Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


ДЫЗЫЛДАУЫҚ сын. сөйл. Дызылдақ. Жас адамға дызылдауық болу келіспейді  (Ауызекі). 296.  ДЫҚТЫ



Pdf көрінісі
бет238/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   348
18.08.2023 dis

ДЫЗЫЛДАУЫҚ сын. сөйл. Дызылдақ. Жас адамға дызылдауық болу келіспейді 
(Ауызекі).
296. 
ДЫҚТЫ сын. Кекті, өшті, зілді. Жаумен беттескен майданда батыр достарынан 
айырылған ақын әрі кекті, әрі дықты (Ә.Тәжібаев, Өмір.). Үйреткен Аржасыпқа 
жадылықты, Бір дию бұл қатарда бар ед мықты. Достымның дәулетін бұл күндеді-ау деп, 


250
Зәрдәшті жау санап, болды дықты (Т.Ізтілеуов, Рүстем.). Хан ағаның қаһары қиын. Құдай 
аты аталған, қалыңмалы және төленген. Тек көңiлі дықты (М.Мағауин, Аласапыран).
297. 
ДЫҚШЫЛ сын. Көңiлге алғыш, болар-болмасқа ренжігіш. Бұл ойымды Арманға 
айтуға батпадым. Жетім көңіл дықшыл, өкпелетіп алармын дедім (Н.Сералиев, Қаңтар). 
Анашым тірі болса, бұлайша қаңғып жүрмес едім-ау, «Жетім қозы тасбауыр» дегендей, кім 
білсін, мұнша дықшыл болмаған болар ма едім (А.Мекебаев, Бойжеткен). Басынан бір сөз 
асырмайтын дықшыл. Өткен жазда қаталап келе жатқан Сауранбай ат сауырын қимай кетті 
(А.Мекебаев, Жезтырнақ).
298. 
ДЫРДУШЫЛ сын. Ойын-сауықшыл, думаншыл. Бұлардың бәрі де мінезсіз, дырдушыл 
балалар. Ұлттық сипат мәселесі бұл сыңайда көрінбес болар («Қаз. әдеб.»). Әріптестерін 
арақпен ауыздандыруға құмартып тұратын дырдушыл қызметкерлер, тіпті қол астындағы 
адамдарға ала-құла қарайтын бастықтар жоқ па? («Қазақст. әйелдері»).
299. 
ДЫРҚЫ сын. сөйл. Көп күле беретін, күлегеш. – Әй, дырқым-ай, қарғайын десем
жалғызсың; қарғамайын десем, жалмауызсың. О, хазірет, қажыдым (О.Әубәкіров, Жасыр.). 
Дырқы адамды жақтырмайтын мінезім бар (Қаз. тілі. аймақ. сөздігі).
300. 
ДІГІРЛЕК сын. Зіркілдеген, өктем. Түні бойы жылымның шығар дөңгелегін айнал-
дырып қоятындығы ма, жоқ әлде дігірлек бұйрықшылдығы ма, әйтеуір ол бір түрлі 
қорқынышты, қатыгез адам сияқты еді (М.Айымбетов, Шілде. күні).
301. 
ДІКІЛДЕК сын. сөйл. Тықылдақ, бөспе. Қазір кәріні кәрі, жасты жас демейтін 
дікілдектер қаншама. Мынау солардың ішіндегі естісі (Д.Досжанов, Зауал). 
302. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет