«Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС 2016 жылдың 31 наурызында сағат 10:00-де ШҚО, Жарма ауданы, Әуезов кенті, Мир көшесі, 90В мекен-жайында орналасқан Әуезов кенті Әкімінің ғимаратында келесідей жобаларды және табиғатты қорғау шараларының жобаларын талқылау бойынша қоғамдық тыңдаулар өтетіндігін қоғам өкілдерінің назарына ұсынады:
- «Бақыршық алтынды кенорны. «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС кен байыту комбинатының қалдық қоймасы» жобасы.
- «Ұсақтау – сұрыптау кешені» нысанына арналған табиғатты қорғау шараларының 2016-2018 жылдарға арналған жоспарының жобасы.
- «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС өнеркәсіптік алаңында орналасқан кен жыныстарын аршу үйінділері үшін алаңдар дайындау және көшіру» нысаны бойынша 2016-2017 жылдарға арналған табиғат қорғау шаралары жоспарының жобасы.
Жоба материалдарының және жоспарлар жобаларының қағаз түріндегі нұсқасымен мына мекен-жайда: Әуезов кенті (өнеркәсіптік алаң), №3 кабинет немесе электрондық түрде www.garma.vko.gov.kz. таныса аласыздар. Ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды GalinaCh@bgp.polymetal.ru. электрондық мекен-жайы бойынша жолдауларыңызға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |