері: Т – тәжіреби жұмыс, СӨЖ – студенттің өзіндік жұмыс, МБ – межелік бақылау.



Студеттердің білімін қорытынды баға


Кредитті жүйе бойынша қорытынды баға (Б)

Дәстүрлі жүйе бойынша қорытынды баға (Б)

Балл ретінде

Сан ретінде

Әріп ретінде

емтихан

сынақ

95-100

4

A

Өте жақсы

есептелді

90-94

3,67

A-

85-59

3,33

B+

Жақсы

80-84

3,0

B

75-79

2,67

B-

70-74

2,33

C+

Қанағаттанарлық

65-69

2,0

C

60-64

1,67

C-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

Қанағаттанарлық емес

есептелгенжоқ


12 Әдебиеттер тізімі

Негізгі

  1. Ильин В.А., Позняк Э.Г.Основы математического анализа.Ч.1.М.: Наука, 1980

  2. Фихтенгольц Г.М. Курс дифференциального и интегрального исчисления. 1,2 том. М.: Наука, 1969.

  3. Темірғалиев Н.Т. Математикалық анализ. 1 бөлім. Алматы: Мектеп, 1987.

  4. Ибрашев Х.И., Еркеғұлов Ш.Т. Математикалық анализ курсы. Алматы, 1970.

  5. Демидович В.П.Сборник задач и упражнений по математическому анализу. М.: Наука, 1990

Қосымша

  1. Зорич В.А. Математический анализ. Ч.1. М.: Наука, 1981

  2. Ильин В.А., Садовничий В.А., Сендов Б.Х. Математический анализ. Ч.1. М.: Наука, 1979.

  3. Рудин У. Основы математического анализа. М.: Мир, 1966

  4. Кудрявцев Л.Д. Математический анализ. Т.1. М.: Высшая школа, 1981.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет