БАҒдарламасы (Syllabus) nteis 2211 «Экономистің автоматтандырылған жұмыс орны»


Көп жағдайда өтімділіктің негізгі үш көрсеткіші пайдаланылады



бет4/9
Дата08.07.2016
өлшемі1.14 Mb.
#185319
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Көп жағдайда өтімділіктің негізгі үш көрсеткіші пайдаланылады:


абсолютті өтімділік коэффициенті;

аралық жабу коэффициенті;

жалпы жабудың коэффициенті.

Абсолютті өтімділік коэффициенті (жеделділік коэффициенті) ақшалай құралдар және тез жүзеге асырылатын бағалы қағаздардың қатынасы ретінде есептеледі, ол неғұрлым жедел және қысқамерзімді міндеттемелерге жатады. Бұл ағымдағы берешектердің баланстың құрылуына және жуық арадағы белгілі мерзіміне жабылуын көрсетеді. Оны нормативтік мәні Ка.л.≥ 0,2 - 0,5 шегінде болады.

Аралық жабу коэффициенті ( немесе критикалық өтімділік коэффициенті) неғұрлым жедел төлемдерге ақшалай құралдардың, тез жүзеге асырылатын бағалы қағаздардың, дебиторлық берешеутердің және басқа да активтердің қатынасы ретінде анықталады. Бұл ағымдағы міндеттемелердің қай бөлігінің ақшалай қаражаттар және жүктелген өнімнің болжамданған түсімдердің есебінен төленетінін сипаттайды, жұмыстарды орындау және көрсетілген қызметтер. Оның қалыпты мәні Кп.л.≥ 1 құрайды, оның төменгі шегі 0,7 – 0,8 шегінде болады. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның дебиторлық берешектің бір айналымның орташа ұзақтығына тең болатын кезеңде күтілетін төлемқабілеттілігінің коэффициентін сипаттайды.

Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы жабу коэффициенті) барлық ағымдағы активтерден болашақ кезеңнің шығындарын шегергенде неғұрлым шұғыл және қысқамерзімді міндеттемелерге қатынасые көрсетеді. Ол ағымдағы міндеттемелердің ағымдағы активтермен жабуды көрсетеді және кәсіпорынның төлем мүмкіндігін көрсетеді. Оның нормативтік мәні Кт.л.≥ 1 болады.

Кәсіпорынынң қаржылық тұрақтығының талдауының маңызды кезеңдерінің біі төлем қабілеттілігін таладу болып табылады. Төлем қабілеттілігін талдау бірінші қажеттіліктің төлемінің құралдары түсімі мен болуын өлшемдеу арқылы жүзеге асырылады. Неғұрлым анық төлем қабілеттілігі талдау кезінде салыстырмалы қысқа мерзімде (айы, апта) анықталады.

Төлем қабілеттілігі төлемқабілеттілігі коэффициенті арқылы айқындалады, бұл қолда бар ақшалай соманың белгілі мерзімге және алдағы кезеңге жедел төлемдердің сомасына қатынасы ретінде анықаталады. Егер Кпл..≥ 1 болса, онда кәсіпорын төлем қабілетті болады. Егер Кпл. < 1 болса, төлем құралдарының жеткіліксіз болуының себепетерін анықтау керек. Төмен төлемқабілеттілігі кездейсоқ, уақытша, ұзақ, ұдай (созылмалы) болуы мүмкін. Оның себептері келесідей болуы мүмкін:

  қаржылық ресурстармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі;

  өнімді жүзеге асыру жоспарын орындамау;

  айналым құралдарының рационалды емес құрылымы;

  келісімшарттардан төлемдердің уақытылы емес түсуі;

жауапты сақталымда ораналасқан жүктелген тауарлар үшін төлемдердің болмауы.

Төлем қабілеттіліктің ағымдағы және күтілетін (күтілетін) түрлерін ажыратады. Ағымдағы төлемқабелттілігі баланстың құрылу мерзіміне анықталады. Егер кәсіпорынның жабдықтаушыларға, банктік ұйымдар бойынша және басқа да есептеулер бойынша мерзімі шыққан берешек болмаса, бұл кәсіпорын төлем жасауға қабілетті болып саналады. Күтілетін (перспективті) төлем қабілеттілігі белгілі, нақты мерзімге оның төлем құралдарын кәсіпорынның шұғыл міндеттемелерін салыстыру арқылы жолымен жүзеге асады.

Төлем қабілетті құралдарға бірінші кезекте ақшалай қаражттар, қысқамерзімді бағалы қағаздар, дебиторлық қарыздың бөлімі жатады. Ол бойынша кәсіпорынның есебіне түсетініне сенміді болады.

Ағымдағы міндеттемелерге ағымдағы пассивтер жатады, яғни міндеттемелер және қарыздар, жабуға тиесілі: банктің қысқамерзімді несиелері, қысқамерзімді қарыздары, кредиторлық берешектер және басқа да пассивтер.


Тақырып 3.4 Қаржылық тұрақтылықты талдау

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы туралы түсінігі және оның мәні

Кәсіпорынның негізгі тұрақтылығының және нарықта әрекет етуінің басты кепілдігі оның тұрақтылығы болып табылады.

Қаржылық тұрақты кәсіпорын дегеніміз активке салынған құралдарын өзінің меншікті құралдарынан қаржыландыратын шаруашылық субъект, ол негізсіз дебиторлық және кредиторлық берешекке жол бермейді және өз міндеттемелері бойынша есептеулерді уақытылы төлейді.

Кәсіпорынның тұрақтылығына әсер ететін іртүрлі факторлар болады:

  тауарлық нарықтағы кәсіпорынның жағдайы;

  сұранысқа ие, арзан өнімді өндіру және шығару;

  іскерлік серкітестіктегі оның әлеуеті;

- сытқы инвесторлар мен кредиторлардан тәуелділік деңгейі;

  шаруашылық және қаржылық операциялар тиімділігі.

Тұрақтылық ішкі және жылпы болып екіге бөлінеді. Ішкі – бұл кәсіпорынның жұмысының жоғары нәтижелігі қамтамасыз етілетін қаржылық жағдай.

Жалпы – бұл шығындарды (шығындар) түсім құралдарымен (табыстар) тұрақты түрде жабуын қамтамасыз ететін ақшалай ағымдардың қозғалысы.

Қайсыбір мерзімге қаржылық тұрақтылықтың қаржылық тұрақтылықтың талдауы кәсіпорынның кезең ішіндегі, осы мерзім алдыңдағы уақытқа қаржылық ресуратардың қаншалықты дұрыс басқаратынына жауап беруге мүмкіндік береді.

Қаржылық тұрақтылықтың мәні қаржылық ресурстардың тиімді қалыптасуымен, бөлігуімен және пайдалануымен анықталады, ал төлем қабілеттілігі сыртқы түрімен айқындалады.

Қаржылық тұрақтылық бірқатар себептерге тәуелді болады, олар сыртқы және ішкі түрге, негізгі және екінші кезектегі, жай және күрделі, тұрақты және уақытша.


Қаржылық тұрақтылықтың абсолюттік көрсеткіштері

Қаржылық көрсеткіштердің абсолюттік көрсеткіштеріне ТМҚ қамтамасыз ету деңгейінің қалыптасу көзін сипаттайтын көрсеткіштер болып табылады. ТМҚ қалыптасу көзінің сипаттау үшін негізгі үш көрсеткіш анықталады.

1. Меншікті айналым капиталының болуы (Сок) меншікті капиталының (баланс пассивінің бірінші бөлімі) және ұзақмерзімді активтерінің (баланс активінің бірінші бөлімі) арасындағы айырма. Ол меншікті айналым құралдарын сипаттайды. С ок көрсеткіші маңызды аналитикалық коэффициенттерді есептеу үшін пайдаланылады: кәсіпорынның ағымдағы активтеріндегі меншікті айналым құралдардыңүлесі (оның нормативтік мәні 0,1 аз болмау керек), тауарлық қорлардағы меншікті айналым капиталының үлесі (оның нормативтік мәні 0,6 ден төмен болмау керек).

2. ТМҚ (С ок/д) қалыптасуының қарыз ұзақмерзімді және меншікті көздерінің болуы. Бұл көрсеткіш алдағы көрсеткіштерді жоғарлату арқылы анықталады, яғни меншікті айналым капиталын ағымдағы міндеттемелерге келесі формула бойынша:

С ок/д = С ок + Ұ о = С ок + П,

мұндағы, Ұ о – ұзақмерзімді міндеттемелер, П – баланста пассивтің екінші бөлімі.

3. ТМҚ қалыптасудың негізгі көрсеткіштерінің жалпы сомасы алдағы көрсеткіштің қысқамерзімді несиелер мен қарыздар сомасының жоғарлауы арқылы келесі формула бойынша анықталады:

ОИ = С ок/д + К к ,

мұндағы, К к – қысқамерзімді несиелер және қарыздар.

ТМҚ қалыптасу көдерінің бар болуын көрсететін көрсеткіш ТМҚ қалыптасуының қамтамасыз етуші үш көрсеткіші:

Артықшылық (+), жетіспеушілік (-) меншікті айналым капиталының:

+ С ок = С ок – З, где З – ТМЗ

ТМҚ меншікті және ұзақмерзімді қалыптасу көздерінің артықшылықғы және жетіспеушлгі: + С ок/д = С ок/д – З

Қорлардың қалыптасуының негізі көздерінің жалпы мөлшерінің артықшылығы және жетіспеушілігі: + ОИ = ОИ – З.

Берілген есептеулер кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның тұрақтылығы деңгейі бойынша келесі түрлерге топшалауға мүмкіндік береді:

  қаржылық жағдайдың абсолюттік тұрақтылығы;

  қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы;

  кәсіпорынның тұрақсыз жағдайы;

  кризистік (критикалық) қаржылық жағдайы.

Қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы келесідей теңсіздік орнағанда З < С ок, С ок > З болады. Бұл теңсіздік бойынша, ТМҚ өзінің меншікті айналым құралдарымен жапқандығын көрсетеді, және де кәсіпорын сыртқы несие берушілерден тәуелсіз екендігін көрсетеді.

Қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы келесі теңсіздікпен сипатталады: С ок/д < З < ОИ. Бұл теңсіздік бойынша, кәсіпорын кәсіпорын ТМҚ жабу үшін әртүрлі «қалыпты» құралдарын пайдаланылады – меншікті және тартылған.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақсыздығы, жағдай келесідей теңсіздікпен сипатталған кезде орнайды: З > ОИ немесе ОИ < З. Бұл жағдайдың орнауына себеп болатын жағадай: егер кәсіпорын ТМҚ бөліктерін жабу үшін белгілі түрде «қалыпты» болып саналмайтын қосымша құралдарды тартқан кезде орнайды.

Кризистік (критикалық) қаржылық жағдай жоғарыда көрсетілген теңсіздікке орай кәсіпорынның мерзімі өткен кредиторлық берешектері болса, сонымен қоса, несиелер мен қарыздары мерзімінде төленбеген жағдайда болады.

Қаржылық тұрақтылықтың салыстырмалы көрсеткіштері және оларды талдау

Қаржылық тұрақтылықтың барлық салыстырмалы көрсеткіштерін екі топтарға бөлінеді.

Бірінші – бұл айналмалы құралдардың жағдайын анықтайтын көрсеткіштер:

а) меншікті құралдармен қамтамасыз етілу коэффициенті; б) меншікті айналым құралдарымен материалдық қорлармен қамтамасыз етілу коэффициенті; в) меншікті капиталдың жылжымалылық (ептілік, икемділік) коэффициенті.

Екінші – бұл негізгі құралдардың жағдайын анықтайтын көрсеткіштер. а) автономия коэффициенті; б) қарыз және меншікті құралардың ара қатынасы коэффициенті; г) тозу коэффициенті және т.б.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтығының негізгі көрсеткіштерінің бірі қорларды меншікті көздермен қалыптастыруды қамтамасыз ету коэффициенті болып табылады, оны жабу коэффициенті деп те атайды. Ол меншікті айналым құралдарының ТМҚ құнына қатынасы ретінде есептеледі. Оның есептік формуласы келесі түрге ие: К о/з = С ок / З, мұндағы З – ТМҚ құны. Бұл коэффициенттің нормативтік мәні:

К о/з ≥ 0,6 - 0,8

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтығы құралдардың көзі құрамы ретінде ғана сипатталмайды, бірақ қаржылық есептіліктің активтеріне салымдарының дұрыстығы. Сондықтан кәсіпорын қарыз құралдарының құрамы мен құрылымын зерттеу маңызды.

Осы үшін қарыз құралдарының жеке баптарының есептік көрсеткіштері топтық қорытындылармен салыстырылады, базистіктен ауытқу анықталады және салыстырмалы мәндер есептеледі. Әрі қарай дебиторлық және кредиторлық берешектің талдауы жүргізіледі. Олардың арасындағы қатынас 2:1. Егер кредиторлық қарыз дебиторлық қарызбен қамтамасыз етілмесе, онда бұндай жағдайды оңтайлы емес деп бағалауға болады, яғни меншікті құралдарда кейбір өтімді бөлігінде ақшаға ауысу темптері баяу өтеді. Кредиторлық берешекті дебиторлық берешекпен төменгі деңгейде қамтамасыз етілудің себептері дебиторлармен сәтсіз қарым қатынас, солайша кредиторлармен қатынас,және олардың өзара төлемдері. Тауарлар және қызметтер үшін кредиторлық берешектің болуы, сонымен қоса, бюджет және еңбек төлемі бойынша есептеудің болуы кәсіпорынды жағымсыз жағынан сипаттайды.



Баланстың қанағаттарлықсыз құрылымын бағалау үшін критерилердің жиынтығы (ішкі және сыртқы)

Кәсіпорынның шамасыздығы оның ағымдағы қызметті және қарыз алушының міндеттемесі оның мүлігінен аспы түссе немесе қарыз беруші баланстың жағымсыз құрылымының болуына байланысты жедел міндеттемелерді қаржыландыруға қауқары келмеуімен сипатталады.

Баланстың қанағаттарлықсызқұрылымы – бұл кәсіпорынның және қарыз алушының жағдайы қарыз алушы мүлігінің өтімділік деңгейінің жеткіліксіздігіне байланысты несие беруші алдында мүлік есебінен міндеттемені уақытылы орындамаған жағдай.

Тақырға отырудың пайда болудың негізгі себептеріне объективті және субъекивті болып табылады:

  қаржылық несиелік, салықтық, экономиканы қайта құрудыі заңдық базасы жетілдірмеуі;

  инфляцияның жоғары деңгейі;

  тақырға отыруды алдын ала алмау және болашақта оны алдын алу;

  нарық коньюктурасы толыққанды білмеуіне байланысты сатылым көлемінің төмендеуі;

  өндіріс көлемінің азайуы;

  өнім сапасының нашарлауы және оның бағаларының төмендеуі;

­ ақталмаған жоғары шығындар және өнімнің төмен рентаельділігі;

  қарыздардың және өзара төлемеудің болуы және т.б.

Тақырға отырудың бірінші себептері ретінде қаржылық есептілікті ұсынуды кешіктірумен байланысты және баланс құрылымында өзгерісі, табыстар және шығындар есебі болып табылады.

Шамасыздығы туралы шешім еркін тәртіпте кәсіпорынмен немесе арбитражы сот шешімі бойынша қабылданады.

Кәсіпорынның массалық тақырға отыруы өте күрделі салдарларды алып кеоуі сүмкін, сондықтан тақырға отырудың алдын алу үшін және осы жағдайданшығу үшін белгілі тетік қарастырылған.

Тақырға отыру ықтималдығын бағалау үшін келесі әдістер пайдаланылады:

1. Экономикалық математикалық әдістерді пайдалану. Бұл екі, үш, төрт, бес және жекіфакторлы әдістер бола алады. Бұл кілтті көрсеткіштерге негізделеді, ол тақырға отыру ықтималдығына байланысты болады. Көп жағдайда екіфакторлы әдіс пайдаланылады, бұл қаржылық тәуелділік коэффициенті және ағымдағы өтімділік коэффициенті сияқты кілтті көрсеткіштері қолданылады. Бұл көрсеткіштер салмақты коэффициенттерге көбейтіледі, нәтижелер кейбір тұрақты өлшемдермен, алынған тәжірибелік статистикалық әдістерімен қосарланады. Егер, нәтиже теріс болса, онда тақырға отырудың ықтималы жоғары. 2 оңтайлы мәні тақырға отыру жоғары болады.

2. Төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін болжау келесі коэффициенттердің негізінде жүргізіледі: ағымдағы өтімділік, меншікті құралдармен қамтамасыз етілуі.

Кәсіпорынның шамасыздығы туралы шешімді қабылдау үшін негіз кәсіпорынның баланс құырылымының қанағаттарлықты бағалау үшін критерия жүйесі болып табылады, бекітілген. ҚР мемлекеттік шамасыз кәсіпорындарды жою, реорганизациялау және сауықтырудың қаржы экономикалық тетіктің негізі және кәсіпорын баланс құырылымын талдау бағалау тәртібі қосымшасы.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізудің мақсаты ­ баланс құрылымын қанағаттарлықсыз деп тану, ал кәсіпорын ­ төлем жасауға қабілетті емес деп тану.

Баланс құрылымын қанағаттарлықсыздығын бағалау және талдау келесі көрсеткіштер негізінде өткізіледі:

1) ағымдағы өтімділіктің коэффициенті, ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелердің қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткіштер кәсіпорынның жалпы қамтамасыз етілуінің көрсеткішін, шаруашылық қызметті жүргізу үшін айналым құралдар мен кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелерін уақытылы жабуды сипаттайды.

2) меншікті құралдармен қамтамасыз етілу коэффициенті, ағымдағы активтер құнына меншікті айналым құралдарының қатынасымен анықталады. Ол кәсіпорында меншікті айналым құралдардың болуымен сипатталады, бұл оның қаржылық тұрақтығына қажет.

Кәсіпорынның баланс құрылымын қанағаттарлықсыз деп танудың басты негізі, кәсіпорынның төлем қабілетсіздігі алдағы шарттардың бірінің орындалуын талап етеді: есептік кезеңнің соңына ағымдағы өтімділіктің коэффициентінің мәні 2,0 төмен болмауы керек, ал меншікті құралдармен қамтамасыз етілу коэффициенті   0,1 төмен болмауы керек.

Баланстың құрылымы қанағаттарлықсыздығы кезінде өзінің төлем қабілетсіздігі қалыптастырудың нақты мүмкіндігін тексеру үшін төлем қабілетсіздігін қалыптастыру коэффициенті келесі формула бойынша 6 айға есептеледі:

Кв =( Кка + ПУока - Кна )) : Кнорма,

мұндағы, Кктл – есептік кезеңнің соңында ағымдағы өтімділік коэффициенті;

Кн™ - есептік кезеңнің басына ағымдағы өтімділік коэффициенті;

Кнорм - ағымдағы өтімділіктің нормативтік коэффициенті 2,0тең болады;

Пу - айлардағы төлем қабілеттілігін қалыптастыруың бекітілген кезеңі (6 ай);

П0 – есептік кезең.

Егер коэффициент 1 ден төмен болса, онда кәсіпорында жақындағы алты айда төлем қабілеттілігін қалыптастыра алмайды.

Баланстың қанағаттарлық құрылымы кезінде қаржылық жағдайдың тұрақтылығын тексеру үшін үш айға дейін келесі формула бойынша төлем қаблеттілігі жоғалту коэффициенті есептеледі.

КУ=(КктлУ0ктл - Ктл)):2,

мұндағы, Пб – үш айға дейінгі төлем қабілеттілігінің жоғалтудың бекітілген кезеңі;

Мүмкін тақырға отыруды болжаудың бірнеше әдістері бар:

Екіфакторлы модель келесі схема бойынша есептеледі:

Z = 0,3877 – 1,0736Кп + 0,0579Кфз,

мұндағы, Кп – жабу коэффициенті (ағымдағы өтімділік коэффициенті);

Кфз – қаржылық тәуелділік коэффициенті (пассивтер сомасына қарыздық құрардардың қатынасы).

Z=0 тең болатын кәсіпорындарда тақырға отырудың ықтималдығы 50% тең болады. Егер, Z 0-ден артық болса, онда ықтималдығы 50 % артық және Z өсімімен өседі. Бұл көрсеткіштің жетіспеушілігі келесіде, ол басқа маңызды көрсеткіштердің қаржылық жағдайына ықпал етуді есепке алмайды: рентабельділік, активтердің берілуі және т.б. Болжамның қатесі интервал әдісі арқылы бағаланады: ∆ Z = + 0,65.

2. Бесфакторлы әдіс келесі модельді пайдаланады:

Z = 1,2Кай + 1,4Кнп + 3,3Кр + 0,6Кж + 1,0Ком,

мұндағы, Кай – активтердегі айналым құралдарының үлесі (барлық активтер сомасына ағымдағы активтердің қатынасы);

Кнп – активтердің рентабельділігі (барлық активтер сомасына таза табыстың қатынасы);

Кр – активтердің рентабельділігі, ВД бойынша есептелген;

Кж – капиталдың нарықтың құны бойынша жабу коэффициенті (қысқамерзімді міндеттемелер сомасына акционерлік капиталдың нарықтық құнының қатынасы);

Ком – барлық активтердің қайтарымы (активтердің барлық сомасына өнімнің жүзеге асырылған түсіміне қатынасы).

Егер, Z < 1,8, онда тақырға отырудың ықтималдығы өте жоғары;

1,81 < Z < 2,7 – ықтималдық жоғары;

2,8 < Z < 2,9 – ықтималдық мүмкін;

Z > 3 – ықтималдық өте төмен.

Бұл әдістің жетіспеушілігі ірі кәсіпорындарға тән болмайды.

3. Жетіфакторлы әдіс бес жыл ішінде 70 % дәлдікпен тақырға отырудың болжамын жасауға мүмкіндік береді. Ол келесі көрсеткіштерді қамтиды: активтердің рентабельділігі, ТТ серпіні, жабу коэффициенті, өтімділік, автономия коэффициенттері және т.б. Оның жетіспеушілігі ақпараттың аздығы болы табылады.



Қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау

Кәсіпорынның несие қабілеттілігі ретінде кәсіпорынның толық түрде және бекітілген уақытта барлық қарыздар міндеттемелері бойынша төлеу және жаңа несиені алуға алғышарттың болуын білдіреді. Әйтпесе, несие қабілеттілігі – несие алудың мүмкіндігі мен құқығы. Ол ертеректе алынған несие шоттары бойынша оның мән жайлылығымен сипатталады, ағымдағы қаржылық жағдаймен және әртүрлі көздерден ақшалай қаражаттарды мобилизациялау қажеттілігі кезіндегі мүмкіндігі.

Несие қабілеттілігін талдаудың мақсаты қарыз берушіні сапалы бағалау болып табылады, бұл несиелеудің шарттары және мүмкіндіктері туралы шешім қабылдағанға дейін анықталады, тұтынушының несиелік келісімінің шартына сәйкес алынған қарыздарды уақытылы беру мүмкіндігін және дайындығын анықтау,сонымен қатар, несиелік салымдардың негіздемесін және мақсаттылығын бағалау болып табылады.

Кәсіпорынның несие қабілеттілігін талдаудың басты мақсаттарына:

кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтау;

қарыз алушының тиімсіз шаруашылық қызметі нәтижесінде несиелік ресурстардың жоғалуын алдын алу үшін ескерту;

қарыз алушы кәсіпорынның қызметінің тиімділігін жоғарлату үшін ынталандыру;

несиелеу тиімділігін жоғарлату.


Несие қабілеттілігін талдау несиелеу шартының бағалаудан басталады. Ол үшін қарыз алушының беделін зерттеуден бастау қажет, қарыз алушының бәсекеге қабілетті өнімнің шығару және пайда табуды, несие ресурстарын пайдалану мақсаттары, несие сомасы, несиені төлеу, несиені қамтамасыз ету, активтерге ие болуды, экономикалық конъюнктура жағдайын және даму перспективаларды зерттеді.

Талдау қарыз алушының бухгалтерлік және статистикалық есептердің жиналған мәліметтері, қосымша ақпараттары негізінде жүргізіледі, яғни жарияланамлар, есептер кешеуілдеу фактілері туралы құпия ақпараттар, төлемдер, серіктесі алдында міндеттеме еместігі, меншікке ие тұлғаның аморальді мінез құлығы немесе кәсіпорынның басшылығы және т.б. Кейбір кәсіпорындар үшін жеке іс жасалады.


Кәсіпорынның несие қабілеттілігін бағалаудың басты мүмкіндігі ресми бухгалтерлік есептілікті талдауы болып табылады, осының негізінде банк бағала тиіс: а) қарыз алушы – кәсіпорынның төлем қабілеттілігі және өтімділігі. б) айналым құралдарды пайдалану тиімділігі және несиелерді алу; в) ссуданы, өтімді құралдарды да қамтитын барлық қарыз міндттемелерді алу; г) шаруашылық айналымда меншікті құралдардың болуы; д) қарыз алушының табыстылығы.

Несие қабілеттілігін бағалау белгілі мерзімге және серпінде бағаланады. Өткізілген талдау негізінде банк қарыз алушыға қарызды беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды.

Несие қабілеттілігін талдау кезінде бірқатар көрсеткіштер пайдаланылады. Бұл кәсіпорынның табыстылығы, өтіміділігі көрсеткіштері. Несие қабілеттілігін бағалау кезінде аралық жабу коэффициенттерімен бірге жалпы өтімділік коэффициенті пайдаланылады. Егер ол 1 ден төмен болса, онда банк төлемге қабілетсіз тұтынушымен істес болады және бұл жағдайда банк кәсіпорынға несиені тек ерекше шарттар негізінде береді. Егер бұл көрсеткіш 1 – 1,5 аралығында болса, қарызды уақытылы қайтарудың белгілі тәеукелділігі бар. Егер берілген көрсеткіш 1,5 ден жоғары болатын болса, қарызды қамтамасыз ету кепілдігі және оны қайтару ықтималдығы жоғары болады.

Сонымен қоса, келесі экономикалық көрсеткіштерді де зерттеу қажет: айналым құралдарының айналуы, жүзеге асыру өсімінің темптері, кәсіпорынның іскерлік белсенділігі.

Несие қабілеттілігін талдау кезінде кәсіпорынның алынған несиелерді төлеуге қабілетсіздігінің негізгі себептері анықталады: ақталмаған дебиторлық берешектердің болуы, тұтыншылардың алдыңдағы міндеттемелердің бұзылуы, өндірістік және тауарлық қорлардың жинақталауы, шаруашылық қызметтің төменгі тиімділігі, айналым құралдардың айналымдығының төмендеуі.
Тема 3.5 Ақша ағымдарын талдау

Ақша құралдарының және олардың эквиваленттерінің түсінігі

Ақша – экономикалық кешеннің негізгі феномені болып табылады, ол мемлекеттің шаруашылық субъектілердің нақты байланысы ретінде роль атқарады.

Ақша – бұл пайда болатын және оның құрылу кезінде қоғамдық қатынастар пайда болатын экономикалық категория, ақша айырбастық құнның өзіндік формасы ретінде

Ақшаның экономикалық мәні тарапынан оның қажетті белсенді элементі ретінде қызмет етеді және қоғамның экономикалық қызметтің құрамдық бөлігі, қайта өндіру үрдістің қатысушылар арасындағы қарым қатынас.

Ақша келесі функцияларды атқарады:

  айырбас құны;

  төлем құралы;

  айналым құралы;

  жинақтау құралы;

  әлемдік ақша.

Кәсіпорын өзінің шаруашылық қызметі үрдісінде өндірістік өнімді жүзеге асырады, қажетті материалдық құндылықтарды сатып алады және әртүрлі шығындар түрін жүзеге асырады. Жүзеге асырылған өнім үшін ақшалай түсімнің мерзімі материалдық құндылықтар және өндірістік қажеттіліктер үшін ақшалай шығындар кезеңімен сәйкес келмейді. Сондықтан кәсіпорын еркін ақшалай қаражаттарды ие болады, ол ағымдағы банктік шоттарда сақталады. Банктегі шоттарда еңбекақыны төлеуге арналған ақшалай ресурстар, бюджет алдында,банктер алдыңдағы міндеттемелер төлеуге арналған және басқа да уақытша еркін ақшалай қаражаттар сақталады.

Ақшалай қаражататр кәсіпорынға сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін сатушылар мен тапсырыс берушілерден, қарыз ретінде банктерден, уақытша көмек ретінде мекемелер мен басқа ұйымдардан түседі. Кәсіпорынның ақшалай қаражаттар базасы – кәсіпорындардың әртүрлі ұйымдармен шаруашылық қарым қатынасы және шаруашылық өзара қарым қатынасы, бұл жұзеге асырылған жұмыс, көрсетілген қызмет және басқа шаруашылық операциялармен байланысты болады.

Кәсіпорынның ақшалай құралдары кассада қолма қол ақша, ақшалай құжаттар, ашық ерекше шоттар және т.б. түрінде болады,

Ақшалай құралдарға кассадағы, есептік шоттардағы, банктердегі валюталық және депозиттік шоттардағы ақшаны айтады. Бағалы қағаздар қысқамерзімді қаржылық салымдарды құрайда және басқа эмитенттердің қор құндылықтарын, мемлекеттік және бір жылға дейінгі жергілікті қысқамерзімді облигацияларды қамтиды.



Ақшалай құралдардың қозғалысының есебі, оның мазмұны және құрылымы

Кәсіпорынның ақшалай ағымдарды қызметтің үш түрі бойынша топшаланады:



  • операционды (ағымдағы);

  • инвестициялық;

  • қаржылық.

Аса басымды мәнге операциондық қызметтен ақшалай ағымдарды айтады. Операциондық қызметтен ақшалай ағымдар жылдан жылға оңтайлы ақшалай ағымдары – кәсіпорынның сәтті жұмысының бастапқы шарты және оның қаржылық тұрақтылығының куәгері болып табылады. Бұл ағымдағы қызметтен түсетін түсімдер тек қана жай қызметті жүзеге асыруға ғана емес, сонымен қатар өндірісті кеңейту үшін қажет.

Операциондық қызметтен теріс ақшалай ағымдарды бірінші кезекте, жай қайта өндіру үшін меншікті айналым құраладарының жетіспеушілігі болып табылады. Операциондық қызметтерден теріс ақшалай ағымдарына ие кәсіпорын қалыпты жағдайдағы өндіріс деңгейін сақтап қалу үшін берешектердің жоғарлатады, немесе қалыпты деңгейдегі мүліктердің сатылымы, мүліктердің сатылымы және инвестициялық бағдарламаладың күші жойылады, ал мүлдем күрделі жағдайда өндіріс көлемінің төмендеуіне де алып келеді. Кәсіпорынның операциондық қызметтің теріс нәтижелері тұрақты тенденциялар жағдайында уақыт өте келе төлемге қабілетсіз болады және кәсіпорынынң тақырға отыруы жоғары бағаланады:

Ақша қозғалысының есебі есептік кезең ішіндегі ұйымның ақшаның түсуі және шығуы туралы ақпаратты қамтиды.

Ақша қозғалысы ағымының есебі келесіні қамтиды:

  ақша;

  ақша эквиваленттері.



Ақша кәсіпорынның кассасындағы қолма қол ақшаны және банктегі шоттардағы ақшаны қамтиды. Ақша эквиваленті ретінде қысқамерзімді жоғары өтімді қаржылық слымдары түсініледі, олар белгілі ақшалай сомаға аудару жеңіл болады, бұлар құнның өзгерісі тәуекелділігіне мәнсіз түрде ұшырайды.

Ақша эквиваленттерінің мысалдарына келтіруге болады:

­ банктердегі салымдар;

  қысқамерзімді мемлекеттік бағалар;

  вексельдер және ақшалай чектер.

ҚР кәсіпорындары үшін қаржылық есептіліктің бір формалары № 3 форма «Ақша құралдарының есебі туралы» форма болып табылады. Онда белгілі кезең үшін кәсіпорындардың құралдар көзі анықталады және осы құралдардың пайдаланылуы көрсетіледі. Аталған есеп кәсіпорынның берілген еесптік кезең ішіндегі шығындалатын ақшалай құралдарды жабу үшін негізгі қызметтен алынатын құраладр жеткіліктігін көрсетеді. Басқаша айтқанда, ақшалай құралдардың қозғалысы туралы есебі ­ бұл кәсіпорынның қандай ақша алып, оны қайда жұмасайтындығын көрсетеді.

Ақшалай құраладр – бұл кассадағы және банк шоттарындағы қолма қол ақша. Ақша құралдары кәсіпорынның операционды, инвестициялық және қаржылық қызметі нәтижесінде алынуы мүмкін.

Операциондық қызметі ретінде табысты табу бойынша кәсіпорынның негізгі қызметі және басқа да қызмет түсіндіріледі.

Инвестициялық қызметі ретінде ұзақмерзімді активтерді сатып алыу және стаып алу, несиелерді алу және беру түсіндіріледі.

Қаржылық қызмет ­ қарыз құралдары мен меншікті капиталдың құрамындағы және мөлшердегі өзгерістер нәтижесіндегі кәсіпорынның қызметі.

Кәсіпорынның ақшалай құралдардың түсу және шығуын талдау

Ақшалай құралдарды талдаудың бірнеше әдістері пайдаланылады. Көп жағдайда, қаржылық қиындықтардың пайда болу барометрі кәсіпорынның қысқамерзімді міндеттемелер көлемінің өсуі кезіндегі қысқамерзімді активтер құрамындағы ақшалай құралдар үлесінің азайуы тенденциясы болып табылады, бұның талданатын кәсіпорында орны бар.

Оперативтік талдау ақша құралдар мен аса шұғыл міндеттемелер арасындағы ара қатынасы кәсіпорындағы ақшалай құралдардың артықшылығы немесе жетімспеушілігі жайлы толық ақпарат береді.

Сондықтан кәсіпорынның ақша құралдарының айналымдылығын талдау қажет, ол келесі көрсеткіштермен сипатталады.

Ақша құралдардың айналым коэффициенті келесі формула бойынша есептеледі:
,
мұндағы, - ақшалай құралдардың айналымдылығы;

- талданатын кезең ішіндегі ақшалай құралдардың айналымы;

- ақшалай құралдардың орташа қалдықтары.

Талданаатын кезеңде айналым санын көрсететін ақшалай құралдардың айналымдылығы коэффициентімен бірге ақшалай құралдар айналымының кезең ұзақтығы анықталады, олар оның жеткіліктігін бағалайды. Осы мақсатпен келесі формула пайдаланылады:



,
мұндағы, - ақшалай құралдардың айналым кезеңі;

- талданатын кезеңнің ұзақтығы;
Кәсіпорындағы ақшалай құралдардың нақты қозғалысы ашып түсіну үшін, олардың түсу жиілігін және шығындалуын бағалау үшін, сонымен қатар кәсіпорынның ақша құралдары жағдайы туралы алынған қаржылық нәтиже көлемімен байланыстыру, ақша құралдары түсімдерінің (ағымы) барлық бағыттарын анықтау және талдау қажет.

Талдау үрдісі ақша ағымдарын оптимизациялаумен аяқталады, бұл кәсіпорындағы ұйымдастырылуы бойынша ең оңтайлы форманы таңдау арқылы, олардың жиілілігі, синхронизация және ақша ағымының таза өсімін қамтамасызету үшін ішкі және сыртқы факторларды есепке ала отыра таңдауды жүргізу.

Бірінші кезекте ақша құралдары ағымының оң және теріс көлемі арасындағы балансқа қол жеткізу қажет, себебі ақша ресурстарының тапшылығы да, артықшылығ да шаруашылық қызметтің нәтижесіне теріс әсер етеді.

Ақша ағымының жетіспеушілігі кезінде кәсіпорынының өтімділігі және төлем қабілеттілігінің деңгейі төмендейді, бұл кәсіпорынның банк несиесі, жабдытаушылар персонал төлемдері бойынша мерзімі өткен берешектердің өсіміне әкеледі.

Ақша ағымдарының артықшылығы кезінде инфляция нәтижесінде уақытша еркін ақша құралдарының нақты құнының жоғалтулары болады, ақша құралдарының тұрып қалу себебінен капитал айналымдылығы баяулайды, операциондық немесе инвестициялық үрдісте ақша құралдарының табысты орналастырудан жіберіп алған пайдаға байланысты әлеуетті табыс жоғалады.

Артықшылығы бар ақша қаражаттарын оңтайландыру тәсілдері көп жағдайда кәсіпорынның инвестициялық қызметін белсендірумен байланысты болады, бағытталған:



  • банктің ұзақмерзімді несиесін мерзімнен ерте жабу;

  • нақты инвестициялардың көлемінжоғарлату;

  • қажылық инвестициялардың көлемінің артуы.

Ақша ағымдарының синхронизациясы оң және теріс ақша ағымдарының қалыптасуындағы маусымдық және циклдік айрмаларды жоюға бағытталған, сонымен қатар қолма қол ақшаның орташа қалдықтарын оңтайландыру.

Оңтайландырудың қорытынды кезеңі кәсіпорынның таза ақша ағымының максимизация жағдайын қамтамасыз ету, оның өсуі кәсіпорынның өз өзін қаржыландыру деңгейінің жоғарлауын қамтамасыз етеді, сырттан қаржыландыру көздерінен тәуелділікті азайтады.

Таза ақша ағымы сомасының жоғарлауын келесі шаралар есебінен болуы мүмкін:


  • кәсіпорынның тұрақты шығындар сомасын азайту;

  • өзгермелі шығындардың деңгейін азайту;

  • тиімді салық саясатын жүргізу;

  • жеделтеліген амортизацияны әдістерін пайдалану;

  • пайдаланылмайтын негізгі құралдар түрлерін, материалды емес активтер және қорларды сату;

  • айыппұлдар санкциялары мен дебиторлық берешектердің толық және уақытылы түрде қайтарылуы мақсатында талап ету жұмыстарын нығайту;

Осылайша, ақша құралдары қозғалысы туралы ақпарат және ақша ресурстарының ағымы бойынша бюджеттің орынлалуын кәсіпорынға ағымдағы кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бақылауға, оны тұрақтандыру бойынша оперативті үйлестіруші шараларын асыруға мүмкіндік береді.

Ақша құралдары қозғалысы туралы есебін қалыптастырудың жанама және тура әдісі

Ақша құралдары қозғалысын талдау үшін екі әдіс пайдаланылады: тура және жанама.

Тура әдісті пайдаланған кезде түсімнің абсолюттік сомасы мен кәсіпорынның қызмет түрлері бойынша (ағымдағы, инестициялық және қаржылық) ақша құралдарының шығындалуы салыстырылады. Берілген көрсеткіштің артықшылығы – ол кәсіпорынның ақша құралдарының шығындары мен түсімінің жалпы сомасын бағалауға мүмкіндік береді, олар бойынша қызмет түрлері шегінде ақша құралдарының неғұрлым үлкен түсімі мен шығымы қалыптасады. Берілген әдлісті пайдалану барысында алынған ақпарат ақша құралдарына болжам жасаған кезде пайдаланнылады. Алайда, берілген әдістің бірқатар кемшілігі бар, себебі алынған қаржылық нәтиже мен кәсіпорын шоттарындағы ақша құраладарының өзгерісі арасындағы байланысын ашпайды

Тура әдіске қарағанда жанама әдіс ақша құралдарының қозғалысының есебін құрастырған кезде ақша құралдарының баптарын ғана қарастырмайды, сонымен бірге актив пен пассивтің қалған баптары қарстырылған, олардың өзгерісі кәсіпорынның қаржылық ағымына әсер етеді.

Жанама әдісі аналитикалық тараптан қажет болады, себебі алынған қаржылық нәтиже мен ақша құралдарының көлемі өзгерісі арасындағы байланысты анықатуға мүмкіндік береді.

Берілген әдіс алынған қаржылық нәтижені көлемін таза ақша ағымы көлеміне ауыстыу үшін таза пайданы (шығындар) түзетуді білдіреді. Сол үшін актив және пассив балансының әр бап бойынша кәсіпорынның ақша құралдары жағдайына және оның таза табысына өзгеріс ықпалын бекіту керек.

Мысалы, қысқамерзімді міндеттемелердің өсімі ақша құралдарының шығымын білдірмейді, сондықтан оны таза табысқа қосу қажет, ал азайуы кезінде шегеру керек. Айналым активтердің азайуы ақша құралдарының түсіміне әкеледі, сондықтан таза табысты айналым активтердің азайуына ұлғайту керек. Керісінше, айналым активтердің ұлғайуы ақша құраладарының шығымына әкеледі, сондықтан таза пайданы айналым активтердің ұлғайуына азайту керек. Таза пайданы түзету нәтижесінде ақша құралдардың нақты ағымы (шығымы) бекітіледі.

Ақша құралдардың таза түсімі кәсіпорынның пайдалылық көрсеткішінің бірі болып табылады. Оны негізінде 1суретте көрсетілген келесі көрсеткіштер есептеледі:



1 Сурет – Ақша құралдарының таза түсімі негізінде есептелген рентабельділік көрсеткіштері


Ақша құралдарының таза ағымы негізінде есептелген рентабельділік көрсеткіштері кәсіпорынның несие берушілер, қарыз беруші мен қол қол ақша құралдары бар акционерлер алдында өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігі туралы түсінік береді.
Тақырып 3.6 Ұйымның пайдалылығын талдау

Табыстылық көрсеткіштері және талдаудың міндеттері

Қаржылық талдаудың негізгі мақсаты – неғұрлым ақпаратты параметрлердің аз санын алу, олар кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы аса толық және объективті түсінік беруі тиіс, активтер, капитал және міндеттемелер құрылымындағы өзгерістер туралы түсінікті беру.

Нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында кәсіпорын қызметінің мақсаттылығы табысты алумен анықталады. Шаруашылық субъектінің табсытылығы абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолюттік көрсеткіші – бұл табыстар және пайдалар сомасы. Арнайы шетелдік тәжрибеде табысқа келесідей анықтама беріледі: «Табыстар – бұл есептік кезең ағымындағы экономикалық табысты арттыру, бұл табыс құралдардың ағымы формасында немесе активтер құнының жоғарлауы, я болмаса пассивтердің қысқаруы, бұл капитал өсіміне алып келеді, бірақ акционерлердің салымдарының есебінен өсім қамтамасыз етілген жағдайда есепке алмағанда.

Жалпы түрде табыс шаруашылықты жүргізуді білдіреді, тірі және жансыз еңбек шығындарының өнімділігі. Кейбіреулері осыны экономикалық эффект көрсеткіші деп санайды, ал басқалары кәсіпорын жұмысының нәтижесінің тиімділігі деп санайды.

Нарық жағдайында әрбір шаруашылық субъектінің қызмет етуінің негізгі мақсаты табыс табу болып табылады. Осылайша, кәсіпорынның өндірістік және қаржылыққызметін бағалаудың маңызды көрсеткіштерінің бірі табыс. Ол сонымен қатар, іскерлік белсенділікті және қаржылық ауқаттылықты сипаттайды.

Табыс есебінен бюджет алдындағы, банктер және басқа да нарық субъектілері алдында кәсіпорынның міндеттемелерінің бөлімдері орындалады. Осылайша, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудың басты көрсеткіші болып табылады. Ол сонымен қатар оның іскерлік белсенділгін және қаржылық әл ауқаттылығын сипаттайды.

Нарықтық қатынастар жағдайында табыс екі басты қызметті атқарады, біріншіден мемлекеттік бюджеттің табыс көзі ретінде және екіншіден, кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі ретінде.

Кәсіпорынның табыстылығы көрсеткіштерін талдау міндеттері қамтиды:

табыстылықтың салыстырмалы және абсолютті көрсеткіштерінің жоспарларын орындауды бағалау;

таза табысты қалыптастырудың құрамды элементтерін оқыту;

табыс мөлшеріне факторлардың ықпал ету деңгейін анықтау және сандық түрде өлшеу;

табысты тарату көрсеткіштерін зерттеу;

табыстылықтың әртүрлі коэффициенттерін зерттеу;

табысты тиімді түрде пайалану бойыша ұсыныстарды әзірлеу.


Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау

Кәсіпорын табыстылығының бірінші абсолютті көрсеткішіне өнімді жүзеге асырудан түскен табысты айтады (р,у). Өнімді жүзеге асырудан түскен табысқа өнімді өндіру деңгейі, өнім сапасы әсер етеді, сонымен қоса, қоймалардағы сатылмаған өнімнің қалдықтары және сатып алушының жауапты сақтауында тұрған тауарлар.

Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші жалпы пайда болып табылады. Ол өнімді сатқаннан кейін қаржылық нәтиже болып табылады және өнімді сатқаннан түскен пайда мен сатылған өнімнің өзіндік құны арасындағы айырма ретінде есептеледі. Жылпы пайдаға көптеген факторлар ықпал етеді, ең бірінші кезекте, өндірістік өзіндік құн, сату бағасы, сатылым көлемі, сатылған өнімнің құырлымы.

Табыстылықтың салыстымалы көрсеткіштерін талдау

Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын рентабельділік көрсеткіші жатады.

Көрсеткіштің үш түрін ажыратады:

а) жалпы активтер;

б) өнім;

в) таза ағым негізінде шегерілген ақша құралдары.

Ең бірінші табыстылық деңгейінің көрсеткіші қатарына жалпы актитерді жатқызуға болады. Тәжірибе жүзінде, қысқамерзімді активтердің табыстылығы көрсеткіші жатады.

Бірлік өнімінің табыстылық көрсеткіші сатылым бағасы мен бұйымның өзіндік құны арасындағы айырма.

Өнімдердің табыстылық көрсеткіші сатылым көлемі табыстылығы болып табылады.

Табыстылық көрсеткішінің үшінші тобы ақша құралдарының таза ағымы негізінде есептеледі.




Тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар




Нысан

Н ҰС ПМУ 7.18.2/05



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Есеп және аудит кафедрасы

Есеп және аудит мамандығының студенттеріне арналған



«Кәсіпорындағы қызметінің экономикалық талдауы» пәні бойынша

тәжірибелік сабақтарға арналған




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет