Бағдарламасы (Syllabus)


Қантамырлар және олардың құрылыс ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет36/46
Дата01.11.2022
өлшемі385.53 Kb.
#463807
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46
Адаи

Қантамырлар және олардың құрылыс ерекшеліктері
Артериялар
Веналар
Капиллярлар
1. Қанды жүректен
алып
шығып,
мүшелерге таратады
Қанды
мүшелерден
жүрекке
тасымалдайды
Артериялар
мен
веналарды бір-бірімен
байланыстырады
2. Қабырғасындағы
бұлшықет
талшықтары қалың
әрі серпінді
Қан қысымы өте
төмен
Микроскопиялық өте
ұсақ, қабырғасы бір
қабатты
3. Қан қысымы
жоғары
Қабырғасындағы
бұлшықет
талшықтары жұқа
әрі әлсіз
Қан қысымы шамалы
4. Көпшілігі тереңде
бұлшықеттердің
арасында жатады
Теріге жақын да,
тереңде
де
жатады
Дененің
барлық
мүшелеріне таралады
5. Ең ірі артерия
тамырлары – қолқа
және өкпе артериясы
Ішіндегі
қақпақшалар
қанды
кері
бағытқа
Капиллярлар арқылы
газ және заттар
алмасады, қан баяу
ағады, ұсақ артериялар


өткізбейді. Ең ірі
вена тамырлары –
төменгі, жоғары
қуысты веналар
және 4 өкпе
веналары 
мен ұсақ веналарды
байланыстырады
Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері.Қанның
қантамырлармен қозғалуы
 
Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері. Адам денесінде
қантамырлар үлкен және кіші қанайналым шеңберін түзеді (63-сурет).
1. Үлкен қанайналым шеңбері – жүректің сол жақ қарыншасынан
қолқа артерия қантамырынан басталады. Оттегіне қаныққан қан
алдымен қолқаға, одан ірі және ұсақ артерия қантамырларына
жеткізіледі. Қан ұсақ артерия қантамырларымен ішкі мүшелерге,
жүректің өзіне, бұлшықеттерге, сүйектерге барады. Мүшелерде
артерия қантамырлары тарамдалып, капиллярларға бөлінеді. Капилляр
қантамырларының жұқа қабырғалары арқылы қан дене жасушаларына
қоректік заттар мен оттегін таратады. Жасушалардан көмірқышқыл
газы мен қажетсіз өнімдерді жинап, вена қанына айналады. Вена қаны
вена қантамырлармен жүректің оң жақ жүрекшесіне құяды.
Үлкен қанайналым шеңбері жүректің сол жақ қарыншасынан басталып
дене жасушаларына жүректің оң жақ жүрекшесімен аяқталады. Үлкен
қанайналым шеңбері деп аталу себебі – қан бүкіл денеге таралып, қайтадан жүрекке
келеді.
2. Кіші қанайналым шеңбері – жүректің оң жақ қарыншасынан
өкпе артерия қантамырынан басталады. Ондағы вена қаны өкпе
артерия қантамыры арқылы өкпеге келеді. Өкпеде артерия
қантамырларынан түзілген капиллярлар торында газ алмасады. Қан
оттекке қанығып, көмірқышқыл газынан тазартылады да, вена қаны
артерия қанына айналады. Одан төрт өкпе вена қантамырлары арқылы
артерия қаны жүректің сол жақ жүрекшесіне құйылады. Қан сол жақ
жүрекшеден сол жақ қарыншаға өтіп, қайтадан үлкен қанайналым
шеңберінің қантамырларына бағытталады.
Кіші қанайналым шеңбері жүректің оң жақ қарыншасынан басталып
өкпеге  жүректің сол жақ жүрекшесімен аяқталады.
Кіші қанайналым шеңбері деп аталу себебі – қан тек өкпеге барып
оттекпен байытылады да қайтадан жүрекке келеді. Бұл қанайналым
шеңберін кейде өкпелік шеңбер деп те атайды.
Оттекке қаныққан қан – артерия қаны (алқызыл түсті таза қан),
көмірқышқыл газына қаныққан қан – вена қаны (қоңырқай қызыл түсті
қан).
Жүрек қанды қолқа артерия қантамырынан бөлінетін
қантамырлардан алады. Жүрекке қан басқа мүшелермен
салыстырғанда көбірек келеді, өйткені ол өмір бойы жұмыс атқарып
тұрады. Жүрек жұмысының ерекшелігін анықтау үшін
электрокардиография әдісі қолданылады. Жүрек бұлшықеттерінің
жұмысын қисық сызық арқылы жазып алатын аспапты
электрокардиограф деп атайды. Электрокардиограф арқылы жүректің
бұлшықеттерінің жұмысы жазылған қисық сызық электрокардиограмма


(ЭКГ) деп аталады. Жүректің бұлшықеттері қанмен қамтамасыз
етілмегенде (қан ұйып қалғанда) жүрек бұлшықеті өлі еттенуіне
(инфаркт миокарда) шалдығуы мүмкін. Қанның үлкен және кіші
шеңберінде айналу уақыты 23–27 секунд.
Үлкен қанайналым шеңберінде қан барлық мүшелерге оттек пен
қоректік заттарды тасиды. Кіші қанайналым шеңберінде – қан оттегіне
қанығып, көмірқышқыл газынан тазартылады.
Қан қысымы. Қан қантамырлардың бойымен ағуы кезінде
қантамырларына және жүректің қуыстарына қысым түсіреді. Қан
қысымы қантамырлардың әр түрлі бөлімдерінде біркелкі болмайды. Ең
жоғары қан қысымы жүректен қанды алып шығатын ең ірі артерия
қантамыры – қолқада болады. Жүректен алшақтаған сайын
қантамырларда қан қысымы төмендей береді. Ең төменгі қан қысымы
жүрекке қан әкелетін жоғары және төменгі қуысты вена
қантамырларында болады. Қолқада қан қысымы сынап бағанасымен
өлшегенде 150 мм. Қол-аяқтың ірі артерияларында қан қысымы 105–120
мм. Ұсақ артериялар мен капиллярларда 20–25 мм. Қан қысымын
өлшейтін құралды тонометр дейді. Қанның жалпы вена қантамырлар
бойымен қозғалуына бірнеше жағдайлар әсер етеді: а) жүректің
ырғақты жұмысына сәйкес қантамырлардың әрбір бөліктерінде қан
қысымының түрліше болуы;
ә) демалған және дем шығарғанда кеуде қуысында қысымның
үнемі өзгеруі; б) веналық қантамырлардың ішінде болатын
қақпақшалар қанның кері бағытта ағуына кедергі болуы; 
в) веналық қантамырлардың айналасындағы бұлшықеттер
жиырылған кезде қанның жүрекке қарай қозғалуына мүмкіндік туады.
Қан қысымын тоқпан жіліктің артерия қантамырларынан (қолдың
қарынан) өлшейді (64-сурет). Жас, дені сау адамдарда қан қысымы
үнемі тұрақты, өзгермейді. Жүректің сол жақ қарыншасының
жиырылуы (жоғары қысым) сынап бағанасымен 120 мм болса, босаңсуы
кезіндегі көрсеткіші (төменгі қысым) 70–80 мм. Қан қысымы
жоғарылаған кезде болатын ауруларды гипертония (грекше «hyper» –
үсті, жоғары), ал қан қысымы төмен ауруларды гипотония («hupo» –
асты, төмен) дейді. Қанның қантамырлардың бойымен қозғалуы
вегетативті жүйке жүйесі арқылы реттеледі. Оның орталығы сопақша
мида орналасқан.
Тамырдың соғуы (пульс) жүректің сол жақ қарыншасы
жиырылған сайын артериялардың қабырғасы оқтын-оқтын серіппелі
кеңейеді (латынша «pulsus» – соғу, итеру). Жүрек қарыншалары
жиырылғанда қанды қолқа мен өкпе артерия қантамырларына күшпен
айдайды. Күшпен айдалған қан ары қарай артерия қантамырларының
қабырғасын керіп жібереді де, тербеліс толқыны пайда болады.
Тербеліс толқыны артерия қабырғаларының бойымен тез таралады.
Артерия қабырғаларының ырғақты тербелісі – тамырдың соғуы деп
аталады. Тамырдың соғуын білектің ішкі жағының төменгі бөлігінен
саусақпен басып, мойынның екі жағы мен самайдан білуге болады.
Тамырдың соғуына қарап 1 минутта жүректің қанша рет жиырылғанын
біледі. Ересек адамдарда жүрек минутына 70–75 рет соғады. Адам дене
еңбегімен шұғылданғанда жүрекке күш түскендіктен, тамырдың соғуы
жиілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет