Бағдарламасы (Syllabus) Павлодар, Кегль 14, буквы строчные, кроме первой прописной 2013 ж



Дата23.07.2016
өлшемі273.45 Kb.
#215874
түріБағдарламасы

Пән бағдарламасының (SYLLABUS) титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы
6М060200 – Информатика мамандығы магистранттарына

«Криптология» пәнінің



бағдарламасы (Syllabus)

Павлодар,


Кегль 14, буквы строчные, кроме первой прописной
2013 ж.


Пән бағдарламасын (SYLLABUS) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19









БЕКІТЕМІН

ФМжАТ факультетінің деканы

___________ Н.Испулов

«___»________2013 ж.



Құрастырушы: ______п.ғ.к., доцент Найманова Д.С.

«Информатика және ақпараттық жүйелер» кафедрасы

6М060200 – Информатика мамандығы магистранттарына «Криптология» пәнінің



бағдарламасы
Бағдарлама 2013 ж. «___»_________ бекітілген оқу жұмыс бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 2013 ж. «___»_________, №_____хаттама

Кафедра меңгерушісі ___________________ Оспанова Н.Н.


ФМжАТ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 2013 ж. «_____»______________ №____хаттама

ОӘК төрағасы __________ Искакова А.Б. 2013 ж. «____»_____________
1. Оқу пәнінің паспорты
Пәннің атауы Kri 5302 Криптология
Пән – элективті пәндер каталогының пәні

Кредиттер саны және оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 2/1

Семестр: 3/1

Барлық аудиториялық сағаттар –45 сағат

Лекция - 22,5 сағат

Практикалық сабақтар – 22,5 сағат

СӨЖ – 180/90 сағат

оның ішінде МОӨЖ – 45/22,5 сағат

Жалпы сыйымдылық – 225/135 сағат


Бақылау формасы

Емтихан – 3/1 семестр


Пререквизиты

- Информатика;

- Бағдарламалау тілдері және технологиялары;

- Компьютерлік желілер, интернет және мультимедиа технологиялар.


Постреквизиты

  • Магистерлік диссертация.



2. Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараты

Найманова Динара Сәкенқызы

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы А корпуста (Ломов к-сі, 64) орналасқан, ауд. А-407, тел. 67-36-87 (ішкі 11-25)

dina_ms@mail.ru
3. Пәні, мақсаттары және міндеттері
«Криптология» пәні компьютерлік жүйелердегі криптографиялық мәселелерді қарастырады.
Пәннің мақсаты қазіргі уақыттағы криптографияда алгебра, санау теориясы және логикада ақпаратты сақтау проблемасымен байланысты қолданылатын негізгі математика теориясымен магистранттарды таныстыру.
Пәнді оқытудың міндеттері - математика сұрақтарымен байланысты криптография проблемасын келесі тақырыптар бойынша ашу, классикалық криптография, криптоталдаудың математикалық әдісі, шектелген қолданушылары бар криптожүйелер, жалпы қолданыстағы криптожүйелерді оқып-үйрену.
4. Білім, білік, дағды және құзырлылықтарына қойылатын талаптар

Курстың соңында магистранттардың:

- ақпаратты қорғау обьектілерінің ерекшеліктерін, олардың жіктелуін білу, ақпараттық үрдістерді енгізу, шығару, тасымалдау, өңдеу және сақтауды іске асыруда ақпаратты қорғау әдістері мен құралдары туралы түсінігі болуы керек;

- ақпараттық жүйелерді функционалды оптимизациялау үшін ақпаратты қорғау құралдарын қолдану бойынша нақты есептерді қоюды және шешуді істей білуі қажет;



  • ДЭЕМ қорғау обьектісі ретінде білу, қорғау жүйелерін ДЭЕМ-ді бекітілмеген қатынастан және вирустардан қорғау жүйелерін қолдана білу құзырлылықтары болуы керек.


5. Пәннің тақырыптық жоспары
Сабақтардың түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу



Тақырыптар атауы

сабақтардың түрлері бойынша аудиториялық сағаттардың саны

МӨЖ

дәрістер

практикалық

барлығы


оның ішінде МОӨЖ

1

Криптологияның математикалық негіздері

1

1

10

5

2

Құпия кілттерді басқару

4

4

20

5

3

Құпия кілттерді басқару

5

5

20

5

4

Криптографиялық хэш-функциялар

5

5

20

5

5

Кілттерді үлестіру протоколдары

7,5

7,5

20

5,5




Барлығы: 45 (1 кредит)

22,5

22,5

90

22,5

6. Дәрістік сабақтардың мазмұны



1-тақырып. Криптологияның математикалық негіздері

Жоспары:

  1. Салыстырулар теориясы.

  2. Қалдықтар туралы қытай теоремасы.

  3. Эйлер және Ферма теоремалары.

  4. Ақырлы өрістер.

  5. Ақырлы өрістерді құру.

  6. Ақырлы өрістердегі келтірілмейтін көпмүшеліктер.

  7. Ақырлы өрістердің примитивті элементтері.

  8. Модулярлық арифметика.

  9. Дискретті логарифмдер.

  10. Фурьенің дискретті түрлендірілулері.

Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұны.

Қытайдың қалдықтар туралы теоремасы атымен бірнеше ұқсас тұжырымдар белгілі. Бұл теорема арифметикалық түрде қытай математигі Сунь Цзыдың «Сунь Цзы Суань Цзин» трактатында шамамен б.з. үшінші ғасырда сипатталған.

Егер натурал сандары өзара жай болса, онда барлық үшін болатындай кез келген үшін кез келген үшін санына бөлгенде қалдық беретіндей саны табылады. Тіпті егер осындай екі мен сандары табылса, онда .

Дәлелдеу:  

бойынша индукцияны пайдаланайық. үшін тұжырымдама ақиқаттығы айқын. үшін теорема орындалсын, яғни үшін -ге бөлгенде қалдық беретіндей саны табылады. Келесідей белгілейік

сосын сандарын қарастырайық. Осы сандардың кем дегенде біреуі санына бөлгенде қалдық беретінін көрсетейік. Қарсы жориық, ондай сан табылмасын. Сандар саны , ал санына бөлгендегі барлық әр түрлі қалдықтар саны санынан аспағандықтан (себебі еш сан қалдық бере алмайды), онда олардық арасында бірдей қалдық беретін екеуі табылады(Дирихле принципі). Бұл сына және сандары болсын, мұндағы , және . Онда олардың айырмасы санына бөлінеді, бұл және өзара санымен жай болғандықтан мүмкін емес, себебі жұп жұбымен өзара жай сандар (есеп шарты бойынша). Қарама қайшылық.

Сонымен берілген сандар арасында N саны ak санына бөлгенде rk қалдық беретіндей табылады. Оның үстіне

сандарына N санын бөлгенде сәйкесінше : қалдықтарын береді.

Енді екендігін дәлелдейік. Шыныменде , демек . Барлық өзара жай болғандықтан олардың көбейтіндісіне бөлінеді. Дәлелдеу керектігі осы.



Эйлер функциясы.

. Эйлер функциясы - санынан кіші және онымен өзара жай болатын сандарының саны. Эйлер функциясы мультипликативті: өзара жай сандар үшін.

санының канондық жазылуы берілсін

Онда Эйлер функциясының мәнін



формуласы бойынша есептеуге болады.



Эйлер функциясы үшін Гаусс тепетеңдігі дұрыс болады.

Эйлер теоремасы. Егер онда .

Ферма теоремасы. Егер жай сан және болатындай бүтін сан болса, онда

Вильсон теоремасы. Егер жай сан болса, онда



салыстырмасы берілсін. Егер , онда салыстырманың дәрежесі болады. Салыстырманы шешу үшін орындалатындай барлық сандарын табу керек. Салыстырманы қанағаттандыратын сандардан тұратын әрбір қалындылар классы салыстырманың шешімі болады, ал осындай қалындылар класстарының саны – сол салыстырманың шешімдерінің саны болып табылады.

Бірінші дәрежелі салыстырмаларды шешу.


бірінші дәрежелі салыстырма.


  1. салыстырманың бір ғана шешімі бар.


  2. Егер , онда салыстыманың шешімі жоқ. Егер , онда салыстырманың шешімі бар.


салыстырманың шешімін келесі формулалар бойынша табуға болады:





  1. тізбекті бөлшекті қарастырамыз. Оның лайықты бөлшектері –


Әдебиет: [1], [2]
2-тақырып. Құпия кілттерді басқару

Жоспары:

1. Кілттерді алдын-ала үлестіру.

2. Кілттерді жеткізу.

3. Кілттерді ашық үлестіру.

4. Бөлісу тәртібі.

Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұны

. Қорғаудың техникалық құрылғысы – бұл деректер мен ақпараттарды қорғауға тағайындалған негізгі және қосымша құрал – жабдықтар.

Ол келесі түрге бөлінеді:

• электрондық қорғау құрылғылары (ЭҚҚ);

• оптикалық. қорғау құрылғылары.

Ақпаратты қоғаудың техникалық құрылғыларын құру (АҚТҚ) - аз танымал физикалық құбылыстағы қорғау кілтіне нақты негізделген. Мұндай кілтті жаңғырту өте қиын, сондықтан оны тек лицензиясын төлеген иемденушілер ғана пайдалана алады.

ЭҚҚ пайдалану барысында көшіруден қорғау үшін қосымша шара қажет емес. Қорғау кілтінің болуы бағдарламалық өнімді өндірумен қатарлас жетілген кілттің бар болуын тағайындайды. Жүйе бір ғана жалғыз құлыппен және қос кілтке ажыратылады. Қорғау деңгейі санының артуына байланысты жүйенің қорғалу дәрежесі артады. Бір кілт қорғаудың қарапайым құрылғысының кілтін алу үшін, екіншісі бағдарламаны шифрдан шығаруға немесе жүйеде жасырулы ІІІ кілтті алуға негізделген. Қосымша қорғау деңгейлері көшірмелеу жұмысын қиындатады.

Жоғарыда аталған қорғау құрылғыларының міндеті - деректер базасын, компютерлік бағдарламаларды рұқсатсыз пайдаланудың алдын алу. Қызметкерлердің сенімділік дәрежесін әртүрлі қорғау кілттері арқылы қамтамасыз етуге болады.

ЭҚҚ-на қойылатын талаптар:

• қорғау кездейсоқ көшіруден және ниеттенген қол жеткізуден сақтау керек;

• кілтті көшіру мүмкіндігінің болмауы;

• қорғау негізгі жүйе жұмысына кедергі келтірмейтіндей немесе басқа бағдарламалық құралдарды қолдануға қиындық тудырмайтындай болуы керек;

• бір уақытта әртүрлі қорғау кілттері бар бағдарламалық құрылғыларды қолдану мүмкіндігінің болуы.

Қорғаудың бірде-бір әдісі сенімді болып табылмайды.

Белсенді ЭҚҚ – бұл құрылған қисынды логикасы бар және энергияны пайдаланатын ЭҚҚ. Бұл кәдімгі - ұсақ сұлбалар(микросхемалар). Қазігі заманғы ЭҚҚ стандартты кристал таймерін ЭҚҚ бөлігі түрінде пайдаланады. Құлыпқа таймер тест жібереді, оның көрсеткішін берілген уақыт аралығында есептейді; ол ЭҚҚ қосқанда ғана дұрыс болады. Бұл бір деңгейлік қорғау жалғыз кілтті пайдалану арқылы жүреді.

Әдебиет: [1], [2], [3], [4]

3-тақырып. Ашық кілтті шифрлау жүйелері

Жоспары:

1. RSA шифр жүйесі.

2. Диффи Хеллман шифр жүйесі.

3. Эль-Гамаль шифр жүйесі.

4. Мак Элис шифр жүйесі.

5. Қоржын алгоритміне қатысты шифр жүйесі.



Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұны

Қорғаудың техникалық құрылғысы – бұл деректер мен ақпараттарды қорғауға тағайындалған негізгі және қосымша құрал – жабдықтар.

Ол келесі түрге бөлінеді:

• электрондық қорғау құрылғылары (ЭҚҚ);

• оптикалық. қорғау құрылғылары.

Ақпаратты қоғаудың техникалық құрылғыларын құру (АҚТҚ) - аз танымал физикалық құбылыстағы қорғау кілтіне нақты негізделген. Мұндай кілтті жаңғырту өте қиын, сондықтан оны тек лицензиясын төлеген иемденушілер ғана пайдалана алады.

ЭҚҚ пайдалану барысында көшіруден қорғау үшін қосымша шара қажет емес. Қорғау кілтінің болуы бағдарламалық өнімді өндірумен қатарлас жетілген кілттің бар болуын тағайындайды. Жүйе бір ғана жалғыз құлыппен және қос кілтке ажыратылады. Қорғау деңгейі санының артуына байланысты жүйенің қорғалу дәрежесі артады. Бір кілт қорғаудың қарапайым құрылғысының кілтін алу үшін, екіншісі бағдарламаны шифрдан шығаруға немесе жүйеде жасырулы ІІІ кілтті алуға негізделген. Қосымша қорғау деңгейлері көшірмелеу жұмысын қиындатады.

Жоғарыда аталған қорғау құрылғыларының міндеті - деректер базасын, компютерлік бағдарламаларды рұқсатсыз пайдаланудың алдын алу. Қызметкерлердің сенімділік дәрежесін әртүрлі қорғау кілттері арқылы қамтамасыз етуге болады.

ЭҚҚ-на қойылатын талаптар:

• қорғау кездейсоқ көшіруден және ниеттенген қол жеткізуден сақтау керек;

• кілтті көшіру мүмкіндігінің болмауы;

• қорғау негізгі жүйе жұмысына кедергі келтірмейтіндей немесе басқа бағдарламалық құралдарды қолдануға қиындық тудырмайтындай болуы керек;

• бір уақытта әртүрлі қорғау кілттері бар бағдарламалық құрылғыларды қолдану мүмкіндігінің болуы.

Қорғаудың бірде-бір әдісі сенімді болып табылмайды.

Белсенді ЭҚҚ – бұл құрылған қисынды логикасы бар және энергияны пайдаланатын ЭҚҚ. Бұл кәдімгі - ұсақ сұлбалар(микросхемалар). Қазігі заманғы ЭҚҚ стандартты кристал таймерін ЭҚҚ бөлігі түрінде пайдаланады. Құлыпқа таймер тест жібереді, оның көрсеткішін берілген уақыт аралығында есептейді; ол ЭҚҚ қосқанда ғана дұрыс болады. Бұл бір деңгейлік қорғау жалғыз кілтті пайдалану арқылы жүреді.

Әдебиет: [1], [3], [5], [4]
4-тақырып. Криптографиялық хэш-функциялар

Жоспары:


  1. Хэштік функциялар мен деректердің тұтастығы.

  2. Кілттік хэш-функциялар.

  3. Кілтсіз хэш-функциялар.

  4. Цифрлы қолтаңбалар.

  5. Ашық кілтті шифр жүйелерге цифрлы қолтаңбалар.

  6. Фиат-Шамир цифрлы қолтаңбалары.

  7. Эль Гамаль цифрлы қолтаңбалар.

Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұны.

Ақпараттық жүйелерде қауіпсіздік деңгейін бағалаудың әдістері. Ақпаратты қорғау мен бақылауды басқарудың ұйымдастырушылық шаралары. Ақпаратты қорғаудың заң жүзіндегі шаралары. Ақпаратты қорғаудың техникалық құралдары.


Есептеуіш жүйе құрамындағы қорғау құралдары


Бұл қорғау әдістерінің категориясына дисклермен аппаратураларды қорғау, қорғау кілттері, штаттық құрылғы функцияларының өзгерулері жатады. Бұндай әдістерді қолдану кезінде қорғауға кепілдеме беретін бағдарлама орындалуы белгілі бір әрекеттерге, арнайы қауіпсіздік ережелері және шарттарына тәуелді болғандықтан есептеуіш жүйесінің операциялық ортасы штаттық режимге қарағанда әрдайым өзгеріп отырады. ЕЖ құрамындағы қорғаныс құралдарын төмендегі сұлба арқылы ұсынамыз:

МД қорғау.


МД-ны арнайы тәсілмен пішіндеу ОЖ-ні көшірмелеуден сақтайды. Бұл – деректер, каталогтар пішімін стандартты емес жолмен анықтау, секторлар өлшемін өзгерту, синхрондаушы сигналдар санын арттыру, ақпараттар тақырыбын ауыстыру.

DOS стандартты құралдары арқылы көшірмелеу барысында секторлардың орналасуы өзгереді және кешігу қортынды көшірменің кешігуімен сәйкес келмейді. Мұндай әдіс биттік көшірмелеуге тиімсіз.



ЕЖ құрылғысының қорғаныс тетіктері. Дискінің магниттік беті жолдың жеке секцияларына жазуға тиым салады (диск бетінен элементтердің механикалық сүртілуі немесе лазерлік ағынды пайдалану), яғни әр дискінің пішімі бесаспап. Оқылу жылдамдығын салыстыра отырып көшірмеден диск түпнұсқасын ажыратуға болады.

Қорғауға бір ЧИП-ті микропроцессор пайдаланылады. Көшіру немесе қарау үшін бағдарламаны деректер құрында (шинасында) салыстырудан сақтайтын МП-архитектурасы дайындалуда. Бағдарламаның орындалуы ЧИП арқылы жүреді. ЧИП – бұл шифрлеуді қорғауды талап ететін жұмысты таратушы аппараттық зерделі модуль.



Әдебиет: [1], [3], [5], [4]
5-тақырып. Кілттерді үлестіру протоколдары

Жоспары:

  1. Симметриялы шифрларды қолданып кілттерді жеткізу.

  2. Екіжақты протоколдар.

  3. Үшжақты протоколдар.

  4. Асимметриялы шифрларды қолданып, кілттерді жеткізу.

  5. Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұны.

Бөтен адамдарға оқуға мүмкіндік бермейтіндей түрлендіру әдісімен ақпаратты қорғау проблемасы адамзатты бұрынғы заманнан толғандырды. Криптографияның тарихы адамзат тілінің тарихымен жасты. Сонымен қатар, ежелгі қауымдастықтарда онымен тек қана таңдаулылар иемденгендіктен алғашқы жазу криптографиялық жүйемен тең болған. Оған мысал ретінде Ежелгі Мысыр, Ежелгі Үндістанның қасиетті кітаптары бола алады. Жазу-сызудың кең таралуына байланысты криптография жеке ғылым ретінде қалыптаса бастады. Алғашқы криптожүйелер біздің эрамыздың басында кездеседі. Сондықтан Цезарь хат жазуда өзінің атымен аталған жүйелі шифрді пайдаланды. Криптографиялық жүйе бірінші және екінші дүниежүзілік соғыста қарқынды дами бастады. Соғыстан кейінгі уақыттан қазіргі күнге дейін есептеу құрылғыларының пайда болуы, криптографиялық әдістерді өңдеу мен жетілдіруді жеделдетті. Мәліметтерді қорғаудың криптографиялық әдістері автоматтандырылған жүйелерде ЭЕМ- дерде өңделетін немесе әртүрлі типтегі ЗУ- да сақталатын ақпаратты қорғау үшін пайдаланады. Криптографиялық түрлендіру рұқсат етілмеген алдын- алу тәсілі ретінде көпғасырлық тарихқа ие. Қазіргі кезде көптеген шифрлар әдістері жетілдірілген және қолданудың теориялық және практикалық негіздері құрылған. Бұл әдістердің көбісі ақпаратты жабуда ойдағыдай пайдалануы мүмкін. Қандай себептен ақпараттық жүйелерде криптографиялық әдістерді пайдалану проблемасы қазіргі кезде аса маңызды болды. Бір жағынан, компьютерлік жүйелерді, соның ішінде үлкен көлемді мемлекеттік ақпараттарды, әскери, коммерциялық және жеке тұлғалардың рұқсат етілмеген мәліметтері жіберілетін интернет глобальді жүйесі пайдаланады. Екінші жағынан, жаңа қуатты компьютерлердің жүйелі және нейронды есептеу техникасының пайда болуы шешуге мүмкін емес деп саналған криптографиялыұ жуйеге сенімсіздігін арттырды. Ақпараттарды түрлендіру жолымен қорғау проблемасымен криптология айналысады ( kryptos- құпиялы, logos- ғылым ). Криптология 2 бағытқа бөлінеді- криптография және криптоанализ. Бұл бағыттардың мақсаты бір-біріне қарама-қайшы. Криптография ақпаратты түрлендірудің математикалық әдістерін іздеу және зерттеумен айналысады. Криптоанализ ортасы – ақпаратты кілтсіз шешу мүмкіндігін зерттейді. Қазіргі заманғы криптология 4 үлкен бөлімнен тұрады:

  • 1.Симметриялы криптожүйелер

  • 2.Ашық кілтті криптожүйелер

  • 3.Электронды қолтаңба жүйелері

  • 4. Кілттермен басқару

Криптографиялық әдістерді пайдаланудың негізгі бағыттары- ақпаратты байланыс салалары арқылы жіберу ( мысалы, электронды почта) , жіберілетін хабарламалардың шығынын растау, тасығыштағы шифрланған түрдегі ақпаратты сақтау ( документтер, мәліметтер базасы ). Сонымен, криптография ақпаратты оқу тек кілтін бергенде ғана мүмкін ететіндей түрлендіреді. Ақпаратты шифрлау және қайта шифрлау кезінде қандай- да бір алфавит негізінде құрылған текстер қарастырылады. Бұл терминдер мынандай мағына береді. Алфавит – ақпараттарлы кодтауда пайдаланылатын белгілердің соңғы жиыны. Мәтін - алфавит элементтерінің реттелген жиыны. Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелерде пайдаланылатын алфавиттердің мысалы ретінде келесілерді келтірйге болады:

  • орыс алфавитінің 32 әрпі мен бос орын ( пробел );

  • ASCII және КОU-8 стандартты кодына кіретін символдар;

  • Бинарлық алфавит;

  • Сегіз ретті немесе он алты ретті алфавит;

Шифрлау- түрлендіру процесі: бастапқы мәтін шифрланған мәтінмен ауыстырылады. Қайта шифрлау- шифрлауға кері процесс. Кілт арқылы шифрланған мәтін бастапқы мәтінге өзгертіледі

.

Әдебиет: [1], [3], [5], [4]


7. Практикалық сабақтардың мазмұны, олардың сағатпен берілген көлемі


1. Криптологияның математикалық негіздері (1 сағат)

  1. Салыстырулар теориясы.

  2. Қалдықтар туралы қытай теоремасы.

  3. Эйлер және Ферма теоремалары.

2. Құпия кілттерді басқару (4 сағат)

1. Кілттерді алдын-ала үлестіру.

2. Кілттерді жеткізу.

3. Кілттерді ашық үлестіру.



3. Ашық кілтті шифрлау жүйелері (5 сағат)

1. RSA шифр жүйесі.

2. Диффи Хеллман шифр жүйесі.

3. Эль-Гамаль шифр жүйесі.

4. Мак Элис шифр жүйесі.

5. Қоржын алгоритміне қатысты шифр жүйесі..



4. Криптографиялық хэш-функциялар (5 сағат)

  1. Хэштік функциялар мен деректердің тұтастығы.

  2. Кілттік хэш-функциялар.

  3. Кілтсіз хэш-функциялар.

  4. Цифрлы қолтаңбалар.

  5. Ашық кілтті шифр жүйелерге цифрлы қолтаңбалар.

  6. Фиат-Шамир цифрлы қолтаңбалары.

  7. Эль Гамаль цифрлы қолтаңбалар.

5.Кілттерді үлестіру протоколдары (7,5 сағат)

  1. Симметриялы шифрларды қолданып кілттерді жеткізу.

  2. Екіжақты протоколдар.

  3. Үшжақты протоколдар.

  4. Асимметриялы шифрларды қолданып, кілттерді жеткізу.


8. Өздік жұмыстардың тапсырмалары

  1. RSA шифр жүйесі.

  2. Диффи Хеллман шифр жүйесі.

  3. Эль-Гамаль шифр жүйесі.

  4. Мак Элис шифр жүйесі.

  5. Қоржын алгоритміне қатысты шифр жүйесі..

  6. Хэштік функциялар мен деректердің тұтастығы.

  7. Кілттік хэш-функциялар.

  8. Кілтсіз хэш-функциялар.

  9. Цифрлы қолтаңбалар.

  10. Ашық кілтті шифр жүйелерге цифрлы қолтаңбалар.

  11. Фиат-Шамир цифрлы қолтаңбалары.

  12. Эль Гамаль цифрлы қолтаңбалар.



9. Білім алушылардың оқытушымен өздік жұмысына кеңес беру кестесі

Барлық сұрақтар бойынша кеңес ағымдағы семестрдегі білім алушылардың оқытушымен өздік жұмысының кестесіне сәйкес жүргізіледі.


10. Білім алушылардың білімдерін тексерудің кестесі
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі




Жұмыс түрлері

Тақырып, мақсаты және тапсырма мазмұны

Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау ұзақтығы

бақылау формасы

Тапсыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

1

СӨЖ тапсырмаларын орындау

Криптологияның математикалық негіздері




2-3 апта



4-апта

2

СӨЖ тапсырмаларын орындау

Құпия кілттерді басқару




4-5 апта




8-апта

3

СӨЖ тапсырмаларын орындау

Құпия кілттерді басқару




6-8 апта







4

Межелік бақылау

1-3 тақырып










8-апта

5

СӨЖ тапсырмаларын орындау

Криптографиялық хэш-функциялар




9-11апта




11-апта

6

СӨЖ тапсырмаларын орындау

Кілттерді үлестіру протоколдары




12-15апта




15-апта

7

Межелік бақылау

4-5 тақырыптар










15-апта



11. Білім алушылардың білімдерін бағалау критерийлері


Пәнді оқып-үйрену өтілген барлық материалдарды қамтитын емтиханмен аяқталады, емтихан аралас, яғни тестілеу және жазбаша түрде өткізіледі. Емтиханға жіберудің міндетті шарты – бағдарламадағы барлық тапсырмаларды орындау болып табылады.

Әрбір тапсырма 0-100 балмен бағаланады.

Жіберу рейтингі ағымдағы сабақтардың түрлеріндегі (дәрістерге қатысу, үй тапсырмалары, магистранттың өздік жұмысы бойынша тапсырмалары, практикалық сабақтардың тапсырмалары және т.б., межелік бақылау) барлық орындалған тапсырмалардың орташа арифметикалық мәнімен шығарылады.

Қорытынды бақылауға жұмыс оқу бағдарламасының барлық талаптарын орындаған (барлық практикалық және СӨЖ тапсырмаларын орындаған және тапсырған), жіберу рейтингі 50 балдан төмен емес магистранттар жіберіледі.

Магистранттардың әр пән бойынша оқу жетістіктерінің деңгейі қорытынды бағамен анықталады:

Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4

Салмақтық үлестер жыл сайын университеттің Ғылыми кеңесімен бекітіледі, мұнда ЖР 0,6-дан көп емес, ал ҚБ 0,3-тен төмен емес.


Пә бойынша қорытынды баға білім алушының жіберу рейтингісі және қорытынды бақылау бағасы 50-ден жоғары болғанда ғана есептеледі. Қорытынды бақылауға себепсіз келмеген магистрантқа «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады. Магистранттарға емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері емтихан тапсырған күні немесе ертеңінде (егер жазбаша емтихан түстен кейін қабылданса) хабарланады.

Қорытынды бағаны есептеудің дұрыстығы үшін межелік бақылау және қорытынды емтихан 0-100%-ға дейін бағаланады.

Магистранттардың оқу жетістіктері төмендегі кестеге сәйкес бағаланады.

.


Әріптік жүйе бойынша баға

Балдардың цифрлық эквиваленті

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

12. Оқытушының талаптары, саясат және процедуралар

Босатылған сабақтар деканатпен қойылған тәртіп бойынша қайта тапсырылады. Көп дегенде екі сабақты ғана босатуға болады. Сабаққа 2 рет кешігу 1 рет сабақ босатқанмен тең. Екі рет сабақ босатқаннан кейін оқытушы магистрантты сабаққа кіргізбеуіне құқылы және бұл мәселе әкімшілік шешімін табуы керек. Дәрістерге бөтен, яғни осы топтың магистранты емес адамдарға кіруге болмайды.

Берілген тапсырмаларды белгіленген мерзімде тапсыру қажет. Барлық тапсырмаларды тапсырудың соңғы мерзімі – емтихан сессиясының басталуына 3 күн қалғанға дейін.

Барлық тапсырмаларды тапсырмаған магистранттар емтиханға жіберілмейді.

Әрбір оқу сабағы бойынша тақырыптарды қайталау және өтілген материалдарды қайталау міндетті. Оқу материалдарын меңгеру дәрежесі жазбаша жұмыстармен тексеріледі.

Магистранттың оқытушымен орындайтын өздік жұмысын орындау барысында келесілерді есте сақтау қажет:



  • оқу пәні бойынша кестеге сәйкес сабақтардан оқытушының берген ақпаратын магистранттардың белсенді түрде қабылдауын жүзеге асыру;

  • оқытушының нұсқауларына сәйкес магистранттар өз беттерімен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқып-үйрену, үй тапсырмаларын, курстық жұмыстарды орындайды. Осы кезеңде магистранттардан жұмыс әдістерінің білуді, олардың жұмысты орындау барысында кездескен қиыншылықтарын хабарлауды, жұмыстарды өзіндік ұйымдастыруды талап етіледі;

  • оқу материалын меңгеру барысында кездескен қиыншылықтарды жүйелеу және талдау, осы жұмысты оқытушымен реттеу;

  • магистранттар оқытушыға өздерінің сұрақтарын қойып, түсініксіз жайларды нақтылап, кеңестер алады.


13. Әдебиеттер тізімі

Негізгі

  1. Орлов С.А. Технологии разработки программного обеспечения / Учебник - СПб.: Питер, 2002. — 464 с.: ил.

  2. Бобровский С. Технология Петагона на службе российских программистов. Программная инженерия.-СПб.:Питер,2003.-222 с.

  3. Материалы сайта http://www.uran.donetsk.ua.

  4. Смайли Джон. Учимся программировать на С# вместе с Джоном Смайли: Пер. с англ. –СПб, 2003. -528 с.

  5. Материалы сайта http://www.diasoft.kiev.ua.


Қосымша

  1. Боэм Б. У. Инженерное проектирование программного обеспечения. М.: Радио и связь, 1985. 511 с.

  2. Липаев В. В. Отладка сложных программ: Методы, средства, технология. М.: Энергоатомиздат, 1993. 384 с.

  3. Майерс Г. Искусство тестирования программ. М.: Финансы и статистика, 1982. 176с.

  4. Орлов С. А. Принципы объектно-ориентированного и параллельного программирования на языке Ada 95. Рига: TSI, 2001. 327 с.

  5. Чеппел Д. Технологии ActiveX и OLE. M.: Русская редакция, 1997. 320 с..


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы
6М060200 – Информатика мамандығы магистранттарына «Криптология» пәнінен
ЕМТИХАН ТАПСЫРМАЛАРЫ

6М060200 – Информатика мамандығы магистранттарына

«Криптология» пәнінен

ЕМТИХАН ТАПСЫРМАЛАРЫ


  1. Салыстырулар теориясы.

  2. Қалдықтар туралы қытай теоремасы.

  3. Эйлер және Ферма теоремалары.

  4. Ақырлы өрістер.

  5. Ақырлы өрістерді құру.

  6. Ақырлы өрістердегі келтірілмейтін көпмүшеліктер.

  7. Ақырлы өрістердің примитивті элементтері.

  8. Модулярлық арифметика.

  9. Дискретті логарифмдер.

  10. Фурьенің дискретті түрлендірілулері.

  11. Кілттерді алдын-ала үлестіру.

  12. Кілттерді жеткізу.

  13. Кілттерді ашық үлестіру.

  14. Бөлісу тәртібі.

  15. RSA шифр жүйесі.

  16. Диффи Хеллман шифр жүйесі.

  17. Эль-Гамаль шифр жүйесі.

  18. Мак Элис шифр жүйесі.

  19. Қоржын алгоритміне қатысты шифр жүйесі.

  20. Хэштік функциялар мен деректердің тұтастығы.

  21. Кілттік хэш-функциялар.

  22. Кілтсіз хэш-функциялар.

  23. Цифрлы қолтаңбалар.

  24. Ашық кілтті шифр жүйелерге цифрлы қолтаңбалар.

  25. Фиат-Шамир цифрлы қолтаңбалары.

  26. Эль Гамаль цифрлы қолтаңбалар

  27. Симметриялы шифрларды қолданып кілттерді жеткізу.

  28. Екіжақты протоколдар.

  29. Үшжақты протоколдар.

  30. Асимметриялы шифрларды қолданып, кілттерді жеткізу.

Құрастырушы: ____________ Найманова Д.С. «___» _______2013 ж.


«Информатика және ақпараттық жүйелер» кафедрасының отырысында қарастырылған: «26» 04 2013ж., № 9 хаттама.


Кафедра меңгерушісі ____________ Оспанова Н.Н. «___» _______2013 ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет