затының бұзылуынан болатын ауру
тісжегі (кариес ) деп аталады (80,
a-сурет).
Бүтін, әрі сау тістер адам денсаулығының басты кепілі.
Ауырған
тістерде ауру қоздырушы микробтар көптеп кездеседі. Тістің бүлінуі тіс
кіреукесінің шытынауынан басталады. Тіс кіреукесінің шытынауы қатты
заттарды (мысалы, жаңғақ) шағудан және т.б. жағдайлардан да
болады. Кейде тым ыстық немесе өте салқын сусындарды бірінің
артынан бірін ішу кіреукенің шытынауына әсер етеді. Тіс кіреукесіндегі
шытынаған жерлерге микробтар шоғырланып, тістің бүлінуі
жалғаса
береді. Ауру тістер адам ағзасындағы басқа мүшелерге (жүрекке,
бүйрекке, буындарға және т.б.) де зардабын тигізеді. «Ауру ауыздан
кіреді» деген сөзде терең мағына бар. «Тіс бүлінді дегенше, іш бүлінді.
Іш бүлінді дегенше, іс бүлінді» деген сөздер тістің ауруының ішкі
мүшелерге әсерін дәл көрсетіп тұр.
Ауыз қуысына түскен тағам алдымен тістердің көмегі арқылы
шайналып ұсақталады да, сілекеймен араласады.
Ауызда толық
шайналған, әрі сілекеймен шыланған тағам ағзада жеңіл қорытылып,
тез сіңеді. Көрнекті ақын Мұзафар Әлімбаевтың «апыл-ғұпыл ішкен ас,
асқазанға түскен тас» деген нақылынан өздерің қорытынды
шығарыңдар.
Адамның да тістері басқа сүтқоректі жануарларға ұқсас жеке
топтарға бөлінген. Тістер
күрек,
сойдақ,
кіші және
үлкен азу тістер деп
бөлінеді (81-сурет).
Ересек адамдарда 28–32 тұрақты тіс болады. Олар үстіңгі және
астыңғы жақ сүйектеріндегі арнайы тіс ұяшықтарында орналасқан.
Әрбір жақ сүйектерінде 16 тіс бар. Тістердің пішіні де әр түрлі. Жақ
сүйектерінің алдыңғы жағында орналасқан жалпақ тістерді
күрек
тістер деп атайды. Кейде оларды
халық арасында маңдай тістер
немесе қасқа тістер деп те атай береді. Жалпы күрек тістердің саны 8.
Күрек тістердің екі шетіндегі пішіні үшкірлеу келген
сойдақ тістер.
Олардың саны 4. Адам күрек және сойдақ тістері арқылы тағамды
жұлып алып жейді. Бұл тістерден кейін кіші азу тістер орналасқан.
Олардың саны 8. Кіші азу тістерден кейін үлкен азу тістер бар. Олардың
саны 12. Азу тістердің үстіңгі беті кедір-бұдырлы болады. Азу тістердің
көмегімен тағамды ұсақтап шайнайды.
Сәби дүниеге тіссіз келеді. Сәбидің 6–9 айлығында алғаш рет күрек
тістер шыға бастайды. Сәбиде 2 жасқа дейін барлығы 20 тіс шығады.
Бұл тістер
сүт тістер деп аталады. 6–7 жастан бастап сүт тістер түсіп,
орнына тұрақты тістер шығады. «Баланың жетіде тісі түседі» деген
нақыл соны аңғартады. Өйткені балалардың жақ сүйектерінің мөлшері
мен пішіні ересек адамдардан өзгеше болады. Тұрақты тістердің
бастапқы нышаны сүт тістердің түбірінің астында орналасқан. Олар
бірте-бірте сүт тістерін ығыстыра бастайды да, сүт тістеріне қоректің
келуіне кедергі жасайды. Қорек келмеген сүт тістер бірте-бірте түседі,
оның орнына астыңғы жағынан тұрақты тістер шығады. 12–14 жаста
толық тұрақты тістер шығып бітеді. Ең соңғы үлкен азу тістер 18–20
(одан да кешірек) жаста шығады. Оларды кеш шығатындықтан «ақыл
тістер» деп атайды. Шын мәнінде олардың ақылға ешбір қатысы
болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: