Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау барысы туралы 2006-2008 жылдар бойынша ақпарат



Дата23.02.2016
өлшемі162.84 Kb.
#5577
түріБағдарламасы


2006-2008 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысында

құрылыс материалдары, бұйымдары және құрылымдары өнеркәсібінің даму

бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау барысы туралы

2006-2008 жылдар бойынша ақпарат





Іс-шаралар



Орындау үшін жауаптылар


Орындау мерзімі

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5



Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрылымдарының өндірісі жөніндегі кәсіпорындардың негізгі құралдарын жаңарту үшін қолайлы жағдайларды құру мақсатымен салықтық заңнаманы өзгерту жөніндегі ұсыныстарды жинақтау, қорыту және жіберуді қамтамасыз ету.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті,

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті, аудан әкімдері



2006 жылдың қаңтары

Кәсіпорындардың технологиялық қайта қарулануы үшін қажет жабдықтардың импортын ынталандыру мақсатында жеңілдіктер жүйесін құру жөніндегі ұсыныстар Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда (29.06.2006ж. №07-09/1179 шығыс); Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктеріне (20.06.2006ж № 07-09/1177 шығыс) жіберілген




Құрылыс индустриясы жұмысын жоспарлау мақсатымен тұрғын үй, өнеркәсіп объектілері, облыс инфрақұрылымының іргелі құрылысының перспективті жоспарларын есепке алумен, құрылыс материалдарындағы қажеттілік болжамын дайындау.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті

1 тоқсан

жыл сайын



Объектілер салу жөніндегі мемлекеттік сатып алулар өткізілгенде жабдықтаушыларға негізгі құрылыс материалдарындағы қажеттілік жеткізіледі



Жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуде оны облыстың жобалық ұйымдарымен қолдану мақсатымен өңірдің құрылыс индустриясы кәсіпорындарымен шығарылатын құрылыс материалдары тізімін нақтылау.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті,

Аудан және Петропавл қаласы әкімдері



1 тоқсан

жыл сайын



Қазақстан Республикасы аумағында сәулет, қала салу және құрылыс қызметінде жобалық жұмыстарды жүзеге асыруға лицензиялары бар заңды және жеке тұлғаларға құрылыс материалдары өндірісі жөніндегі кәсіпорындардың электрондық базасы ұсынылған, жыл сайын Облыстың құрылыс индустриясы кәсіпорындарымен шығарылатын сертификатталған құрылыс материалдары тізбесі жіберіледі.

Құрылыс басқармасы құрылыс объектілері жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге қызметтерді мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асырғанда жобалық ұйымдарға конкурстық құжаттамада жергілікті өндірістің құрылыс материалдарын қолдануды қарастыруды ұсынады.





Құрылыс материалдары өндірісіне қазіргі технологияларды енгізу мәселелері жөнінде кәсіпорындарға көмек көрсету мақсатымен «Инжиниринг және технология трансфертінің орталығы» АҚ-сымен ынтымақтастықты дамыту мүмкіншілігі туралы мәселені пысықтау.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті,

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті



2006 жылдың

маусымы


Құрылыс материалдары өндірісі саласындағы облыстың жетекші кәсіпорындарына «Инжиниринг және технология трансфертінің орталығы» АҚ-мен іскер байланыстар орнату туралы ұсыныстар жіберілген (27.06.2006ж № 05-14-1285 хаты).



СҚО бойынша «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалы қатысуымен құрылыс материалдары өндірісі жөніндегі жобаларды жүзеге асыру мүмкіншілігі туралы шағын және орта бизнес кәсіпорындары, кәсіпкерлер ассоциациялары арасында ақпараттық жұмыс жүргізу.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті,

«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-сы (келісім бойынша), Аудан әкімдері



2006 жылдың 1 тоқсаны


«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалымен 2006-2007 жылдары 136,8 млн. теңге жалпы сомасына құрылыс материалдары өндірісі жөніндегі – 11 жоба, оның 2007 жылы 122,6 млн. теңге сомасына 9 жоба кредиттелген.

Жобалардың жалпы санынан облыс аудандарында - 6 жоба, соның ішінде 4 жоба 2007 жылы (Ғ.Мүсірепов ауданы (Новоишим с.) полистеролбетоннан блоктар өндірісі жөніндегі цех, М. Жұмабаев ауданы ( Булаев қ.) –тротуарлық тақтайшалар өндірісі, Қызылжар ауданы (Подгорное с.) – бетон араластыру құралы өндірісі жөніндегі цех, (Бескөл с.) – сүрек өңдеу жөніндегі өндірісті ұйымдастыру) қаржыландырылған.

2008 жылғы сәуірде семинар өтті, онда облыс кәсіпорындары «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның қаржыландырудың жаңа Бағдарламасымен таныстырылды. «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның қаржыландыру» бағдарламасы аясында 2008 жылы «Құрылыс мақсаты үшін темір конструкциясын өндіру» жобаға жалпы сомасы 217,1 млн. теңге кредит берілді (бастаушы - «Ғимараттар мен имараттарды тез арада салатын зауыт» ЖШС ), «ПВХ бұйым өндіру үшін қондырғы, ағаш өңдейтін құралдар сатып алу» (ЖК «Рязанцев», Ғ. Мүсірепов ат. аудан), «Құрылыс монтаж жұмыстары үшін негізгі құралдар сатып алу» («Ассени» ЖШС), «Асфальт өндірісі» («Су-808»).




«Қазақстан Республикасында өнімдердің сәйкестігін міндетті түрде растау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі 2005ж. 20.04. № 367 Қаулысына сәйкес «Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрылымдарын сертификаттау туралы» тақырыбына семинар ұйымдастыру.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті, Технологиялық реттеу және метрология жөніндегі Комитет Басқармасы (келісім бойынша),

аудан және Петропавл қаласы әкімдері



2006 жылдың 1 тоқсаны


Облыстың жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен сапа менеджменті жүйесін насихаттау жүргізілуде, кәсіпорындар мамандарын оқытуда көмек көрсетіледі.

2006 жылдың 1 тоқсанында СҚО бойынша Технологиялық реттеу және метрология Комитеті Басқармасы және «НаЦэкС» АҚ филиалымен бірлесе облыстың барлық аудандарында меншіктің барлық түрлері кәсіпорындары үшін «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы және «Қазақстан Республикасында өнімдердің сәйкестігін міндетті түрде растау туралы» ҚР Үкіметінің қаулыларын түсіндіру жөніндегі семинарлар өткізілген.

2009 жылғы 1 қаңтарда облыста 5 құрылыс индустриясы кәсіпорны, жолдар салу және жөндеу жөніндегі 4 кәсіпорын халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес менеджмент жүйесін сертификаттауды жүзеге асырдып, интегралдық менеджмент жүйесі бар.




Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрылымдары өндірісі саласында инвестициялық жобаларды қолданудың мониторингін жүргізу.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті,

Аудан және Петропавл қаласы әкімдері



жыл сайын

шілде,


қаңтар

2006 жылы жабдықтарды жаңарту және жаңа қуаттар енгізу жөніндегі «Единство» ЖШС, «СТ Гедеон» ЖШС, «Фирма Строитель» ЖШС, «Қызылжар кірпіш зауыты» ЖШС, «Силикат-К» ЖШС жобалары іске асырылды. «Жансая» ЖШС – Петропавл қ. жабын қыш кірпіші өндірісі жөніндегі зауыт құрылысы жөніндегі. «Конкорд ЛТД» ЖШС - 150 тн/жыл қуатымен полистироль көбік қабаты өндірісі жөніндегі.

2007 жылы көбікполистиролдық термоблоктар - облыс үшін құрылыс материалдарының жаңа түрінің өндірісі игерілген («Көп пішінді жабдықтар зауыты» ЖШС).

«Фирма Строитель» ЖШС-да жылына 7,2 мың м3 дейін темір-бетондық бұйымдарды қалыптау полигонының қуаты арттырылған.

«Петропавл құрылыс материалдары зауыты» ЖШС 1,2 млн. мен 0,5 метр қуатымен сәйкес dd 16-63 мм мен 110-400 мм полиэтилендік және полипропилендік құбыр, жылына 1,4 млн. м2 қуатымен метал жабын қыш және кәсіби төсеніш, жылына 500 мың м2 өнімділігімен қабырғалық және шатырлық сэндвич-панельдер - өндірісі жөніндегі желіні пайдалануға берді.

«Севимсталькон» ЖШС-мен Қытай және Италияда шығарылған жылжымалы ерітінді-бетондық станциялар сатып алынған, тауарлық бетон және қоспа, құдықтардың темір-бетондық бұйымдарын (балдақ, қақпақ, түбі), темір-бетондық арнашықтар шығаруды бастады.

2008 жылғы мамырда Ақжар ауданында «Диорит-LTD» ЖШС «Дәуіт–2» кен орнында Финляндияда шығарылған өнімділігі сағатына 140 тонна уату-сұрыптау жабдығы орнатылған.

«Көппрофильді жабдық зауыты» ЖШС пенополистиролдан термоблок өндіру үшін технологиялық қондырғы қосымша пайдалануға енгізілді. (жылына 40 мың данаға дейін)

«Петропавл құрылыс материалдар зауыты» ЖШС қазанда Тиги-Кнауф металл құрылыс профилі өндіру жөнінде өнімділігі 3,5 км линиясы пайдалануға берілді.

«Ақтөбе Glass» ЖШС Ақжар ауданында «Айсара шыны құм кен орны кварц құмын өндірістік қуаты жылына 340 мың тонна қазбалау жөнінде фабрика құрылысын игеру» инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. Фабриканы пайдалануға беру 2009 жылға жоспарланған.

Ғ. Мүсірепов ат. ауданда 2009-2010 жылдары «Тобыл» ӘКК бірлесіп «Цемент және құрғақ ұнтақ өндірісін ұйымдастыру» инвестициялық макрожобаны Новоишим цемент зауыты құрылысы және әк, глина, құрылыс тас кен орындарын табу арқылы іске асыру көзделініп отыр.





Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрылымдары өндірісі жөніндегі жаңа кәсіпорындарды (цехтарды) ашуға және қолданыстағыларын дамытуға көмек көрсету.

Аудан және Петропавл қаласы әкімдері

2006-2008

жылдары


2006 жылы Шал ақын, Мамлют, Ақжар аудандарында, Петропавл қ. ағаш өңдеу, Айыртау ауданында кәсіби табақ дайындау жөніндегі цех, Мамлют ауданында пластикалық терезе өндірісі жөніндегі, Қызылжар ауданында құрылыста қолданылатын бұйымдар өндірісі жөніндегі (табақ, жолақ, пішіндер) өндірістері пайдалануға берілді.

2007 жылы Айыртау ауданы Арықбалық с. құм блоктары өндірісі жөніндегі цех (ЖК Николаев В.П.), Тайынша қ. – көбік-бетондық блоктар өндірісі жөніндегі («Пенобетон-сервис» ЖШС филиалы), Мамлют қ. - ағаш өңдеу цехы, Булаев қ. – тротуарлық табақ өндірісі, Ғ. Мүсірепов ауданында (Новоишим с.) полистеролбетоннан блоктар өндірісі жөніндегі (ЖК Жахин Б.Е.), Қызылжар ауданы Подгорное с. бетон араластыру құралдары цехтары ашылған.

2008 жылы Аққайың – 2 ( Смирнов с.), Жамбыл – 2 және Есіл – 1 (Благовещенка с., Жамбыл с., Бұлақ с.), Қызылжар – 7 (Асанов, Элитное, Новоникольское, Соколовка с.); өндіру бойынша қабырға панелі – 1, пластика және ағаш терезелер – 1 (Қызылжар ауданы, Большая малышка с., Бескөл с.); құрылыс темір бұйымдар (1) және гипс және цементтен бұйымдар өндірісі жөнінде (1) (Тайынша ауданы, Келлеровка с., Большой Изюм с.), қабырға бетон қондырғылары өндірісі бойынша – 2 (Петропавл қ, «Есильцементесрвис» ЖШС, «Олжас» ЖШС)




Бағдарламаны жүзеге асырудың мониторингі.


Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті

жыл сайын

15 шілде,

15 қаңтар


Мониторинг мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылуда.

10.

Облыстың аудандары қиығында құрылыс материалдары өнеркәсібінің шикізат базасына талдауды дайындау.

Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті

2006 жылдың 1 тоқсаны


Солтүстік Қазақстан облысында әртүрлі дәрежеде құрылыстық шикізаттың 200 кен орны зерделенген. Мемлекеттік теңгерімде қиыршықтас және кесектас өндірісі үшін құрылыстық тастың 20 кен орны; силикат кірпіші, құрылыстық ерітінді және бетон дайындау үшін жарамды құрылыстық құмдардың 13 кен орны; құрылыстық әк алу үшін жарамды 5 әктас кен орны; қыш бұйымдары өндірісі үшін 150 кен орны саналады. Аудандарда құрылыстық шикізат кен орындарының бар болуы туралы ақпарат аудандық әкімдіктерге жіберілген (1.06.2006ж № 05-12/1111 хат).

11.

Құрылыс материалдары өндірісі үшін шикізаттың негізгі түрлерінің пайдаланылмайтын кен орындарын игеруге тарту жөніндегі шараларды қабылдау.

Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті

қаңтар

жыл сайын



2006 жылы құрылыста қолданылатын жалпы таралған пайдалы қазбаларды шығару және барлауға 11 келісімшарт жасалған, бұл 2005 жылдан 3 есе көп.

2007 жылы құрылыстық тас кен орнын әзірлеуге – 12, кварцтық құм кен орнын әзірлеуге 1 келісімшарт жасалған.

2008 жылы 6 келісімшарт (2 – құрылыстық тас, 2 – құрылыстық құм, 1 – отқа төзімді балшық , 1 – шыны құмы кен орындарын әзірлеуге) жасалған.


12.

Құрылыс материалдары өндірісінде қолданылатын жалпы тараған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруді жүргізуге келісімшарттар ережелерін қадағалауға мониторинг пен бақылауды қолдану.

Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті

шілде

қаңтар


жыл сайын

Келісімшарттар шарттарын сақтауға ұдайы бақылау жүзеге асырылуда. Мысалы, 2006 жылы ЖК «Ганжа» (Ақжар ауданы «Дәуіт -2» құрылыстық тас кен орны), «МЖТС» ЖШС (Айыртау ауданы «Айыртау алаңы» жабын тас кен орны) шарттардың орындалмау себептері бойынша келісімшарттар қайтарылып алынған.

2008 жылы 14 жер қойнауын пайдаланушымен келісімшарттар бұзылған.



13.

Петропавл қ. жылына 20 млн. дана қаптама қыш кірпіші өндірісін ұйымдастыру.

«Жансая» ЖШС

(келісім бойынша)



2006 жылы

2006 жылғы 25 желтоқсанда зауыттың ашылуы өтті. 2007 жылы 10 млн. дана кірпіш шығарылды. Жылдың соңында кірпішті күйдіру кезінде пайдаланатын газдың күрт қымбаттауына байланысты және өз айналым қаражатының жоқтығынан кәсіпорынның қаржы жағдайы құлдырауға ұшырады.

2008 жылғы мамырдың ортасынан зауыт жұмыс істемейді. Оның несиелік берешегі 1600 млн. теңгені құрайды, оның ішінде «АТФ Банк» АҚ кредиті – 740 млн. теңге.

«АТФ Банк» АҚ берешегін төлеттіріп алу үшін сотқа талап өтініш берді , сот қанағаттанарлық деп таныды.


14.

Қызылжар ауданы, Затон ст. кірпіш зауытын қайта құру

«Кызылжар кірпіш зауыты» ЖШС

(келісім бойынша)



2006-2007

жылдары


Өнім сапасын жақсарту мақсатында кәсіпорынмен 2006 жылы 2 қазан жөнделген, автономдық кептіру камерасы салынған және жұмысқа қосылған, шикі кірпішті беру үшін қосымша транспортер дайындалған, кептіру жүйесінде қосымша калорифер және желдеткіш, балшықты уату үшін иілткіштер, газдарды тарту үшін түтін сорғылар, орнатылған, кесу автоматы алмастырылған, пешті күрделі жөндеу және жаңарту жөніндегі жұмыстар жүргізілген.

2008 жылы 1,8 мың куб.м. кірпіш өндірілді. Бұл өткен жылдың осы кезңіне 2,2 есе өсті.

Зауыт модернизацияны жалғастыруды жоспарлап отыр. Осы мақсатта инвестициялық жоба әзірленіп, инвесторлар іздестіру мақсатында ҚР ИСМ құрылыс және тұрғын-коммуналдық шаруашылығы істері жөнінде Комитетке жіберілді.


15.

Уәлиханов ауданы, «Силикат-К» ЖШС силикат кірпіші өндірісі жөніндегі желілерді техникалық қайта құру


«Силикат-К» ЖШС

(келісім бойынша)



2006-2007

жылдары


2006 жылы автоклавтарға бу жеткізу үшін көтергіштерді, сорғыларды алмастыру жөніндегі жұмыстар жүргізілген, әкті жеткізу үшін элеватор орнатылған, құмды жұмсарту жөніндегі жабдық жұмысқа қосылған, әкті сақтау үшін қоймалық жайды жөндеу және жылыту жүйесіне жөндеу жүргізілген, әкті қиыршықтасты уату үшін жабдық сатып алынған.

2008 жылы кірпіш өндірілген жоқ. Кәсіпорын жер қойнауын пайдалану құқығынан айырылған. «Тобыл» ӘКК қатысуымен зауытты жұмысқа қосу ұсынылды.



16.

Темір-бетон бұйымдарын қалыптау полигонымен ерітінді-бетон бөлімше-сінің құрылысын есепке алумен құрылыс материалдары өндірісін кеңейту. («Фирма Строитель» ЖШС Петропавл қ.).

«Фирма Строитель» ЖШС

(келісім бойынша)



2006

жылы


Жылына 10 мың тонна қуатымен бетон, құрылымдар мен бұйымдар өндірісі жөніндегі цех пайдалануға берілген. 2006 жылы кәсіпорындағы өндіріс көлемі 2005 жылға 2,4 есе өскен.

2007 жылы кәсіпорын жылына 7,2 мың м3 дейін темір-бетон бұйымдарды қалыптау полигонының қуатын арттырған. 2007 жылы өнімдер өндірісі көлемі 2006 жылға 3 есе өскен.

2008 жылы 2007 жылғы кезеңге 2,5 есе артық өнім өндірілген.


17.

Петропавл қ-да пластик қалдықтарын пайдаға асыру мен өңдеу жөніндегі технологияны енгізу есебінен экологиялық таза құрылыс материалдары («Клевер» төсем тасы, жабын қыш, тротуар мен қаптағыш тақтайша) өндірісін ұйымдастыру.

«Арм-Сервис» ЖШС

(келісім бойынша)



2006 жылы

«Арм-Сервис» ЖШС «Центр» (Ресей) ЖШҚ-мен ресейлік кәсіпорынмен әзірленген технология және құрылымдық құжаттама бойынша пластик қалдықтарын оның әртүрлі амалдарында өңдеу бойынша жабдықтар шығаруға құқық беретін лицензияланған шарт жасалды.

Тәулігіне 1,5 тоннаға дейін қалдық қуатымен пластик қалдықтарын оның әртүрлі амалдарында өңдеу жөніндегі жел дайындалған және сынақтан өтті. Желі «Көп пішінді жабдықтар зауыты» ЖШС-мен сатып алынған. Туынды шикізат өз қолданылуын байланыстырғыш материал ретінде төсемтас, тротуарлық және жабын тақтайшасы, су ағар, фронтондар өндірісінде тапты.



18.

Ағаш құрылыс құрылымдарын дайындау жөніндегі цехты қолданысқа енгізу есебінен өндірісті кеңейту

(«СТ Гедеон» ЖШС Петропавл қ.).



«СТ Гедеон» ЖШС

(келісім бойынша)



2006-2008

жылдары


Ағаштан жасалған құрылыс құрылымдарын дайындау жөніндегі цехты қолданысқа енгізуден кәсіпорын бас тартты. 2006 жылы осы мақсатқа жоспарланған қаражаттар ерітінді-бетон торабын күрделі жөндеуге жіберілген, аражабынның көп қуысты тақтайлары өндірісі жөніндегі желі пайдалануға берілді.

2007 жылы кәсіпорынмен қосымша бетон араластырғыш құрал сатып алынған.



19.


Ассортиментті кеңейту, жабдықтарды жаңарту мен құрылыс материалдары жаңа түрлерінің өндірісін игеру есебінен құрылыс бұйымдары өндірісі көлемін ұлғайту. («Единство» ЖШС, Петропавл қ.).

«Единство» ЖШС

(келісім бойынша)



2006-2007

жылдары



2006 жылы темір-бетон бұйымдар шығару жөніндегі жабдықтарды жаңарту жүргізілген, бұл ассортиментті кеңейтуге мүмкіндік берді. Өндіріс қалдықтарынан (қож) қож-бетон шығару игерілген. Көбік бетон шығару жөніндегі цех қайта құрылған. Құрылыс полигоны, дайын өнім қоймасы пайдалануға берілген.

Кәсіпорындар «Арман» кешенінде (Борки кенті) өздері өндірген құрылыс материалдарын қолдана отырып жеке тұрғын құрылысын жүзеге асыруда. Салынып жатқан 10 котедждің – 5-і (2000 кв.м.) 2008 жылы тапсырылды.



20.

Қызылжар ауданы, Боголюбово с. кірпіш зауыты құрылысы.

«Промстрой-

продукт» ЖШС

(келісім бойынша)


2006-

2008


жылдары

Кәсіпорын кірпіш зауыты құрылысын инвесторлар мақсатқа сәйкес емес деп танығаннан кейін бұл жоспардан бас тартты.

21.

Ақжар ауданы, Ленинград с. құрылыс материалдары өндірісі үшін жабдық орнату.

«Ақжар құрылыс» ЖШС

(келісім бойынша)



2006 -2007

жылдары


2006 жылы кәсіпорынмен СҚО бойынша «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ филиалы арқылы кредит алынған. Ленинград с. ағаш өңдеу жабдығының кешені орнатылған.

22.

Айыртау ауданы, Нижний Бурлук селосында кірпіш зауытын қалпына келтіру.

«Фирма Бобык Бурлук» ЖШС

(келісім бойынша)



2007 жылы

«Қазэкспортастық фирмасы» ЖШС бас кәсіпорнымен (Көкшетау қ.) кірпіш зауытын қалпына келтіруге қаражаттар инвестициялаудың мақсатқа сәйкестігі қаралуда.

23.

Мамлютка қ. ағаш өңдеу өндірісін ашу.

ЖК Афонин

(келісім бойынша)



2006-2007

жылдары


Тармақ орындалған. 2006 жылы «Фирма АМИ»-мен ЖШС (ертеде ЖК Афонин) Мамлют қ. сырғауыл, еден тақтайы, ағаш бұйымдары өндірісі жөніндегі цех пайдалануға берілген.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет