Бала бауыржаннан, батыр бауыржанға дейін



бет1/5
Дата17.03.2023
өлшемі19.22 Kb.
#470926
  1   2   3   4   5
бауыржан


БАЛА БАУЫРЖАННАН, БАТЫР БАУЫРЖАНҒА ДЕЙІН
Куйкалакова Балжан Кайржановна, Баянова Ақбаян Баянқызы, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені Рөлдерде:
Бала Бауыржан – Игембаев Ақбар
Бауыржан Момышұлы – Сәрсенов Жантөре
Атасы Имаш – Қойшыбаев Жанәділ
Әкесі Момыш – Әрешев Жоламан
Анасы – Тұңғышбаева Арайлым
Ауыл ақсақалдары – Баяхметов Жанибек
Әйелі – Құдайберген Гүлім Көрші бала Мәулен – Маратов Ақжол
Полковник - Қадырбаев Әлішер
Панфилов – Әбиев Диас
Штаб бастығы, полковник Серебряков -
Қарт генерал – Қошқарбаев Рауан
Солдаттар – Мусин Тоқтар
Прокурор – Бижан Төрехан
Әскери трибунал бастығы – Аймағамбет Ақжол Екі сатқын – Жаппаров Ибрагим, Жетпісбай Дәурен
1-көрініс. 1-акт
(Көктем. Ағаш отырғызып жүрген Ата. Анасы нәресте Бауыржанды күн көзіне шығарып, Имаш атасының алдына әкеледі)
Анасы (ізетпен иіліп). Атасының қолын ұзартып, қолғабыс беруге келді. Атасы (еміреніп, немересін алақанына алып, қолына жас бұтақ ұстатады).
Құрық деп берсем - құл болма, Шыбық деп берсем - шіл болма.
Бәрінен де, шырағым, Баяны жоқ ұл болма. (Келініне қайтарып береді).
2-акт
Киіз үйдің төрінде бір топ ауыл ақсақалдары жамбастай жайғасып баппен қымыз ішіп отырады. Әкесі дастарқан шетінде қымыз құйып отыр.
(Сырттан жүгіріп бала Бауыржан кіреді).
Бауыржан. Әкее...
Әкесі (ымдап шақырады да құлағына). Сен не, аталарыңа сәлем беруді ұмытып кеттің бе?! (сыбырлады).
Бауыржан қатты қызарақтап, үйден шығып, нық басып қайта кіреді. Бауыржан (көпшілікке қол қусырып тұрып). Ассялам алейкум, аталар! (әр сөзді қадап-қадап айтады).
Бәрі күлісіп, бір ауыздан «әлейкүм салам!» деді. Сонан соң әрқайсысы маңдайынан сипап мақтайды. Жақсы сөзге мәз болып бала әкесінің тізесіне жайғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет