Байланыс жүйелерінің негіздері


 дәріс. Телефонды трактылар және аппараттар



Pdf көрінісі
бет5/23
Дата17.05.2023
өлшемі1.3 Mb.
#473825
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
электрмен корек (1)

3 дәріс. Телефонды трактылар және аппараттар
 
Дәрістің мақсаты: телефондық трактімен және аппараттармен 
танысу. 
Дауыстық сигналдарды электрлі сигналдарға түрлендіру, оларды 
қашықтыққа тарату және қайтадан дауыстық сигналдарға түрлендіру дауысты 
телефонды тарату деп аталады. Телефонды таратуды жүзеге асыру үшін 
телефонды аппараттардың құрама бөліктері болып табылатын акустика-
электрлі (микрофон) және электроакустикалық (телефон) түрлендіргіштер 
(сәйкесінше АЭТ және ЭАТ) тұратын телефонды трактылар, сонымен қатар 
желілік және станциялық құрылғылардан тұратын жалғағыш трактылар 
жасалады (3.1-суретті қараңыз). 
ТА
ТА
Т
М
М
Т
3.1сурет – Телефонды төрт сымды тракт 
Бұл төрт сымды тракт бір жақты әрекет етудің 2 екі сымды трактылардан 
тұрады және дауысты екі жақты таратуды қамтамасыз етеді. Төрт сымды трактты 
2 екі сымды физикалық кабельді немесе ауа желісі, сонымен қатар каналдарды 
жиілікті немесе уақытпен бөлу тәсілдерімен көп каналды ЖЖ каналдары 
көмегімен ұйымдастыруға болады. Бұл тракт төзімді, себебі екі тізбек 
арасындағы әсер өте аз. Қалалық ТС кабельдің 4 желісін қолданумен төрт сымды 
трактыларды қолдану орынсыз, сондықтан оның көмегімен ТА түрлендіргіштері 
АЖ қосылатын балансты контуры бар екі немесе үш орамды трансформатор ТА 
енгізіледі. Балансты контуры бар үш орамды трансформатор ТА микрофоны 
және 
телефоны 
арасында 
электрлі 
кері 
байланысты 
азайтатын 
дифференциалды жүйе (ДЖ) түзеді [5]. Байланыс желісін тиімді қолдану 
үшін екі сымды желіден төрт сымды телефонды каналға және керісінше 
ауысуды талап ететін тығыздауды жүзеге асырады (3.2 суретті қара). 
3.2 сурет - 2 және 4 сымды бөліктері бар телефонды тракт


13 
Бірақ та трактыларға ДЖ кіретін жіберетін және қабылдайтын бөліктері 
арасындағы электрлі кері байланыс тән. Трактының төзімділігін арттыру үшін 4 
сымды тракт бөлікерін коммутациялауға мүмкіндік беретін ХК жасау қажет, бұл 
телефон трактысына кезектесе қосылған ДЖ санын қысқартуға мүмкіндік береді. 
Адамның сөзі дыбыстық тербелістердің жиынтығынан тұрады. Сөз дыбыстары 
адамның дауыс аппаратының жұмысы нәтижесінде түзіледі. Сөйлеу процесі 
кезінде өкпе бронхы және трахея арқылы дірілдейтін дауыс желбезектері арқылы 
түсетін ауа ағынын туғызады. Дауыстық желбезектері дауыс қуысын қысып
ашып, жиілігі осы адам үшін тұрақты және дауыстық желбезектері еркін 
тербелістерінің жиілігіне тең импульстермен ауаны шығарады. Осы дыбыстық 
қысымда алынатын жиілікті спектр амплитудасы жиіліктің артуымен кемитін 
үндестік құрамдастардың үлкен санынан тұрады. Бұл жиілік сөйлеп тұрған 
адамның үнін сипаттайды: бас – 80..320 Гц; сопрано – 250..1200 Гц; баритон – 
100…400 Гц. Осы негізгі үн дыбысты тануда рөл атқармайды. Бұл кезде 65% 
қуат жиілігі 500 Гц дейінгі дыбыстық тербелістерден шығады [7]. 
Ауа ағыны жұтқыншақ қуысындағы ауа көлемдерімен түзілетін 
резонаторлар жүйесі арқылы өтеді. Осы резонаторлар жүйесінің болуы 
біреулерінің амплитудалары күшейетін, екіншілерінің амплутадалары әлсірейтін 
үндестік құраушылардың өзгерісін негіздейді. Дауыстың әртүрлі дыбыстары 
үшін тән жиіліктің күшейтілген бөліктерін форманттар деп атайды. Дауыстың 
дыбыстары бір-бірінен форманттар саны және олардың жиілікті спектрде 
орналасу реті бойынша ерекшеленеді. Дауыстың жеке дыбыстарына 6 деңгейі 
форманттар сәйкес келуі мүмкін, олардың тек біреуі немесе екеуі негізгі болып 
табылады. Егер жіберуден кез келген негізгі форманттардың бірін алып тастаса, 
жіберілетін дыбыс бұрмаланады.
Орыс дауысының спектралды сипаттамасы: дыбыстар жиіліктерінің 
диапазоны 80..12000 Гц жиіліктер жолағын алады; негізгі үндердің диапазоны 
80..300 Гц жиіліктер жолағын алады, бұл кезде сөйлескен кезде негізгі үн жиілігі 
ерлер үшін 150 Гц, әйелдер үшін 250 Гц; формант диапазоны 200…8600 Гц 
жиіліктер жолағын алады, бірақ та басылатын көптеген форманттар 300..3400 Гц 
жиіліктер диапазонында болады. Дауыстың дыбыстық тербелістері үлкен емес 
қуатқа ие, бұл кезде қалыпты дыбыс қаттылығы орташа шамада 10 мкВт тең
(15 мкВт үзілістерді есептемегенде). Бұл қуат сөйлеуші адамның аузынан 
шамамен 5 см қашықтықта шамамен 0,5 Па дыбыстық қысымға сәйкес келеді. 
Сыбырлап сөйлеген кезде әлсіз дыбыстардың орташа қуаты – 0,01 мкВт, 
айғайлаған кезде – 1000-5000 мкВт. Логарифмдік масштабта дауыстық 
сигналдың өзгерістерінің шектерін сипаттайтын шама дауыстың динамикалық 
диапазоны деп аталады, дицебеллмен өлшенеді. Қарқындылығы әртүрлі 
дыбыстарды бұрмаламай жіберу үшін 57дБ динамикалық диапазоны қамтамасыз 
ету қажеттілігі есептелген. Телефон тракты бойынша 30..40дБ құрайтын өте тар 
динамикалық диапазонды қамтамасыз етеді.
Сөйлейтін адамның дыбыстық тербелістерін акустикалық орта арқылы 
телефонды жіберген кезде оларды тиісті электр тоғының тербелістеріне 
түрлендіретін ТА АЭТ (микрофон) әсер етеді. Осы тербелістердің қуаты ТА және 


14 
жалғағыш тракт арқылы ЭАТ (телефон, дыбыс қатайтқыш) қабылдау трактына 
бағытталады. ЭА түрлендіргіште электр қуаты дыбыстық қуатқа бағыттайды 
және дыбыс қабылдағышпен – тыңдаушы абонент құлағымен қабылданады. 
Адам 16-16000Гц жиіліктегі дыбысты естиді. Екі жақты телефонды жіберу үшін 
АЭТ және ЭАТ екі абоненттің ТА орнатылуы тиіс.
Арналуы бойынша ТА жалпы (жалпы қолданыс аппараттары және 
таксофондар) және арнайы арнаудағы (корабельді – ылғал өткізбейтін, 
шахталық (жарылысқа қауіпсіз), әскери-далалық, топтық қосуға арналған ТА, 
нөмірді қысқартулы теру мүмкіндігіне арналған ЕСҚ бар ТА, дыбыс 
қатайтқышы бар ТА және т.б.) аппараттарға бөлінеді. Жалпы арнаудағы ТА 
келесі талаптар қойылады: ақпараттық мекенжайлық және дыбыстық 
сигналдарды қабылдау мен жоғары сапасы; беріктігі, сенімділігі, қолдану 
ыңғайлығы, құны төмен. ТА микрофонының электр қуаты тәсілі бойынша - 
ТА МБ (U
MB
=3В ТА корпусының ішіне немесе оның жанында орналасады) 
және ТА ОБ, оларда микрофон телефон станцияда орналасқан АЖ ОБ 
сымдарымен қуаттанады (U
ОБ
=48, 60В). Конструкциясы бойынша – тұрақты 
және тасымалданатын болып бөлінеді. Сөйлесу құралдарын қосу тәсілі 
бойынша тұрақты сызбасы бар (микрофон және телефон сөйлесу уақытында 
желіге үнемі қосулы болады) және айнымалы сызбасы бар ТА (микрофон желіге 
жіберген кезде ғана қосылады, ал телефон дауысты қабылдаған кезде ғана). 
Тұрақты сызбасы бар ТА жергілікті әсері бар және жоқ болып бөлінеді. 
Жергілікті әсер деп өз әңгімесін және өз ТА телефонында бөлме шуын тыңдау 
құбылысын атайды. ТА тұрады (3.3 суретті қара): РГП, ШҚ, РП және нөмір 
тергіштің (НТ) мекенжайлық ақпаратын енгізу. РГП: бұрыштық микрофонды 
және 
капсула 
түріндегі 
электромагнитті 
телефонды 
қолданатын 
түрлендіргіштерден; РГП сызбасымен жалғасатын 3,4 желілі аусымнан; 
резисторлар мен диодтардан тұрады.
3.3 сурет – Телефон аппаратының сызбасы 
ШҚ сызбасы жиілігі 25 Гц электр тоғын шақырудың акустикалық 
сигналына түрлендіретін айнымалы тоқтың поляризацияланған қоңырауынан 
және сәйкесінше АТС ОБ тұрақты тоғының жолын бөгейтін онымен 
жалғасқан конденсатордан Сзв тұрады. Қоңыраудың сезімталдық тоғы 2..3 мА 
аралығында жатыр. РП коммутация құрылғысы микротелефонды тұтқаны 
көтерген кезде байланыстарды ауыстырып қосады. Нөмірді терген кезде (диск 


15 
зауыты) 1-2 байланыс тұйықталады және РГП паралллель қосады. Нөмір 
тергіш дискісінің кері бағыттағы қозғалысы кезінде 1-2 байланыс тұйықталған 
қалпында қалады, ал импульсті деп аталатын 3-4 байланыс ажырайды, 
тізбектің ажырау саны нөмірдің терілетін санына сәйкес келеді. Осылай нөмір 
саны туралы ақпарат тұрақты тоқ импульстерінің сериясы түрінде АТС 
жіберіледі. Көршілес сериялар арасында АТС құралдарына бір терілетін 
санды басқасынан басқасынан ажыратуға мүмкіндік беретін уақыттың 
жеткілікті үлкен аралығы болуға тиіс. Сөйлескен кезде сөйлеп тұрған адамға 
естілетін өз дауысының деңгейі оның ерініндегі дауыс деңгейінен 20 дБ 
шамасына төмен. Мұндай әлсіреу абоненттер үшін біріншілік болып 
табылады, сөйлесу барысында өз дауысының дыбыс қаттылығын басқара 
алады және әңгімелесушінің репликасын қабылдауды қамтамасыз етеді [7]. 
Телефонмен сөйлескен кезде микрофонға сөйлеп тұрған адам өз аппаратының 
телефонында өз дауысын естиді. Бұл сөйлеп тұрған абонент микрофонынан 
тоқ ТА сызбасының элементтері арқылы желі мен әңгімелесуші аппаратына 
ғана емес, сондай-ақ осы аппараттың телефонына түсуімен түсіндіріледі. Осы 
себептен абонент өз телефоны арқылы қоршаған шуды естиді. Өз 
аппаратының телефоны арқылы абоненттің сөйлескен кезде жергілікті шуды 
және өз дауысын естуі жергілікті әсер деп аталады. Микрофонның 
күшейтілген қасиеттеріне байланысты сөйлесіп тұрған абонентке естілетін өз 
дауысының деңгейі телефонсыз сөйлесуге қарағанда шамамен 20-25 дБ 
жоғары. Нәтижесінде абонент өзін әдеттен тыс қатты естиді және еріксіз 
төмендетеді, бұл қабылдайтын соңда естілуді нашарлатады. Осылай, 
жергілікті әсердің зиянды әсері жіберу ұзақтығын азайтады. Жергіліктіге 
қарсы сызбалар бар: көпірлік және орнын толтыру. Жергілікті әсерді толық 
басу болмайды, себебі абоненттік линия ұзындығы әртүрлі болады. 80-шы 
жылдары қазіргі заманғы элементтік базаға орындалған өп функционалды ТА 
қолданыла бастады. Бұл ТА 4 топқа бөлінеді: 2 сымды желілер бойынша 
қалалық немесе УАТС байланысы бар «классикалық» (электронды) ТА; 
«классикалықтан» микротелефонды тұтқасы тұрақты бөлігімен баусыммен 
емес, радиоканалмен байланысуымен ерекшеленетін баусымсыз ТА; 
«классикалықтан» аппарат пен қалалық АТС - (МӨ АТС) арасында аралық 
оқшаулаушы буынның болуымен ерекшеленетін мини-АТС құрамындағы 
жүйелік немесе жергілікті ТА (ЖТА); басқа түрлерден АТС бар сымды 
байланыс желісінің толық болмауымен ерекшеленетін мобильді байланыс 
радиотелефоны (ұялы, спутниктік телефон, транкингтік және т.б.). 
«Классикалық» ТА жіктелуі:
— көп функционалды ТА (жоғары класс – 0);
— қосымша функционалды мүмкіндіктері бар (1-ші класс);
— батырмалы нөмір тергіші, шақыруды тоналды қабылдағышы, 
бұрыштық емес микрофоны бар (2-ші класс);
— дискілі 
нөмір 
тергіші, 
шақырудың 
электромеханикалық 
қабылдағышы, бұрыштық және бұрыштық емес микрофоны бар (3-ші класс).


16 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет