Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


ҚЫЗБАЛЫҚТЫ сын. Албырт, қызба. Қызыл-жасыл киініп Қынай белің буынып  Қызыл балықты көрініп Бала болдың бір кезек (Батырлар жыры)



Pdf көрінісі
бет294/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   348
18.08.2023 dis

ҚЫЗБАЛЫҚТЫ сын. Албырт, қызба. Қызыл-жасыл киініп Қынай белің буынып 
Қызыл балықты көрініп Бала болдың бір кезек (Батырлар жыры). 
645. 
ҚЫЗҒАНШАҚ сын. Іштар, күншіл. Тегі адам қартайған сайын қызғаншақ болады 
дегенді кейде бекер ме деп ойлаймын (Ж.Жұмақанов, Шұбартау.). Аппақ боп ағарып сақал-
шашы қуарған, бір малды ауыл иесі Қанай шал өте қызғаншақ, шодыр, рақымсыз қатал 
адам болған (М.Әуезов, Өскен өркен). Дон Диаго сіз қызғаншақ екенсіз! Көрде жатқан ерім 
сізді қинайды (Ж.Аймауытов, Шығ.).  
646. 
ҚЫЗЫЛ АУЫЗ Біреуді сыртынан сөз етуші, өсекші. Бұл күнге шейін де Ғайша жайын 
сырттан сөз қылушы қызыл ауыздар бар еді (М.Әуезов, Қараш.). Бірақ басында өздері 
жайып жіберіп, кейін осы өсек еріккен қызыл ауыздың бәрін кернеп кеткен уақытта, 
Сүйіндік тағы бір келіп Жексеннен енді анық дерегін сұраған (М.Әуезов, Шығ.). 
647. 
ҚЫЗЫЛ КӨЗ [КӨЗДІ] Барып тұрған жалақор, бәле қуғыш. – Тілге келсесөйтеді бұл... 
қызыл көз ?.. — деп Ақкірпік дүңк ете қалды (Д.Әбілев, Арман.). «Ең қызыл көз бәле осы, 
бұған тисем, үстімнен домалақ арыз домалар» деп, ол өзінен-өзі шошынады (С.Адамбеков, 
Қожанасыр.). Мен келе жатқанда қызыл көзді пәле келе жатқандай атын, дүниесін 
тыққыштап, өп-өтірік жалпақтауды шығарды (Ж.Аймауытов, Шығ.).  
648. 
ҚЫЗЫЛ КӨЗ ЕССІЗ Ештеңеден тайынбайтын, бәле қуғыш, бәлеқор. Лизаға қарасам, 
“Мынау шын қызыл көз ессіздің өзі ғой” дегендей, таңырқап тұр екен (Ү.Шойбеков, Сұсты 
күндер).  
649. 
ҚЫЗЫЛКЕҢІРДЕК сын. Дауласқыш, көп сөзді. Нәзірдің осы бір сөзі әрбір қара 
танитын қазақтың есінде болуы керек. Әсіресе жазушылар, ақындар, білім иелері жаттап 
алуы керек. Сөзді «өзінше» бұзбай айтамыз, жазамыз дейтін қызыл кеңірдектерге осы сөзді 
көбірек ойлау керек (Х.Досмұхамедұлы, Таңд. шығ.). 
650. 
ҚЫЗЫЛӨҢЕШ сын. Желігіп сөйлейтін сөз құмар, даукес. Талай ділмарлар суырылып 
шықты, талай қызылөңеш, бұлбұл тілдер сайрады, бірақ еш шешімге келе алмаған 
(I.Есенберлин, Алмас.) 
651. 
ҚЫЛАУЫЗ зат. жағымсыз. Өсекші, сөзуар. Ауылдарыңа Зағипа деген бір өсекші 
қатын бар емес пе, хабар берген сол қылауыз! – деп әйелі кіжіне қосарланды (Ғ.Мүсірепов, 
Боранды түнде). 
652. 
ҚЫЛЖАҚБАС сын. экспр. Былапыт сөйлеп, дөрекілеу әзілдесетін, бейпіл ауыз. Бүтін 
кеш бойы өздерінің ішек-сілесін қатырған сөзуар, қылжақбас Демесін Зәрудің көз алдынан 
кетер емес (Ө.Қанахин, Жүрек.). Былай қарап түрса жеңілтек мінез, қылжақбас дейтін 


284
Кемпірбайдың еш жерде өтірік айтқанын әлі күнге естімепті (С.Сарғасқаев, Тәмпіш.). Кім 
біледі тәуірлеу үйдің қылжақбастары да болар, тәлкек етер (Ж.Аймауытов, Шығ.). 
653. 
ҚЫЛЖИМА сын. Жеңілтек мінез. Әйтпесе, өзге пішімінде шақырық мол, қылтың-
сылтыңы көп қылжима бикештер көрген жерден құлап түсер-ақ мүсін (З.Қабдолов, Біз 
жанбасақ) 
654. 
ҚЫЛТ-СЫЛТЫ КӨП Мазасыз, күйбең, сабырсыз. Қызғаншақпын, қылт-сылты көп, 
сабырсыз, Қарамайға шомылғандай сабынсыз – Албасты боп шыға келдім лезде 
Қалыбайдың қара итінен қадірсіз (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).  
655. 
ҚЫЛЫҚСЫЗ сын. Дөрекі мінезді, сүйкімсіз. Бақ, дәулет, мал кетерде ырыс қашар
Біреуі біреуіне пәле жасар. Бала пайдасыз болар, Жалшы жалқау болар, Қызы қылықсыз 
болар (Үш ғасыр.). 
656. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет