Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет237/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   348
18.08.2023 dis

ДҮМ КЕУДЕ Мақтаншақ, ар жағында түгі жоқ құр кеуде. Бұл жұрт өзін би қойғыш, 
сондай «жекешап» дүмкеуделерді «жақсы» атандыруға неге албыртады! (Ж.Ахмади, 
Жүрек қартайса). 
289. 
ДҮНИЕЖАНДЫ сын. Дүниеқор, дүние-мүлікті ұнататын. Хасен дүниежанды жігіт. 
Сол бір сырын сезімтал Шакизат қана білетін (Д.Әбілев, Арман.). Қасымның әкесінің 
дүниежанды адамдай көрінгені рас («Еңбек туы».). Сен екеуміздің дүниежанды 
болуымызға осы жағдай әсер еткен болар («Қаз. әдеб.»). 
290. 
ДҮНИЕҚОҢЫЗ сын. Дүниеқор, дүние-жанды, дүние жинауға тоймайтын. Дүйсен 
жаннан асқан дүниеқоңыз. Үйіне бір қонақ қонса, соған асқан бір жілікке жаны шығып, 
тыжырынып отырады (М.Әуезов, Қараш.). Ағасының іні бойынан ұнатар жалғыз қасиеті – 
дүниеқоңыз еместігі (Ж.Молдағалиев, Екі дос.). Ойыңда болсын, досым, – деді Фараби, – 
өз басынан өзі мін таба алмағандар дүниеқоңыз хайуандар деп біліңіз (А.Машанов).  
291. 
ДҮНИЕҚОР сын. Дүниеқоңыз, дүниеқұмар. Мал қызығына батқан дүниеқор, сараң 
Қарабайда ар-ұят, әділет жоқ. Ол ерге де, елге де опасыз, тас бауыр, өзімшіл (М.Әуезов, 
Әр жыл.). Малжан малдан басқа еш нәрсені білмей өткен нағыз феодал. Қарасай ақша 
арқылы дүниені жалмаған қара қоңыз, дүниеқор жанның өкілі («Қаз. әдеб.»). Дүниеқор сол 
байдың Дүниеден жалғыз мұңы бар, Бір перзенткезар болған (С.Сейфуллин, Шығ.).  
292. 
ДҮНИЕҚҰМАР сын. Дүниежанды, дүние, мал-мүлікті ұнататын, қызыққыш. 
Біреулер дүниеқұмар, енді біреулер сараң, санасыз деп мысқылдайды (М.Иманжанов, 
Менің махабб.). Қазынадан үлес сұрайтын дүниеқұмар болсаң, үйіңдегі алтынды неге алып 
шықтың? (С.Жұбатыров, Алыс.). – Жоқ, жоқ, өзі дүниеқұмар болса керек, – деді ол 
(С.Ақтаев). 
293. 
ДҮРКІНШІЛ сын. сөйл. Елірме, даурықпа. Дүркіншіл Шәукен соған мәз еді де, 
Басқадай жаңалыққа аз ебі де. Бізге тек рекорд керек — деп өзеуреп, Соған: бір жеткен 
бүгін кезеңі де (Қ.Бекхожин, Үш кезең). Дабыл қып бүкіл ауданға Дүркіншіл кәрі айқайды 
Қаулыта «істі» жалғауға Нұсқауды сыммен айдайды (Қ.Бекхожин, Дала комисс.).  
294. 
ДЫЗЫЛДАҚ сын. экспр. Дыз-дыз етіп күйгелектене беретін мазасыз, шыдамсыз, 
алып-ұшпа. Дызылдақ та безілдек күйініш сөздер, өңешіне кірпіш құлаған ескі пештің 
мойнынан үздік-үздік қақалып шыққан ащы қара түтін сияқты ыза сөздер (Д.Әбілев, 
Баянауыл.). Тай шабысты дызылдақ біреуі, Қайырбектің халін білгелі келгендерін, не жасы 
үлкен ақсақалын тоспай, не жолы үлкен директорына қарамай, жұрттан бұрын сайрады 
(З.Шашкин, Сенім). Тегінде Әбуов тым пысық, дызылдақ адамдарды ұнатпайтын 
(Б.Тоғысбаев, Боз жорға).
295. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет