Бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық



Дата04.03.2016
өлшемі33.04 Kb.
#37854
түріБағдарламасы



Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 128 қаулысы

Техникалық-экономикалық негіздемелерін

әзірлеу, түзету және қажетті сараптамалар жүргізу

2011 жылы 003 «Жергiлiктi

бюджеттiк инвестициялық жобалардың және

концессиялық жобалардың техникалық-

экономикалық негiздемесiн әзiрлеу

немесе түзету және оған сараптама

жүргiзу, концессиялық жобаларды

консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік

бағдарламасының қаражаты есебінен

жүзеге асырылатын жергілікті

бюджеттік инвестициялық

жобалардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 153-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысымен бекітілген Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесіне және «2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 26/310-IV шешімін іске асыру туралы» 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 678 қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 17 наурыздағы № 37 қаулысына, облыстық бюджет комиссиясының 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 9 хаттамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. Техникалық-экономикалық негiздемелерін әзiрлеу, түзету және қажетті сараптамалар жүргізу 2011 жылы 003 «Жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техника-экономикалық негiздемесiн әзiрлеу немесе түзету және оған сараптама жүргiзу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.С. Әбденовке жүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі Б. Сапарбаев
Келісілді:
Шығыс Қазақстан облысы

қаржы басқармасының бастығы С. Оразалиев

Шығыс Қазақстан облысы

әкімдігінің

2011 жылғы «___» _________

№ _________ қаулысымен бекітілді



Техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу, түзету және қажетті сараптамалар жүргізу 2011 жылы 003 «Жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техника-экономикалық негiздемесiн әзiрлеу немесе түзету және оған сараптама жүргiзу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі


№ р/с

Атауы

Техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеуді немесе түзету және оған қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру көлемі

(мың теңге)



1

2

3

1. Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

1)

«Қызылтас» айырығы – «Аюда» демалыс орны» автожолының құрылысы, км 0-18,5

10 918,3

2. Шығыс Қазақстан облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы

1)

Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданының елді мекендерін қосып, Шүлбі кен орнынан басталатын Красный Яр – Жезкент топтық су құбырының құрылысы

26 660,0

2)

Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласы аудандық қазандығының гидро-күл үйіндісінің құрылысы

16 341,0

3. Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

1)

Жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне экономикалық сараптама жүргізуді қаржыландыру

6 000,0




ЖИЫНЫ:

59 919,3





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет