Бақылау сұрақтары: Тамақтану дегеніміз не?



Дата03.01.2022
өлшемі15.41 Kb.
#451239
Задание-4


Бақылау сұрақтары:

1.Тамақтану дегеніміз не?



Тамақтану – тірі ағзаның негізгі физиологиялық қажеттілігінің бірі болып табылады. 
2.Тамақтану түрлері қандай?

Тамақтану түрлері дені сау және науқас адамдар үшін әр түрлі тамақтану түрлері бар. Соған байланысты диета ұғымы енгізіледі.
3.Емдік тамақтану дегеніміз не?

Емдік тамақтану – емдік немесе профилактикалық мақсатта арнайы құрастырылған тамақтану рационын және тамақтану тәртібін қолдану.
4.Диета дегеніміз не?

Диета – науқас адамның тамақтану рационы және тәртібі. 
5.ЕСҰ-да М.И.Певзнер ұсынған қанша диета қолданылады?

ЕСҰ-да М.И.Певзнер ұсынған 15 диета қолданылады. Диеталық столдар № 1 диеталық стол – Асқазан, ұлтабар жарасы, қышқылдығы жоғары созылмалы гастрит. № 2 диеталық стол – Қышқылдығы төмен созылмалы гастрит. № 3 диеталық стол – Іш қатумен сипатталатын тоқ ішек дискинезиясы. № 4 диеталық стол – Іш өтумен сипатталатын энтериттер. № 5 диеталық стол – Бауырдың және өт жолдарының аурулары. № 6 диеталық стол - Подагра ауруы. № 7 диеталық стол - Бүйрек аурулары. № 8 диеталық стол – Семіздік. № 9 диеталық стол – Қант диабеті ауруы. № 10 диеталық стол – Жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары. № 11 диеталық стол – Туберкулез ауруы. № 12 диеталық стол- Жүйке-психикалық аурулар. № 13 диеталық стол – Жедел жұқпалы аурулар, қызба кезеңдері. № 14 диеталық стол – Несептің сілтілі реакциясы мен фосфор-кальций тұздарының дамуымен сипатталатын фосфатурия. № 15 диеталық стол – Жалпы стол, арнайы диеталық стол тағайындауға көрсетпелердің болмауы және ас қорыту жүйесі қызметінің қалыпты болуы.
6.Жасанды тамақтандыру дегеніміз не?

Жасанды тамақтандыру – табиғи жолмен тамақтандыру мүмкін болмаған жағдайда қоректік заттарды жасанды жолмен ауыз қуысынан тыс енгізу.
7.Гастростома дегеніміз не?

Гастростома дегеніміз - асқазанға жасанды тесік жасау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет