Бала іс-әрекетін ұйымдастырудағы эмоционалды ой-өрістің



бет1/12
Дата01.03.2024
өлшемі96.61 Kb.
#493820
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
эмоц.инт.




3 дәріс


    1. Бала іс-әрекетін ұйымдастырудағы эмоционалды ой-өрістің рөлі

      1. Іс-әрекет адам болмысын сипаттайды.

      2. Іс-әрекет категориясы мен психикалық бейнелену өзара байланысты.

Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді. Бұл жерде әрекет дегеніміз түрлі қажеттілікті өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс.


Адам үшін іс-әрекеттің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс- әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір нәтиже шығару – оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Адам психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар, біз сананың да күрделене түсуіне ықпал жасайтынын еске алуымыз қажет. Сөйтіп, сана мен іс-әрекеттің бірлігі психиканың іс-әрекет үстінде дамитындары жайлы мәселе психологияның басты принциптері болып табылады. Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет – белгілі бір қажеттілікке байланысты туып отыратындығы. Сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде.
Іс-әрекет категориясы мәні мен жалпы мазмұнын ашатын неғұрлым маңызды теориялық бағдарлар ретінде мына жағдайларды бөліп шығаруға болады:

  1. Іс-әрекет категориясы адам болмысын сипаттайтын маңызды категория болып табылады. Бұл категориясыз адамның тұрмысын талдау мүмкін емес.

Іс-әрекет адам болмысын сипаттайды

  1. Іс-әрекет ақиқатты қайта құрып, белсенділіктің (адам мен қоғамға топ) арнайы формасына жатады. Кең мағынада алғанда «іс-әрекет» атауы

«белсенділік» ұғымына баламалы («асtіvіtу» – іс-әрекет, «асtіоn» – әрекет).
Іс-әрекет-белсенділіктің көрінуі мен формасы

  1. Іс-әрекет категориясы тек қана психологиялық категория болмағандықтан, психологияда дәстүрлі ортақ қабылданған деп саналады. Ол психикалық бейнелеу, тұлға, сапа, қарым-қатынас сияқты категориялармен бірге базалық психологиялық категориялар қатарына кіреді. Б.Ф. Ломов психология ғылымының негізгі категориялары ретінде бейнелеу, іс-әрекет, тұлға және қарым-қатынасты қарастырды.

Іс-әрекет психологиянын негізгі категориясы

  1. Іс-әрекет категориясы психологияның негізгі категорияларымен өзара тығыз байланыста және әрекеттестікте болады. А.Н. Леонтьевтің көзқарастары бойынша, психикалық бейнеленуді түсіну іс-әрекеттің біртұтас жүйесінен тыс болуы мүмкін емес. Өзінің бірқатар зерттеулерінде ол психикалық бейнеленудің сезімдік-тәжірибелік іс-әрекеттің дамуында пайда болатынын, бейне (психикалық бейнелену) қашан да іс-әрекет жүйесінде маңызды орын алатынын және оның шығу тегі мен қызмет етуін іс-әрекеттен тыс түсінуге болмайтынын көрсетті.

Іс-әрекет категориясы мен психикалық бейнелену өзара байланысты Б.Ф. Ломов зерттеулерінде іс-әрекет категориясы мен қарым-қатынас категориясының өзара байланысы қадағаланады, сондай-ақ іс-әрекеттегі қарым-қатынастың негізгі қызметтері бөлек шығарылады. Ол қарым- қатынастың іс-әрекетте бірнеше қызмет атқаратынын көрсетті:

    • қарым-қатынас іс-әрекеттің ұжымнан жеке-дараға өту жолындағы ауыспалы түрін құрайды;

    • қарым-қатынас ұжымдық іс-әрекетке қатысады;

    • қарым-қатынастың өзі адам іс-әрекетінің маңызды түрі болып табылады.

Іс-әрекет категориясы мен қарым-қатынас өзара байланысты
Іс-әрекет категориясы мен тұлғаның өзара байланысы бірқатар зерттеулерде ашылады. А.В. Петровский зерттеулерінде тұлға іс-әрекет пен қарым-қатынаста жүзеге асатын, әлеуметтік қатынастар жүйесінің тұрақты субъектісі ретінде қарастырылады. Б.Ф. Ломов психология ғылымы үшін базалық дәрежелерді қарастыра отырып, ерекшелігіне тоқталды:
«Психикалық құбылыстар іс-әрекет пен қарым-қатынас процесінде пайда болып қалыптасады және дамиды. Алайда олар іс-әрекетке немесе қарым- қатынасқа да емес, олардың субъектісі – қоғамдық тұлғаға тән. Іс-әрекет пен қарым-қатынас өз бетінше ешқандай психикалық сапаларға ие болмайды, өз бетінше тіршілік етпейді. Бірақ бұл қасиеттерге тұлға ие болады. Сонымен, іс-әрекет пен қарым-қатынас мәселесі тұлға мәселесімен «тұйықталады»… іс-әрекет пен қарым-қатынасты талдау арқылы (адам өмірлік іс-әрекетінің бәрін) психология тұлғаның психикалық бітімін, оның ішкі рухани әлемін ашады…».
Іс-әрекет пен тұлға өзара байланысты
А.Н. Леонтьев сананың шығу тегін талдай отырып, оның психологиялық көп өлшемділігін іс-әрекет пен сана дәрежелерінің өзара байланысы арқылы көрсетеді. Оның пайымдауынша, субъектінің сыртқы және ішкі іс-әрекеті ақиқатты психикалық бейнелеумен жанамаланып, реттеледі. Бізге тікелей ашылатын психикалық ақиқаттылық – бұл сананың субъективті әлемі.
Іс-әрекет категориясы мен сана өзара байланысты

  1. Іс-әрекет категориясы психологияда екі әдіснамалық қызмет атқарады:

  1. Іс-әрекет түсіндіруші қағида ретінде.

  2. Іс-әрекет зерттеу пәні ретінде.

Іс-әрекет бағытының нобайы мен негізі Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев зерттеулерінде салынды.
Психологияда іс-әрекет «қоғамдық маңызы бар құндылықтарды құрумен және қоғамдық тәжірибені игерумен байланысты саналы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған іс-әрекет субъектісінің шындыққа белсенді қатынасының нысаны» ретінде қарастырылады (Шадриков, 1979, 5 б.).
Зерттеушілердің Іс-әрекетті зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде (Б.Ф. Ломов, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, Н.А. Бернштейн, В.Д. Шадриков, және т.б.) жүйелік тәсілдің қажеттілігі танылады.
В.Д. Шадриков П.К. Анохиннің функционалдық физиологиялық жүйесіне негізделген іс-әрекеттің функционалдық жүйесін жасады.
Іс-әрекеттің психологиялық жүйесінің орталығы, жүйелік құрушы компоненті оның мақсаты болып табылады. Іс-әрекетті (көне грек тілінде πραγμα – «іс») прагматизмді белгілі бір нәтижеге бағытталған деп түсінуге болады.
Кәсіби іс-әрекеттің ерекшелігі – ол кәсіби нормалармен, мінез-құлық стандарттарымен, қалыптасқан әдет-ғұрыптар мен дәстүрлермен реттеледі, субъектілердің мәртебесіне, кәсіби өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асырылады. Сонымен қатар іс-әрекет процесінде адамдардың бір-біріне психологиялық өзара әсері пайда болады, бұл көзқарастардың, мінез-құлықтың, жеке қасиеттердің өзгеруіне, топтық нормалар мен сезімдердің, қатынастардың, пікірлердің қалыптасуына әкеледі. Осылайша, іс-әрекеттің тиімділігі бірлескен іс-әрекеттің мақсаттарын іске асыру дәрежесін және оған тартылған субъектілер жетістіктерінің деңгейін көрсетеді.
Іс-әрекеттің тиімділігі жалпы атаумен біріктірілген прогрессивті құралдардың кең ұйымдастырылған жүйесі – теңдестірілген көрсеткіштер жүйесі (ТКЖ) арқылы өлшенеді.
Тұлғаның психологиялық мәдениетінің құрылымында эмоционалды ой-өрістіңәртүрлі функциясы ажыратылады:

  • өзінің және айналасындағы адамдардың эмоционалды реакциялары мен күйлерін анықтауға және осы негізде жағдайға, мінез-құлыққа және т.б. адекватты қатынасты қалыптастыруға байланысты бағалау;

  • бейімделгіш, икемді, нақты, бейімделу қабілетінде, оның ішінде эмоционалды, бейтаныс, болжанбайтын және тез өзгеретін жағдайларда көрініс табады;

  • ассертивтік сезімдерді, тілектер мен эмоцияларды сенімді және айқын көрсету, мінез-құлықты өз бетінше реттеу, өз пікірін қорғау және өз эмоцияларын ашық білдіру қабілетіне байланысты;

  • рефлексивті, бұл эмоционалды ой-өрістіңөздерінің және өзара әрекеттесу серіктестерінің эмоционалды күйлерін түсінуге қатысуынан тұрады;

  • коммуникативті, қарым-қатынастың вербалды және вербалды емес аспектілерін эмоционалды және ой-өрісіуалды тану негізінде коммуникативтік өзара әрекеттесудің сәттілігін қамтамасыз ету арқылы анықталады;

  • реттеуші, конструктивті мінез-құлық стратегиясын таңдауда және эмоционалды қажу белгілерін төмендетуде эмоционалды ой- өрістіңқатысуымен көрінеді;

  • гедонистік, позитивті сезімдер мен эмоциялардың қажеттіліктерін қанағаттандырудың сәттілігіне ықпал ететін қалыптасқан гедонистік стандарттар негізінде қоршаған әлемді және адамдарды оң қабылдауда көрініс табады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет