Байұлов ғани бекқожаұлы 1930-1950 ж ж. Қазақстандағы музыкалық–мәдени мұраның жоо-да оқу–тәрбие үдерісінде пайдаланылуы



Дата25.02.2016
өлшемі350 Kb.
#20784
түріДиссертация


ӘОЖ 78.072(574) : 378 (574)
Қолжазба құқығында

БАЙҰЛОВ ҒАНИ БЕКҚОЖАҰЛЫ

1930-1950 ж.ж. Қазақстандағы музыкалық–мәдени мұраның ЖОО-да оқу–тәрбие үдерісінде пайдаланылуы
6М010300-Педагогика және психология мамандығы бойынша білім магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация жұмысының

РЕФЕРАТЫ


Қызылорда, 2012 жыл

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Педагогика» кафедрасында орындалған


Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының

кандидаты Ақпенбетов Б.Е.


Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Серікбаев Ғ.Ө.


Диссертация 2012 жылдың «___» ____________ сағат _____ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде (мекен-жайы: 120014 Қызылорда қаласы, Төле би көшесі № 36А, №7 оқу ғимараты. «Музыка-педагогикалық» факультеті, № 411 дәрісхана) қорғалады.

Автореферат 2012 жылы «___» __________ таратылды.

Мемлекеттік аттестаттау

комиссиясының хатшысы Архабаева Д.А.

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының этникалық-мәдени білім тұжырымдамасында: «Тәрбиенің түп мақсаты – қоғамның нарықтық қатынасқа көшуі кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, өмірге икемделген, білікті, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу» деп, өнер мен мәдениетті дамытуға ерекше мән беріледі. Сонымен қатар, Орта білімді дамыту тұжырымдамасы жобасында: «Білім берудің маңызды мақсаты – адамды әдеттегі үйреншікті сана-сезім шеңберінен алып шығып, мәдениеттің биік деңгейіне көтеру...» - деп, оқушылардың көркемдік талғамын халықтық мұралар арқылы өркениетті мәдениетке жеткізу көзделеді.

Қоғамның жаңа деңгейге көтерілуімен байланысты оның қозғаушы күші болып отырған – жастарға білім беру ісінде өткен тарихы тәжірибелерді ой-елегінен өткізіп, жаңа заман талабына сай қолданудың жолдарын қарастыру, сөйтіп 1930-1950 жылдарда өмір сүрген музыка қайраткерлерінің педагогикалық мұраларын зерттеу бүгінгі күнгі қажеттіліктердің бірі болып отыр.

Қазақстанда музыкалық мәдениет жаңа құрылған кеңестік дәуірдің талабына сай, 1930-1950 жылдар арасында кең көлемде дамып өркен жайды. Оған себеп елімізде тұңғыш ұлттық музыкалық драма театрының, филармониялар мен концерттік залдардың, музыкалық мектептер мен училищелердің ашылуы болды. Қазақтың тұңғыш опера және балет театрының өмірге келуі, әдебиет пен өнердің республикалық, одақтық көлеміндегі онкүндік байқаулары мен өнер қайраткерлерінің слеттерінің өтуі, Алматыда 1932 жылы ҚазМузтехникумның, 1944 жылы тұңғыш жоғары кәсіби оқу орны – Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының ашылуы елімізде музыка мәдениетінің қалыптасуына зор ықпал етті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының әдебиет және өнер институты жанынан музыкалық зерттеу секторының ашылуы, онда музыкалық зерттеулердің жүргізілуі, т.б. жағдайлар себеп болды.

Қазақ халқының сан ғасырлық бай музыкалық мұрасын, музыкалық мәдениетін зерттеу ісі кеңестік дәуірде С. Сейфуллин, М. Әуезов, Ә. Марғұлан, С. Камалов, Р. Бердібаев, т.б. ғалымдар елеулі үлес қосса; қазақ музыка мәдениетін арнайы жинап зерттеген ғалымдар: А.В. Затаевич, А.Э. Бимбоэс, Б.Г. Ерзакович, т.б.; музыканың тарихын Қ. Жұбанов, А. Жұбанов, Б. Құндақбаев, А. Сейдімбек, У. Бекенов, П. Момынов, М.Х. Балтабаев, С.А. Ұзақбаева, А.А. Қалыбекова, Р.Р. Жәрдемәлиева, Ш.Б. Құлманова, М.Х. Мұхтаров, т.б. болды. Олар еңбектерінде қазақтың халық музыкасы мен дәстүрлі көркем мәдениетін оқушылар мен студенттерге музыкалық-эстетикалық тәрбие беруге тиімді пайдаланудың жолдарын қарастырып, педагогикалық мүмкіндіктерін анықтады.

Қазақ музыкасы жайындағы мәліметтер бірқатар Ресей ғалымдарының (А.А. Левшин, А.Е. Алекторов, М.В. Готовицкий, Р.А. Пфенинг, С.Г. Рыбаков, А.И. Ивановский) еңбектерінен де көрініс тапты.

Орыс музыка мәдени мұраларының қазақ музыка мәдениетінің идеялық –мазмұндық жағынан байи түсуіне тигізген ықпалын орыс, батыс композиторлары (М. Глинка, М. Балакиров, А. Бородин, Мусоргский, П. Чайковский, Н. Римский-Корсаков, А. Глазунов, т.б.) шығармаларын талдау және қазақ даласына таралу тарихына шолу жасау арқылы айқындалды.

Қазақстандағы педагогикалық ойлардың даму тарихына 1950-1970 ж.ж. өз үлестерін қосқан педагог-ғалымдар: Т. Тәжібаев, Қ.Б. Бержанов, Ә.І. Сембаев, Т. Ақшолақов, Т.М. Храпченков, Қ.Қ. Құнантаева, т.б. болса, ал, 70-90 ж.ж. Қ.Б. Жарықбаев, С. Қалиев, С. Ұзақбаева, Қ.Б. Сейталиев, Э. Шыныбекова, И.Р. Халитова, Г.И. Төретаевалар болды.

Қазақтың дәстүрлі көркем мәдениеті арқылы студент жастарға музыкалық-эстетикалық тәрбие берудің жолдары бірқатар ғалымдардың еңбектерінде арнайы зерттелді. Мәселен; Қазақ халық аспаптық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына музыкалық-эстетикалық тәрбие беруді Т. Қышқашбаев, Б. Жүсіпов, ал бастауыш сынып оқушыларының қазақ халық аспаптық музыкасына қызығушылығын қалыптастыруды М. Оразалиева, оқушы жастарға эпостық батырлар жыры арқылы музыкалық-эстетикалық тәрбие беруді Б. Сүлейменова, айтыс өнері арқылы эстетикалық тәрбие беруді Ұ. Асанова, өнер сабақтастығы арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мәселесі М. Нағымова, т.б. еңбектерінен көрініс тапты. Қазақстандағы музыкалық білім беру мен өнертану мәселелері Б.Г. Ғизатов, М.М. Ахметова, Б.Р. Қазыханова, П.В. Аравин, Л.А. Хамиди, Н.С. Кетегенова, М.Х. Балтабаев, А. Райымбергенов, Г.Л. Арикайнен, І.Ж. Жақанов, С.А. Еламанова, т.б. еңбектерінде терең талдауға алынды.

Жоғарыда аттары аталған музыка зерттеушілері мен педагог-ғалымдардың еңбектерінсіз Қазақстандағы музыкалық-мәдени мұраның даму жолдарын айқындау мүмкін емес.

Соған қарамастан, Қазақстандағы музыкалық-мәдени мұраның 1930-1950 жылдардағы даму тарихының бүгінгі күнге дейін арнайы зерттелмегендігі мен келешекте жазылуға тиісті музыкалық педагогика тарихын жан-жақты қарастырып толықтыру қажеттілігінің арасындағы қарама-қайшылықтардың бар екендігін аңғардық. Егер де бұл көкейкесті мәселелер шешімін тапса, жоғары оқу орындарында оқитын студент жастарға эстетикалық тәрбие берудің пәрменді құралы болып та саналар еді. Осыны ескере отырып, біз өзіміздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «1930-1950 ж.ж. Қазақстандағы музыкалық мәдени мұраның ЖОО-да оқу–тәрбие үдерісінде пайдаланылуы» деп алуымызға тура келді.



Зерттеудің мақсаты: Кеңестік дәуірдегі Қазақстанда музыкалық-мәдени мұраның дамуына ғылыми талдау, жүйеге келтіру және оларды оқу-тәрбие үдерісіне пайдаланудың әдістемелік кешенін жасау.

Зерттеудің нысаны: Кеңестік дәуірдегі Қазақстандағы музыкалық-мәдени мұраның даму тарихы.

Зерттеудің пәні: музыкалық-мәдени мұраның (1930-1950жж) дамуы және оны кәсіби педагогикалық оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісіне пайдалану.

Жетекші идея: Қазақ музыка мәдени–мұраның даму тарихын арнаулы орта және жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісіне пайдаланудың тиімді жолдарын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қарастыру арқылы студент жастардың эстетикалық танымдық және музыкалық білімдік өрісін молайту.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:

Егер, 1930-1950 жылдардағы қазақтың музыкалық-мәдени мұрасының даму тарихын айқындап, оны студент жастарға эстетикалық-музыкалық тәлім-тәрбие жүйесіне тиімді пайдаланса, онда, келешек музыка мамандары жан-жақты білімді, өресі жоғары жетілген болып шығады. Осылайша, жоғары оқу орындары түлектерін кәсіби іскерлігі жетілген, елжанды, білімді, саналы азамат тәрбиелеп шығаруға мүмкіндік туады.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Қазақстанда 1930-1950 жылдар аралығындағы музыкалық-мәдени мұраның қалыптасып дамуына ықпал еткен тарихи-әлеуметтік факторларға сипаттама беру;

  2. 1930-1950 ж.ж. Қазақстанда музыкалық-мәдени мұраның даму жүйесін студент жастарға меңгертудің педагогикалық шарттарын айқындау;

  3. Қазақстандағы 1930-1950 жылдар аралығындағы музыкалық-мәдени мұраның педагогикалық жоғары оқу орындарындарының оқу-әдістемелік кешеніндегі көрінісін айқындау;

  4. «Қазақстанда 1930-1950 жылдарда өмір сүрген өнер қайраткерлерінің тағылымдық идеялары» атты арнаулы курс бағдарламасын жасап, оны педагогикалық оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісіне ендірудің жолдарын эксперименттік байқаудан өткізіп, нәтижесін қорытындылау.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері:

Эстетикалық тәрбиенің тарихи материалистік, философиялық тұжырымдары мен таным теориясы, мәдениеттанушы, педагог–психолог ғалымдардың мәдени мұралары жайындағы ғылыми зерттеу еңбектері, олардың мәдени құндылықтарды теориялық–әдіснамалық тұрғыда айқындау тұжырымдары.



Зерттеудің көздері:

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы (1999ж), ҚР этно–мәдени білім беру тұжырымдамасы (1996ж), арнаулы орта және жоғары оқу орындарында музыка мамандарын даярлауға арналған пәндердің әр жылдардағы бағдарламалары мен оқу әдістемелік құралдары, Орталық Мемлекеттік мұрағат құжаттары, музыкалық мәдениеттің даму тарихына арналған ғалымдар еңбектері. Осы тақырыпқа байланысты ҚР бұрын-соңғы қорғалған диссертациялық жұмыстар.



Зерттеудің әдістері:

Психологиялық–педагогикалық талдау, мұрағат құжаттары мен түрлі әдебиеттерді сараптап, қорытып тарихи–дәуірлік кезеңдерге байланысты салыстыра жіктеу, өнер қайраткерлерінің биографиялық көрсеткіштерін саралау, анкеталық сұрақ-жауап, тестілеу әдісі арқылы студенттердің білім, білік, дағдылар деңгейін айқындау; математикалық әдіспен талдау, қорыту.

Қазақстандағы (1930-1950 ж.ж.) өмір сүрген өнер қайраткерлері туралы жазылған музыкалық-педагогикалық әдебиеттерді және мерзімді баспасөз материалдарын, өнер қайраткерлерінің еңбектерін сараптау, мұрағат материалдарын, естеліктерін тауып музыкалық-педагогикалық тұрғыдан талдау, әр түрлі жазба деректерді салыстыра талдап ой қорыту. Анкеталық сұрақтар арқылы студенттердің музыкалық-педагогикалық білімін анықтау, эксперименттік байқаудың нәтижесін жинақтап қорытындылау.

Зерттеудің кезеңдері:

Бірінші кезең: (2004-2005 ж.ж.) зерттеу мәселесі бойынша ғылыми аппараты анықталып, тарихи педагогикалық, әдіснамалық, философиялық, психологиялық, әлеуметтану, мәдениеттану, оқу-әдістемелік әдебиеттермен оқулықтарға талдау жасалды. Қажетті мұрағаттар материалдары іздестіріліп жинақталды.

Екінші кезең: (2006-2007 ж.ж.) Қазақстандағы (1930-1950 жж.) музыкалық-педагогикалық ойлардың дамуымен байланысты материалдар сұрыпталып, жинақталып талданды, бір жүйеге келтірілді, ғылыми-әдістемелік бағдарламасы жасалды. «Қазақстанда 1930-1950 жылдарда өмір сүрген өнер қайраткерлерінің тағылымдық идеялары» тақырыбында арнайы курстың бағдарламасы түзілді. Зерттеудің ғылыми-теориялық маңыздылығы практикалық сабақтарда іс жүзіне асырылды.

Үшінші кезең: (2008-2012 ж.ж.) зерттеудің нәтижелері талқыланып, студенттердің білімдерін тексеру жұмыстары жүйеленді. 1930-1950 жылдардағы музыкалық мәдени мұраларын оқып-үйретудің әдістемесі жасалды және оны педагогикалық жоғарғы оқу орындарындағы музыка мамандарын даярлау факультеттерінде байқаудан өткізіп, оның нәтижесі қорытындыланды, диссертация ресімделді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:

– (1930-1950жж) Қазақстандағы музыкалық-мәдени мұралардың даму тарихына әсер еткен тарихи әлеуметтік жағдайлар анықталды.

– Кеңестік дәуірдегі (1930-1950жж) Қазақстандағы мәдени-музыкалық мұралардың қалыптасып, даму кезеңдеріне жан-жақты ғылыми сипаттама берілді.

– (1930-1950жж) Қазақстан композиторлары музыкалық шығармаларының жанрлық-білімдік және эстетикалық-тәлімдік мүмкіндіктерінің жіктемесі жасалды.

– Қазақстандағы арнаулы орта және жоғарғы оқу орындары студенттеріне білім, білік, дағдыларды меңгерудің педагогикалық шарттары айқындалды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

– Жоғары оқу орындарындағы музыкалық-педагогкалық факультетке арналған «1930-1950жж Қазақстандағы өнер қайраткерлерінің тағылымдық идеялары» атты арнаулы курс бағдарламасы жасалды.

– Республикадағы жоғары оқу орындарындағы 050106 ─ «Музыкалық білім» мамандығы бойынша ғылыми-әдістемелік кешенді жетілдірудің нұсқауы даярланып ұсынылды.

– Бұл зерттеу еңбекті жоғары оқу орындарының оқу тәрбие үдерісіне, сондай-ақ облыстық, қалалық мұғалімдер білімін жетілдіру курстарының тыңдаушыларына қосымша әдістемелік құрал ретінде пайдалануға болады.



Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі:

Зерттеу тақырыбына сәйкес ғылыми-теориялық қағидаларды әдіснамалық тұрғыда негіздеумен, әр жылдардағы мұрағат материалдарына пайдаланумен, сондай-ақ бұрын-соңды баспа арқылы жарияланбаған зерттеу пәніне сәйкес кешенді әдіс-тәсілдерді қолданумен, ғылыми-әдістемелік оқу құралдарының педагогикалық мақсат пен міндетке сәйкестілігімен және олардың тәрбиелік мүмкіндіктерінің тиімділігін музыка кафедраларында, музыка-педагогика факультеттеріде арнаулы музыка мектептерде тексерілуімен қамтамасыз етілді.



Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру:

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Музыкалық білім және мәдениет» факультеті мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің музыка-педагогикалық факультетінде эксперименттік байқаудан өткізіліп, оқу-тәрбие үдерісіне ендірілді. Сондай-ақ, зерттеудің негізгі қағидалары халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференцияларда (республикалық, халықаралық) жасалған баяндамалардан, республикалық мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалардан көрініс тапты.



Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

- Қазақстандағы музыкалық-мәдени мұралардың туып, қалыптасып, даму кезеңдері және оның қалыптасуына әсер еткен саяси-әлеуметтік факторларна сипаттама (1930-1950 ж.ж.);

- Қазақстан композиторлары туындыларының жанрлық-білімдік және эстетикалық-тәлімдік мүмкіндіктер жіктемесі мен оны меңгерудің педагогикалық шарттары;

Қазақстандағы 1930 – 1950жж. музыкалық-мәдени мұралардың педагогикалық жоғары оқу орындарындарының оқу-әдістемелік кешеніндегі көрінісіне сипаттама;

- Қазақстандық музыка қайраткерлерінің шығармаларын музыкалық оқу орындарында пайдаланудың ғылыми-әдістемелік кешені (бағдарлама, әдістеме, дидактикалық материалдар, нұсқаулар);

Диссертация құрылымы: диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты мен міндеттері, нысаны, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық және теориялық негіздері, әдістері мен негізгі кезеңдері беріліп, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәнділігі, қорғауға ұсынылған қағидалар, зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі, талқылануы және жүзеге асырылуы баяндалады.

Қазақстандағы музыкалық-мәдени мұраның дамып, қалыптасуы (1930- 1950жж) деп аталатын бірінші бөлімде 1930-1950 жылдарда өмір сүрген музыкатанушылар мен композиторлар мұраларының философиялық, әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық аспектілері баяндалды, бұл мәселелердің қазіргі күндегі зерттелу жағдайына талдау жасалды және оқу-тәрбие үдерісіндегі орны анықталды.

1930-1950 ж.ж. Қазақстандағы музыкалық-мәдени мұраның үлгілерін жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісіне пайдаланудың жолдары атты екінші бөлімде педагогикалық жоғары оқу орындарында білім беру технологияларын пайдаланудың тиімді шарттары айқындалып, оларды іске асырудың әдістемесі көрсетілді. Арнайы курс бағдарламасының мазмұны берілді. Осы бағдарлама негізінде жүргізілген эксперименттік байқау жұмыстарының нәтижесі көрініс тапты.

Қорытындыда теориялық және эксперименттік жұмыстың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ғылыми тұрғыдағы ұсыныстар берілді.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Ғылыми зерттеу жұмысымызда 1930-1950 жж. Қазақстандағы музыкалық мәдени мұраның даму кезеңдеріне сипаттама беру үшін алдымен қазақ педагогика тарихын зерделеуші Т.М. Храпченковтың педагогикалық ғылыми ойларына шолу жасалды. Ол өзінің ғылыми ойларын жеті кезеңге бөлген. Әрбір кезеңінде сол жылдардағы идеологтар мен педагог–демократтардың еңбектеріне тоқталған. Атап айтсақ, бірінші кезең өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдардың бірінші бесжылдығы деп аталған. Сол жылдардағы қоғамдық–саяси жағдайлармен қатар ғалым–педагогтардың көзқарастары партиялық идеология тұрғысынан қарастырылған. Бірақ, басты идеология сол кездегі Маркс, Энгельс, Лениндердің партиялық саясаты орын алды. Бұл идеологиядан бөлек педагогика саласында Н.К. Крупская, А.В Луначарский, М.Н. Покровскийлардың, батыс Еуропаның педагог–ғалымдары Д. Дьюи, Э. Мейман, М. Монтессори, З. Фрейдтардың педагогикалық-психологиялық көзқарастары кең түрде оқытылды. Ал осы кезде Қазақстанда А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың, Ж. Аймауытовтың, М. Тынышбаевтың, М. Жұмабаевтың, Х. Досмұхамедовтың, К. Кемеңгеровтың педагогикалық ойлары кең түрде тарады. Олар елімізде ана тілі және әдебиет, ел тарихы, жағрафия, ән салу, бейнелеу өнері т.б. пәндерді ұлттық дәстүр негізінде оқытып тәрбиелеуге белсене атсалысты. Екінші бір тобы С. Сейфуллин, Т. Рысқұлов, С. Сәдуақасов, О. Жандосовтар т.б. елдегі саяси жағдайларға баса көңіл бөліп, еліміздің социолистік тұрғыда өмір сүруіне әрдайым ұсыныс жасап отырды және жаңа типтегі кеңестік мектептер ашыуға үлкен септіктерін тигізді.

Екінші кезең өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдардың екінші бесжылдығы отызыншы жылдардың бірінші бесжылдығы делінген. Бұл жылдары Кеңес үкіметі өз күшіне мініп, алға қарай батыл қадамдар жасады. Батыс Еуропадан келген буржуазиялық саясатқа жол бермеді. «Партия» мен «марксизм» идеологиясына қарсы келгендермен батыл күрес жүргізді. Ескі мамандардың орнына жаңа кәсіби білікті мамандар келді. Н.К. Крупскаяның педагогтік көзқарасы мүлде өзгерді. Алдында ғана өзі қолдаған Батыс Еуропаның педагогикасын мүлде жоққа шығарып, Кеңес үкіметінің мектептері тек ғана Маркс, Энгельс, Лениннің идеяларымен қарулануы керек деп шешті.

Бұл жылдар – Қазақстанда саяси репрессия етек алып, қазақ зиялылары халық жауы атанып, қуғынға ұшырады. О. Жандосов А. Байтұрсыновтың араб тілін латын әрпіне ауыстырған еңбегін әрі қарай жетілдірді. Бірақ, қазақ зиялы қауымның елден кетуіне байланысты мектептерде сабақ беретін мамандар жетіспей, білім ошақтарына зияны келгенін жазады.

Үшінші кезең – өткен ғасырдың отызыншы жылдарының соңы және Ұлы Отан соғысы кезеңдері. Соғысалды жылдарында Сталиннің саясаты өз күшіне мінді және елде репрессия құрбандары болды. Оның ішінде зиялы қоғам қайраткерлері мен мықты ғалымдарды да қалдырмады.

Төртінші кезең – соғыстан кейінгі жылдардағы саясат көрсетілген. Осы кезеңдегі Сталиндік саясат Батыс Еуропа мен АҚШ арасындағы ғылыми, мәдени қарым–қатынасты мүлдем тоқтатты. Педагогика саласы бойынша оқыту үдерісі алға қадам баса бастады. Бұл кездегі педагогика саласы Қазан төңкерісіне дейінгі және кейінгі уақыт арлығындағы қарым-қатынасты оқыта бастады. Дәл осы кезеңде педагогика және педагогика тарихынан көптеген оқулықтар басылып шықты. Атап айтсақ, Н.К. Гончарова, П.Н. Груздева, Н.А. Константинова, И.А. Кайровалар болса, Қазақстанда Ы. Алтынсариннің, Т. Тәжібаевтың, Ә.И. Сембаевтың т.б. психологияның негізгі мәселелері, педагогиканың теориясы мен тарихы тағы да көптеген еңбектер жарыққа шықты. Оларда негізінен кеңестік-партиялық көзқарас басты роль атқарды.

Бесінші кезең – елуінші жылдардың екінші бесжылдығы мен алпысыншы жылдардың бастапқы жылдары. Кеңес үкіметінің мәдениеті, өнері, ғылым мен білімі қарыштап даму кезеңі. Педагогика саласы да өз дәрежесінде дамыды. «Педагогкалық сөздіктер», төрт томдық «Педагогикалық энциклопедия», дидактика мәселесі бойынша М.А. Даниловтың, Б.П. Есиповтың, Л.Г. Лембергтің Д.О. Огородниковтың және т.б. ғылыми монографиялық еңбектері жарияланды. Осы уақыттарда Қазақстанда тарихи педагогикадан Т. Тәжібаевтың «ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы педагогикалы ойлардың дамуы», «ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы мектептердің ашылуы» (1965ж), Ә. Сембаевтың «Қазақ совет мектептерінің тарихы мен очерктері»(1958 ж) және педагогика, педагогика тарихынан көптеген докторлық, кандидаттық жұмыстар қорғалды.

Алтыншы кезең – жетпісінші, сексенінші жылдар. Жалпы білім беретін орта мектептерге көңіл бөлінуі, кітаптардың оқушыларға тегін берілуі қарастырылды. Бұл кездерде педагогика саласына көптеген жаңа есімдер келе бастады. Қазақстанда педагогика тарихы бойынша Ш. Уәлихановтың, Ы. Алтынсариннің, Н.И. Ильминскийдың, В.В. Катринскийдың, И. Радловтың, А.Е. Алекторовтардың еңбектерін оқытты. Сонымен қатар, әл-Фараби, А. Құнанбаев, Шәкәрім, С. Торайғыров, М. Әуезов, С. Сейфуллин, С. Мұқановтың шығармашылығы мен педагогикалық идеялары, ой-пікірлеріне байланысты біршама диссертациялық еңбектер де жазылды.

Жетінші кезең – сексен, тоқсаныншы жылдар. Осы жылдарда әдіснамалық мәселелерге байланысты марксизм философиясын сынға алып (Ю.Н Афанасьев, Г.А. Бордюгов, П.В. Волобуевтардың) мақалалары шыға бастады. Қазақстанда педагогика саласы дамуын тоқтатқан жоқ. Бірақ, 1986 жылғы көтерілістен кейін ұлтжандылық мәселесіндегі ғылыми мақалалар бәсеңсіп, бірнеше жылдардан кейін барып шыға бастады.

Т.М. Храпченковтың пікірін басшылыққа ала отырып, өз зерттеу жұмысымызды үш кезеңге бөліп қарастырдық. Бұл үш кезеңіміз Т.М. Храпченковтың екінші, үшінші, төртінші кезеңдерімен сәйкес келеді. Олар: бірінші кезең ― 1930-1940 жж., екінші кезең ― 1940-1945 жж., үшінші кезең ― 1945-1950 жж. Осындай кезеңдестіру арқылы (1-кесте) әр кезеңге тарихи сипаттама беріп, сол кезеңдердегі музыкалық-педагогикалық ойларды бөліп қарастыруға мүмкіндік таптық.


Кесте 1 – Қазақстандағы 1930-50 жылдардағы музыкалық-мәдени мұралардың тарихи кезеңдері

Кезеңдер

Тарихи сипаттама

Музыкалық-педагогикалық ойлар

1-кезең

1930-1940 жж.

Музыкалық ұлт мәдениетінің кәсіби деңгейде даму кезеңі.


  • 1931 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы қаласында радио хабар жүйесі іске қосылды.

  • 1932 жылы Алматыда музыка-драма техникумы ашылды.

  • 1933 жылы техникумның жанында қазақтың халық музыкасын зерттейтін кабинет және музыка аспаптарын өңдеп, дамытатын тәжірибие шеберханасы ашылды.

  • 1933 жылы техникумның жанында А.Қ. Жұбановтың басқаруымен 11 кісіден ұйымдасқан тұңғыш домбырашылар ансамблі құрылды.

  • 1934 жылдың 14 маусымында Алматыда өнер қайраткерлерінің бірінші слетінің өтті.

  • 1934 жылы КазЦИК атындағы қазақтың бірінші ұлттық оркестрі құрылды.

  • 1934 жылы Алматы қаласында да Әміре Қашаубаев атындағы жеті жылдық музыка мектеп интернаты ашылды.

  • 1935 жылдың басында қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясы ашылды.

  • 1936 жылы Москвада Қазақ өнерінің бірінші онкүндігі болды.

  • 1937 жылы осы хор ұжымының негізінде Қазақтың мемлекеттік хор капелласы құрылды.




  • Халық өнерінің көркемөнерпаздық ұжымдарының пайда болуы;

  • Музыкаға қабілетті балалар мен ересектердің іріктелінуі;

  • Халық музыкаларының қағазға түсірілуі;

  • Алғашқы кәсіби домбырашылар ансамблінің құрылуы;

  • Ең бірінші қазақ ұлттық оркестрінің құрылуы;

  • Қазақ жерінде музыка мектеп интернаты мен филармонияның ашылуы;

  • Москвадағы онкүндікке қазақ өнерпаздарының қатысуы;

  • Қазақ жерінде ең алғаш хор ұжымы құрылуы.




2-кезең

1940-1945 жж

Музыкалық ұлт мәдениеті соғыс қажетіне қарай бейімдеу кезеңі.(ұлтжандылық сезімге баса көңіл бөлу)


  • Фрунзе (1942) мен Ташкент (1944) қалаларында өткен Орта Азия мен Қазақстанның музыка өнерінің он күндіктері болды.

  • 1944 жылы Алматы қаласында тұңғыш кәсіби жоғары оқу орны консерватория ашылды.

  • 1943 жылы Ленфильм, Мосфильмдердің Алматыға көшіп келуі.

1944 жылы Ленинград консерваториясынан 3330 дана, Москва консерваториясынан 5000 дана ноталар және музыкалық әдебиеттер келуі.

  • Сырттан музыка мамандары мен педагогтардың келуі;

  • Музыка мамандығына кәсіби жоғары білім алу мүмкіндігі;

  • Киностудиялардың жұмысын бастауы;

  • Оқулықтар мен ноталардың келуі.




3-кезең

1945-1950жж.

Музыкалық ұлт мәдениетінің толысу кезеңі.


  • 1946 жылы Л. Хамиди «Жамбыл мен Айкүміс» операсының премьерасы қойылды.

  • 1947 жылы А. Жұбанов, Л. Хамиди «Төлеген Тоқтаров» операсын жазды.

  • 1948 жылы Қазақстан композиторлар одағының бірінші съезінің өтті.

  • 1949 жылдың мамыр айында оркестр Қазақ Кеңес әдебиетінің Мәскеуде болған онкүндігіне арнап Мәскеу жұртшылығына концерттер берді.

  • 1945–1950 жылдарда Е. Брусиловскийдің «Советтік Қазақстан», «Даңқ», М. Төлебаевтың «Біржан–Сара», «Жастық», Коммунизм оттары» опералары дүниеге келді.




  • Опералар, симфониялар, кантаталар, хорлардың дүниеге келуі;

  • Қазақстан композиторлар одағының съезінің өтуі;

  • Мәскеуде Қазақ Кеңес әдебиетінің онкүндігіне арнап қазақ ұлттық оркестрі концерт беруі.



1930-1950 жылдардағы музыка мәдени мұралардың тәлім-тәрбиелік идеялары өз қалыптасу мүмкіндігінде түрлі тарихи кезеңдерді өткергені белгілі. Педагогика ғылымы да заманның қоғамдық бейнесіне, саясаты мен идеологиясына, экономикасы мен мәдениетіне, т.б. сай өзгере отырып, тарихи даму сатыларынан өтеді.

Кесте 2 – 1930-50 жылдар бойынша Қазақстандағы музыкалық–мәдени мұраларды қалыптастырған тұлғаларды әдіснамалық тұғырлар арқылы талдау



р/с

Әдіснамалық тұғырлар атаулары

Құраушы элементтер

Мазмұны

1

Тұлғалық тұғыр

Жас балалар, қиялшыл, әнші оқушылар,

Студенттер, консерватория түлектері, мықты композиторлар,





Жас кездерінен халық ауыз әдебиетін жаттап өседі, еліктеп өлеңдер жазады. Музыкалық училищелер мен консеваториялар оқу орнында оқуының өзі олардың алғашқы музыкалық– педагогикалық көзқарастарының пайда болуына ықпал етуі мүмкін. Москвадағы онкүндік шығармашылық ашылуына үлкен себеп болады. Музыкалық техникум, консерваторияда ұстаз, оқытушық қызметтер істелуі. Соғыс жылдары опералар, симфониялар жазылды. Кейіннен халыққа танымал композиторлар болды. Әлеуметтік ортада жігіттер, отбасында әке, әулетте ата ретінде өз рөлі бар тұлғалар.

2

Аксиологиялық (құндылық) тұғыр

Еңбекқорлық,

Ұлттық құндылықтары мен сапа,

Достыққа адалдықтары,

Ерлік пен батырлықты дәріптеп опера мен симфониялардың жазылуы

Музыка өнеріне адалдықтары


Музыкалық шығармалардағы идеяларына негіз болған құндылықтар: еңбекқорлық, достыққа адалдық, рухани тазалық, ерлік пен батырлық, адамды сүю. Музыка өнеріне адалдығы – мамандықтарының рухани жоғары құндылығын көрсетеді.

3

Мәдениеттану тұғыры


Қазақ ұлттық өнеріне қызығушылығы;

Мәскеу консеваториясымен байланысы;

Музтехникум, филармониялар, театрлар, консерваторияның ашылуы;


Орыс классиктері мен әлемдік классиктерінің шығармаларын терең меңгеріп, оны шәкірттеріне жеткізу.

Алябев, Глинка, Даргомыжский, Чайковский, Кюи, Рубинштейн, Моцарт, Бетховен, Вебер, Шуберт, Мендельсон шығармаларын халық шығармашылығына енгізді.




4

Этнопедагогика-лық тұғыр

«Қазақ ұлтының атын шығаруы»;

«халқын сыйлау»;

Халықтық тәрбиені дәріптеуі;


Тұлға ретінде әрқайсысы өз өмірімен үлгі болды, әрқайсысы өздерінің отбасы арқылы халыққа үлгі болып, өздерінен кейін артынан із қалатындай ұл-қыздарын өнерге тәрбиеледі.

Шығармаларында қай кезде де ұлттық бояуын калдырған емес. Сол арқылы да келешек ұрпаққа ұлт құндылықтарын көрсете білді.


1930-1950 жылдардағы композиторлардың шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды тарихи-педагогикалық зерттеулер тұрғысынан зерттеуге кірісуді, тұлға ретінде танудан бастағанымыз жөн.

Тұлғалық тұғыр бойынша: Қазақстанның композиторларының шығармаларын ел сүйіп тыңдайды, орындайды. Сол шығармалары арқылы композиторлар бейнесінің жан-жақты сомдалуы, замана кезеңдеріне сай өсіп, дами түсетіндігін білеміз.

Тұлға теориясының негізгі тұжырымдамаларына сай тұлғаға қатысты мәселелердің педагогикалық-психологиялық бастауында тұрған Б.Г. Ананьев, Б.Ф. Ломов, К.К. Абулханова-Славская, Л.И. Анцыферева, В.И. Мясищев, В.Г. Асмолов, ВВ. Столин, А.И. Котов, т.б. еңбектері арқылы педагогикалық пайымдаулар жасауға мүмкіндік табамыз.

Елімізде жеке тұлғаның психологиялық мүмкіндіктерін, даму кезеңдерін қарастырған Б.Қ. Жарықбаев, С.М. Жақыпов, Ж.И. Намазбаева, т.б. айтсақ, педагогика ғылымында да жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі және қалыптасуы туралы жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізіп, дана-ойшылдар мен тарихи тұлғалардың, ақын-жыраулар мен қоғам қайраткерлерінің, педагог-ағартушылардың педагогикалық көзқарастар мен идеяларға толы мұралары жайында көптеген еңбектер жазылды.

Жеке тұлға – әлеуметтік ортадағы өзінің орны мен рөлін нақты білетін, өзгеге үлгі болар саналы әрекетпен айналысатын жеке-дара ерекшеліктері бар адам. 1930-1950 жылдардағы композиторлар әрқайсысы жеке тұлға ретінде қарастырып, олардың бойындағы тұлғалық ерекшеліктерді даралықтың пайда болуы мен жеке тұлға дамуының тарихи-эволюциялық тұжырымдамасы (В.Г. Асмолов, Б.С. Братусь) бойынша ашар болсақ, жаңашылдыққа құмар, еті тірі, жаңа заманның идеяларын іске асырушылар А. Жұбанов, Е. Брусиловский, Л. Хамиди, М.Төлебаев, С.Мұхамеджанов, В.Великанов, Қ.Бабақов, Қ.Қожамияров, т.б. Олардың әрқайсысы бала күндерінен өнерге деген қызығушылығыпен өскен. Бұл өнер оларға біреуіне әкесінен, енді біреуіне анасынан, тіпті нағашы жұртынан дарыған. Оқушы кездерінен өздері өнерге жаны құмар жандар болды. Өсе келе, барлығы да музыка өнері бойынша жоғары білім алып елге келіп, ұстаз болып шәкірттер тәрбиелеп, қызметтер атқарды.

Аксиологиялық (құндылықты) тұғырда 1930-1950 жылдардағы композиторлардың шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік идеяларын талдап қарастырар болсақ, онда ұғымға бір ауыз сөзбен анықтама беріп өткеніміз жөн.

Сонымен қатар, психологиялық сөздікте: «құндылық – қоғамның әлеуметтік-тарихи және индивидтің тұлғалық мәнін сипаттайды, сонымен бірге жеке тұлғаның мінез-құлқы мен адамдардың өзара қатынасын, әлеуметтік тұрғыдан реттейді» деген анықтамалар берілген.

Жоғарыда айтылған қазақстандық композиторлардың музыкалық шығармаларының арнаулы оқу орындарындағы әдістемелік жүйесін негізге ала

отырып, жанрлық-білімдік және эстетикалық-тәлімдік мүмкіндіктерін меңгертудің педагогикалық шарттарын айқындадық:

Студент жастарға қазақстандық композиторлардың музыкалық шығармаларының жанрлық-білімдік және эстетикалық-тәлімдік мүмкіндіктерін меңгертудің бірінші шарты – олардың танымдық қызығуына түрткі беретін жоғары оқу орындарында пәндераралық байланысты (арнайы пәндер, Қазақстан тарихы, Этнопедагогика, Философия, Мәдениеттану, Психология, Музыкатану, Музыкалық әдебиет, т.б.) орнату керек. Ол студент жастардың танымдық қызығушылығын туғызатын ақпараттық құзыреттілігі арқылы олардың өзіндік іздену белсенділігін, ой-толғаныс және іс-әрекет белсенділігін туғызады.

Екінші шарты. Студент жастардың өзара диалогтік қарым-қатынастық бірлігін күшейтуі, олардың музыканы өз бетімен қабылдай алу және пікір көзқарасын айқындай білдіру қабілеттерін дамытуды көздеуден туындайды. Сондықтан оның өлшемдері:

а) оқу үдерісінде студенттердің білуге деген ынта - белсенділігін танытуы;

ә) студенттердің өз бетімен тапсырмалар жүйесін орындау барысында өздерінің танымдық іс-әрекеттеріне сай ізденіске түсуі, яғни музыкалық білімді өз бетімен іздене меңгеруі көзде көзделеді.

Ал осылардың көрсеткіштері болып мыналар саналады:

1) студенттің өз ой-тұжырымын айтып жеткізе білуі;

2) композиторлардың шығармаларын талдауда, оқу проблемасын шешуде түрлі қөзқарасты ортаға салып, талқылауға белсенді қатысуы.

Студент жастарға қазақстандық композиторлардың музыкалық шығармаларының жанрлық-білімдік және эстетикалық-тәлімдік мүмкіндіктерін меңгертуге қажетті жағдай туғызатын екінші шарт – күнделікті өмірмен байланыс орнату. Бұл студент жастардың ой-өрісіне қозғау салып, талдау, жіктеу, салыстырмалау, ұқсастыру, кемшіліктері мен жақсы тұстарын іріктеп алу, т.б. ой қызметіне жүгінуге алып келеді. Бұл шарт – музыкалық мәдениетті меңгеруде шешілмеген түйінді құзыреттіліктерін жүйелеуге мүмкіндік беретін ұстанымдар жүзеге асқан кезде ғана проблеманың шешу құзыреттілігі бола алады.

Студент жастарға қазақстандық композиторлардың музыкалық шығармаларының жанрлық-білімдік және эстетикалық-тәлімдік мүмкіндіктерін меңгертудің үшінші педагогикалық шарты – 1930-1950 ж.ж. аралығында музыкалық мәдени мұраның даму тарихын, теориясы мен тәжірибесін оқып-білу үшін ғылыми дүниетаныммен байланысын қамтамасыз ету; ал оның сипаты – композиторлардың шығармаларын үйренуде педагогикалық үдеріске тікелей араластыру.

Студент жастарға қазақстандық композиторлардың музыкалық шығармаларының жанрлық-білімдік және эстетикалық-тәлімдік мүмкіндіктерін меңгертудің төртінші шарты табиғат және қоғаммен байланысын жетілдіру болып табылады. Оның сипаты – музыкалық практикалық білімдердің қоғамдағы алатын орнын анықтау үшін жүргізілетін ізденістері.

Студент жастарға қазақстандық композиторлардың музыкалық шығармаларының жанрлық-білімдік және эстетикалық-тәлімдік мүмкіндіктерін меңгертудің педагогикалық шарттарына және жоғарыда аталған ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, 1930-1950 жылдарда Қазақстанда өмір сүрген қайраткерлердің музыкалық мұраларын жоғары білім жүйесінде қолдануды оқыту теориясындағы ұстанымдардың негізінде педагогикалық шарттарды былай көрсеттік: (4-кесте)

- дәріс мазмұнының ғылымилығы, жүйелілігі мен бірізділігі;

- ұстаздың әдіскерлігі мен шеберлігі;

- педагогикалық білімділігі мен мәдениеті;

- студенттердің белсенділігін іске қосып, шығармашылығын оята алатын ұйымдастырушылық қабілеті, көрнекіліктердің ұтымдылығы мен нақтылығы, талапқа сәйкестігі мен толықтығы;

- тыңдау материалдарын сөзбен түсіндіре білуі;

- теориялық білімдерді практикада кәсіби пайдалана білу диалектикасы.


Студент жастарға қазақстандық композиторлардың музыкалық шығармаларының жанрлық-білімдік және эстетикалық-тәлімдік мүмкіндіктерін меңгертудің педагогикалық шарттарының логикалық құрылымын сипаттадық (Сурет 2).

Кесте 4 – Студент жастарға қазақстандық композиторлардың музыкалық шығармаларының жанрлық-білімдік және эстетикалық-тәлімдік мүмкіндіктерін меңгертудің педагогикалық шарттары




Педагогикалық шарттар

Өлшемдері

Көрсеткіштері

Пәнаралық байланыс

оқу үдерісінде студенттердің өздерінің оқу белсенділігін арттыру; студенттердің өз бетімен тапсырмалар жүйесін орындау барысында өздерінің танымдық іс-әрекеттеріне сай, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, білімдерін бекіту

1) студенттің өз ой-тұжырымын айтып жеткізе білуі;

2) композиторлардың шығармаларын талдауда, оқу проблемасын шешуде түрлі қөзқарасты ортаға салып, талқылауға белсенді қатысуы;





Күнделікті өмірмен байланыс


арнаулы жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісінде Қазақстан композиторларының шығармашылық мәдениетін оқып-білу, оның күнделікті өмірде қолдануының маңызын түсінуі

1) студенттердің өз бетімен қорытынды жасауға құлшынысы;

2) күнделікті өмірде туындайтын қайшылықтарды шешудің жолдарын іздестіріп мен табу.



Ғылыми дүниетаныммен байланыс


музыкалық мәдениеттің даму тарихын, теориясы мен тәжірибесін оқып-білуде педагогикалық үдерісті басқаруы; 1930-1950 ж.ж. аралығында өмір сүрген композиторлардың музыкалық-педагогикалық мұраларын оқып-үйрену үшін ғылыми таным теорияларымен танысуы.

1)музыкалық шығармалардағы жанрлық-білімдік және эстетикалық-тәлімдік мүмкіндіктерін меңгертудің оқу-тәрбие үдерісін басқара білуі;

2) дүниетанымдық аясы: қазақ музыкасының ғылыми дүниетанымды танып-білуге ықпалын айқындау болып табылады.




Табиғат және қоғаммен байланыс


оқу-тәрбие үдерісінде қазақстандық композиторлардың музыкалық шығармаларының жанрлық-білімдік және эстетикалық-тәлімдік мүмкіндіктерін меңгертуде студент жастардың өзін-өзі бағалауы (өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамыту);

1) шығармашылық бағыттағы өзіндік жұмыстар – оқу материалы негізінде шығармашылыққа ұмтылу;

2) соның нәтижесінде жаналық ерекшелігін ашу, өзінше ой қорытып пікір білдіру.





Сурет 2 – Студент жастарға қазақстандық композиторлардың музыкалық шығармаларының жанрлық-білімдік және эстетикалық-тәлімдік мүмкіндіктерін меңгертудің педагогикалық шарттарының логикалық құрылымы

Кесте 15 – «Қазақстанда 1930-1950 жылдарда өмір сүрген өнер қайраткерлерінің тағылымдық идеялары» атты арнайы бағдарламасының жоспары.





Тақырыптар

Сағаттар саны

Дәріс

СОӨЖ

СӨЖ




Кіріспе










1

Болашақ ұрпаққа тәрбие берудің бүгінгі мәселелері және жас ерекшеліктерін ескерудің маңызы.

2

1

2

2

1930-1950 жылдардағы музыкалық педагогикалық мұралардың және шығармалардың қалыптасуы

1

2

1

3

Музыкалық-педагогикалық мұраның мазмұны, тәрбиелік мүмкіндіктері

2

2

2

4

1930-1950 жылдардағы өмір сүрген композиторлардың музыкалық мұрасы арқылы тәрбие берудің әдістері, тәсілдері, формалары мен мазмұны.

4

4

4

5

Ұлттық тәрбиенің 1930-1950 жылдардағы музыкалық- педагогикалық мұралар мен шығармалардағы үндестігі

2

2

2

6

1930– 1950 жылдардағы музыкалық педагогикалық мұралардың бүгінгі оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану жағдайы және жетілдіру жолдары

4

4

4




Барлығы

15

15

15

Сонымен қатар, композиторлардың халық әндерін, күйлерін хор шығармаларын өңдеудегі өзіндік стилін және т.б. көре білуге үйренеді. Бұл жерде біз Ж.Зейнуллинаның жалпы музыкалық-педагогикалық ой-пікірлерге қатысты еңбектерін негізге аламыз.

Арнайы курс материалдарын (Педагогика, қазақ музыка тарихы, қазақ музыка әдебиеті, педагогика тарихы) пәндерін оқыту барысында пайдалануға болады.

Ескертпе: арнайы курсты өткізу барысында факультеттің өзіндік ерекшелігін ескеру керек. Ұсынылып отырған арнайы курс жоғары оқу орындарының музыка-педагогикалық факультетіне, музыкалық колледждердің студенттеріне арналып жасалған.

Студенттер курстың мазмұнын мүмкіндігінше толық меңгеруі үшін оны оқытуды ұйымдастыруға мынадай талаптар қойылады:



  • студенттерге тәрбие беруді ұйымдастыруда олардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеру және оны бүгінгі өзекті мәселелерімен ұштастыру;

  • 1930-1950 жылдары өмір сүрген композиторлардың музыкалық–мәдени мұраларына сипаттама беру;

  • студенттерге тәрбие беруде 1930-1950 жылдары өмір сүрген композиторлардың музыкалық мұраларын қолданудың маңызын ашып көрсету;

  • 1930-1950 жылдары өмір сүрген композиторлардың музыкалық шығармалары арқылы мектеп оқушыларына тәрбие берудің әдістері, тәсілдері мен жаңа технологиясы және формаларымен таныстыру.

Бақылау тобы және эксперимент тобы студенттерімен эксперименттің қорытынды кезеңінде салыстырмалы жауаптардың нәтижесі төмендегідей болды:

Сұрақтар

Бақылау тобы

Эксперимент тобы

Студ-т

саны


Дұрыс жауап

Қате жауап

Студ-т

саны


Дұрыс жауап

Қате жауап

1-сұрақ

60

12 (20 %)

48 (80 %)

60

35 (58,3 %)

25 (41,7 %)

2-сұрақ

60

27 (45 %)

33 (55 %)

60

43 (71,6 %)

17 (28,4 %)

3-сұрақ

60

21 (35 %)

39 (65 %)

60

31 (51,7 %)

29 (48,3 %)

4-сұрақ

60

5 (8,4 %)

55 (91,6 %)

60

33 (55 %)

27 (45 %)

5-сұрақ

60

11 (18,4 %)

49 (81,6 %)

60

49 (81,7 %)

11 (18,3 %)

6-сұрақ

60

2 (3,3 %)

58 (96,7 %)

60

42 (70 %)

18 (30 %)

Жалпы

60

13 (41,7 %)

47 (58,3 %)

60

39 (65 %)

61 (35 %)

Кесте бойынша студент жастардың 1930-1950 ж.ж. аралығындағы қазақстандық композиторлардың музыкалық–мәдени мұралары арқылы жанрлық-білімдік және эстетикалық-тәлімдік мүмкіндіктерін меңгерту деңгейлерінің арту шамасы төмендегідей:

Бақылау тобы: студент жастардың 1930-1950 ж.ж. аралығындағы қазақстандық композиторлардың музыкалық–мәдени мұралары арқылы жанрлық-білімдік және эстетикалық-тәлімдік мүмкіндіктерін меңгерту жалпы деңгейі өзгеріссіз қалған. Тек соңғы үш сұраққа берген жауаптарында оңтайлы жауаптар кездеседі.

Эксперименттік топ: 1-сұраққа берген жауаптары 50 %-ға, 2-сұраққа берген жауаптары 20 %-ға, 3-сұраққа берген жауаптары 11,7 %-ға, 4-сұраққа берген жауаптары 28,4 %-ға, 5-сұраққа берген жауаптары 38,3 %-ға, 6-сұраққа берген жауаптары 60 %-ға артқан. Яғни, әрбір сұраққа өз беттерінше шығармашылықпен жауап беруга талпынған. Эксперименттік топ студенттері жауаптарының дұрыс немесе қателігін сипаттауда біз 1930-1950 ж.ж. аралығындағы қазақстандық композиторлардың музыкалық–мәдени мұралары арқылы пәнаралық, күнделікті өмірмен, ғылыми дүниетаныммен, табиғат және қоғаммен байланысын ескердік.


Сурет 5 – Эксперименттен кейінгі салыстырмалы диаграмма



Сурет 6 – Эксперименттен кейінгі салыстырмалы диаграмма

Яғни, студент жастардың 1930-1950 ж.ж. аралығындағы қазақстандық композиторлардың музыкалық–мәдени мұралары арқылы жанрлық-білімдік және эстетикалық-тәлімдік мүмкіндіктерін меңгертудің педагогикалық шарттарын ескеріліп, оң нәтиже бергенін эксперименттік іс-тәжірибе арқылы көз жеткіздік.

Эксперимент қорытындысында алынған нәтижелер және оларды талдау төмендегіше тұжырым жасауға мүмкіндік береді:

- студент жастардың 1930-1950 ж.ж. Қазақстандағы музыкалық–мәдени мұралары арқылы жанрлық-білімдік және эстетикалық-тәлімдік мүмкіндіктерін меңгерту тек айқын мақсатты арнайы ұйымдастырылған жұмыстардың нәтижесінде ғана мүмкін болады;

- ұсынылған арнайы бағдарлама студент жастардың 1930-1950 ж.ж. Қазақстандағы музыкалық–мәдени мұралары деген қызығушылығын арттырады, білім сапасын жетілдіріп, әлеуметтік-экономикалық дамуымыздың қазіргі жағдайында өмір сүріп, эстетикалық сезімнің жоғары деңгейде болуына бейімдейді; болашақ қызметіне қажетті білім, білік, дағдылармен қаруландырады. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «музыка-педагогикалық» факультетінде және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Музыкалық білім және мәдениет» факультетінде арнайы курс жүргізіліп болғаннан кейін, олардың материалды қалай меңгергендері жөнінде ақпарат алу мақсатында эксперименттік байқау жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесінде Кеңестік дәуірдегі Қазақстанда музыкалық–мәдени мұралардың даму ерекшеліктері айқындалып, бір жүйеге келтірілді; оны жоғары педагогикалық оқу орындарында, музыкалық педагогика мен қазақ музыка тарихына, қазақ музыка әдебиетіне қосымша арнайы курс ретінде тиімді пайдаланудың жолдары анықталды. Осылардың негізінде студенттердің қазақ музыка мәдениетіне деген қызығушылығы артып, Отанға деген сүйіспеншілік және әсемдік сезімдері оянды, дүниетану көзқарасы кеңейіп қалыптасты.

Сонымен қатар, зерттеу нәтижесі бойынша бірқатар ұсыныстар жасауға тура келді:

1. ХХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы музыкалық мұралар мен құндылықтарды жастарға тәрбие беру мақсатында үнемі зерделеп отыру;

2. Қазіргі дәуірдегі қазақ музыкасы түрлерін жандандыру және бүгінгі өмір талабына сай жетілдіріп, кеңінен дамыту.

3. «Мәдени мұра» шеңберінде 1930-1950 жылдары өмір сүрген композиторлардың еңбектерін жинақтау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстарды одан әрі жалғастыру. Осымен байланысты туындайтын перспективалық проблема: Бүгінгі жаһандану кезінде әлемдік өркениетке Қазақстандық музыкалық педагогиканың өзіндік үлесі– ұлттық музыка мәдениетінің колоритін айқындаумен, ұлттық патриотизмнің қазақ музыкасындағы өрлеу, даму динамикасын айғақтаумен ерекшеленуі тиіс. Оны ғылыми теориялық, педагогикалық-музыкалық тұрғыдан зерттеу келешектің ісі демекпіз.


Резюме

Байулов Гани Бекхожаевич
Использование музыкально-культурного наследия Казахстана 1930-1950годов в учебно-воспитательном процессе высших учебных заведений
Актуальность исследования. История развития музыкально-культурного наследия 1930-1950годов не была предметом специального исследования, но изучение наследия этого периода является важным для всестороннего освещения истории педагогики музыкального образования.

При положительном решении данной проблемы она явится действенным средством эстетического воспитания учащихся высших учебных заведений.

Этим и определяется актуальность нашего исследования.

Цель исследования - проанализировать с научной точки зрения развитие культурно-музыкального наследия Казахстана в советский период, систематизировать материал и подготовить учебно-методический комплекс с целью использования его в учебно-воспитательном процессе.

Объект исследования. История развития музыкально-культурного наследия Казахстана в советский период.

Предмет исследования. Развитие музыкально-культурного наследия (1930-1950гг.) и использование данного наследия в учебно-воспитательном процессе в педагогических учебных заведениях.

Методологическая и теоретическая основы исследования. Исторические, материалистические, философские положения эстетического воспитания, теория познания; научные труды культурологов, педагогов-психологов о значении культурного наследия, их основные концепции о культурных ценностях с теоретико-методологической точки зрения.

Новизна и теоретическая значимость исследования:

-выявлены исторические и общественные условия, оказавшие влияние на развитие музыкально-культурного наследия Казахстана в 1930-1950 годы;

-дан всесторонний анализ формированию и развитию музыкально-культурного наследия Казахстана в советский период (1930-1950 гг.);

-дана классификация с точки зрения жанрового своеобразия и воспитательных возможностей музыкальных произведений казахстанских композиторов периода с 1930по 1950 годы.

-определены педагогические условия формирования образовательных навыков, знаний студентов средних специальных и высших учебных заведений.

Практическая значимость исследования.

-подготовлена программа спецкурса для музыкально-педагогических факультетов высших учебных заведений « Традиционные идеи работников искусства Казахстана в 1930-1950 годы»:

- разработаны рекомендации по усовершенствованию научно-методических комплексов для специальности 050106 –« Музыкальное образование» вузов республики;

-материалы исследования могут быть использованы в учебно-воспитательном процессе высших учебных заведений, а также на областных и городских курсах повышения квалификации учителей.



Положения, выносимые на защиту:

- характеристика процесса зарождения, формирования и развития музыкально-культурного наследия Казахстана и политико-социальных факторов, влияющих на этот процесс;

- определение жанрово-образовательных и эстетико-воспитательных возможностей произведений композиторов Казахстана и педагогических условий их изучения;

-анализ материала о музыкально-культурном наследии 1930-1950 годов Казахстана в учебно-методическом комплексе для высших педагогических учебных заведений:

- научно-методический комплекс (программа, методические дидактические материалы, указания) по использованию произведений музыкантов Казахстана в высших учебных заведениях.

Resume

Baiulov Gani Bekhozhaevich
Use of a musical cultural heritage of Kazakhstan in the years of 1930-1950 in teaching and educational process of higher educational institutions
Research urgency. The history of development of a musical cultural heritage in the years of 1930-1950 wasn't a subject of special research, but studying of heritage of this period is important for all-round illumination of history of pedagogics of music education.

At the positive solution of this problem it is effective means of aesthetic education of pupils of higher educational institutions.

By it the urgency of our research it is also defined.

Research objective - to analyse from the scientific point of view the development of cultural and musical heritage of Kazakhstan during the Soviet period, to systematize a material and to prepare an educational and methodical complex for the purpose of use it in teaching and educational process.

Object of research. History of development of a musical cultural heritage of Kazakhstan during the Soviet period.

Object of research. Musical cultural heritage development (1930-1950) and use of this heritage in teaching and educational process in pedagogical educational institutions.

Methodological and theoretical bases of research. Historical, materialistic, philosophical provisions of esthetic education, knowledge theory; scientific works of culturologists, teachers-psychologists about value of a cultural heritage, their main concepts about cultural values from the theoretical-methodological point of view.

Novelty and theoretical importance of research:

- the historical and public conditions which have influenced development of a musical cultural heritage of Kazakhstan in 1930-1950 are revealed;

- the all-round analysis is given to formation and development of a musical cultural heritage of Kazakhstan during the Soviet period (1930-1950);

- classification from the point of view of a genre originality and educational possibilities of pieces of music of the Kazakhstan composers of the period about 1930по 1950 years is given.

- pedagogical conditions of formation of educational skills, knowledge of students of average special and higher educational institutions are defined.

Practical importance of research.

- the program of a special course for musical and pedagogical faculties of higher educational institutions «Traditional ideas of workers of art of Kazakhstan in 1930-1950» is prepared:

- recommendations about improvement of scientific and methodical complexes are developed for specialty 050106 –« Music education» republic higher education institutions;

- materials of research can be used in teaching and educational process of higher educational institutions, and also at regional and city refresher courses of teachers.



The provisions submitted for protection:

- the characteristic of process of origin, formation and development of a musical cultural heritage of Kazakhstan and the political social factors influencing this process;

- definition of genre and educational and aesthetical-educational possibilities of works of composers of Kazakhstan and pedagogical conditions of their studying;

- the material analysis about a musical cultural heritage of 1930-1950 of Kazakhstan in an educational and methodical complex for the highest pedagogical educational institutions:



- a scientific and methodical complex (the program, methodical didactic materials, instructions) on use of works of musicians of Kazakhstan in higher educational institutions.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет