Жергілікті жерде теодолиттік жүрістерді жүргізу
Теодолиттік түсірістер деп тұйықталған не тұйықталмаған сынық сызықтар жүйесінен тұратын полигондарды айтады. Теодолиттік жүрістердің бірнеше түрлері бар:
Тұйықталмаған жүрістің басы мен аяғы геодезиялық пункттерге жанасады.
Тұйық жүріс геодезиялық негізгі пунктке байланыстырылған тұйықталған көпбұрыш.
Бір жағы байланыстырылған аспалы жүрісте сынық сызықтардың бір жағы тірек пунктіне жанасып, екінші жағы бос болып келетін теодолиттік жүріс түрлері түсірілетін жер бетінің өзгешелігіне байланысты. Қажет болған жағдайда полигонның ішіне диагональдық жүрістерде жүргізіледі.
Теодолиттік жүрістің планның негізі ретінде теодолиттік жүріс пайдаланылады. Теодолиттік жүріс тұйық немесе ашық болуы мүмкін. Елді-мекенді жерлерде немесе құрылыс орындарында тұйық теодолиттік жүріс(полигон) жүргізіледі. Тұйық полигондарда (1,2,3,4,5) ситуацияны қамтамасызету үшін және өлшеудің нәтижелеріне бақылау жүргізу үшін диагональ жүрістер жүргізіледі.мысалы2,8,7,5. Трассаның бойындағы жердің планын алу үшін ашық жүрістер жүргізіледі. Ашық теодолит жүрісі тым созыңқы,бұрыштары 180º жуық болуы керек,олар геодезиялық тірек торларының арасында жүргізіледі. Теодолиттік жүрісті салуды жердің бетінде полигонның төбелерін қазықпен бекітіп белгілеуден бастайды. Полигонның төбелерін жер бетінде белгілеу көршілес нүктелердің өлшеу мүмкіншіліктеріне байланысты болады. Теодолит жүрісінің қабырғаларының ұзындығы 350 м-ден көп және 20 м-ден кем болмау керек. Жүрістің қабырғалары екі қайтара тура және кері бағыттарда өлшенеді,салыстырмалы сызықтық қате жердің жағдайына байланысты 1:3000,1:2000 және 1:500 болады(1:3000-әр 30 м-ге 1 см қате;1:2000-әр 20 м-ге1 см қате;1:500-әр 5м-ге 1см қате). Теодолиттік жүрістің жалпы ұзындығы (периметрі) 1:5000 масштабты түсірісте – 4км; 1:2000- 2 км; 1:1000- 1 км болады. Теодолит жүрісінің төбелерінде жүріс бағытымен оң жақтағы бұрыштар өлшенеді. Бұрыштар вертикаль дөңгелектің екі қалпымен (ДС – дөңгелек солға, ДО – дөңгелек оңға) өлшенеді. Өлшеу нәтижесінің ақтық шамасы екі қалыптағы санақтың орта мәні болып табылады (егер екі санақ шамасының айырмашылығы аспаптың екі еселенген дәлдік мәнінен аспаса). Сызықтың көлбеу бұрышы теодолиттің вертикаль дөңгелегі арқылы өлшенеді. Бұрыштық және сызықтық өлшеулердің нәтижелері теодолиттік түсірістің журналына,сонымен қатар бұнда ситуация абрис түрінде көрсетіледі.
Тікелей өлшеуде тек бір қабырғаның дирекциялық бұрышы,азимуты және румбасы өлшенеді,қалғандарын өңдеу кезінде есептеп анықтайды.Теодолит жүрісінің алғашқы координаталарын және дирекциялық бұрышын анықтау үшін оны координаталары белгілі триангуляция немесе полигонометрия пункттерімен байланыстырады. Теодолит жүрісін пландық байланыстыру дегеніміз тірек пунктінен теодолиттік жүрістің төбелеріне дирекциялық бұрыш пен координаталарды беруді айтамыз
Есептеп шығарулар арнайы ведомость бойынша (1.1- кесте) төмендегі ретпен орындалады:
Бұрыштарды өлшеу журналынан 2- бағанға горизонталь бұрыштардың орташа мәнін жазып алады.
= -
Мұндағы – өлшенген бұрыштардың практикалық қосындысы;
- полигонның ішкі бұрыштарының теориялық қосындысы.
=81º13,5´+142º34´+103º51,5´-76º57´+135º22,5´=539º58,5´
Тұйықталған теодолиттік жүріс бұрыштарының теориялық қосындысы мына формуламен есептеледі:
=180º(n-2)=180º*(5-2)=540º
Мұндағы,n-көпбұрыштың ішкі бұрыштарының саны.
Ведомосттың 6- бағанына өлшенген ұзындықтардың горизонталь салындылары (проекциялары) енгізіледі.
Өлшенген бұрыштардың қосындысын есептеп,полигонның бұрыштық үйлеспеушілігін мына өрнекпен анықтайды:
Бұрыштық үйлеспеушіліктің анықталған шамасы ықтимал шеткі үйлеспеушіліктің салыстырылады. Бұрыштық үйлеспеушілік бұрыш өлшеудің дәлдігін көрсетеді және ол төмендеп шектен шықпауы керек
Мұндағы,n-өлшенген бұрыштар саны.
Егер бұрыштық үйлеспеушілік шектен аспаса,онда бұрыштарды өлшеу оның сапасының жоғары болғаны. Бұл жағдайда бұрыштық үйлеспеушіліктің таңбасын теріс етіп барлық өлшенген бұрыштарға бөледі,яғни бұрыштарға кері таңбамен түзетулер енгізіледі.
Түзетулерді минуттың ондық бөлігіне дейін дөңгелектеп енгізеді.
Өлшенген бұрыштарды есептеулінген түзетулермен,алгебралық қосып түзетілген бұрыштарды табады.
Бұрыштар үйлесуінің дұрыстығын тексереді,сол үшін түзетілген бұрыштардың қосындысын есептейді,сонда бұрыштық өлшеулерді өңдеудің дұрыстығын мына теңдік бойынша тексереді:
Бастапқы белгілі қабырғасының алғашқы дирекциялық бұрышы мен полигонның түзетілген ішкі бұрыштарының мәні бойынша жүйелікпен ішкі полигонның барлық қалған қабырғаларының дирекциялық бұрыштарын мына формуламен есептеуге болады:
144º 12´+180º - 81º 14´=242º 58´
242º58´ +180º - 142º 34´=280º 24´
280º 24´+180º - 103º52´=356º32´
356º 32´+180º-76º 57´=99º 35´
Тексеру : 99º 35´+180º-135º 23´=144º12´
Мұндағы жүрістегі оң және сол жақтарға сәйкес түзілген бұрыштар;
Дирекциялық бұрыштарды анықтауды тексеру. Бұл тұйықталған теодолиттік жүрісте бастапқы қабырғалардың дирекциялық бұрышын табу есептеулері болып табылады
Румбалардың мәндері мына формуламен есептеледі:
1-ширек
2-ширек ОБ:62º58´
3-ширек СБ:79º36´
4-ширек СБ:03º28´
5-ширек
Теодолиттік жүріс қабырғаларының горизонталь проекциялары есептеп шығарылады. Егер қабырғаларының ұзындығын өлшеу кезінде көлбеулік ұзындық D және көлбеулік бұрыш V анықталса, онда горизонталь ұзындықтарды мына өрнектердің көмегімен анықтауға болады:
d=Dcosv
Тура геодезиялық есептің формулаларын пайдаланып,координата өсімшелерін есептеп шығарады:
X=d*cosa=±dcosr y=d*sina=±d*sinr
∆ *0.8111=151,92 ∆
∆ ∆
∆ ∆
∆ ∆
∆ 265.73*0.1665=44,24 ∆
Координата өсімшелерінің таңбалары берілген бағытын қай ширекте жатқанына байланысты болады, яғни қабырғаның дирекциялық бұрышының мәнімен анықталады. Координата өімшелерін есептеп шығарылған мәндерін координаталар ведомосінің 7 және 8 бағаналарына жазады.
Х және У осьтеріндегі координата өсімшелерінің үйлеспеушілігін ( ) мына формулаларды қолдана отырып анықтайды:
Осы мақсатпен 7 және 8 бағандардағы оң және теріс өсімшелерді жеке-жеке қосады,содан соң алгебралық қосындымын есептеп,оның нәтижесін қорытынды сызықтың астына жазады.
Теодолиттік жүрістің периметріндегі абсолюттік ұзындық үйлеспеушілігін табады:
0.99
Теодолит жүрістегі салыстырмалы қате:
N=f/P=0.99/1106.5=0.0009
.1 4
17. Түзету : ∑
∑
18. Берілген 1-пункттің координаталарын және түзетілген координаталары өсімшелері арқылы полигонның басқа пуекттерінің координаталарын есептеу:
Х
19. ∑ =0; 0=0
Теодолиттік түсірістің планын салу
Теодолиттік түсірістің планын қағазға салу қабырғасы 10 см квадратқа бөлінген торларды салудан басталады. Бұндай торларды салу металдан жасалған Дробышев сызғышы арқылы орындалады. Егер Дробышев сызғышының маркасы ЛД-1-дің ұзындығы 70,711 см болса,онда бұндай сызғышпен қабырғасы 50 см болатын квадратты бөлуге болады,квадрат диагональінің ұзындығысызғыштың ұзындығына тең.
Торды жәй сызғышпен және өлшеуіш-циркульмен салуға да болады. Ол үшін қағазға диагональ бойымен циркуль-өлшеуішпен бірдей кесінді салады,оларды қосып,тікбұрышты төртбұрыш алады. Содан кейін оның қабырғаларына циркуль-өлшеуіштіңашасын 10 см жасап,кесінділер салады. Кесінділерді бір-бірімен қосып,квадрат торлар жасайды. Салынған торларды бақылау үшін әр квадраттағы диагональдардың бірдеілігін өлшейді. Диагональдардың бірдейлігінің ауытқуы 0,2 мм-ден аспауы керек. Координаталар торының салуын тексеруден кейін,тордың масштабқа байланысты мәнін жазады, содан кейін теодолиттік жүрістің төбелерін сәйкес координаталар мәнімен планда дұрыс салынуын координаталар ведомосіндегі жүрістің қабырғаларының ұзындық шамасымен тексеріледі. Жер бетінің контурлық планын жасау үшін абристі пайдаланады. Планға ситуацияны салудың әдісі жердің бетіндегі түсірілген әдіспен сәйкес орындалса,онда планға түсіру үшін жәй сызғыш,үшбұрышты сызғыш және циркуль-өлшеуіш қолданылады.
Полярлық координаталар әдісімен түсірілген нүктелерді планға транспортирдің,масштабты сызғыштың және циркуль-өлшеуіштің көмегімен түсіреді. Бұрыштық қиылысу әдісімен жер бетінде түсірілген нүктелерді қағазға салу үшін транспортир қолданылады. Сызықтық қиылысу әдісімен түсірілген нүктелерді қағазға салу циркуль-өлшеуіш пен масштабтық сызғыш арқылы орындалады. Створ әдісінің нүктелерін планға циркуль-өлшеуіш пен масштабтық сызғышарқылы түсіреді.
Теодолит түсірісінің қарандашпен орындалған планын тушпен бастырады және шартты белгілермен толықтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |