Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


МОМЫН АДАМ Есерлігі жоқ, ешкімге соқтықпайтын, салмақты, жуас кісі.  Жұман момын адам, әрі Қартқожаның әкесі (Ж.Аймауытов, Шығ.)



Pdf көрінісі
бет159/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   348
18.08.2023 dis

МОМЫН АДАМ Есерлігі жоқ, ешкімге соқтықпайтын, салмақты, жуас кісі. 
Жұман момын адам, әрі Қартқожаның әкесі (Ж.Аймауытов, Шығ.). 
436. 
МОМЫН сын. 1. Момақан, жуас. Айтпадым намаз оқып, құлдық тағат, Ораза 
тұтқаным жоқ жалғыз сағат. Жазықсыз қойдан момын жануар жоқ, Соларды 
қойшысымен жедім қабат (А.Байтұрсынов, Шығ.). 
437. 
МОМЫНДАУ сын. Момақандау, жуастау. Күйеуі момындау жігіт көрінеді 
(Ғ.Мұстафин, Қарағанды). Жүріс-тұрысы, сөз әлпетіне қарағанда, бұйығылау, 
момындау біреу сияқты (С.Мұқанов, Өмір мектебі). Момындау адам, баласына қатты 
сөйлей алмайды («Халық мұғ».). 
438. 
МОМЫНЫРАҚ сын. Момындау, жуасырақ, момақанырақ. Қазақ аулы орыс 
деревнясынан басқа, қазақ байы орыс кулагынан гөрі момынырақ (Х.Есенжанов, Көп 
жыл).  
439. 
МОНДЫБАЙ сын. экспр. Жуас, момын. Иіс алмас, мондыбайлар ғой, жұмған 
аузын ашпайды (Т.Әлімқұлов, Шежіре.). Бұл түстік өңірдің май топырақ жолынан шаң 
сұйылтқан мондыбай момын – алма піс, аузыма түстің адамы секілді (Д.Досжанов, 
Табалдырық).  
440. 
МОНДЫБАС сын. қарап. Қой аузынан шөп алмайтын, момын. Бұл мондыбас 
кісіге не түсіндіріп жарытушы еді? (Р.Райымқұлов, Бұрылыс.). Мондыбас біреу 
масаттанып: – Жиендікі жөн, жөн!– деді (Т.Әлімқұлов, Туған ауыл.). Анау күйеу жігіт 
те бір мондыбас болса керек (З.Қыстаубаев, Ақ түн). 
441. 
МОНДЫБАСТАУ сын. Момындау, жуастау. Жомарт үндемеді. МТС-тың 
мондыбастау директорын билеңкіреп баратқаны рас еді (Ғ.Мұстафин, Миллионер). 


194
Жәй көзге мондыбастау көрінгенмен, Жаңылханның өзіне жетер долылығы барды 
(X.Ахметбеков, Ақ дала). Мондыбастау үш құда Шекердің қақ төрінде молдасын 
құрып, қораздана қалыпты (Ж.Аймауытов, Шығ.).  
442. 
МОП-МОМАҚАН сын. Өте момын, жұп-жуас. Батырың аяқ астынан моп-
момақан күйге түсті (Ақ бидай). Жаңа туған қозыдай боп, моп-момақан монтиып 
отырғандағысы-ай! (Е.Қонарбаев, Түнгі от). Намыр оның ойлана түскен моп-момақан 
жүзінесүйсіне қарады (С.Ғаббасов, Ана жүрегі). Тулап-тулап, ақыры тербетіле, Өзі риза 
өзінің келбетіне. Моп-момақан, мөлдіреп жатар ол да, Мүләйімсіп иегін жерге тіреп 
(М. Мақатаев, Шығ.).  
443. 
МОП-МОМЫН сын. Өте момақан, тым жуас. Сағадат үндемейді, тек басын 
изеді, моп-момын, түрі әкесіне тартыңқыраған (Ж. Өмірбеков, Қызыл су). Көрер көзге 
моп-момын, мүп-мүләйім (М.Әуезов, Шығ.). Моп-момын қой аузынан шөп алмас, жуас 
бола қалыпсың ғой, – деді Гвоздев (Б.Тілегенов, Уақыт). 
444. 
МҰҚИЯТ сын. Мәселенің егжей-тегжейіне барынша тыңғылықты қарайтын, 
ұқыпты, тиянақты. Мұқаң аударманы теруге жіберер алдында міндетті түрде мұқият 
қарап шығатын (С.Мәуленов, Үркер.). Ол кетер алдында Әбдірахманға Шәкім мен 
Шәріпке мұқият қарай жүруді тапсырды (3.Асабаев, Ар.). 
445. 
МҰРАТШЫЛ сын. Мақсатшыл, арманшыл. Мызғымас мұратшыл ма едің
жоқ, аузынан сөзі, қойнынан бөзі түскен бос белбеу ынжықпысың (М.Қабанбаев, 
Кермек дәм). 
446. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет