«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Приозерск қаласының Жұмыспен қамту орталығы» КМК 2015 жылға
жұмыс ЖОСПАРЫ
2015 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Республикалық бюджеттен келесі ақшалай қаражаттар бөлінді: екінші бағыт бойынша (шағын кредит) – 33 млн. теңге, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға – 459,0 мың теңге, үшінші бағыт бойынша (әлеуметтік жұмыс орындары, жастар тәжірибесі) – 14 112,0 мың теңге, оқуға (кәсіби дайындық, қайта даярлау) – 8 398,0 мың теңге.
Жыл басынан Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында, «Қамту» дерекқорына 39 азаматтар арасында түсіндіру жұмысы жүргізілді, оның ішінде кеңес алуға ниет білдіргендер және сұхбаттасуға 39 адам бағдарламаға қатысуға өтініш білдірді. Бағдарлама қатысушылары қатарына қосылып, әлеуметтік келісім шартқа қол қойған – 39 қатысушы, оның ішінде жұмыссыз – 33 қатысушы, (оралман - 1, 29 жасқа дейінгі жастар –17, 50 жастан асқан адамдар -3, абақтыдан босап шыққан азаматтар – 1, ҚР ҚК қатарынан босатылғандар – 1, жалпы белгіленген жасқа дейін зейнетақыға шыққан зейнеткерлер -1). Мемлекеттік қолдаусыз 8 адам тұрақты жұмыс орындарына жолданды.
Екінші бағыт бойынша 2015 жылдың I жартыжылдығына Приозерск қаласында өз ісін ашу және кеңейту үшін, 11 адамға 33 млн. теңге бөлу қарастырылған. Бағдарлама қатысушылары шағын несие алғаннан кейін, кәсіпкерлік негіздерін оқыту жоспарланған, оған 459,0 мың теңге көлемінде қаражат бөлу қарастырылған.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау үшін, республикалық бюджеттен еңбекақыны ішінара қаржыландыруға 7690,0 мың теңге бөлінді. Мақсатты топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту үшін 12 айға, бір адамға айына 19 966 теңге көлемінде еңбекақысын төлеу жоспарланды.
Жылдың басынан әлеуметтік жұмыс орындарына 32 адам жолдау жоспарланған, бүгінгі күнге 33 адам жолданды: 6 адам – ЖК Абильдиноваға, 5 адам – ЖК Жусиповаға, 2 адам – ЖК Каланбаеваға, 6 адам – ЖК Хуразовқа, 1 адам – ЖК Нарынбетовке, 3 адам – ЖК Куликовскийге, 2 адам – ЖК Берсигуроваға, 2 адам – ЖК Нематоваға, 1 адам – ЖК Азаматоваға, 1 адам – ЖК Джасароваға, 1 адам – «Жайлау - 2008» ЖШС , 3 адам – «Ас-Тау 8» ЖШС.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде жастар тәжірибесін ұйымдастыруға 6422,0 мың теңге бөлінді, ағымдағы жылдың шілде айында жастар тәжірибесіне 6 айға 30 қатысушы жолдау жоспарланды.
2015 жылы, жоспарға сәйкес, 16 Бағдарлама қатысушыларын кәсіптік оқытуға 8 398,0 теңге бөлінді: қайта даярлауға – 10 адам, кәсіби оқытуға – 6 адам (оның ішінде 3 адам 2014 жылдан 10 айлық курстарға жіберілген).
Приозерск қаласының Жұмыспен қамту орталығы 2015 жылы келесі іс-шараларды өткізуді жоспарлайды: бос орындар жәрмеңкесі, кәсіпкерлермен дөңгелек үстел, Достық к. 7 үйдің тұрғындарымен жиын.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасы бойынша мақсатты топтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жергілікті «Приозерский вестник» басылымына Бағдарламаны түсіндіру бойынша мақалалар жариялау жоспарланған.
Достарыңызбен бөлісу: |