аласыз, алғаусыз, аппақ, арамдығы жоқ, ары таза, аузын ашса жүрегі
көрінетін, аузын ашса, іші [көмейі] көрінетін, бала көкірек, бала мінезді, барын
айта салатын, бүкпесіз, біреудің ала жібін аттамаған, кеудесінде инедей
58
кірбеңі жоқ, қулық-сұмдықты білмейтін, судан тұнық, сүттен ақ, сүттей ақ,
судай таза, терісі кең.
АҚЖАРҚЫНДЫҚ микроконцептісі көрінеді: ақжарқын, ақжелең,
ақжүрек, ақжүректі, ақкөкірек, ақкөңіл, ақниет, ақниетті, ақпейіл, аңқылдақ,
пейілі таза, риясыз, саудыр-садақ, сүттей ақ [судай таза], сүттен ақ, судан
таза.
АШЫҚТЫҚ деген микроконцептіге де жіктеледі: алды кең, ашық жүзді,
ашық қайың, ашық мінезді, ашық райлы, ашық, ашық-жарқын, даңғал,
дарқылдық, дарылдақ, қабағы ашық, қулық-сұмдығы жоқ, құлқы таза, лепілдек.
ЕЛЖІРЕГІШТІК деген мағынаға да топталады: елгезек, елжірегіш,
елпілдек, кешіргіш, көйлек жыртпас, көңіл жықпас, көңілшек, көңілі бос, күшігін
аузымен тасығандай.
ЖАЙДАРЫЛЫҚ-ты беретін бірліктері де мол: жайдары, жайқар, жайлы,
жайраң мінез, жайраң, жайсаң, жарқылдақ, жарқын жүз [жүзді], жарқын,
желғабаз, желтабан, жүзі [өңі] жылы, жүзі жарқын, кексіз, кекшіл емес,
кенен, кең жүрек, кең қолтық, кең мінезді, марайма, мінсіз, өрелі жігіт, пәк,
пейілді, пейілі ашық, сыр мінез, сыралғы, сырбаз, таза, тетігі аузындағы кісі,
тілалғыш, үмітшіл, халис, хәләл, хошуақ.
Қазақ тілі білімінде концепт ұғымы халық санасында пайда болған
сезімдік-заттық образдың (перцептивті модус) негізінде пайда болады деп
түсіндіріледі. Концеп негізінде сезімдік тәжірибе жататынын айтады белгілі
ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Нұргелді Уәли [54, б. 42].
Ғалымның анықтауынша, сезімдік-заттық образдар концептің ядросы болып
табылады. Осы бейнелер белгілі бір объектіні терең, жан-жақты білген сайын
жаңа мәндік белгілермен байи түседі. Осының нәтижесінде концептің мазмұны
ұлғаяды әрі кеңи түседі. Белгілердің қайсы бірінің мәнділігі күшейіп, қайсы бірі
көмескіленетінін айтады ғалым.
Жоғарыдағы ақкөңіл концептісінен көріп отырғанымыздай, концепт ретсіз
нәрсе емес, оның компоненттері (белгілері) белгілі бір тәртіппен пайда болған,
Мысалы, алдымен адалдық, артынан ашықтық, одан кейін өзге қатпарлар пайда
бола бастаған. Мұндағы заттық-образдық ядро – көңілдің тазалығы, ақтығы
нақты болады, ал ядродан алшақтау жатқан белгілер дерексіз, абстрактілі бола
бастайды деген Нұргелді Уәлидің сөзі біз жинаған материалдар арқылы
дәлеледене түседі. Концептінің әртүрлі қабаттары бір-бірінен туындап жатады.
Бұл жайт концепт ұғымының өзгеше сипатын көрсетеді.
Концептінің жасалуына ұғым емес, заттық образдар (заттың бейнесі) негіз
болады деген ғалымның тұжырымын, мысалы, біреудің ала жібін аттамаған,
судан тұнық, сүттен ақ, сүттей ақ, судай таза дегенге ақиқат өмірден алынған
сенсорлық-перцептивті образдар дәлелдейді.
Жаугершілік заманда, ел, жерді жаяулап, атпен, қарумен, қарусыз, сөзбен,
мысымен қорғаған заманда қазақ ерлерінің батырлығы мен қайтпас
қайсарлығына байланысты көптеген атаулар шыққан. Ол атаулар қазақ ерлерінің
ең жақсы мінез сипаты ретінде аталған. Сондықтан ер адамдарға тән мінез
атаулары қазақ тілінде біршама. Атап айтқанда, БАТЫРЛЫҚ (75): адуынды,
59
айбарлы, айбатты, айбынды, айдынды, аламан, албырт, албыт, алмастай
өткір, арыстан жүректі, әндемді, әнжемді, батыл, батымды, батыр, бетті,
бірбеткей, дүмді, дітіне берік, ер көңілді, ерек, ержүрек, еркек мінез, еркөкірек,
жанкешпе,
жанкешті,
жанқияр,
жаугер,
жаужанды,
жаужүрек,
жаутүсіргіш, жойдасын, жойыт, жүрегінің түгі бар, жүрекжұтқан,
жүректі, жылан жұтқан, көз жоқ, көзсіз батыр, көзінің[-де] оты бар, көкжал
бөрі[-дей], күшті, қадалған жерден [жерінен] қан алатын, қажымас,
қажырлы, қайратты, қайсар, қайтпас қайсар, қайтпас, қайыспас, қарағайдың
қарсы біткен бұтағындай, қас батыр, қасқыр жүрек [-ті], қауға тиген өрттей,
қаһарлы, қырау қабақ, мықты, от жүрек, от көзді, өжет, өржүрек, өркеуде,
өрмінез, өрмінезді, өршіл, өткір жүрек, өткір, салқам, табаны жаудан
таймаған, тастүйін, тәуекелшіл, тепсе темір үзетін, тік мінезді, тік, шер.
Мысалы, Адуынды, өжет адамның тұңғиық болғанын жеңгемнен көрдім
(О.Бөкеев, Үркер.). Аспанға да өрлеп шықпаған, жерде де қалып қоймаған,
жедеғабыл қиын іске келгенде жанын аямайтын, қорқып кейін шегінбейтін,
Достарыңызбен бөлісу: |