Балалар аурулары пәні


Құрысып-тырысу кезіндегі жедел көмек



Pdf көрінісі
бет28/65
Дата15.03.2024
өлшемі3.24 Mb.
#495630
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   65
СТАНДАРТТАР жинағы балалар аурулары

Құрысып-тырысу кезіндегі жедел көмек 
Мақсаты: Жедел көмек көрсету, құрысып - тырысуды басу. 
Керекті құрал-жабдықтар: ауру тарихы, туберкулин шприці, диазепам 
10мг-2мл, дәке салфеткасы, электросорғыш немесе резин груша, 
медициналық қалдықтардың арналған контейнерлер (“A” және “Б” 
сыныптары). 
Іс-әрекеттер алгоритмі: 
1. Қолыңызды өңдеп, резин қолғапты киіңіз. 
2. Баланы жұмсақ жерге жатқызыныз (жарақаттың алдын-алу) 
3. Баланың ауыз қуысын тексеріп, бөгде заттар болса дәке салфеткамен 
тазалаңыз, жұтқыншақтан сілемейлі бөліністерді электросорғыш 
немесе резин грушамен сорыңыз (аспирацияның алдын-алу). 
4. Баланы барынша жайлы жатқызыңыз, тыныс алу жолдарының 
ашылуына мүмкіндік беретіндей басын орналастырыңыз. 
5. Ампуланы ашып, туберкулин шприціне керекті диазепам дозасын 
сорыңыз. Дозаны салмағына байланысты есептеңіз (0,1
МЛ
/
КГ
)
6. Инені шприцтен бөлектеңіз. 
7. Шприцті тік ішекке 4-5 см тереңдікке енгізіп, ертіндіні жібереміз. 
8. Бөкселерін түйістіріп, бірнеше минут бойы ұстап тұрамыз. 
Диазепам тік ішекке 10мг-2мл ертінді. 
Ж
АСЫ
,
 САЛМАҒЫ
. 
Д
ОЗА 
0,1
МЛ
/
КГ
2
 АПТАДАН
-2
 АЙҒА ДЕЙІН
(4
КГ АЗ
) 
0,3
МЛ
(1,5
МГ
) 
2-4 ай(4-6кг) 
0,5мл(2,5мг) 
4-12 ай(6-10кг) 
1,0мл(5мг) 
1ж-3 ж (10-14кг) 
1,25мл(6,25мг) 
3-5 жас(14-19кг) 
1,5мл(7,5мг) 
Егер, 10 минут ішінде құрысып-тырысу жойылмаса, онда екінші рет 
диазепамды тік ішекке немесе к/т жібереміз(0,05мл/кг-25мг/кг). Егер тағыда 
10 минут ішінде бәрібір тоқтамаса, онда диазепамды үшінші ретректально 
жібереміз (немесе фенобарбитал к/т немесе б/е 15мг/кг есебімен 
қолданамыз). 
Егер дене қызуы өте жоғары болса: 
- Онда баланың денесін бөлме температурасындағы суға батырылған 
губкамен ылғалдаймыз, қызуын азайту үшін. 
- Құрысып-тырысу тоқтағанша оральды препараттар беруді тоқтата тұру 
керек(аспирацияның алдын-алу мақсатында). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет