Байболова Л. К., Абжанова Ш. А., Жаксылыкова Г. Н., Бердығалиұлы С


Жұмыртқаның, жұмыртқа қабығы астындағы



Pdf көрінісі
бет44/96
Дата02.03.2022
өлшемі1.98 Mb.
#455902
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   96
Байболова Л.К. Ет және сүт өнімдерін.....

Жұмыртқаның, жұмыртқа қабығы астындағы 
қабықшасының химиялық құрамы.
Жұмыртқаны сақтау және қайта өңдеу кезіндегі
физика-химиялық өзгерістер. 
 
 
 
 
Мақсаты
Жұмыртқаның, 
жұмыртқа 
қабығы 
астындағы 
қабықшасының химиялық құрамын зерттеу. Жұмыртқаны сақтау және қайта 
өңдеу кезіндегі физика-химиялық өзгерістер.ін қарастыру. 
Жұмыртқаның химиялық құрамы 
Жұмыртқа – бұл ірі жыныстық жасуша, оның ішінде тіршілік кіндігі 
орналасқан және ол ұрықтандыру нәтижесінде дамуға қабылетті тірі ағзаға 
айналады. Жұмыртқа сарыуыз, ақуыз, қабық астындағы қабықша мен 
қабықтан тұрады (Сурет8.1).
Сурет 8.1 – Жұмыртқа құрылысының сызбасы: 
1 – қабық; қабық астындағы қабықша (үлдір); 3 –ішкі қабықасты үлдір;
4 – ауа камерасы; 5 – ақуыз байлауы; 6-9- ақуыз қабаттары (6 – сыртқы 
сұйық, 7 – тығыз, 8 – ішкі сұйық, 9 – бұршақты немесе ұрыққалталы;),
10 – бұршақтар немесе ұрыққалталар; 11-12 – сарыуыз қабаттары
(11 – ашық, 12 – күңгірт); 13 – саруызды қабық; 14 – ұрық дискісі 
(бластодиск); 15 – латебра (ашық саруыз ядросы). 


84 
Тұтас жұмыртқа, ақуыз бен саруыздағы компоненттердің құрамы 8.1 
кестеде келтірілген. 
Кесте 8.1 – Жұмыртқаның химиялық құрамы, 
Құрамдас 
бөліктер 
Ақуыздар Майлар Көмірсулар Минералды 
тұздар 
Ақуыз 
9,7-10,6 
0,03 
0,4-0,9 
0,5-0,6 
Сарыуыз
15,7-16,6 
31,8-35,5 
0,2-1,0 
1,1 
Тұтас жұмыртқа
12,8-13,4 
10,5 11,8 
0,3-1,0 
0,8-1,0 
Жұмыртқаның ақуызында байланысқан және бос күйіндегі минералды 
заттар көп (8.2 кесте). 
Жұмыртқа саруызы оның ортаңғы бөлігін алып жатыр. Дамудың ерте 
сатысында аналық жасуша ортасында болады. Содан кейін ол саруыз 
қабығының тура астында орналсады. Саруызды заттың бір бөлігі – 
латебраның түсі ақшыл сары. Онда үрықты диск болады. Ұрықпен бірге 
саруыз өте жұқа ядро болып табылады, оның айналасын саруыз қабығы 
(вителлин мембранасы) қоршап тұрады. 
Кесте 8.2 – Жұмыртқа ақуызы мен саруызының минералды құрамы, % 
Минералды 
элементтер 
Ақуыз 
Саруыз 

0,195 
0,016 
N3 
0,145-0,167 
0,112-0,360 
К 
0,161-0,169 
0,070-0,093 
Р 
0,018 
0,543-0,980 
Са 
0,008-0,O2 
0,121-0,262 
м§ 
0,009 
0,032-0,128 
Ғе 
0,0009 
0,053-0,011 
Саруыз түсі ондағы каротин мен басқа бояғыш заттардың 
(липохромдар) мөлшеріне байланысты. Құс каротинді жемді неғұрлым көп 
жесе (жүгері, жасыл жем мен т.с.с.), жұмыртқа саруызы соғұрлым 
қошқылдау.
Жұмыртқа ақуызы саруызды қоршайды. Оның негізгі рөлі – анаолық 
жасушаны қорғау. Ақуыз тығыздығы әр түрлі қабаттары білінетін біртекті 
емес материалдан тұрады. Әлсіз оралған мақта иірімжіпке ұқсас ақуыз 
бұршақтары бірнеше рет шырмалған, саруызға белгі соғу үшін қызмет етеді. 
Саруызға ақуыздың ішкі сұйық қабат, содан кейін ішкі ақуыздың тығыз 
қабаты; сұйық ақуыздың қабық астындағы қабаты жанасады. 
Ішкі ақуызды қабыққа біріккен бұршақтардың бос ұштары ортасынан 
тығыз ақуыз қабатымен қоршалған. Бұл қабат сыртқы сұйық қабатты толық 
бүркемейді, жұмыртқаның екі ұшында тығыз қабат қабық астындағы 


85 
қабатпен жанасады. Жаңадан әкелінген жұмыртқаларда тығыз және сұйық 
ақуыз массасы шамамен бірдей.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет