ulagat.com@mail.ru
Байланыс
номері: 8-705-852-76-08
ULAGAT
www.ulagat.com
Меню
ЖЕЛКІЛДЕК
09.12.2020
Админ
ЖЕЛКІЛДЕК
Бұрынғы заманда Нұрманбет деген хан болған. Хан жүз тоқсан екі жасаған. Өзтемір [1] деген інісі болған, Өзтемір қырық екі кісіге бас болып қолға кетт
Нұрманбеттің екі қызы болған. Бірінің аты — Күнікей, бірінің аты — Тінікей болған. Екі қыз ұйықтағанда, түс көрген. Таңертең жеңгесіне келді. Бір шапа
жамылды, екеуі бір жеңінен басын шығарды:
– Жеңге,- дейді:
– Мен бір түс көрдім,
От жағалай іс көрдім.
Екі де қара тең көрдім,
Сорғалап аққан қан көрдім.
Жоры, жеңге,түсімді.
Жеңгесі қайнағасына келді:
— Айтайын, — дейді, — қайнаға,
Мен бір түс көрдім,
От жағалай іс көрдім.
Екі де қара тең көрдім,
Сорғалап аққан қан көрдім,
Жоры, қайнаға, түсімді!
Қайнағасы айтты:
– Бұ түсті кім көрді?- дейді.
– Мен, мен, — дейді қатын. Қайнағасы айтты:
– Мұны көрген сен емессің, мұны көрген екі қызым екен. Қызым келсін тұсыма, келіп айтсын, — дейді. Екі қыз: Күнікей, Тінікей келді тұсына.
– Жамағат, — дейді,
— Құлақтарыңды бері сал,
Кеңестеріңді әрі сал.
Бүгін түнде түс көрдім,
От жағалай іс көрдім.
Екі де қара тең көрдім,
Сорғалап аққан қан көрдім.
Жоры, жамағат, бұ түсті!
Қыздар бұ түсті айтқан соң,
Жамағат бұ түсті естіген соң,
Мағынасын білген жақсылар,
Ақсақалды ағалар,
Басы шалмалы бабалар:
— Ағаң бүгін келер! — дейді.
— Олжалы үйге келер, — дейді.
Нұрманбеттің қыздары –
Тінікей мен Күнікей,
Бұ сөзіне нанбады.
Өзтемір үйде жоқ болды,
Жоқ болғанда боқ болдық [2], — дейді.
Нұрманбет хан айтты:
Жүз тоқсан екі жасаған,
Қаздың етін асаған,
Өзтемір үйде жоқ болды,
Жоқ болғанда, боқ болды! — дейді,
Нұрманбеттің сақалынан жас төкті, жылайды, «Өлеміз!» — деп жылайды. Нұрманбеттің жеті жасар Жастүлек деген баласы бар екен. Жеті қырдың астын
баламен асық ойнап жатыр екен. Жылаған Нұрманбеттің даусын баласы естіп келді. Келді де:
– Хан ием, неге жылайсыз? — дейді.
Хан айтты:
– Жыламай қайтейін:
Өзтемір үйде жоқ болғанда,
Боқ болдық, — дейді.
Баласы айтты:
Қажет
сөзді жаз
Іздеу…
Тұлға
Жаңалықтар
Қоржын
Сөздіктер
Білім-ғылым
Руханият
Регистрация
Вход
Выход
— Жылама, әкем, — дейді,
— Оң батаңды бер, — дейді.
— Дүлділіңді бер, — дейді,
— Семсеріңді бер! — дейді.
— Жауға мен барайын,
Бір ауыз жолға барайын.
Бір келгенін бір қырайын,
Екі келгенін екі қырайын,
Біріне-бірін қосайын.
Әкесі айтты балаға:
— Сенің алар жауың жоқ,
Бойың сенің өскен жоқ,
Бұғанаң сенің қатқан жоқ,
Балақта жүнің жеткен жоқ!
Баласы сөзін алмады,
Батасын сұрады.
Әкесі оң [3] батасын берді:
— Жортқанда жолың болсын,
Жолдасың қыдыр болсын!
Аллаһу акбар! — дейді.
Дүлдүлін берді, семсерін берді:
— Бар, балам! — дейді.
— Дүлдүлің оң аяғымен жер тарпыса [4],
Сол аяғын көкке көтерсе, келме! — дейді.
— Сол аяғыменен жер тарпыса,
Оң аяғын көкке көтерсе,
Қайт, балам, — дейді.
Жеті жаста Жастүлек,
Дүлдүліне мінеді,
Семсерін қолына алады.
— Аман-есен болыңдар! — деп кетті.
Келе жатса, бір белдің [5] үстінен шықты. Жер жүзін қарады, жау келе жатыр екен. Дүлдүлден түсті бала. Алдыңғы айылын бос тартты, Артқы айылын бе
тартты, Онан соң дүлдүліне мінді. Бір келгенін бір қырды, Екі келгенін екі қырды, Бір-біріне қоспады. Көп жауды қырды.
Жаудың ең көтінде кәпір басы [6] Телегей алып бар екен. Телегей айтады:
— Жамағаттар, тұра тұрыңыз,
Бұ жерде от жағыңыз.
Құмалақ шашайық,
Бал ашайық,
Қой жауырынын жағайық,
Жаудың алар хайласын табайық [7].
Құмалақ шашты,
Бал ашты,
Жауырын жағып, қарасты:
— Бізді алып жатқан жау екен,
Жеті жасар Жастүлек дәу екен.
Атсақ, оны ата алмаймыз,
Шапсақ, оны шаба алмаймыз[8].
Атсақ, мылтық тимейді,
Шапсақ, қылыш өтпейді.
Ал, оған амал не?
Кәпір басы — Телегей,
Күнді боран соқтырды,
Аяз қылдырды,
Бала тоңды, жаурады.
Тоңған соң әкесінің айтқан сөзі есіне түсті [9]. «Дүлділің оң аяғымен жер тарпып, сол аяғын көкке көтерсе, қайтпа! Егер де сол аяғымен жер тарпып, оң
көкке көтерсе, қайт!» — деген екен.
Күн боран болды,
Суық болды.
Бала мұздады, тоңды.
Дүлдүл сол аяғымен жер тарпыды,
Оң аяғын көкке көтерді.
Дүлдүліне мінді, қайтты,
Жас бала тоңыпты,
Атқа мініп қайтыпты.
Қамшыны баса салып [10],
Дүлдүлін жүгіртіп,
Әкесіне жетіпті.
Үлкен апасы Тінікей,
Кіші апасы Күнікей,
Алдынан шығыпты:
— Тоңдың ба, қарағым-ай,
Мұздадың ба, шырағым-ай!
— Дүлдүлінен түсірді, — дейді,
— Үйіне енгізді, — дейді.
Бір апасы басын алдына алды [11],
Басын қойнына салды.
Бір апасы аяғын алды,
Аяғын қойнына салды:
— Тоңған басы жылынсын,
Мұздаған аяғы жылынсын! — деп.
\Екі апасы Тінікей мен Күнікей артына қарады. Жау келіп қалған екен. Үйінде жеті құлақты қазаны бар екен. Соны жеті жасар Жастүлектің үстіне төңкер
апасы жауып, жасырып тастады. Кәпір жау келіп қалды. Ақ шаһарын шапты. Жүз тоқсан екі жасаған Нұрманбеттің басын алды. Өтін сыртынан жарды. К
Тінікей қызды айттырамын дегендерге Нұрманбет бермеген екен. Аттың көтіне салды-лар. Өзге малын да, жанын да алып, жөнеліп бара жатып, кәпір
Телегей айтты:
– Бізді алған жау мұнда жоқ екен. Жеті жасар Жастүлек, оны өлтірмей кетсек, бұл дүние біздің бойымызға сіңбейді. Табарға керек! — дейді.
Сонда қу аяқ, қу кемпір айтты:
– Мен ол баланы тауып берейін. Жасырған жерін көрдім. Менің малымды, менің жанымды — бәрін берсең, айтайын, — дейді.
Кәпір басы Телегей айтты:
– Бәрін танысаң, ал, — дейді. Манағы малын, жанын берді. Кемпір айтты:
– Қазанның астында жатыр, — дейді. Кәпір басы Телегей қазанға келді. Қазанды көтерді. Бала жатыр екен. Сол жерде баланың басын алды. Басын қанж
байлады. Қан ақты сорғалап. Кәпір басы Телегей жер-жебір қылып қайтты жеріне.
Бір уақыт күнде,
Өзтемір келді,
Ақ шаһарға келді.
Келген соң,
Әкесі жоқ, інісі жоқ,
Шешесі жоқ, қатыны жоқ,
Екі қарындасы жоқ екен.
Өзінің астында мініп жүрген бедеу биесі бар екен.
Аттан түсті. Жылады:
— Жүз тоқсан екі жасаған,
Қаздың етін асаған.
Нұрманбеттей хан ием,
Дұшпанға басыңды алдырдым.
Кәуірге өтіңді жардырдым.
Мен өзім үйде жоқ болдым,
Жоқ болдым да, боқ болдым.
Шұғадан түскен қиындым,
Мақпалдан түскен ойындым,
Күнікедей көріктім,
Тінікедей тектім,
Өзім барда айттырып,
Келген кісіге бермедім!
Күнінде біреуге
Тегіннен тегін олжа қылдырдым,
Ат көтіне салдырдым.
Әсіресе сүйікті қатын,
Үйде жүрсем — мұңдасым,
Жолда жүрсем — жолдасым!
Жеті де жасар Жастүлек,
Қауырсының қатқан жоқ,
Балақта жүнің шыққан жоқ,
Бойың сенің өскен жоқ,
Ақылың сенің толған жоқ,
Қапыда кеттің, жалғыздықтың жаманы-ай!
Жеті күн жылады,
Жеті түн жылады.
Жылағанда Өзтемір,
Жер бауырлап сұлады.
Жылап, жылап ұйықтады.
Сүйтіп ұйықтап жатқанда,
Тұрды оның басында,
Келді бір адам,
Дап-даяр қасында.
— Өзтемір, көтер басыңды,
Түр, түрегел!,- дейді.
Өзтемір басын көтерді.
Көтеріп басын отырды.
Келген адам сөйлепті:
— Сен ол жауға барма!- депті.
— Алар жауың ол емес,
Сарыбай деген хан бар,
Соның бір баласы бар.
Атса, мылтық тимейді,
Шапса, қылыш өтпейді.
Отқа салса, күймейді,
Суға салса, батпайды,
Қарғаса, қарғыс жетпейді.
Сарыбайдың баласы екен,
Жеті жасқа биыл жеткен,
Атын әлі қойған жоқ,
Сол балаға бар!
Сол балаға барсаң,
Кегіңді ол алып берер.
Манағы Өзтемір тұрды,
Беті-қолын жуды.
Бір қойды жалынып сойды,
Бір қасық ет жейді.
Манағы түсінде көрген адам Қыдыр
Қара бедеу биесін ерттеп мінді.
Сарыбайды іздеп кетті.
Сарыбай деген бай екен,
Бала жоқ екен.
Бір күндерде, бір уақытта,
Жиын, тойға барған,
Төрт биемен, төрт сабамен барады екен [12]
Қулар [13] өтірік той қылған екен.
– Бұ Сарыбай өзінің баласы жоқ, бұған құдайдан бір бала тілетейік, — дейді. Манағы өтірік тойға Сарыбайды шақырды-лар. Сарыбай қатынымен, төрт
төрт саба қымызбен келді. Шақырған ауылға келді. Келсе, ауылда ат байлаған жоқ, алдынан шыққан, құрмет қылған ешкім жоқ. Сарыбай ашуланды. Кі
боқтады:
– Мұнда кісі жоқ екен. Бізді мазақ қылды! — дейді. Өзге кісілер Сарыбайға жауап қайыра алмады. Бір кішкене тазша бала бар екен. Ол бала айтты:
– Мен Сарыбайға жауап берейін!
Тазша бала тысқары шықты. Сәлем берді. Сарыбай сәлемін боқтады. Бала айтты:
– Сәлемді боқтама, бұл той — баласы бардың келетұғын тойы.
Ұлы барға орын бар,
Қызы барға қызық бар.
Ұлы жоққа орын жоқ,
Қызы жоққа қызық жоқ.
Сарыбай мұны естіп долданып,
Төрт биені бауыздап тастап,
Төрт саба қымызды жарып тастап,
Қатынымен екеуі үйіне қайтты.
Астында мінген боз жорға ат бар екен. Боз жорға атты белдеуге байлады. Өзі қатынымен екеуі: «Құдайдан бір бала сұралық!» — деп, екі етегін беліне тү
– А, Құдай,өзің қай жақтасың, қайда болсаң да, міне, біз сенен бала сұрап қаңғырдық! -деп, жапан түзге бет алды. Қаңғырып жүріп кетті. Жүре-жүре Сар
арықтады. Қатыны арқалады [14]. Бір ақ тікенекке келді. Киімінің етегін тікенек ілініп жүргізбеді. Қатыны шаршады, отырды. Сарыбай ұйықтап қалды. Қ
ұйықтаған жоқ екен. Аспаннан күмісті табақ балмен түсті. Табақтың ішінде күміс қасық бар екен.
– Түрегел, байым,
Тілекті берді Құдайым! — дейді.
– Аспаннан табақ түсті!- дейді [15].
Сарыбай түрегелді:
– Бисмилла!- деп, бір қасық бал жейді.Қатынына байы айтты:
– Сен же!- дейді. — Құдай бала берер! — дейді.
Қатын бәрін жеп қойды,
Екеуі мас болды.
Бірін-бірі құшақтап жығылды,
Жас күнгі қуат-күштері кірді.
Сонан соң есін жиып,
Көздерінің жасын тыйып,
Бойлары бір-біріне еміреніп иіп,
Бірін-бірі құшақтап сүйіп,
Ойнап-күліп үйлеріне қайтты.
Қатын буаз болды[16]. Бір уақытта қатын босанды. Бір ұл, бір қыз — егіз бала тапты. Олар енді той қылды. Арақ-шарап берді.
Он бие сойды,
Он қой сойды,
Он сиыр сойды.
Жоғарғы елді шақырды,
Төменгі елді шақырды.
Аямай малын қырды,
Жұрт жиылып келгенде,
Табақ тартып бергенде,
Келген жұртты сыйлады,
Мінер атын мінгізді,
Киер тонын кигізді.
Аты жоққа ат берді,
Тоны жоққа тон берді.
Сойылған малды жеген соң,
Жиылған көп тойған соң,
Келген елі тарқады.
Шалқар көлдің басында,
Шатыр тікті.
Бала ойнап жүрді.
Ту тобылғыдан жақ қылды,
Шиден оқ қылды.
Кәрі кемпірді атты,
Кәрі шалды атты.
Көп кемпірді, көп шалды өлтірді,
Шалы өлген кемпірлер,
Кемпірі өлген шалдар,
Сарыбайға келіп жылады:
— Балаңызды тыйыңыз! — деп,
— Жарайды, — дейді.
Баланы шақырды:
– Балам, — дейді, — жылқыға бар, — дейді.
Сарыбайдың бір құлы бар екен.
Тоқсан қойдың терісі,
Телпек тымақ шықпайды екен,
Манағы Сарыбайдың баласы жылқыға кетті,
Топай құлға келді.
Ақ сақалы бар екен,
Сақалының ағын жұрт: «Қайың»- дейді екен,
Қарасын: «Қарағай» — дейді екен.
Күн ыстық болғанда,
Тоқсан торы ала айғырдың үйірі,
Сақалына үйездеп тұрады екен.
Сол күндерде Өзтемір жылқыға келді: «Қарағайдың ішінде паналап, көлеңкелейін», — деп, атын бір ағашқа байлап, жатып қалды. Топай құл айтты [17]
– Сақалымның ішінде бит жүр, балам, алып берші,- дейді. Бит жүр дегенге қараса, Өзтемір хан екен. Мінгені қара бедеу бие екен. Сарыбайдың баласы
ханды уыстап ұстап, Топай құлға алып келді.
– Сен менің сақалымның ішінде не қылып жүрсің, ұрымысың? — дейді. Өзтемір айтты:
– Жоқ, мен ұры емеспін, бір бейшара адаммын, — дейді.
– Олай болса, неге келдің, қайда барасың, бармағымның арасына салып сені жоқ қылайын ба? — дейді[18].
Сарыбайдың баласы айтты:
– Тиме, байғұсқа, аға, — дейді. — Сенің сақалыңды сақал екенін күнде көріп жүрген біз білеміз. Бұл сорлы қайдан білсін?
– Не ғып жүр едің, ағатай? — дейді. Өзтемірхан айтты:
– Сарыбайдың ұлын іздеп жүрмін, — дейді.
– Өзі мырза бай, — дейді:
Аты жоққа ат береді,
Тоны жоққа тон береді.
Сондай мырзаға барамын!
Сарыбайдың баласы бар,
Жеті жасар ұлы бар,
Мылтық атса, оқ тимейді,
Қылышпен шапса, қылыш өтпейді.
Ол баласын сұраймын.
Бала айтты:
– Барсаң, анау белдің астында біздің аулымыз бар. Сарыбайдың баласы — менмін!
Өзтемір кетті, бір уақытта Сарыбайдікіне келді.
Өзтемір ханды аттан көтерді. Үйге отырғызды, амандасты, есендесті:
– Қайда барасыз? — дейді.
– Сізге келдім, — дейді.
– Біздікіне не бергенің, не өткізгенің бар еді? [19] — дейді.
– Сіздің бір балаңыз болған екен. Оның аты қойылған жоқ екен. Әдейі ат қойып, айдар тағайын деп келдім [20], — дейді.
Сарыбай айтты:
– Бәрекелді,
Сенен басқа кісіге қойғызған жоқ едім.
Баламды айтпай біліп,
Сұрамай таныған,
Қойсын атын! — деп,
— Ойымдағы жаңа табылды! — деп қуанды[21].
Өзтемір баланың атын:
«Жеті жасар Желкілдек» болсын,- дейді.
Әкесі:
— Жақсы, жарайды,- дейді.
Хан:
— Ат аламысың, ат берейін,
Тон аламысың, тон берейін! — дейді.
Өзтемір:
— Алмаймын, ат пенен тонды
Екінің біріне, егіздің сыңарына
Беріп жүрсің ғой.
Сені жын мырза емес,
Шын мырза деп естіп келдім.
Маған бергіш болсаң, балаңды бер,
Балаңды қалап, сұрағалы,
Сенің мырзалығыңды
Сынағалы келдім! — дейді[22].
Сарыбай:
– Баламды неге берейін? Тұр, жөнел! — деп боқтады.
Өзтемір жылап шығып кетті. Сарыбай үйіне келді, қатыны айтты:
– Не сұрай келген екен? — дейді. Сарыбай айтты:
– Біздің жалғыз баланы сұрай келген екен. Соны мен бермей, боқтап-боқтап жібердім.
Қатыны айтты:
– Бұрынғылардың: «Дүние боқтан сасыққа, тастан қаттыға бітеді», — дегені осы екен-ау, ақылың жоқ екен, байғұс байым! Мырза Құдайдың мырзалық қ
берген нәрсесіне кісі сараңдық қылмас болар. Бізді құдай «қубас» деген аттан құтқарды. Бізге сонысы да қанағат. Шақыр бері, келсін! — дейді.
Сарыбай тымағын қолына алды, тымағын бұлғап шақырды [23]. Өзтемір шақырған соң, келді.
– Мен баламның өзін таптым, мінезін тапқаным жоқ, баланың өзіне бар. Бала саған еріп кетемін десе, бетінен жарылқасын, қайда барса, жолы болсын
жаман алжыған шал, қақиған кемпір қызығын көрді не, көрмеді не? Тірі болса, қызығын халық, жұрт көрсін! -дейді.
Өзтемір кетті. Жылқыға барды.Топай құл айтты:
– Немене деп ат қойдың?
Өзтемір айтты:
– «Жеті жасар Желкілдек» болсын! — деп,ат қойдым.
Топай құл айтты:
– Жап-жаман ат екен.
Бала айтты:
– Ағам, ақылың жоқ екен. Бізге осы қойған ат жақсы.
Өзтемір айтты:
– Інім, саған келдім. Сен маған қатты керексің.
Бала айтты:
– Керек болсам, әкемнен сұрадың ба мені? — деп.
Өзтемір айтты:
– Сұрадым, — дейді. — «Баланың өзі білсін!» — деп, өзіңе жіберді, — дейді.
– Жарайды, ағам, мен барайын.
Топай құлға айтты бала:
– Ағатайым, маған бір ат бер. Өліп кетсем, малым-жаным сенде тұрсын. Ақыретте қолыңнан алайын. Тірі болып келсем, малымның жарымы сенікі болс
аға бол, мен іні болайын. Мынау әке-шешемді сен күт. Маған бір ат бер!
Жылқының сыйып жатқан даласы бес шақырым болыпты. Топай құл баланы ертіп жүріпті [24]. Бір дарияның жағасында тұрып, Топай құл жылқы бітке
құйрығынан ұстап алып, дарияның ар жағына лақтыра беріпті.Сонда бір қотыр күрең тай дарияның ортасына шо[л]п етіп түсіп кетіпті. Суға балықтай
байпаңдап, үйректей қайқаңдап, екі жағына да шықпай, дарияға жүзіп жүре беріпті. Топай құл шалма тастап тартқан екен, тайды сүйреп ала алмапты.
бала шалманы Топай құлдан:
– Бері ап кел, бермен, — деп, жұлып алып, тайдың мойнына тастап жіберіп, тартып қалғанда, тай жылп беріп, не ғып келіп қалғанын білмей қалыпты. Т
жүгендеймін деп ұмтылған екен, тай тулағанда, құлдың қайың, қарағай болып жүрген сақалын дал-дал қылып, құлдың басын ит мүжіген қу бастай қыл
Сонан соң жеті жасар Желкілдек өзі жүгендеймін деп ұмтылған екен, тай бүлк етпепті. Бөгелекке басын изегендей басын изеп: «Қылша мойным мұнша
тұра беріпті. Жүген салса, құнан болыпты [25]. Ер-тоқымын салғанда, дөнен болыпты. Мінсе, бесті болыпты. Санына қамшы тигенде, алты жасар ат қал
түсіп, оқ жыландай ойнақтатып, мініп алып:
– Хош есен бол! — деп,жөнеле беріпті. Өзтемірді әкесіне жіберіпті:
– Маған оң батасын берсін, қара қоржынын берсін, семсерін берсін, мені мына жерде кетіп барады дей ме, жүрегі айыз кеше кетіп қалды. Маған жеткіз
емес, артынан барған жерінде тап! — деп кетті дегейсің.
Өзтемір Сарыбайға келді. Сарыбай баласының айтқанының бәрін түгендеп берді.
Оң батасын да беріпті:
– Жортқанда, жолы болсын,
Жолдасы қыдыр болсын! — деп.
Өзтемір бәрін алып қайтты.
Жеті жасар Желкілдекті,
Артынан қуып,
Өзінің елінің үстіне келді.
Қырық жігіт ертіп алды,
Қырық бір кісі болды. Бәрі бас қосып, Желкілдекке жетті. Айдалада анттасты. «Қай қашқанымызды құдай тапсын», — деп, жер ортасына келді. Жеті жаса
Желкілдек Өзтемірге айтты:
– Тау басына шық, жауды қара, көріне ме, байқа! — дейді.
Өзтемір тауға шықты. Төңіректің төрт бұрышына көз жіберді.
– Ойбай! — деп, таудан төмен қарай жүгірді. Келді де, атқа мінді:
– Қашыңыз, қайтыңыз, жау көп-ақ. Біздің алар жау емес! — қашты Өзтемір.
Жолдасымен жеті жасар Желкілдек асын ішті. Күреңше атқа мінді, қашқандарды қуып жетті:
– Тұра тұр! — депті, — Ал, Өзтемір айтысқан сөз осылай ма?
Өзтемір айтты:
– Қайтыңыз, біз қорқамыз,жаудың жаны көп, — дейді. Біз аз! — дейді.
Бала айтты:
– Жоқ, аға, қайтпаймын, сен қайтсаң, жүре бер! «Ноқталы басқа бір өлім!», «Өлім — құдай ісі, қашқан — қатын жұмысы» — деп,бала атының басын бұры
жауға қарай жүрді. Бір обаның басына шықты. Жау келіп қалған екен. Күрең атқа тіл бітті:
– А, ием,түс үстімнен, айылың бауырыма батып-батып барады. Жүгенің кеңсірігіме батып барады, құйысқаның құйрығыма батып барады. Бес тұрманы
бестамнан емес. Мені жалаңашта. Ер тоқымымды ал — аунайын, жүгенімді ал — қунайын. Оң жағыма бір аунайын,сол жағыма бір аунайын. Оңды-солд
шөп жейін. Құдай ер ерттер ме екен, Құдай маған жүген жүгендер ме екен? Сонан соң маған күш-қуат кірер! — дейді.
– Айылды ағытты, ер тоқымды сыпырды. Жүгенді алды, қоя берді. Ат аунады. Оң жағына аунады, сол жағына аунады. Шөп асады, түрегелді. Ат күміс ер
болды. Кісі қарап тұрғандай тамаша болды. Желкілдек атқа мініп алды.
Ат айтты:
– Алдыңғы айылымды бос тарт, артқы айылымды берік тарт, — дейді. — Маған мін-дағы көзіңді жұм! Мен жауға араласпай, көзіңді ашпа, жүрегің айны
кетсем, маған серт! Тайсалып соқсаң, саған серт! — дейді.
Желкілдек атқа мінді, көзін жұмды. Ат аспанға ұшқандай алып ұшты. Желкілдек жаудың ортасына кіріп,етіне таяқ тигенде, көзін ашты. Өзі ортада жүрге
жаудың азын, көбін байқай алмады. Төбелес сала берді, бір мезгілде атының аяғының астына қараса, аттың тізесінен қан екен. Маңайында төбелесуге
қалмапты. Өлгені өліп, өлмегені басын құтқарғанды олжа көріп қашқан екен. Келді бала бір обаның басына. Бала аттан түсті. Желпінді. Кәпір басы — Т
деген алып екен. Күншілік жерден болжайды екен.
– Тұра тұрыңыз, — дейді. — Біздің алар жау емес — дейді,- Атса, мылтық өтпейді, шапса, қылыш өтпейді. Қарғаса, қарғыс жетпейді. Отқа салса, күймейд
салса, батпайды. Құдайымның шынымен жаратқан жаны екен! Жалғыз-ақ мұның бойында жоқ та, ақыл жоқ.
– Жігіттер, ор қазыңдар, мұны орға түсірейік. Ор қазсаңдар, терең қазыңдар. Мұның: «Мынау ор екен-ау, мынау кісі жығыларлық жер екен-ау!» — деген
дәнеме болмайды. Жай жердей көріп, «шауып өтіп кетемін»- деп,далақтап келіп түседі де, қалады, — дейді.
Жігіттер жиылып алып ор қазды. Жеті жасар Желкілдек желпініп отыр екен. Кәпір басы Телегей дуа қылыпты. Ордың үстінде қаптап жайылып жүрген к
Желкілдектің көзіне түсіріпті. Желкілдек атына мініп тұра шауыпты. Атының аяғының астына қарамастан орға барып бір-ақ түсіпті. Ат шошынып, бір-ақ
шығып кетті. Желкілдек орда қалды. Атын аңдып тұрған кәпір басы — Телегей дұшпан ұстап алды. Телегей атты жетектеп үйіне алып келе жатыр екен.
жалғыз қызы шығыпты:
– Әке, бір олжаңыз ғой, атыңызды маған байла, — депті.
– Не қыласың, сен еркек емессің, қызсың, — деп, атты бермепті.
Қыз:
– Бер! — депті, — Мейрамда жегіп, сейілге шығамын! — депті.
Телегей қызға айтты:
– Жүзі (дүзі) қара, тұрмасыңды біліп едім, бұл атты саған берсем, менің басым кесіледі, мұрным тесіледі. Бұл аттың көзін жоғалтуға, өлтіруге көзім қимай
келе жатыр едім. Жеті жаудың бірі сенсің ғой, ал ажалым сенен болатұғын болса, оған мен не қылсам да, болмас! — деп, атты берді. Жеті қабат темір үй
енгізді, қызды да енгізді:
– Осы үйден атты да шығармаңдар, қызды да шығармаңдар. Бұл үйден босанып бұлар шықса, бізге бұл жарық дүние жоқ, — дейді. Бір жеті жасар бала
күтушіге қойды, сыртынан көп қарауылшы қойды.
Жеті жасар Желкілдек орда жатыр екен. Бір қоңыр қаз қаңқылдап келіп қасына қонды. Желкілдек өзінің шынашағын қанатып, ақ жейдесінің етегін жыр
өзінің орда жатқанын: «Маған қырық биенің еті керек, қырық саба қымыз керек», — деп, шынашағының қаныменен шимайлап бәрінің суретін салып:
– Сарыарқа деген жерге бар, Сарыбай деген байға бар. Үйінің қақ қасына бар да, қон. Міне, менің көйлегімнің шүберегі екенін таныр. Бұларды сенен а
өзіңе тимей қоя берер.
Қоңыр қаз ұшты, Сарыбайдікіне келді. Таңертең Сарыбай тысқарыға шықты. Құман алып шықты да, дәрет алды. Қасына қоңыр қаз келіп қонды. «Бала
берейінші!» — деп, ұстап алды. Қызын шақырды, қызына бұ қазды берді. Бала қазды үйіне алып келіп сипады, сылады. Қанатының астында желбіреп ж
шүберекті көрді. «Бұ не ғылған шүберек?» — деп, айналдырып қарап, ағасының көйлегінің жыртығы екенін таныған соң, қыз бақырып шошып қалып,
берді. Қыздың жылаған даусымен Сарыбай келді. Шешесі келді, досы келді.
– Немене?! — десіп, үрпиісіп қалды.
Қыз айтты:
– Жалғыз ағамның көйлегінің жыртығы мынау шүберек. Өзі қып-қызыл ала қан, — дейді.
Шешесі жүгіріп келіп:
– Кәнеки, — деп, қолынан жұлып алып қарады. — Оның үшін жылап, жаман сұмдық бастама, бетбақ қар! — дейді. — Балам, құдайға шүкір, тірі екен. Өз
жатыр екен. Мұның бәрін өз ойынан шығарып, тірілігін, есендігін білдіріп, өз қолынан байлап, өз қолынан жайлап,өзі қылмаса, әуеде ұшып жүрген құс
кісінің киімін жыртып ала ма, мұнша шимайды сала ма?! Мынау қан және жарадан аққан емес. Өз денесінен өз ықтиярымен шығарған қан. Жарамен а
қан түсі қаралтым болады. Мынау қып-қызыл далаптай таза қан ғой. Бұған жылайтұғын не бар? Менің балам құдай алса, ажалдан өледі. Жаудан өлмей
Айналайын, құдай, маған бергенде, жарты қылып бермей, бүтін қылып берген. Тұр, бай, сой да, қыр малыңды. Жи жұртыңды, қырық ту бие алып, қыры
қымыз алып, өзі көрген бозжорға атты алып, жүр жетейік. Аман тірі күнінде аштан өліп қалар! — деген соң, Сарыбай жоғарғы елін шақыртты. Жорға би
сойдырды. Төменгі елін шақыртты, төбел бие сойдырды. Қырық саба алып келіп, бәрін қымызға толтырып, ел-жұртын жиыпты:
Жамағат, құлақ салыңдар,
Бозбала, ат-тон алыңдар.
Бұ жас балам Желкілдек,
Орға түсіп қалыпты.
Жараған атты мінісіп,
Жараған тонды киісіп,
Жабыла соған баруға
Ағайын, қанша әлің бар?!
Бозбалалар:
– Барамыз! — депті, — Бейсенбі күні жүрелік, — депті.
Таң атты, бейсенбі болды. Сарыбай айтты:
– Баратұғындарың жүріңдер! — дейді.
– Жоқ, — дейді-лер, — бай, өзің бармасаң, баратұғынымыз жоқ, — дейді.
Сарыбай ашуланды. Қатынын, қызын, досын қасына ертті. Қырық бие алды, қырық саба алды, кетті. Бір күнде балаға келді. Баласын таба алмады. Бала
тартты. Сыбызғының даусымен тапты баласын.
– Аманбысың, балам?! — дейді.
– Тәуірмін, — дейді.
Қырық құлаш жібек арқан алып, түсірді тамақты баласына. Бір биенің етін бір-ақ асады. Сүйегін мұрнынан шығарды. Қырық биенің етін қырық асап же
Қырық саба қымызды жарып, баланың аузына ағызды. Қырық саба қымызды түгесті.
Досы айтты:
– Тойдың ба?
– Жоқ, тойғаным жоқ. Қырық биенің ішінде өзім көрген мал жоқ екен. Өзім көрген боз ат бар ма? — дейді.
– Бар, — дейді.
– Сойыңыз, — дейді.
Сойды, бір жапырақ етке тойды.
– Енді қайтыңыздар. Сендер мені шығара алмайсыңдар.
Әкесі, шешесі — бәрі жылады. Жылап, жылап қайтып кетті. Желкілдек жатып қалды. Бір уақытта Желкілдек айтты:
– Ә, құдайекем-ай, мені осы ордан шығарасың ба, шығармайсың ба, өзіңнен басқа маған болысушы жоқ екеніне көзім әбден жетті. Енді жаратқан, жан
жоқтан бар қылған құдай,өзіңнен күш-қуат сұраймын, — дейді.
Құдай бір адам болып айтты:
– Құдай деп жаңа айттың ба, бұрынғыда неге айтпадың? — дейді,- Басыңды көтер, ақымақ, ұмтыл, шық!
Желкілдек айтты:
– Қайтіп шығайын?
Құдай айтты:
– Сен ұмтыл, мен өзім шығарамын!
Бала:
– Иә, құдай, әл-қуат бере гөр! — деп ұмтылды. Құдай қолтығынан бір көтеріп демеп жіберді.
Ордан шығып кетті бала.Келе жатса, жердің астынан бір түтін шығады. Келді түтін шыққан жерге. Бір үй болды. Үйге енді.
– Ассалаумалейкүм, — дейді.
Бір қу аяқ, қу кемпір бар екен:
– Уалайкумассалам, жоғары шық, сәлемші балам, — дейді. — Қайда бара жатқан адамсың? -дейді.
Бала айтты:
– Ұлсызға ұл болайын, қызсызға қыз болайын деп жүрген жанмын, — дейді.
Кемпір айтты:
– Маған бала бол, бала қылайын, — деп,бір аяқ боза құйып берді. Бала ішті. Кемпірге бала болып тұрды. Бір күнде баладан сұрады:
– Қайдан жүрген баласың, айт маған шыныңды.
Бала айтарын да білмеді, айтпасын да білмеді.
– Шешеке, шынымды айтайын, Сарыбай дегеннің баласы едім, солай бір жауға шығып едім. Кәпір басы — Телегей Нұрманбет деген ханымызды өлтірі
Тінікей, Күнікей деген екі апамды алып кетіпті.Жеті жастағы Тастүлек деген бауырымды бауыздапты. Сол жаудан солардың қанын жоқтап шығып едім.
тілеуімді бермеді. Кәпір басы Телегей мені алдап орға түсірді. Астымдағы мінген атым дүлдүл еді. Сол атымның қайда кеткенін білмей қалдым. Сонан б
құдайекем мені есіркеп, аяп, жалғыздығыма болысып, ордан өзі шығарды. Сол менің жүрген мән-жайым, — дейді.
Кемпір айтты:
– Жақсы, бұл сөзің шын екен. Сен маған шын бала болсаң, отынға бар. Отынымды боқтама,- дейді.
Бала кетті отынға жаяу жіп алып. Отынды әрі-бері жиып алып, арқалауға келгенде, отынды боқтап салды. Бір арка отынды алып келді. Кемпір бір аяқ к
– Балам,неге боқтадың? — дейді. — Ертең боқтамасаң, тоғайға бар, — дейді. — Тоғайымның бәрін қопарып, жалғызын қалғызба. Қопара алмасаң, басы
аламын! — дейді.
Бала жатты, ұйықтады. Ертең тұрды. Беті-қолын жуды. Барды тоғайға. Тоғайды қопарды, жалғыз да ағаш тастамады. Алып келе жатыр еді, көзі терледі.
боқтады. Кемпірдің үйінің қасына тоғайды үйіп тастап, бала үйге келді. Кемпір айтты:
– Неге боқтадың?
Бала айтты:
– Жаны кейіген тәңірісін қарғайды, — демеп пе еді? Өзің жаратқан құдайдан қалайсың? Адамның шамасы келмейтұғын жұмысқа жұрт боқтасын деп жұ
ғой деп, боқтағаным сол, онан сенің дәнемең кеткен жоқ. Жұмысың орнына келген соң, не бар?-дейді.
– Жарайсың, балам, жарайсың! Сен маған қызмет қылдың. Тілімді алып, айтқаныма көніп, айдауыма жүрдің.«Жаман кемпірдің қолында не тұр дейсің?»
демедің. Енді мен саған бір жақсылық қылайын. Кәпір басы — Телегейдің қызына барайын. О қарды саған күйлетейін! Үйінде отыра алмастай қылайын
– Шеше, сені жолата ма, оның үстіне кіргізе ме? — дейді.
Кемпір жөтеліп-шашалып қалды:
– Ойбай, мына шұнақ не дейді? Мен көк кептер болып ұшпаймын ба? Қыздың жатқан темір үйінің терезесіне қонбаймын ба? «Мен саған бір оңды бай
келдім!»- демеймін бе, онан соң о қарда жан қала ма?! — деді де, кемпір жүріп кетті. Көк кептер болып ұшып, қыздың темір сарайының терезесіне қонд
сөйлесті.
– Қыз-бикеш, күрең аттың иесі біздің үйде, сені қашан келеді деп, екі көзі жолында сарғайды. Сорлы саған не болды? Осы сықылды ат қолыңа түскенде
жануардың үстінде ойнақтап жүрген ер кез болғанда, жаның барда соған жетіп, бауырыңа басып, құшақтап жатпай, қараң қалған темір үйде қатқаның
басына отырмысың? Әке-шешең сені қанша жақсы көргенмен, олар саған бай бола ма? Сығыр, шұнамыр жаман, жасық туған күң-ай! — дегенде, қыз х
асыр қалды.
– Өзім де осы атты көрген соң, осы аттың иесі атын қалай бір іздеп келіп таппайды?! — деп, бағып жатыр едім. Бірақ мен оны қайдан тауып, қай жерде
жолығамын? — дейді.
– Уай, балашығым, мен саған айтайын, о баланы осы шаһарға алып келіп, бір байға жалшылыққа жүргізейін. Жұрт аңыз қылар: «Бір жат бөтен жұрттың
науша баласы пәленше байға жалданып, қойшы болыпты!» — деп, әркім таңырқап сөз қылар. Сол сөз біреуден болмаса, біреуден құлағыңа жетер. Сон
өзіңнен алас ұрып ауыр. Есіктен төрге домала. Төрден есікке домала. «Не қылды, не қылды?!»- деп сенен сұрар. Сонда сен айт: «Ішім пысты, пысты, құс
өлуге тақалдым. Күрең арғымақпен сейілге шықсам екен, жазғы жапан даланы көрсем екен!» — де. Әкең сұм ғой, білер, шығармас. Шешеңе жалын, ше
шығартар. Сені далаға шығармақшы болса, әкең ел-жұртын жияр. Той қылар, арақ-шарап берер. Ішкен мас, жеген тоқ болар. Сонда сен шығып серуен
жүргенде, желбас бозбалалар аңыз қылысар: «Телегейдің жалғыз қызының емшегін ұстағанның арманы бар ма екен?!» — деп. Сонда қой бағып жүрге
«Ұстамай несі бар дейсің?! — деп, саған келіп шап етіп жабысар. Сонда сен атыңа мінгізіп ал да, қаш! Мен күнді тұман қылайын. Сонда сендер, құдай құ
құтыларсыңдар!
Кемпір үйіне қайтты. Балаға келді:
– Балам, сені қыз сүйді. Сені апарып бір байға жалдайын. «Жылына бір қой бер!»- дейін.
– Жарайды, шеше, мен өзім барып жалшылыққа жүрейін. Сіз үйде дөкей болып отыра беріңіз. Қыз қолыма түссе, салып осында келермін! — деп, бала ж
берді.
Кемпір батасын беріп қала берді. Бала шаһарға келді. Бір қойы көп, ғақыл-ойы жоқ қазақтікіне жалданды.
– Ақыңа не аласың? — деп еді.
– Бір жылғы еңбегіме бір қой берсең болады, — дейді. — Жарайды, қойды жақсы бақсаң, қой қотаннан өріп жөнелгенде, тұра алмай соңында қалған ж
сенікі болсын! — дейді.
– Болады,- дейді.
Қызыл өгізді мініп алып, қой жайды. Бір күндерде Телегейдің жалғыз қызы ауру болды. Есіктен төрге домалады, төрден есікке домалады. Әкесіне кісі ж
«Әкем келсін! Мен аурумын, құса болып барамын. Сейілге шықсам, жақсы болар еді!»
Жіберген кісі келді, айтты:
– Қызың ауру болды: «Құса болып өліп барамын!» — дейді. «Сейілге шықсам, жақсы болар едім!» — деп айтты қызың, — дейді.
Әкесі айтты:
– Жатсын, сейілге шығармаймын! Шықты, қызым қашады, — дейді.
Шешесі айтты:
– Адаммен үйір-шүйір болған жоқ. Тірі пендемен тіл қатысқан жоқ. Шайтанмен қаша ма, сейілге шығар. Құдай жаратқан жарық дүниені көрсін, көңілі б
Тіпті далаға шықпаған соң, құса болып өліп кетер!- дейді.
– Ұрғашылық қылдың, маған болыспадың, қызыңа болыстың. Осыдан қашып кетсе, мен оны қумаймын. Үйде, қасымда отырған сенің басыңды аламын
Қызды сейілге шығармақшы болды. Ел-жұртын, жамағатын жиды. Той қылып, арақ берді. Қызы күреңше атқа салт мінді, сейілге шықты. Сөйтіп жүрген
Желкілдек келді.
– Осы күрең атқа мініп жүрген кімнің қызы?- дейді.
Көп жамағат айтты:
– Телегейдің қызы, — дейді.
Желкілдек айтты:
– Иттер-ау, біреуің жандасып, жанамалап барып емшегін ұстасаңдар болмай ма? — дейді.
Қарап тұрған көп бозбала: «Жаман қойшының көңілі көп жерде-ау! Ер болсаң, сен барып ұстай қойшы! — дейді.
Қызыл өгізді борбайлап-борбайлап, әукелектетіп жетіп барды. Бір қолын емшегіне салды, бір қолын ердің артқы қасына салды. Қыздың артына шап ет
52
ЕР ТӨСТІК
ЕДІЛ-ЖАЙЫҚ
Достарыңызбен бөлісу: |